Қоғамдағы әйел-аналардың рөлі

САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп:

 

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

 

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

 

Бөлім атауы

Бұқаралық ақпарат құралдарыдағы гендерлік бейне.

 

Сабақтың тақырыбы

Қоғамдағы әйел-аналардың рөлі

 

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру;

 

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың әйел затына деген құрмет сезімін қалыптастыру

 

Бағалау критерийлері

1. Мәтін үзінділерін оқып бағалайды; 

2. Сұрақтарға дәлел арқылы жауап береді.

 

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Кемсіту, құқығын таптау, орнын елемеу, тең көрмеу т.б.

 

Құндылықтар

Оқушыларды ұлттық құндылықтарды дәріптеуге тәрбиелеу.

 

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы

 

Осыған дейін меңгерілген білім

Қыз-келіншектер – қоғамның белді мүшесі

 

Жоспар

 

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

 

Сабақтың басы

5  мин

     Мұғалім оқушыларға ұлдар мен қыздардың мүмкіндіктерін межелеуге көмектесетін кесте ұсынып, толтыруларын сұрайды. Ол кесте әр салаға қатысты ұл мен қыздың тең құқылы бола алатындығын дәлелдеу үшін қолданылады. Оқушылар кестелердің тұсына стикерлер жапсырады немесе бояйды.

Таныстырылым

 

 

5 мин

    Мұғалім: «Қоғамда әлі де болса әйелдердің ерлермен теңесіп қызмет жасауына деген қарсылықтар жиі ұшырасып жатады. Сіздердің ойыңызша,  қыз балалар болашақ ана ретінде ғана танылып үйде отыруы керек пе әлде жоқ па?» -деген сауалды сыныпқа қойып, пікір алмасады.

 

 

5 мин

Мәтіналды жаттығулары

1-тапсырма. Кестеде берілген тұрақты тіркестердің мағынасын тап.

Тұрақты тіркестер

Мағынасы

 

Жан бітіру

 

Талас  тудырмау

 

Көпке топырақ шашу

 

Аяғына тұсау салу

 

Елінің қамын жеу

 

 

 

Таратпа материалдар

 

8 мин

Тыңдалым мәтіні

А. Әйгерім

     Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен аналарымыз әрқашан да дұрыс шешімді қабылдай алады. «Алып анадан туады» демекші, бар әлемге жан бітіріп, тәрбие мен білімге сусындатқан аналарымыз екені хақ. Бұған ешкімнің талас тудырмасы анық. Ендеше әйелдер мен еркектер теңдігі де орнау керек дегім келеді. Қазақтың қанына сіңген менталитет көп қыздың аяғына тұсау салып отыр. Көпке топырақ шашудың да қажеті жоқ. Алайда осы менталитетті өздеріне ұран еткен ер азаматтар арасында әйелдерінің аяғын үйден аттап бастырмай отырғандары да бар.

 

Ә. Мұрат

Менің ойымша, қазақтың арулары, ең алдымен,  отбасын құрып, бала тәрбиелеуді бірінші кезекке қояды. Осыны ескеруге тиіспіз. Көптеген біздің аруларымыз дәл осы себептен саясатты, қоғамдық жұмысты екінші кезекке ысырып қояды, уақытының басым бөлігін отбасына, ұрпақ тәрбиесіне арнайды. Бұл дұрыс емес деп кім айтты? Егер жақсы ұрпақ тәрбиелесе, ол ұрпақтан елінің қамын жейтін жақсы азамат шықпайды ма? Егер әйел де ер азамат секілді билік басына отырғысы келсе, менің қарсылығым жоқ.

 

Б.Сания

Әйел жүрген жерде жұмыс жақсы iстелiнедi. Керек болса, әйел заты еңбектi еркектен он есе артық iстейдi. Өйткенi, әйел еркек сияқты жолдан таймайды, анда-мұнда бұрылмайды. Менiңше, әйел жұмыс iстей алмайды дегендер мүлдем қателеседi.

 

В. Дидар

Жалпы, қазақтың өзiнiң даму жолы болғаны белгiлi. Қазақ еш уақытта әйелiн кемсiтпеген. Әйелдi өзiмен тең дәрежеде ұстаған. Өткен тарихқа қарасақ, ел басқарған аналарымыз, әжелерiмiз, қол бастаған қыздарымыз болған. Бiрақ бiз батыстық үрдiстi енгiзу арқылы қазақтың баяғыда қалыптасқан отбасылық институтын жоғалтып алып жатқан жоқпыз ба? Бұл жоғалмауға тиiстi ғой. Қазiр қоғамда қарап отырсақ кәрi қыздардың, бойдақ жiгiттердiң саны көп. Батыстық дәстүрге елiктеген олар еркiндiкте жүргiсi келедi. Сосын отбасы жауапкершiлiгiн мойнына алғысы келмейдi. Қысқасы, азаматтық некеге тұру арқылы қазаққа жат ұғымдар енiп жатқан сияқты. Әйел Құдай қосқан жұбайын сыйлап, қиындықты бiрге жеңе бiлетiн болса, жақсы.

 

 

 

үлестірме материалдары

 

7 мин

Мәтінмен жұмыс кезеңі.

3-тапсырма. Мәтін үзінділері бойынша болжам жаса.

Тапсырма

1-үз

2-үз

3-үз

4-үз

Білу. Үзінді  кім  немесе  не   туралы?

 

 

 

 

 

Түсіну. Үзіндінің негізгі идеясы қандай?

 

 

 

 

Қолдану. Үзіндіде берілген сипаттауда көрініс тапқан автор сезімін жеткіз.

 

 

 

 

 

Талдау. Автор көзқарасы қоғам үшін пайдалы болды ма?Үзіндідегі автор көзқарасын талда.

 

 

 

 

Жинақтау. Екі үзіндінің ұқсастығы неде?Дәлелде.

 

 

 

 

 

Бағалау.Автордың көтерген мәселесі өзекті ме? Сыни тұрғыдан  баға бер.

 

 

 

 

 

Сұрақ-жауап кестесі

 

10 мин

Мұғалім оқушыларға: «Ер адам мен әйел адамның тең құқылы болуын қалай түсінесіңдер?» деген сауал қояды. Ол үшін ойлануға арнайы уақыт беріп, оқушылардың ойлануы мен презентацияларының дайындалып, сынып алдында сөйлеуіне жағдай жасайды. Оқушылар топ болып сынып алдында өз пікірлерін жеткізеді.

 

 

Сабақтың соңы

2 мин

 

 

Рефлексия. «Бағдаршам» әдісі

Үйге тапсырма: жаңа сөздерді жаттау

 

 

 

Қосымша ақпарат

 

 

 

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? 

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

     

 

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы  қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? 

Төменде берілген бөлімді осы сабақ  туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

 

 

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы  қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? 

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *