Гутация құбылысы

Гутация құбылысы
Бұл жұмысты орындау үшін тәрелкедегі сорғыш қағаздың үстінде өсірілген 5-6 күндік астық тұқымдас өсімдіктің өскіндері. Өскіндердің үстін түбінде кішкене тесігі бар химиялық стақанмен төңкеріп жабады. Бұл кезде ауа атмосферасына, өскіннен су транспирацияланып, стақан астындағы ауа буымен қанығады. Ал тамыр жүйесі суды қабылдауын, жоғарғы мүшелеріне көтеруін тоқтатпайды. Осыған байланысты өскіннің жапырақ ұштарында су тамшылар түзіледі. Ол су тамшылары гутация сөлі деп аталады. Стақан түбіндегі кішкене тесіктен ұшында сорғыш қағазы бар сыммен тамшыларды-гутация сөлін сорғызып алып, қайтадан тамшылардың түзілу мерзімін анықтайды. Осылайша қайтадан су тамшыларын сорғыш қағазбен сорғызып, тамшының түзілу мерзімін 3-4 рет анықтап, оның орташа түзілу мерзімі шығарылады да, жазып алынады. Енді астық тұқымдас өскіні бар тарелка түбін жылылығы 35-37С сумен жанастырып, гутация жылдамдығын 3-4 рет анықтап, оның да орта мәнін табады. Міне осыдан кейін стақанның түбін тоңазытқыштан алған мұзбен салқындатып, мұнда да гутацияның орташа мәні табылады да жазып алынады. Енді стақанның тесігі арқылы хлороформ сіңірілген мақта қойып бақыланады. Үш түрлі сыртқы орта жағдайларының әсеріне қорытынды жасалынады. Ең соңында ыдыстағы тамыр төңірегіндегі су ас тұзының 10% ертіндісімен алмастырып, гутация сөлінің шығу жылдамдығы табылады. Алған мағлұматтарға байланысты: температура, хлороформ және ас тұзы гутацияға қалай әсер еткеніне қортынды жасалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *