Спирттегі пигменттер ертіндісін алу жолдары.
Жас өсімдік жапырақтарын (лимон, плюш, аспидистра, кливия), ал клетка шырынынында орг-лық қышқылдары бар (бегония, традесканция) жағдайда қышқылды бейтарапту үшін бір шымшым бор ұнтағын қосып пайдаланады. Алынған жапырақтың үлкен жүйкелерін алып тастап, қайшымен кәрлен келісінің үстіне ұсақтап туралады. Оны кәрелен езгісімен (пестики) езіп алған соң үстіне аздап спирт құйып, тағы езіп штативтегі пробиркаларға немесе стаканға сорғыш қағазы бар воронка арқылы ерітінді сүзіледі. Алынған спирттегі пигменттердің түсі ашық меруерт жасыл түсті болады.
Пигменттер қоспасын алудың екінші жолы өсімдіктен жұлып алынған жас жапырақты қайнап тұрған суға 1-2 минуттай салып алып, ыдыстағы спиртке шығарып сүзіп пайдаланылады.
Үшінші алу тәсілі: жас жапырақты ыдыстың ішіндегі спирттің үстіне ұсақтап турап қараңғыда 12-24 сағаттан кейін сорғыш қағаз арқылы сүзіп алынады.
Спирттегі өсімдік жапырақтарындағы пигменттер қоспасы, жоғарыда көрсетілген әдістің бірін пайдаланып, алынған қоспалар келесі жұмыстарда пайдаланылады.