Өсімдіктің транспирация қарқындылығы торзион таразысы арқылы анықтау
Торзион таразысы арқылы белгілі өсімдік жапырақ кесіндісінің транспирация қарқындылығын анықтау 2-3 минут аралығындағы салмақ айырмашылығы арқылы анықталады. Кесілген жапырақтың аз уақытта транспирация қарқындылығының анықталуына, өсімдіктен кесіп алынған жапырақтың тіршілігі өзгермеген кезде табу мүмкіншілігі болады.
Барлық бақылау мерзімі 10-15 минуттан артық болмау керек. Себебі 15 минуттан кейін жараланған жапырақ суынан айырылу салдарынан солып булануын тоқтатады. 10 – 15 минуттың ішінде алынған жапырақ кесіндісі 3-5 рет торзион таразысына тартылады да олардың жұмсаған суының орта мөлшері анықталады. Орта есеппен әр 3 минутта (25:5) – 5 мг су жұмсап отырса, тәжірбиедегі жапырақ кесіндісінің ауданы 19- жұмыстағыдай табылып алған өсімдіктердің 1 сағатта 1м2 жапырақ кесіндісінде қанша суды транспирациялайтындығы есептеп шығарылады.