Жасушаның биополимерлерді синтездеу, сегрегациялау және жасушаішілік тасымалдау жүйесі (рибосомалар, эндоплазмалық ретикулум, Гольджи аппараты)
Эндоплазмалық тор (ЭТ) жасушадағы каналдар мен қуыстардан тұратын таралған тордан тұрады, заталмасуы қарқынды жүредi, эндоплазмалық тор арқылы мембранадағы синтезделген заттар тасымалданады. Эндоплазмалық тордың орташа көлемi жасушаның жалпы көлемiнiң 30-50% -ге дейiн құрайды. Эндоплазмалық тор мембранасының екi түрi бар: тегiс және бұдырлы. Тегiс мембранада май және көмiрсу алмасуына қатысатын ферменттi жүйелер орналасады. Мұндай мембраналар май бездерiнiң жасушаларында көп, ол жерде май синтезi жүредi, бауыр жасушаларында көп, ол жерде гликоген синтезi жүредi (көмiрсу немесе қант) қоректiк заттардың қорына бай жасушаларда көп (өсiмдiк тұқымдары). Бұдырлы мембраналар қызметi – рибосомада жүретiн белок синтезi. Бұдырлы мембраналар биологиялық белсендi заттар гормондар түзушi бездi және жүйке жасушаларында көп. Сонымен, эндоплазмалық тор – каналында заттар тасымалдануы жүретiн жалпы жасушашiлiк циркуляциялық (коммуникациялық) жүйе, каналдың мембраналарында жасушаның тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн көптеген ферменттер бар
Гольджи комплексiнiң негiзгi құрылымдық элементi – мембрана, ол ұзын, сопақша цистерналар, үлкен вакуольдер немесе майда көпiршiктер түзiледi. Гольджи комплексi белокты сөл бөлетiн жасушаларда, нейрондарда, овоциттерде жақсы дамыған. Гольджи комплексiнiң цистерналары эндоплазмалық тор каналдарымен байланыстырады. Эндоплазмалық тор мембраналарында синтезделген белоктар, полисахаридтер, майлар Гольджи комплексiне тасымалданып, оның құрылымының iшiне жиналады және бөлiнуге дайын, немесе жасушаның тiршiлiк процесiнде пайдалануға дайын сөл түрiнде оралып – «буылады».