Адамзаттың шынайы көшбасшылары

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

 

Мектеп: Екібастұз қаласы №18 ЖОББМ

Мерзiм: 06.05.2020

Тақырып: Адамзаттың шынайы көшбасшылары

Құндылық:  Дұрыс әрекет

Қасиеттер: сыйластық, қамқорлық, сыпайылық,

Мұғалiм:  Нурхаева Мақпал Нурлановна

Сынып: 6г             

Оқушылар саны: 25                                                                                                                                                                                                                                                       

Сабақ мақсаты: Оқушылардың өздерінің көшбасшыларының бойындағы жақсы қасиеттері туралы  әңгімелей   отырып, дұрыс әрекет  құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:  

Білімділік: — «шынайы», «көшбасшы»  ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту;

Дамытушылық: — оқушылар бір – біріне қамқор болуға   баулу.

 Тәрбиелік: —  сыйластыққа, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

 5 Т- еске түсіру

1-Тәртіп     

2- Талап       

3 –Тыныштық

4-Тазалық

5- Татулық

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып — білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

 

1. Жағымды көңіл күйге келу .

«Нұрға бөлену» 

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді дұрыс ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады, елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоциаңыз бен тілек- қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің көзін ашады. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Енді, нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,басыңызға тек сәулелі ой келеді. Нұр бірте- бірте күшейе бастайды, сіздің денеңізден тарап, жан- жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: « Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзі ашуға болады.

 

2. Үй тапсырмасын  тексеру.

  Оқулықтан 115- беттен Ораз Қауғабайдың Қонаевтың 12 қасиеті әңгімесін оқып келу.

1. Әңгіменің мазмұнында  қандай адам туралы айтылған?

2. Автордың әңгімеде шынайы көшбасшыны   қалай суреттеді?

3. Әңгімедегі кейіпкерді адамзаттың шынайы көшбасшыларының қатарына жатқызар ма едіңдер?

4. Дінмұхамед Қонаев атамыздың бойындағы қандай қасиеттер ерекше сүйсіндірді?

5. Шынайы көшбасшының бойынан қандай қасиеттер көрініс табу керек?

6. Димаш атамыздың бойындағы қандай қасиеттерді өз  бойларыңда дамытқыларың келеді?  

 

3.  Дәйексөз.

Ел қамын жеген ер – басшы

                                         Тоныкөк

(Оқушыларға хормен оқыту, ұл балаларға 2 рет,  қыз балаларға  2  рет айтқызып,  дәптерге  жаздырту).

—          Дәйексөздің мағынасын қалай түсіздер?

Оқушылардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын.

 

4.  Әңгімелесу.

Д.А Қонаев туралы бейнебаян көру.

 

Бейнебаян көре отырып қандай ойға келдіңдер?

Бейне таспадан.

5.  Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

Төменде берілген қанатты сөздерді оқып, көшбасшылық туралы ойларыңды түйіндеңдер.

Сократ: «Әділдік пен шыншылдық бір билеушінің бойынан табылса, онда оның шыншылдығы мен әділдігінің арқасында өз өмірі де, билеп жатқан адамдарының өмірі де шаттыққа бөленеді».

Конфуций: «Мемлекетті басқаратын адам  халқын шын ықыласымен сүюімен қатар парасатты және шыншыл болуы шарт».

Жүсіп Баласағұн: «Ел-жұртты басқаратын адам – ақыл-парасаты, ұшаң – теңіз, ниеті түзу, сөзі шырын, білім мен өнерге жетік, қолы ашық, пейілі кең, жүзі жарқын, ешкімге кек сақтамайтын жан болуы шарт».

 

«Ойланайық, пікірлесейік»

6. Топпен ән айту.

Алға, қазақ жігіттері!

                                     Сөзі мен әні: Ержан Серікбаев

Асыл текті туған,

Алаш кегін қуған.

Ерлерім ел үшін,

Белін бекем  буған.

Ақ білек күшімен.

Ақ найза ұшымен,

Қорғаған бабамның,

Үлгі алып ісінен.

 

Қайырмасы:

Алға, алға, алға қазақ жігіттері,

Сенім артқан жансын халық үміттері.

Көк аспанда желбіресін көк байрағың,

Жаса мәңгі, қазағымның жігіттері.

 

Жігіттер, жігіттер,

Биікке өрлеңдер.

Ел үшін, жер үшін,

Намысты бермеңдер.

Нардың күші дарып,

Жүрек дүрсіл қағып.

Жетіңдер жеңіске,

Шаршы топты жарып.

Топпен ән орындалады.

7.    Үй тапсырмасы.

№30 сабақ. №118 беттегі Әйгерім Шынтемірқызының «Менің сүйікті әкем» шығармасын оқып келу. Дәптермен жұмыс.

 

8.  Сабақтың қорытынды сәті:

Бүгінгі  сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға  сіңіріп,  жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Сабақ аяқталды.

Сау болыңыздар

.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *