Қазақ журналистикасы және ондағы қыздар үлесі

САБАҚ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақ журналистикасы және ондағы қыздар үлесі

 

Осы сабақ  арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.5.1.7 шылаулардың сөйлемдегі қызметін білу, мәтін құрауда орынды қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: Шылауды мәтін құрауда орынды пайдалану үшін сөйлемде атқаратын қызметін түсіну.

Оқушылардың көпшілігі: Шылаудың сөйлемдегі қызметін біледі. Мәтін құрауда орынды пайдалану керектігін ескереді.

Кейбір оқушылар: Шылаудың сөйлемдегі қызметін біледі. Мәтін құрауда орынды пайдаланады.

Бағалау критерийлері

Мәтін құрау кезінде шылауды орынды пайдаланады.

Құндылықтар

Ашықтық, құрмет, өмір бойы білім алу.

АҚТ қолдануы

Сабақ барысында слайдтар көрсету арқылы сабақ меңгеріледі. Ақпаратты визуалды қабылдауға дағдыланады.

Тілдік мақсаттар

Диалог құрастыру: менің ойымша, себебі, өйткені тіркестерін қолдану.

Пәнаралық байланыс

Тарих

Осыған дейін меңгерілген білім

Шылаудың не екенін меңгерген.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 мин

Сабақтың оқу мақсаты мен критерийлер таныстырылады, талқыланады.

Слайд

Сабақтың ортасы

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

Жазылымға дайындық

Бағыттаушы сұрақтар қойылады:

1.      Шылау дегеніміз не?

2.      Қандай түрлерін білесіңдер?

А деңгейлі оқушылар шылауға анықтама береді;

С деңгейлі оқушылар шылаудың түрлерін атайды.

Шылаудың анықтамасы айтылып, оқушылар еске түсіреді.

Шылау – толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұрады. Шылаулар түрленбейді, сөйлем мүшесі бола алмайды.

 

Шылаудың емлесі жайлы нұсқаулық таратылып, талданады.

Шылаулардың емлесі: Шылаулардың  көпшілігі өздері  қатысты сөзден бөлек жазылады және кейбірі дефис арқылы жазылады.

1.Және, мен (бен,пен) шылаулары қайталанбай қолданылады. Бұл жалғаулықтар байланыстырған сөздер мен сөйлемдердің арасына үтір қойылмайды. Мысалы:  Аслан мен Ерлан бұлар көшіп келген соң қыдырып келген.

2.Да (де, та, те) шылаулары бөлек жазылады, оны түсіріп те айтуға немесе жалғаулық  мәнінде келгенде басқа жалғаулықпен алмастырып та қолдануға болады. Мысалы: Арыстанның да барғысы келді.

3.Дефис арқылы жазылатын шылаулар –ақ,-ай,-ау,-мыс (-міс),-ды, (-ді) демеуліктері өзі шылау болып жұмсалған, яғни өзінен бұрын тұрған сөзбен дефис арқылы жазылады. Мысалы:Діңкелеп шаршаған  күн де ұясына барып қонды-ау ақыры.

 

Тапсырма 1.

ЖЖ. Мәтінді оқып шығып, шылауларды табыңдар. Олардың қандай қызмет атқарып тұрғанын түсіндіреді.

Мәтін

Қолдарынақару алған екі жүз орыс пен үш жүз қазақ командир қолын сермесе болды, неміс сарбаздарына қарсы ұмтылайын деп, сақадай сай тұр. Алайда алдымен артиллериямен байқап көрмек. Жамырай шапқан жүздікті сегіз зеңбірек пен екі жүз мерген қарсы алуға дайын тұр. Арасында қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлова да бар. Жүздеген мылтық үнімен зеңбіректердің гүрсілі сарбаздардың айқайын көміп кетті. Бірақ айнала шаң мен түтін құшағына оранардан сәл ғана, бірер сәт бұрын Әлия қаптап келе жатқан сарбаздар тобын шетінен қыра бастаған. Зеңбіректің добы да, мылтықтың оғы да нысанаға дәл тиді.

 

Жазылым тапсырмасы  Ж. «Бүгінгі күннің батыр қызы қандай болуы керек?» деген тақырыпқа шағын мәтін құрайды. Мәтін құрау барысында шылауды орынды қолдануды ескеріңдер.

 

Шылаулар: және, мен, пен, да, де, та…

 

 

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

 

Мәтін құрау кезінде шылауды орынды пайдаланады.

Шылауды орынды пайдаланады

Шылаудың атқаратын қызметін біледі

Мәтін құрайды

Ф. Бір-бірінің мәтінін оқып, бағалайды. Үздік шыққан мәтін сыныпқа оқылады.

 

 

 

Сабақтың соңы

2 мин

 

Кері байланыс «3-2-1»

     Сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

     Қиындық тудырған 2 аспект;

     Сабақ барысында туындаған1 сұрақ.

 

 

 

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? 

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Топтық жұмыс кезінде төмен оқитын оқушылар жақсы оқитын оқушылардан үйренеді.

 Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Оқушылар бір-біріне комментарий арқылы баға береді.

Берілген тапсырмалар оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп келтірмейді.

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ арқылы ақпаратты жадыларында ұзақ сақтай алады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы  қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? 

Төменде берілген бөлімді осы сабақ  туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Жалпы баға

 

 

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

 

2:

 

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

 

2:

 

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *