ҚАЗІРГІ ЗАМАҢҒЫ ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

ҚАЗІРГІ ЗАМАҢҒЫ ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

Туберкулезді диагностикалаудың қазіргі заманғы әдістері дәстүрлі әдіспен салыстырғанда сезімталдығы
мен спецификалығы жоғары және қысқа мерзімде туберкулез микробактериясын және оның дәріге төзімділігін
анықтауға мүмкіндік береді, ол науқасты абациллирлеу мерзімін қысқартады, емдеу тиімділігін арттырады,
туберкулез микробактериясының тұрақты штаммдарының таралуының алдын алады, ол жалпы алғанда
туберкулезбен ауру деңгейін төмендетеді және көптеген кең тараған дәрілік төзімділіктің алдын алады.
Кілт сөздер: туберкулез микобактериясы, бактериоскопиялық әдіс, бактериологиялық әдіс,
GeneXpertMTB/RIF, БАКТЕК, Хайн-тест

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, туберкулез (ТБ)
қандайда бір инфекциялық агенттен қайтыс
болу себептерінің маңыздылығы жағынан
екінші болып табылады, ол тек АИВ\ЖИТС-қа
ғана орын беріп отыр. Алайда, жыл сайын
туберкулезбен ауыратындар саны аздап кеміп
келеді. Ол ДДСҰ ТБ тарауын жеңу бойынша
2015 жылғы денсаулық ұйымының алға
қойылған осы саладағы мыңжылдық
мақсатына жету болып табылады [20, 30].
ДДСҰ сарапшылары ҚР туберкулез
бойынша Ұлттық бағдарламаны жүзеге
асыруда елеулі алға жылжуды көрсетіп отыр.
Соңғы бес жылда туберкулезбен ауырғандар
санын 34,9% кемітуге қолжеткізілді, өлім саны
55,6% кеміді. ДДСҰ есебі бойынша ҚР Орталық
Азия аймағындағы дәріге тұрақтылығы бар
науқастардың 85% қамтуға қол жеткізіп отыр,
осының салдарынан көптеген дәріліктұрақтылықтардан өлім саны Қазақстанда
(7%), Болгария, Украина, Литва, Эстония,
Латвия, Румыния және басқа да елдерге
қарағанда едәуір төмендеді [30, 31].
Науқастардан бөлінетін сұйықтықтан
туберкулез микробактериясын анықтаудың ең
қарапайым әдісі ол жұғынды (мазок)
микроскопиясы болып табылады (көптеген
жағдайда ол — қақырық). Циль-Нильсен
бойынша боялған қақырықты бактериоскопиялау барысында туберкулез микобактериялары 1 мл патологиялық материал
(қақырық) 50 000 – 100 000 бактериалдық
клеткадан көп болғанда анықталады.
Микобактерияның осындай көп көлемі ауруы
асқынған науқастарда кездеседі (шашыранды
және фиброзды-кавернозды). Науқастардың
көпшілігінде олардан бөлінетін микобактерияның көп көлемі бактериоскопия әдісі
көлемінен аз.
Флотация әдісін пайдалану микобактерияның анықталуын 10% арттырады, алайда
жоғарыда аталған осы әдістің кемшілігіне
байланысты ол әдісті клиникалықдиагностикалық зертханаларда кең түрде
қолдануға ұсыныс жасауға болмайды [7, 4, 5].
Люминесцентті микроскопия сезімталдығы – 1 мл материалда 1000 микобактерия,
сонымен қатар осы әдіс едәуір қысқа уақытта
қажетті көлемдегі препараттарды қарап
шығуға мүмкіндік береді. Иммуномагнитті
сорбентпен гомогенизиленген қақырық
қалдығында қоздырғыш концентрациясын
қамтамасыз ететін микроскопиялауға арналған
материалды байыту әдістің тиімділігін едәуір
арттыруға мүмкіндік береді, әсіресе
материалдағы микробактерия көлемі аз болған
жағдайда. Бактериоскопияның тиімділігі
бейнені микроскопқа қосылған бейне камера
арқылы компьютерге беру барысында да
артады. Сонымен қатар жұғындыны жоғары
температураны пайдаланбай фиксирлеген
дұрыс, жоғары температура тор қабырғасы
ақуызының денатурациялайды флюорохромамен бояу сапасына да теріс әсер етеді.
Люминесцентті микроскопия әдісінің кең
таралуына оның құралының қымбат тұруы
бөгет келтіріп отыр. Сонымен қатар, осы
әдістің сезімталдығы әлі де болсын жеткіліксіз
[13, 14, 15, 16, 26,].
Қақырықтан немесе басқа да үлгідегі
туберкулез қоздырғышын анықтаудың ең
маңызды әдісі ол егу әдісі болып табылады, ол
бірнеше жүздеген тіршілік иесі болғанда ТМБ
анықтауға мүмкіндік береді[8]. Фтизиатрлардың бірінші кезектегі қажеттілігі ол
культуральды зерттеу нәтижелерін алу
уақытын қысқарту болып табылады. Тығыз
қоректі өсу ортасына егу әдісі Левенштейн −
Йенсендікі (ЛЙ), ол практикалық
зертханаларда микобактериялар детекциясының «алтын стандарты» болып табылады,
МБТ көрініп тұрған өсуін ең жақсы дегенде
© КОЛЛЕКТИВ АВТОРОВ, 2017
УДК 616.24-002.5-07
К. Скак, Ж. Мутайхан
ҚАЗІРГІ ЗАМАҢҒЫ ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті фтизиатрия кафедрасы (Қарағанды, Қазақстан)
Туберкулезді диагностикалаудың қазіргі заманғы әдістері дәстүрлі әдіспен салыстырғанда сезімталдығы
мен спецификалығы жоғары және қысқа мерзімде туберкулез микробактериясын және оның дәріге төзімділігін
анықтауға мүмкіндік береді, ол науқасты абациллирлеу мерзімін қысқартады, емдеу тиімділігін арттырады,
туберкулез микробактериясының тұрақты штаммдарының таралуының алдын алады, ол жалпы алғанда
туберкулезбен ауру деңгейін төмендетеді және көптеген кең тараған дәрілік төзімділіктің алдын алады.
Кілт сөздер: туберкулез микобактериясы, бактериоскопиялық әдіс, бактериологиялық әдіс,
GeneXpertMTB/RIF, БАКТЕК, Хайн-тест
Медицина и экология, 2017, 1 9
Клиническая медицина
егуден кейінгі 28-32 күн аралығында алуға
болады, культураны бөлудің орташа мерзімі 6-
10 жұма болып табылады. Культураны бөлуден
кейін тағы да кем дегенде абсолютты
концентрациялау әдісімен МБТ дәрілік
сезімталдығын анықтау үшін 24 күн қажет.
Нәтижеге қол жеткізудің мерзімінің ұзақ
болуы микобактериальдық популяцияның баяу
өсуімен байланысты, ол ТМБ дәрілік
сезімталдығын дәстүрлі жолмен анықтау
әдісінің негізгі кемшілігі болып табылады.
Тәжірибеде ол туберкулезбен ауыратын
адамның химиотерапиясы бастапқы 2-3 айда
«көзсіз» жүретінін көрсетеді, ол науқастан
бөлінетін ТМБ туберкулезге қарсы препаратқа
сезімталдығын есепке алмай жүргізіледі. ЛЙ
тығыз ортада ТМБ дәрілік сезімталдығына
абсолютты концентрациясы әдісімен тестілеу
егуден кейін 45 – тен 90 күн уақытты алады,
ол науқасты емдеу уақытын арттырады және
емделу ақысын арттырады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *