Адам экожүйенің бір бөлігі

Қысқа мерзімді жоспар

Тақырыбы: 7.3.2.1 Адам экожүйенің бір бөлігі.Адам тіршілік әрекеттерінің экожүйеге әсері
Күні: Мектеп: Тереңкөл ОЖББМ
Мұғалімнің аты-жөні: Куракова А.А
Сынып: 7 Қатысқандар саны Қатыспағандар саны
Сабаққа негізделген оқу мақсаты 7.3.2.1 Адам экожүйенің бір бөлігі. Адам тіршілік әрекеттерінің экожүйеге әсері
Сабақ мақсаттары: — Адам экожүйенің бір бөлігі екенін, қоршаған ортаға әсерін түсіндіру.
— Экожүйеге жағымсыз әсер ететін адам тіршілігінің салаларына мысал келтіру.
— Адам әрекетінің қоршаған ортаға жағымсыз салдарымен қалай күресу керек екендігін талқылау.
Бағалау критерийлері — Адам әрекетінің қоршаған ортаға әсерін сипаттайды.
— Адамның экожүйеге әсерінің жағымсыз салдарын топтастырады (жіктейді).
Тілдік мақсаттар Тілдік дағдылар:
1. мәліметтермен жұмыс жасайды (оқылым дағдысы);
2. сценарий дайындайды және ролдік ойындарға қатысады (тыңдалым және айтылым дағдысы);
3. шағын эссе жазады (жазылым дағдысы).
Терминология (Terminology):
табиғи ландшафт — natural landscape
рекультивация — reclamation
радиоактивті элементтер — radioactive elements
өндірістік (технологиялық) қалдықтар — industrial (technological) waste
Құндылықтарды дарыту — бірлік пен ынтымақтастықты сақтауға, бірлесе еңбектенуге баулу;
— жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу;
— өз ұлтын, халқын құрметтеу және мақтаныш сезімін қалыптастыру;
— өзін- өзі бағалау және өзара бағалау арқылы жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Пәнаралық байланыстар География — пайдалы қазбалар орындары; қоршаған ортаға әсері.
Алдыңғы білім Пайдалы қазбалар , қоршаған орта жайлы білім қалыптасқан.
Жоспар
Сабақ кезеңі Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Басы 1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
Үй тапсырмасын «Допты лақтыру» әдісімен сұрақтарға жауап беру арқылы сұраймын. Осы тәсіл арқылы оқушылар өткен тақырыптардың ережелерін қайталайды (оқушылар бір – біріне доп лақтыру арқылы өтілген оқу мақсаты бойынша сұрақтар қояды, ережелерді қайталайды).
1. Қоршаған ортаның ластанудың неше түрі бар?
2. Экожүйе дегенді қалай түсінесіз?
3. Мектептерде Экосағат деген айлықтар өткізіледі, бұл шараның маңызы қандай?
4. Адам қоршаған ортаға қаншалықты әсер етуде?
5. Техникалық немесе өндірістік қалдықтарға нелер жатады?

ҚБ: «Жұлдызша» арқылы бағалау.

Топқа бөлу. Оқушыларды топқа бөлу үшін «Алтын себет» әдісін қолданамын. Оқушыларға конверт таратылады, конверттің ішінде «Атмосфера», «Қоршаған орта» және «Гидросфера» сөздері берілген, бірдей сөздері бар оқушылар бір топқа жайғасады. Оқушылар өз топтарын атауларына мағлұматтар береді.
Оқушыларға жетелеуші сұрақтар қоя отырып, бүгінгі сабақтың оқу мақсатын анықтаймын:
— Экожүйені сақтау үшін алдымен қандай қадам жасаймыз?
Осы сұрақтарға жауап алғаннан кейін күтілетін нәтижені анықтаймыз:
Өз ойларын түсіндіреді
1 топ — «Атмосфера»
2 топ — «Қоршаған орта»
3 топ — «Гидросфера» Айналмалы доп, сұрақ-жауап

 

 

 

Конверттер, үлестірмелік тапсырмалар

Ортасы Оқушыларға оқу мақсатын қалыптастыру және оқушылардың дағдысын дамыту үшін «Кинометафра» әдісін оқу мақсаты бойынша өз білімдерін қалыптастыра отырып, тақырып бойынша бейнефильм көрсету. Ой қозғау үшін сұрақ: Адам экожүйені қалай ластайды?
Топтық жұмыс. «Пресс — конференция» ойыны
Тапсырма: Оқушылар «Қоршаған ортаны ластайтын заттардың адам денсаулығына әсері» деген мәтінмен танысады. Төмендегі сұрақтарға толықтай жауап береді.
1-топ:
1.Атмосфераның ластануы туралыне айтуға болады?
2.Пайдалы қазбаларды тасымалдау кезінде қандай проблемалар туындауы мүмкін?
2-топ:
1.Гидросфераның ластануы туралы не айтуға болады?
2.Қазақстанда мұнай-газ саласын қарқынды дамытуға байланысты қандай жаңа экологиялық проблема пайда болды?
3-топ:
1.Литосфераның ластануы туралы не айтуға болады?
2.Пайдалы қазбалардың құрамына кіретін қоректі заттарды атаңдар.
ҚБ: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалау.

Жұптық жұмыс. Оқушының алған білімдерін жақсы ажырата алуына ықпал ету үшін, «Деректермен жұмыс» тәсілінімен жүзеге асады.
Тапсырма:
І топ:
Пайдалы қазбаларды алу, қолдану, өңдеу және тасымалдау салдарын барынша азайту немесе толық жою үшін не істеу керек екендігін талдаңдар.

 

 

ІІ топ:
Мынадай жағдай моделін жасаңдар:
«Жақын болашақта экожүйе қандай болар еді? Адамзат өркениетін дамытудың қандай жолдары бар?»

 

 

 

ІІІ топ:
Пайдалы қазбаларды алу, тасымалдау, өңдеу және қолдануға байланысты соңғы 20 жылдағы ең ірі техногендік апат туралы эссе жазыңдар.

 


ҚБ: «Бағдаршам» арқылы жұптар бірін-бірі бағалайды.

Қосымша тапсырма:
Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту мақсатында «Жадыны дамытуға арналған» жаттығулар жасалынады. Оқушыларға белгілі бір реттілікпен тақырыпқа байланысты терминдер беріледі, білім алушылар сол реттілік бойынша реттілікті есте сақтап жауап береді
1. Атмосфера-atmosfera
2. литосфера-litosfera
3. табиғи ландшафт — natural landscape
4. рекультивация — reclamation
5. радиоактивті элементтер — radioactive elements
6. өндірістік (технологиялық) қалдықтар — industrial (technological) waste
ҚБ: «Өзін-өзі бағалау» арқылы. Слайдта тапсырманың жауаптары беріледі сол арқылы оқушылар тапсырма жауаптарын тексереді.

Дескрипторлары:
Адам әрекетінің қоршаған ортаға әсерін сипаттайды.
Пайдалы қазбаларды алу, тасымалдау, өңдеу және қолданудың барлық жағымсыз салдарын топтастырады (жіктейді). Оқулық, доп,
интербелсенбі тақта, стикер

Бейне фильм ссылкасы: https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/ehvolyucziya/adam-zhane-ony-qorshahan-orta/lesson/ornyqty-damu-tuzhyrymdamasy

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үлестірмелік тапсырмалар, интербелсенді тақта

 

 

 

 

 

 

 


Смайликтер,
оқулық, ҚБ жинағынан тапсырмалар

Соңы «Шабадан -ет тартқыш — себет» әдісі.
Оқушылар бүгінгі тақырыптағы алған білімдерінің өздері үшін қаншалықты құнды екенін осы әдіс арқылы көрсетеді.

— Әрі қарай менің керегіме жарайды;

— Алған ақпаратты өңдеймін;

— Барлық ақпаратты тастаймын.

 


Үй тапсырмасы: тақырыпты оқу, “Зиянды қалдықтардың қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері ” тақырыбында реферат дайындау.
Қосымша ақпарат
Саралау — Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? Оқушылардың жас ерекшеліктерін, таным қабілеттерін ескере отырып, түрлі деңгейдегі тапсырмалар беремін.
Мәтінмен жұмыс барысында «Пресс — конференция» ойынын қолдану арқылы өздерінің шығармашылық қабілетін көрсететін топтарға түрлі деңгейдегі сұрақтар берілді және жауаптары салыстырып, өзара бағаланды.
Оқушыларға жұптық жұмысқа оқушылар алған білімдерін жақсы ажырата алуына ықпал ету үшін, «Деректермен жұмыс» тәсілінімен жүзеге асады. Ол үшінде жетекші сұрақтар бердім және оқушылардың ассоциация құру арқылы оқу мақсатына жетті.
Кестемен жұмыс жасай отырып, берілген тұжырымдарын ажырата отырып, анықтайды. Кейбіріне сыни ойлау қабілетін арттыруда шағын эссе жазу берілді. Оқушылар бірлескен топта жұмыс істейді және бірін-бірі қолдайды.
Бағалау — оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз? Оқушыларды топтық және жұптық жеке жұмыстар кезінде қадағалау.
Тапсырма барысында «Жұлдызша» арқылы бағалау.
Топтық жұмыс «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»
Жеке жұмыс «Смайлик» арқылы
Жұптық жұмыс «Бағдаршам» арқылы жұмыстарын жүргізуде қадағалаймын.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Берілген оқу мақсаты ұзақ мерзімді жоспарлауда нақты кодталған түрде берілген. Соған сәйкес сабақ мақсаты айқындалды. Бүгінгі сабақта оқушылар пайдалы қазбалар өндірудің және қайта өңдеудің қоршаған ортаға әсерін білді. Сыныптағы ахуал өте жоғары болды. Жұмыс жасауға қолайлы болды. Саралау шаралары тиімділігін оқушылардың оқу мақсатына жеткендігін көрсете білді. Уақыт тапшылығы болды. Топтық жұмысым жоспарлауынан қарағанда 1 -2 мин асты.
Мен өз жоспарыма оқушылардың тақтамен жұмыс жүргізуін енгіздім, себебі, пайдалы әсер коэффициентін есептеулерін жүзеге асырды.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. Оқушылардың өз білімдерін анықтауда тұжырымдарды анықтаудың жалған, айқындығын ажырата білді;
2.Оқушыларға жаңа білімді игеру мақсатында «Кино — метафра» әдісімен мәтінмен жұмыс «Пресс — конференция» ойыны жақсы үйлесім тауып жүзеге асты.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. Оқушының алған білімдерін жақсы ажырата алуына ықпал ету үшін, «Деректермен жұмыс» әдісімен оқушылар пайдалы қазбаларды алу, тасымалдау, өңдеу және қолданудың барлық жағымсыз салдарын топтастыру кезіндегі бағалау критерийі;
Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?
1. Оқушылардың сабақ соңында оқушылар берілген рефлексия .
2. Оқушылардың бағалау критерийлері

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *