Ұлттық таным және мерекелер. Жүсіпбек Аймауытов «Әнші» әңгімесі

Бөлімі:

3-бөлім: Ұлттық таным және мерекелер. Жүсіпбек Аймауытов «Әнші» әңгімесі

 

Мектеп: 

 

Күні:

 

Мұғалімнің аты-жөні:

 

Сынып:

10 Т2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ұлттық таным және мерекелер. Жүсіпбек Аймауытов «Әнші» әңгімесі

Сабақтың мақсаты

10.1.5.1  мәтіннен автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін аргументтерді талдай отырып, астарлы ойды анықтау

Бағалау дескрипторы

 

 

 

 

 

 

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Оқушы 

Мәтіннен автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін аргументтерді талдайды. Астарлы ойды анықтайды

1

 

 

2

 

3

Қанатты сөздің мағынасын ашады, астарлы ойды анықтайды

Үзіндідегі негізгі ойды анықтайды

Үзінділерді детальді түрде түсінеді

Тілдік мақсаттар

Тақырыпқа байланысты сөздер: Алтайдың асқар тауындай, шабыттанып айту, ән салғаны бір порым екен т.б.

Құндылықтар

      Құрмет;

      Ашықтық;

      Өмір бойы білім алу;

      Ынтымақтастық.

Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу

https://adebiportal.kz/kz/news/view/3010

Наурыз мерекесінің басқа елдерде тойлануы туралы ақпарат

АКТ дағдысын қолдану

Интербелсенді тақта аудиовизуалды материалды  демонстрациялауға қолданылады.

Өмірмен байланыс

Қазіргі кездегі Наурыз мерекесінің тойлануы

Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет

Алдыңғы білім

Наурыз мерекесі. Жалпыадамзаттық мәселе. «Әнші» әңгімесінің мазмұны

                                   Сабақ барысы

Жоспарланған

кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

 

 

Қызығушылықты ояту

Бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар екені айтылады, түсіндіріледі.

Сабақ мақсаттары мен жетістік критерийлері таныстырылады.

(Оқушылар фигуралар арқылы топтарға бөлінеді)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

30 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мағынаны тану кезеңі

Тыңдалымалды тапсырма

Жеке жұмыс

«Адам боп келіп өмірге, адам боп өту көп қиын» деген сөздің мағынасын ашыңыздар. Бұл сөзде қандай астарлы мағына болуы мүмкін?

 

Тыңдалым тапсырмасы

Топпен жұмыс

3 топқа 3 түрлі үзінді беріледі. Үзіндідегі негізгі ойды анықтаңыздар. Астарлы мағынаны анықтаңыздар.

 

1-топқа:

Зал жаңғырып, күңгірлеп кетті.

Сұңқылдаған көмейі

Сыбызғының үніндей;

Ескектеген толқыны

«Бозайғырдың» күйіндей;

Аспандап соққан айғайы

Алтайдың асқар тауындай;

Желпілдеткен түндікті

Күздігүнгі дауылдай;

Төмендете сорғалап,

Тас бұлақтың суындай;

Әсем, әсем нақысы

Айдынның сұлу қуындай;

Қалықтатып созғаны

Сарыарқаның беліндей,

Жаяулатса, баяулап,

Арқаның қоңыр желіндей;

Тамылжытып, сынықсып,

Жаңа түскен келіндей;

Қалың қазақ даласын

Әнімен залға сыйғызды,

Дауысын көпке сүйгізді,

Шапалақ та шапалақ…

Пәле шіркін! Бис-бис…

Тағы да шық, тағы да!..

Тағы шықты Әмірқан.

 

2-топқа:

Әмірқандай әнді ешкім сала алмайды. Жай жүргенде Әмірқанды ешкім де елемейді. Әмірқан ән салса, сонда кім екенін білесің. Ән салса, ол өзін-өзі ұмытады, әннің әуеніне төңкеріледі, оның дауысы көмейінен шықпайды, жүрегінен шығады. Ол әннің әр нақысын ұғады, әнді ғана сүйеді. Ол тәтті үнге, топқа бола жаралған адам. Ән салса рақаттанып, гүл-гүл жайнайды. Көзі де, аузы да, денесі де, қолы да бірге салады. Әмірқан кісі емес, әнге айналады. Оның ән салғандағы түріне қарап отырсаң, тоясың. Бірақ Әмірқан үнемі олай айта бермейді. Әмірқан қымызы, тобы, ойын-сауығы, қыз-келіншегі бар жерде өзін-өзі ұмытып айтады. Әнін ұғушы, тыңдаушы болса, шабыттанып айтады. Тыңдамай, жыбырлап сөйлесе бастаса, Әмірқан тұрып кетеді, айтпайды. Әмірқан кісіге тез үйір болатын, жолдасқа жанын қиятын жігіт. Наурыздан кейін бізбен дос болып кетті. Бер жаққа шықса, бізге соқпай кетпейді.

 

3-топқа:

— Менің жүрмеген жерім, көрмеген елім бар ма? — деп бастады Әмірқан. Жас күнімнен әкеме еріп, ел араладым. Әкем ересен әнші еді. Әкем қайтыс болған соң, жақсыларға еріп көп жүрдім. Жәрмеңкелерге бардым. Маған ән үйреткен әуелі әкем болды. Содан соңғы үлгі берген кісі Жұмабек әнші еді. Уай, шіркін, Жұмабек жігіт еді. Ондай әншіні өмірі көргем жоқ. Қанша айтса, бір жалықпайсың. Бір әнін бір ат беріп үйренсең обалы жоқ… Өлеңші, әншідеген жігіттердің бәрін естідік. Қайда? Жоламайды. Әннің бір жерін келтірсе де, бір жерін былықтырып алады. Бас-аяғы бірден мүлтіксіз шықпаған соң әнді салып не керек?..
— Естайды естігендерің бар ма?

— Жоқ.

— «Қорланды» сол шығарды дейді ғой… Оның ән салғаны бір порым екен. Күжілдеп, ызбарланып, ышқынып, тістеніп, шытынап кетеді екен. Ән салғаны төбелеске бергісіз. Әншілердің көбі түр шығарам деп, әуре болады. Жақсы әнді бұзып жібереді. Қиқылдай ма, шиқылдай ма, аупылдай ма мазарат… Есіл әнді бей-берекет қылады. Бет-аузын тыржитып, зорланып, күшеніп отырып салған соң ән бола ма? Әнді еркіне жіберіп, қысылмай салған ғой қызығы.

Әншілердің көбі не мақтан үшін, не мал табу үшін айтады. Шабыты келмесе де зорланып айтады. Зорланып айтқан ән дұрыс шыға ма? Ән салу көңілден ғой… Мен өзім көңілденбесем, жақсы айта алмаймын: айтқым келмейді…

 

 

Оқушылар жұмыстары тыңдылып, мұғалім кері байланыс береді. 

 

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Жұппен жұмыс

 

Әнші мінезін (характерін) көрсететін аргументтерді (сөз тіркестерін) анықтаңыздар. 

Тыңдалған мәтіндерден қандай мерекелік көңіл-күйді анықтауға болады?

Әр жұпқа мұғалімнің кері байланысы беріледі.

«Екі жұлдыз, бір тілек»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

http://alashainasy.kz/proza/juspbek-aymauyitov-ansh-56981/

 

 

 

(Үзінділердің аудиосын мұғалім өзі жазады)

 

(Топтар бір-біріне кедергі жасамау үшін құлаққаппен тыңдатыңыз)

 

 

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

 

 

Сабақта саралау тапсырмалары болды  ма? Қалайша қолдау көрсете аламын? Қабілетті оқушыларды оқытуда алдыма қандай міндеттер қоямын?

Оқушылардың материалды қаншалықты игергенін қалай бағалаймын?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ/ оқыту мақсаттары шыншыл ма? 

Барлық оқушылар ОМ жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақтағы  саралау дұрыс өтті ме? 

Сабақтағы кезеңдер сақталды ма? Жоспардан тыс не жасалды? Неге?

 

 

 

 

 

 

Жалпыбағалау

 

 

Қандайекіаспектжақсыөтті? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз)

1:

 

2:

 

Сабақты жақсартуға не себеп болатын еді? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз)

1:

 

2:

 

Сабақ барысында сыныптың жетістігі туралы не ойладым/ жеке оқушылардың қиындығы, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *