Латын тілі негізі

Латын графикасына негізделген қа­зақ әліпбиіне көшу мәселесі қозғалып жат­қан қазіргі таңда бұл анықтамалық сөздік (латынша-орысша-қазақша) латын тілін оқып жүрген студенттерге, оны оқы­тып жүрген оқытушыларға үлкен көмек. Мұндай сөздік бұрын-соңды болмаған. Латын тіліне, тарихына қызығушылық танытушылардың бар­лығы осы сөздікті басшылыққа алса болады.

Қазақстандағы медициналық жоғары оқу орындарында латын тілін оқытуға баса назар аудару керек. Бұл пәнді оқы­ту Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (МЖМБС) енгізу керек. Медиктердің латын тілін білуі бас­қа шектес пәндердің терминология­сын түсінуге мүмкіндік береді. Латын тілін оқыту арқылы дәрігерлердің лек­сикалық қорын байытамыз, шет тілінен енген жаңа сөздерді түсінуі мен айтуы жеңілдейді. Студенттер латын тілін­дегі арнайы ұғымдармен медицина ғы­лымына алғаш қадам басқан сәттен кездеседі. Медицинада латын тілі анатомия мен фармакологияның халықаралық тер­минологиясы ретінде де, рецепт жаз­ғанда да қолданылады. Латын тілін білу әртүрлі мемлекет дәрігерлерінің бір-бірін қиындықсыз түсінуге мүмкіндік береді. Медицина саласында латынша тер­минологияны қолдану – дүниежүзі медик­терін біріктіретін әрі медицина білімін унификациялайтын фактор.

Медициналық жоғары оқу орындарында латын тілін оқыту мемлекеттік жал­пыға міндетті білім беру стандартынан (МЖМБС) алынып тасталды (таңдау компонентінің құрамында ғана оқытылады). Нәтижесінде, халықаралық медициналық практикада дәстүрлі түрде қолданылатын тіл медицина саласы қыз­меткерлері үшін міндетті емес болып қалды. Ал бұл жағдай медицина персоналының кәсіби дайындығына да, медицина мамандарымен қамтамасыз ету деңгейіне де теріс ықпал етеді.

Ғылыми медициналық термино­логия латын тілінің негізінде құрастыры­лып, интернационалдық лексикаға жата­т­ын­дықтан,  дүниежүзі медиктеріне бір­дей түсінікті.  Осы салада білім дең­гейін жоғарылату мәселесі маңызды бол­­ғандықтан латын тілін оқыту керек. Бұл дәрі-дәрмектердің атауына да қатысты. Рецептілердің барлығы бұ­рын­нан латын тілінде жазылады. Кез келген елде жазылған рецепті оңай тү­­сіну үшін латын тілін білу керек. Ла­тын тілін оқу арқылы студент үнемі жа­ңарып отыратын медициналық терминологияны – болашақ дәрігердің кәсіби тілін меңгереді. Латын тілінен шыққан терминдерді және латын грам­матикасының элементтерін білетін сту­дентің келесі курстарда пәндерді оқу ба­рысында (ана тілінде немесе шетел тілінде оқыса да) оқу әдебиетімен және арнайы әдебиеттермен жұмыс істеуі жеңілдейді.

Латын тілін меңгермей, медициналық білімді меңгеру қиын. Латын тілін мең­герген маман, өмір бойы кәсіби қыз­метінде кездесетін латын тілінен шық­қан терминдерді түсініп, сауатты қол­данатын болады. Медицина мамандарына ежелгі заманнан: «In via est in medicina via sine lingua Latina» – Латын тілінсіз медицина – өте алмайтын жол – деген мақал таныс. Бұл мақал біздің заманымызда да мәнін жойған жоқ. Латын тілін оқытуды Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына міндетті пән ретінде енгізіп, практика жүзінде іске асырған дұрыс .

© egemen.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *