Өсімдіктердің экологиялық топтары
Өсімдіктердің экологиялық топтарын форма түзетін және физиологиялық маңызы бар, бейімделуін тудыра алатын факторына байланысты бөледі.
Тіршілік формасы деп — өсімдіктердің онтогенезінде белгілі бір экологиялық жағдайда пайда болатын және негізгі бейімделу белгілері жиынтығын көрсететін өзіндік сыртқы бейнесі. Өсімдіктердің белгілі бір түрінің особьтарына тән тіршілік формасы – ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесі және ол тұқым қуалау белгісі болып бекінген. Сыртқы ортаның қандайда-бір факторына бейімделген, формалар түзуде маңызды роль атқаратын өсімдіктерді экологиялық топтарға бөледі.Ылғалдыққа байланысты өсімдіктерді мынандай экологиялық топтарға бөледі.
Ксерофиттер деп ылғалдың көп мөлшерде жетіспейтін (тұрақты немесе уақытша) жерлерінде өмір сүретін өсімдіктерді айтады. Ксерофиттерге судың булануын азайтатын әртүрлі бейімделушіліктер тән-кутикуласы мен сыртқы эпидермисінің қабықщасының қалың болуы, түктерінің қалың болуы, устьица аппараттарының ойыстау жерден орналасуы, ұлпаларының ұсақ клеткалы болып келуі, клетка қабықшаларының сүректенуі, жапырақтарының шиыршықталып қалуы, жапырақтарының редукцияға ұшырауы және т.б. .Кейбір өсімдіктердің тамырлары мен жапырақтарында көптеген мөлшерде су жинайды (суккуленттер), жақсы жетілген тамыр системасын түзеді.
Мезофиттер деп ылғалдығы жеткілікті, әрі бір қалыпты болып келетін жерлерде өмір сүретін өсімдіктерді айтады.
Гигрофиттер деп суда өсетін өсімдіктерді айтады. Олардың біреулері толығымен, ал кейбіреулері жартылай суға батып тұрады. Олар не судың түбіне бекініп өседі, не болмаса суда еркін жүзіп жүреді.Олардың органдарының сыртқы беті үлкен, жапырақтары жіңішке, кутикуласы жоқ, клетка аралық қуыстпары үлкен, ауамен толтырылған, түтіктері нашар жетілген болады.
Гигрофиттер деп, ауаның ылғалдылығы жоғары болатын жерлерде өсетін өсімдіктерді айтады.Олардың судың булануын шектеуге арналған бейімделушілігі болмайды.Эпидермисінің клеткаларының қабықшалары жұқа, кутикуласы жұқа, устьица аппараттары жапырақ тақтасының бетінде бірыңғай орналасқан, клекалары үлкен, борпылдап бос жатады.
Жарыққа қатынасына ьайланысты көлеңке сүйгіш өсімдіктер деген экологиялық топты бөледі. Бұл топқа жататын өсімдіктер барлық уақытта көлеңкелі жерде өседі.
Бұлар негізінен ормаррың төменгі ярусын құрайтын көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Олардың сабақтары жіңішке, ұзын, арқаулық, ұлпалары жетілмеген, хлорофиллдері аз болады.
Бір өсімдіктің бөрікбасының деңгейінде жарық сүйгіш жапырақтар деп бөледі.Жарық сүйгіш жапырақтардың көптеген белгілері ксерофиттерге сәйкес келеді. Өйткені ашық күнде, барлық уақытта өімдіктерге жарық көп түседі де оны қыздырады, нәтижесінде судың булануы күшейеді. Көлеңкелі жердегі жапырақтардың белгілері көп жағдайда гигрофиттердің белгілерімен сәйес келеді.
Жаңбырлы тропикалық ормандапрдың, көлеңке шамадан тыс көп түсетін жерлерінде, өркендердің негізгі бөлігін үстіңгі ярусқа, күннің көзіне алып шығатын, өсімдіктердің ерекше тіршілік формалары – лианалар мен қалыптасады.
Лианалар деп ағаштарға өрмелеп тез өсетін өсімдіктерді айтады. Олар қаты сүйенішті пайдаланып күннің көзіне қарай жылжиды. Эпифиттер деп жердің бетінен көп жоғары жердегі ағаштардың діндеріне қоныстанатын шөптесін өсімдіктерді айтады
Өсімдіктің тіршілік формалары.
Тіршілік форма дегеніміз – формалар түзетін процестің ең қарапайым бірлігі . Дәлірек айтқанда тіршілік форма дегеніміз — өсімдіктің сыртқы кескіні, ол жеклеген өсімдіктің сыртқы ортаның ір түрлі жағдайына бейімделушілігін көрсетеді. Тіршілік формасының морфофизиологиялық оқшаулануы, генетикалық кодтың бақылауымен жүреді. Тек осы генетикалық кодтың қызметінің нашарлауына байланысты, сонымен бірге химиялық әсердің немесе сәулелердің әсерінің шамадан тыс күшті болуына байланысты түзілетін мутацияның, рекомбинацияның, полиподияның негізінде өсімдәктерде серпінді өзгерістер жүреді.
Тіршілік формалары туралы білім морфологияның үлкен бөлімін құрайды. Алғашқы рет бұл ұғым ғылыми термин ретінде « Өсімдіктердің экологиялық географиясының» негізін салған Е. Вармингтің жұмыстарында кездеседі.
1903 ж. Дания ғалымы К. Раункиер, сол кездегі белгілі ғылыми мәліметтерді қорытындылай отырып, тіршілік формасының классификациясын жасаған.
К. Раункиердің классификациясы жылдың қолайсыз мезгілінде өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктерінің орналасуымен қорғану тәсілдеріне негізделген.
Фанерофиттер (Рһ) — өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері жердің бетінен 25 см биіктіктен жоғары орналасады;
Хамефиттер (Сһ) — өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері төмен орналасады ( жердің бетінен 25 см биіктікиен төмен орналасады);
Гемикриптофиттер (Н) — өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері, жердің бетінің деңгейімен бірдей орналасады және оларда өсімдіктің қурап түскен қалдықтары немесе топырақтың жоғарғы қабаты жауып, қорғап тұрады.
Криптофиттер (К) — өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері жердің немесе судың астында орналасады;
Терофиттер (Т) – біржылдық өсімдіктер, жылдың қолайсыз мерзімін, тұқым күйінде басынан өткізеді.
Бұл классификация басқа классификациялардан құрылысының таңғаларлықтай қарапайымдылығымен жіне жүйелілігімен айқын ажыратылады. Оның физиологиялық аспекті — өсімдіуктің жылдық тыныштық кезеңіне реакциясы; морфологиялық аспекті — өсімдіктің қайта көктеуге арналңан бүршіктерінің жердің бетіне қарай орналасуымен олардың жылдық қолайсыз мезгілінде қорғану тәсілдері.