САБАҚ: № Қазақ тілі мен әдебиеті |
Мектебі |
||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||||
Сынып: 10Т2 |
Қатысқандар |
Қатыспағандар: |
|||||
Сабақтыңтақырыбы |
Орталық Азия су аймағы |
||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
10.4.1.1 публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық және стиль ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, баспасөз парағын жазу; 10. 5. 1. 4 есімдіктердің жасалу жолдарын білу, мәтін құрауда орынды
|
||||||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар: Стильдің жанрын, ерекшелігін ажыратады. Оқушылардың басым бөлігі: Публицистикалық стильдің жанрын, стилін сақтайды, тілдік ерекшелігін ажыратады. Кейбір оқушылар: Жанрды, стильді ажыратады, баспасөз парағын жазу шарттарын сақтайды. |
||||||
Бағалау критерийлері: (жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже) |
— Стиль ерекшеліктерін қолданады; — Публицистиканың жанрын, стилін сақтайды; — Тілдік сипатына мән береді; — Стильге сай баспасөз парағын жазады. |
||||||
Тілдік мақсаттар |
Тілдік дағдылар: Жазбаша жұмыстарды жоспарлау, жазу, редакциялау және түзету; Терминология: Пәнге қатысты арнайы лексика мен терминдер Сөз тіркестері:
|
||||||
Мектеп құндылықтары |
Құрмет, ашықтық |
||||||
Пәнаралық байланыстар |
География, биология |
||||||
АКТ қолдану дағдылары |
|
||||||
Осыған дейін меңгерілген білім |
«Қан мен тер» шығармасы туралы жақсы біледі. Шығарманың өзектілігін дәлелдей алады. |
||||||
Жоспар |
|||||||
Жоспарлана тын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) |
Дереккөз дер |
|||||
Сабақтың басы Қызығушы лықты ояту 6 минут
|
Оқушыларды түгендеу. Үй тапсырмасы. Қызығушылықты ояту. «Харизматикалық лидер» жаттығуы Егер оқушы өзіне өз ортасын,айналасындағылардың көңілін аудара білсе, ол харизма немесе харизматикалық лидер деген көзқарасты білдіреді. Ол үшін оқушы жан-жақты білімді, өзіне сенімді болуы шарт. Еркі бойынша ортаға шыққан оқушы «мен харизматикалық лидермін,себебі…» деп ойын дәлелдейді. Мұнда ойының біліктілігіне,келтірген пікірлеріне аса көңіл бөлу керек. Қалған оқушылар сұрақ қойып, жауапты бағалап отырады. Сабақтың мақсаты, бағалау критерийлері, күтілетін нәтиже оқушыларға айтылады |
||||||
Сабақтың ортасы 10 минут
10 минут
10 минут |
Жеке тапсырма. Оқушылар берілген сұрақтарға стиль ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып жауап береді. «Ашық теңізге шыққан балықшыларға жаңа құралды берме». Шодыр (Федор) сөзінің не жаны бар? Ол қандай адам? «Теңіз үстінің дауылы тіпті қатты еді. Қара дауыл қу қайықты қаңбақтай ұшырып әкелді». Теңіз бетіндегі дауыл көрінісі Еламан өмірінде қалай жалғасын тапты? __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Шығармашылық ойтолғау. Сыныпты үш топқа бөледі. 1-топқа. Талауға түскен Жер-ананың ырыздық несібесі. 2-топқа. Арал мен Жайықтың бүгінгі күнгі проблемалары үндеседі ме? 3-топқа. Бүгінгі күні балықшылардың еңбектерін бағалап жүрміз бе? Төмендегі формулаға сүйеніп, пікір білдіріңіз.
МЕНІҢ ОЙЫМША… МЕН ОНЫ БЫЛАЙ ТҮСІНДІРЕМІН… МЕН ОНЫ МЫНА ФАКТІЛЕРМЕН, МЫСАЛДАРМЕН ДӘЛЕЛДЕЙ АЛАМЫН… ОСЫҒАН БАЙЛАНЫСТЫ МЕН МЫНАДАЙ ҚОРЫТЫНДЫҒА КЕЛДІМ… Баспасөз парағы қалай жазылады? Маңызды әлеуметтік оқиға, құбылыстардың байланысқан мазмұны десе де болады. Баспасөз парағын жазудың басты мақсаты — оқиғаның көрінісін қалыптастыру, онда автор деректер мен оқиғалар, қоғамдық өмірден жан-жақты хабардар етуді көздейді. Оқылған «Қан мен тер» шығармасын «Мұхит – тіршілік мекені» бөлімімен байланыстыра отырып, 120 сөзден тұратын баспасөз парағын жазыңыз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Дескриптор: — Шығарма мен бөлім тақырыбын үндестіру; — Жанр еркешелігін сақтау; — Тілдік оралымдарды орынды қолдану.
|
|
|||||
Сабақтың соңы минут 4 минут
|
Рефлексия «Не жақсы?» 1. «Сіз өз жұмысыңыздың «жақсы» екенін анықтай аласыз ба? 2. «Сіз әрқашан бұдан әрі қарай не істеу қажет/не туралы ойлау қажет екенін білесіз бе?» 3. Нені «жақсы» жұмыс деп айтуға болады? |
|
|||||
Қосымша ақпарат |
|||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс |
|||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. |
Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. |
Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? |