Ата-аналар жиналысының жоспары
Мектеп: Екібастұз қаласы №18 ЖОББМ
Мерзiмі: 06.05.2020 ж.
Мұғалім: Нурхаева Макпал Нурлановна
Ата-аналар саны: 26
Ата-аналар жиналысының тақырыбы: «Жалпыадамзаттық құндылықтар –
отбасы тәрбиесінің негізі».
Мақсаты: ата-аналарға отбасы тәрбиесінің негізі ретіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінік беру. Міндеттері: 1. Ата-аналарға отбасында балаға рухани-адамгершілік тәрбие берудің мәнін ұғындыру. 2. Ата-аналардың бала бойындағы мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды аша білуіне ықпал ету. 3. Ата-аналарға ұл бала мен қыз бала тәрбиесі жөнінде бағыт беру. |
Ресурстары: (материалдар, дереккөздер) |
Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті «Нұрға бөлену». Жағымды көңіл – күйге келудің мәні мен мақсаты таныстырылады. Кіріспе. Бағдарламаның ерекшелігі мен маңыздылығына тоқталу. 1..Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар Жалпыадамзаттық құндылықтарды ағаш, күн арқылы түсіндіру.Жеке тұлға санасының құрылымының жалпыадамзаттық құндылықтармен байланысын, барлық жалпыадамзаттық құндылықтар бір адамдықтың қыры екенін түсіндіру. 2. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі Отбасы –адамның жақсылық жасауға үйренетін ең бірінші әлеуметтік ортасы болғандықтан, жалпыадамзаттық құндылықтарды отбасында, жеке бас тәжірибесінде қолданудың маңызын айту. Бала тәрбиесінде ата – ананың алатын орнына тоқталу. Әке де, шеше де, балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез – құлқындағы ерекшелерді жете білген жөн екенін айтып өту. Қыздар мен ұл балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің негіздері жайлы айту. |
Бейнекөрсетілім: «Теледидарға айналдыршы»
Бейнекөрсетілім: |
Шығармашылық іс-әрекет, топпен жұмыс: — Қазақ халқының ұлттық киіз үйі әрқашанда жылулыққа, сүйіспеншілікке, мейірімге, шаттыққа, қуанышқа толы болған. Ендеше алдымыздағы киіз үйдің жан –жағын табиғатпен байланыстырып, бейнелеу керек. Отбасы мүшелерінің бойындағы қасиеттерін тау, күн, ағаш, су, гүл, бейнелері арқылы сүйіспеншілік құндылығын суреттейік. |
|
Әңгімелеу Өсиет әңгіме «Ақылды ана» |
Өзін өзі тану журналы 2017ж. мамыр №5 29 бет |
Үйге тапсырма Балаңызды құшақтап, оны қаншалықты жақсы көретініңізді айтып жүріңіз. «Бала тәрбиесі» атты фильмді көру. |
|
Жиналыстың қорытынды сәті Жиналыстың мақсатына жеткендігін анықтау. (ата- аналар қағазға алақандарын қойып, қолдарының суретін салады. Әр саусаққа берілген нұсқау бойынша жауап жазады.) Бас бармақ – басты мәселе. Бүгінгі жиналыстағы құнды мәселе. Балан үйрек — бірлесу. Кімге көмек бердім, кімді риза еттім. Ортан үйрек — ойлану. Мен бүгін қанадй тәжірибе алдым? Шылдыр шүмек — шынайылық. Жиналыс маған ұнадыма, неліктен? Кішкентай бөбек – көңіл –күй ахуалы. Мен жиналыста өзімді қалай сезіндім?
Ән айту «Әкем – Анам» Әні: Құрмет Сақай Сөзі: Ерболат Баятұлы |
|
Мұғалім: Нурхаева Макпал Нурлановна Мектеп директоры: Зәкен Ержан Қайроллаұлы |