Қазақтың алғашқы экран патшайымдары

САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Бұқаралық ақпарат құралдарыдағы гендерлік бейне.

Сабақтың тақырыбы

Қазақтың алғашқы экран патшайымдары

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.1.5.1  мәтіннен автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін аргументтерді талдай отырып, астарлы ойды анықтау

Сабақтың мақсаттары

Отбасылық құндылықтар, құрмет.

Бағалау критерийлері

·         Сұрақтарға  дәлел арқылы жауап береді.

·         Мәтіндегі мәселені, автор ойын 1 сөйлеммен жетікзеді.

·         Мәтінді астарлы ойды талдау барысында 1 дәлел келтіреді.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Билік, гендерлік саясат,әйелдер бейнесі

Құндылықтар

Ұлттық құндылықтарды, үлгі тұтарлық тұлғалар

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы

Осыған дейін меңгерілген білім

Жанболат Ауыпбаев

«Ашылмаған аралдар» кітабынан «Диктор» деректі әңгімесін алғаш рет оқып отыр

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

     Мұғалім сабақтың басында оқушыларға «гендерлік саясат дегеніміз не?» деген сауал тастайды. Оқушылар ғаламтордан немесе ресми құжаттар мен түсіндірме сөздіктерден анықтама тауып, ізденеді. Өз түсінгендерін ортаға салады. Одан әрі келесідей сұрақтарды талқылайды:    

—          Бүгінгі таңдағы әйелдер бейнесі қоғамда қалай көрініс табуда?

—          Гендерлік саясат дегенімізді қалай түсінесіз?

—          Гендерлік саясат біздің қоғам үшін қажет пе? Неліктен?

Таныстырылым

 

7 мин

    Мұғалім оқушыларға алда оқитын шығармаларына қатысты жаңа сөздерді таныстыру мақсатымен сөздікпен жұмыс ұйымдастырады. 

1-тапсырма. Берілген сөздердің мағынасын түсіндірмелі сөздіктен тауып көр.

 

Жаңа сөз

Мағынасы

билік тізгінін ұстау

 

өмірдің сәні

 

ерін пір тұту

 

иық тірестіріп жұмыс істеу

 

үркіп қарау

 

кезіктіру

 

 

Сабақтың ортасы

 

10 мин

Мәтінмен жұмыс кезеңі

3-тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз және гендерлік мәселеге қандай қатысы барын анықтаңдар.

Мәтіндегі мәселеге қатысты  автор ойын анықта.

 

Мәтінде көтерілетін мәселе

Автордың жеткізгісі келген ойы

 

 

 

 

Жанболат Ауыпбаев «Ашылмаған аралдар» кітабынан «Диктор» деректі әңгімесінен үзінді

      – Телевизияға диктор боп қалай келдіңіз? Бұрын сіз осы саланың маманы ма едіңіз, жоқ əлде..

– Шынымды айтайын, бұл менің мүлде көрмеген, білмеген жұмысым еді. Студия, камера, микрофон деген сөздерді сол уақытқа дейін тіпті естімеппін де. Өйткені, мамандағым, атқарып жүрген жұмысым басқа салаға қатысты еді. Алматы медицина институтын бітіргенмен сол кезде орталық аптекада фармацевт-провизор болатынмын.

1958 жылғы қаңтар айының соңғы күндерінде міне, осы жерге екі кісі келіп кірді. Менімен қазақша сөйлескен олар: “Қыздарымыздың бəрі мына сіз секілді өз тілін жақсы білсе ғой, шіркін”,  –  деп мақтап, келесі күні мұнда қайтадан бас сұқты. Тағы да əңгімелесті. Ақыры бір аптадан соң бұл екі кісі Алматыда Қазақстандағы тұңғыш телестудия ашылғалы жатқанын, соған дикторлыққа адам іздеп жүргендерін айтып, менен соған орай ұйымдастырылған конкурсқа қатысуымды сұрады.

– Кешіріңіз, бұл кісілер кімдер еді? Олардың аты-жөндері есіңізде жоқ па?

– Неге есімде болмасын. Біреуі ақын Жаппар Өмірбеков болатын. Кейін білдім ғой, ол кезде бұл кісі сол жаңадан ұйымдасып жатқан телестудияның бас редакторы екен. Ал, жанындағы адам сол телехабарлар тарату орталығының қызметкері Қадыр Дəуітов болып шықты. Жə…, енді жоғарыдағы əңгімеме қайта оралайын. Мен олардың конкурсқа түсуге шақырған өтініштерінен ат-тонымды алкаштым. Себебі, экранға шығу, телекамера алдында отырып текст оқу дегендеріңіз сол сəтте маған мүмкін еместей бір өте қиын шаруа болып көрінді. Сондықтан да төселіп, бауыр басып кеткен фармацевтік жұмысымнан артық ештеңе жоқ деп ойладым…

 

 

 

 

Үлестірме материалдары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 мин

4-тапсырма. Кестедегі талаптарды негізге ала отырып,тыңдалым мәтініндегі астарлы ойды талда.

 

1 Көтерілген құндылық мәселесі

 

2 Осы мәселенің қазіргі таңда өзектілігі

 

4 Астарлы, тұспалды  ойы

 

5  Автордың көздеген мақсаты

 

6  Құндылыққа қатысты аргументтер

 

7   Құндылыққа қатысты   қарама-қайшылықтар

 

Таратпа материал

5 мин

Мәтіннен кейінгі жұмыс

5-тапсырма.Мәтін бойынша дайындалған сұрақтарға жауап бер.

1.Мәтін мағынасына қойылатын сұрақтар:

Сіздің ойыңызда не сақталып қалды? Оқып отырғанда не туралы ойладыңыз? Мәтін оқиғасындағы ең маңызды мәселе қандай? Осы мәтінде қандай сұраққа жауап жоқ?

 

2.Мәтіннің  тақырыбына байланысты қойылатын сұрақтар:

Егер сіз осы мәтінді өңдеп жазатын болсаңыз, нені өзгертер едіңіз?

Бұл мәтін ерекше ме? Неге?

3.Автор стиліне байланысты қойылатын сұрақтар:

Автор оқырманды қалай қызықтырды?

Өз идеясын автор қалай дамытады?

Маңызды ақпаратты автор қалай берген?

 

Сабақтың соңы

5 мин

 

 

Рефлексия. «Бағдаршам» әдісі

Үйге тапсырма: жаңа сөздерді жаттау

 

 

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? 

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

 

 

 

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы  қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? 

Төменде берілген бөлімді осы сабақ  туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *