Қазақстанның ұлттық парктердің және қорықтардың құрылу тарихын, олардың ерекшеліктерін, оларда қорғалатын тірі организмдердің негізгі түрлерін және географиясын оқып білу.Қазақстан табиғатын ұлттық саябақ пен ескерткіштерінің, заказниктерін, өсімдік және жануралар әлемінің қорықтарын, физико-географиялық жағдайын, тарихи дамуын оқу.
Жоспар
1) Зоналардың географиялық орналасуы және олардың табиғи климаттық ерекшелігі.
2) Өсімдік және жануарлар әлкемі.
3) Мемлекеттік табиғи қорықтар
4) Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер
5) Мемлекеттік табиғи резерваттар
6) Мемлекеттік зоологиялық парктер; Мемлекеттік ботаникалық бақтар;
7) Мемлекеттік дендрологиялық парктер; Мемлекеттік табиғат ескерткіштері;
8) Мемлекеттік табиғи қаумалдар; Мемлекеттік қорық аймақтары.
Мемлекеттік табиғи қорық – табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметінің мақсаты өзінің аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлері мен қауымдастықтарын, әдеттегі және бірегей экологиялық жүйелерді сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтіру болып табылады.
Мемлекеттік ұлттық табиғи парк – ерекше экологиялық ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы мемлекеттік табиғи – қорық қорының бірегей табиғи кешені мен объектілерінің биологиялық және ландшафтық саналуандылығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық – ағартушылық, ғылыми, туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Мемлекеттік табиғи резерват – табиғи кешендердің биологиялық саналуандылығын және олармен байланысты табиғи және тарихи – мәдени объектілерді күзетуге, қорғауға, қалпына келтіруге, сақтауға арналған жердегі және судағы экологиялық жүйелерді табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Мемлекеттік зоологиялық парктер – мәдени – ағартушылық, ғылыми, оқу және табиғат қорғау қызметіне, тектік қорды сақтауға және әдеттегі, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлерін жасанды орта жағдайында өсіруге арналған табиғат қорғау және ғылыми ұйым мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ
Мемлекеттік ботаникалық бақ — өсімдіктер дүниесін, соның ішінде өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерін қорғау, молықтыру және пайдалану жөнінде зерттеулер мен ғылыми талдамалар өткізуге арналған табиғат қорғау және ғылыми ұйымдар мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Мемлекеттік дендрологиялық парк – ағаш және бұта тұқымдарын қорғауға, молықтыру мен пайдалануға арналған аумақтар бойынша белгіленген күзет режимдері бар табиғат қорғау және ғылыми ұйымдар мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Мемлекеттік табиғат ескерткіш – экологиялық, ғылыми, мәдени және эстетикалық тұрғыдан алғанда жекелеген бірегей, орны толмайтын, құнды табиғи кешендерді, сондай-ақ мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне жатқызылған шығу тегі табиғи және жасанды объектілерді қамтитын ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Мемлекеттік табиғи қаумал – мемлекеттік табиғи – қорық қорының бір немесе бірнеше объектілерін сақтауға және молықтыруға арналған шаруашылық қызметтің тапсырыстық режимі немесе реттелмелі режимі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Мемлекеттік қорық аймағы – мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар мен резервке қойылған жер учаскелері мен су айдындарында мемлекеттік табиғи қорық қорының объектілерін және биологиялық алуандылықты сақтауға және қалпына келтіруге арналған іздестірілген күзет режимінің түрлері бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.