САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиеті |
Мектеп: |
||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||||||
Сынып: 10Т2 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||||||
Бөлім атауы: |
Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда Ыбырай Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?» |
||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Ұлттық тауар биржасы
|
||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
10.1.3.1 оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну; 10.4.5.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден негізгі ұғымдарды анықтай отырып, жинақы мәтін (компрессия) құрастыру |
||||||||
Сабақтың мақсаттары |
Мәтіннен деректі ақпаратты анықтайды. Негізгі ойға қатысты өз көзқарасын білдіріп, баға береді. |
||||||||
Бағалау критерийлері |
· мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық анықтайды · негізгі ойға өз көзқарасын білдіру және оны бағалайды |
||||||||
Дескрипторлар |
· сұрақтарға жауап береді; · өз көзқарасын білдіреді; · мәселеге қатысты баға береді; · мәтін құрауда үстеуді орынды қолданады; |
||||||||
Тілдік міндеттер |
Лексикалық минимум: Сөйлеу мәдениетін жетілдіру үшін қолдануға ұсынылған тілдік оралымдар: менің ойымша, біріншіден, қорытындылай келе т.б. |
||||||||
Құндылықтар |
Ашықтық. Өзгелердің пікірін құрметтейді. Пікір алмасуда өзара сыйластық танытады, құрмет көрсетеді. |
||||||||
Пәнаралық байланыс |
география |
||||||||
АКТ дағдылары |
Онлайн сөздікпен жұмыс істейді |
||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім |
Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда |
||||||||
Жоспар |
|||||||||
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
|||||||
Сабақтың басы
5 мин |
Қызығушылығын ояту «Сатушы мен сатып алушы» ойыны. Сатушы өзінің затына жарнама жасап, көп затын сата алу керек.
Оқу мақсаттары, бағалау критерийлері және дескрипторларман таныстыру. |
Слайд 1-3
|
|||||||
Сабақтың ортасы
5 мин
15 мин
7 мин |
Мағынаны тану Оқылымалды тапсырма Оқушыларға тақтадан сөздерді оқып шығуға 1 минут уақыт беріледі, кейін жауып тасталады. Есінде қалғандарын жазын шығады.
Оқылым тапсырмасы Саудаңыз жүрсін десеңіз
Өнімнің құрамын емес, қажеттілігін арттырыңыз. «Адамдар бір затты ұнатқандықтан емес, заттардың пайдасы бар болғандықтан сатып алады» дейді Дэн Кеннеди. Сауда-саттықта жұмыс жасап жүрген адамдар Котлердің «Дрель мен керегедегі тесік» атты мысалын жақсы білетін шығар. Дрельді сатып алып тұрған тұтынушы үшін дрель емес, дрельден кейін қалатын тесіктер маңызды. Яғни құралдың өзі емес, нәтижесі керек. Бір кездері дүкендерде тұратын есепшоттар есіңізде ме? Калькулятор пайда болғалы олар саудадан алынып тасталды. Адамдарға бар болғаны құралдың жылдам есептейтін тиімді түрі қажет. Virgin Airlines компаниясы авиарейстерді емес, керісінше А-Б пунктіне өтуге арналған қолайлы ұшақтарды жарнамалады. Сол секілді табысты заңгерлер сағаттап берілетін консультацияларының орнына өмірге тыныштық орната білетіндіктерін жарнамалайды. Ал күзету жабдықтарын сататын адамдар құралдарынан бұрын, адам өмірін қауіпсіз жағдайда сақтай білетіндіктерін алға тартады. Өз өнімдеріңізге кепілдік беріңіз. Егер тауарыңызға 100% кепілдік бере алмасаңыз, өз тауарыңыздың сапасына өзіңіз сенбегендігіңіз. Ұзақ мерзімге берілетін кепілдік тауардың өтімділігін арттырады. Әрине, ең жақсы кепілдік – ақшаны толықтай қайтарып беру. Кейбір компаниялар тауардың бағасынан да көп ақша қайтарып береді. Сіздің өнімдеріңізді сатып алған соң, қулық жасап, тауарды қайтаратын тұтынушылар да болады. Бірақ көп жағдайда керісінше болатындықтан, мұндай кемшіліктерді сол ақшалармен толтырып алсаңыз болады. Қалай да мүмкіндік тауып, жеңілдік жасауға тырысыңыз. Мысалы, тегін қызмет көрсету, 3 жылға дейін толықтай кепілдік. Осы секілді жеңілдіктердіойластырып, оларды көпшілікке ұсына біліңіз.
1- тапсырма Мәтінге қатысты сұрақтарға жауап береді 1. Қазіргі таңда сауда орындарында есепшоттар қолданады ма? 2. Егер қолданбаса, не үшін қолданбайды? 3. Тауардың өтімділігін не арттырады? 4. 3 жылға дейін толықтай кепілдік дегенге қалай қарайсың? 5. Қулық жасайтын тұтынушылардан қалай сақтануға болады?
2-тапсырма ПОПС формуласы арқылы негізгі ойға көзқарасын білдіреді. 1. Пікір. Мәтін бойынша өзіндік пікіріңізді бір сөйлеммен жазыңыз 2. Дәлел. Өз пікіріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіз. 3. Мысал. Пікіріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіз. 4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыз Оқушыларға дескриптор ұсынылады. · Мәтінге қатысты сұрақтарға жауап береді · Оқушылар негізгі ойға қатысты өз ойларын айтады · Мәселеге қатысты өз бағасын береді
Оқылымнан кейінгі тапсырма Оқушылар «сауда жақсы жүрсін десең» деген тақырыпқа өз 5 қағидасын қосады. Және оқушылар бір- біріне баға береді.
«f» бағалау. Оқушылар өзара бір-бірін бағалайды «2 жұлдыз, 1 тілек»
|
Слайд 4
Слайд 5
Слайд 6
|
|||||||
Сабақтың соңы 3 мин
|
Кері байланыс «3-2-1» 3- жаңа ақпарат 2- кездескен қиыншылық 1-ұнаған аспект
Үйге тапсырма: сөздерді жаттау |
Слайд 7 |
|||||||
Қосымша ақпарат |
|||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс |
|||||||
Жеке оқушыларға көмек көрсетіледі. Оқушыларды қолдап, мадақтап отыру ескеріледі. Оқушыларға тапсырма орындауда таңдау жасау мүмкіндігі беріледі. Қабілеті жоғары оқушыларғажоғары деңгейлі сұрақтар ұсынылады. |
Тапсырмалардың өзара байланысты болуына баса назар аударылады. |
Пәнаралық байланыс – география, құқық |
|||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||
|
|||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |