Пән: сауат ашу № 61 Мектеп: Ж.Құдайбергенов атындағы ОМ Ортақ тақырып: 1.3.«Менің отбасым және достарым» Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тыңдалым және айтылым, жазылым, оқылым Күні: ……….. 2018 жыл Мұғалімнің аты-жөні: Кодарова Ж.Р. Сынып: 1 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы «Менің отбасым және достарым» Менің отбасым. М дыбысы мен әрпі
Осы сабақ арқылы
жүзеге асатын оқу
мақсаттары 1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру; 1.2.1.1 сөз/сөйлем сызбасын оқу; 1.2.4.1 мұғалімнің көмегімен қарама- қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату; 1.3.11.1 сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою
Сабақ мақсаттары Барлық оқушы: М дыбысы мен әрпін ажыратады және әріпті дыбыспен сәйкестендіреді. Сөзге дыбыстық талдау жасайды.
Оқушының көпшілігі: Сөз/сөйлем сызбасын оқу арқылы өз отбасы туралы әңгімелейді.
Оқушылардың кейбірі: Қарама- қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажыратады және мысалдар келтіреді.
Ойлау деңгейлері Білу, түсіну, қолдану, бағалау
Бағалау
критерийлері
— М дыбысы мен әрпін ажырату және әріпті дыбыспен сәйкестендіру; сөзге дыбыстық талдау жасау; — Сөз/сөйлем сызбасын оқу арқылы өз отбасы туралы әңгімелеу; — Қарама- қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату және мысалдар келтіру;
Тілдік мақсат
(тілдік емес пәнге)
Пәндік лексика
және терминдер Отбасы- семья, family, мысық – кошка, cat
Талқылауға
арналған сұрақтар: Өз отбасың туралы не айтасың? Отбасыңда кімдер бар? М дыбысы қандай дыбыс? М дыбысына сипаттама бер. М дыбысы сөздің қай буынында кездеседі?
Құндылықтарды
дарыту Оқушылардың жауапкершілік, еңбек пен шығармашылық ,сын тұрғысынан ойлау рухани құндылықтарды дарыту.
Пәнаралық
байланыстар Дүниетану
АКТ қолдану
дағдылары Интербелсенді тақта
Бастапқы білім Бұл бөлімде 1-тоқсанда алған білімдеріне сүйенеді. Оқушылар кейбір әңгімелерді, әр алуан мәтіннен ақпарат алуға болатынын білуі керек, сол сияқты тұтас сөздерді, жиі кездесетін сөздерді, үш буынды сөздерді буынға бөліп оқи білуі керек.
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Дереккөздер/ Ресурстар
Сабақтың басы 1.Психологиялық дайындық «Иық тірескен шеңбер» әдісі Оқушылар шеңбер бойына тұрып, қолдарын бiр-бiрiнiң иықтарына қойып, екі жаққа шайқалады. Әр оқушы қасында тұрған оқушының иығының қолдауын сезгенін айтады. – Әрқайсысымыз достарымыздың сенiмдi иығын сезiндiк. Ұжымда, топта әрбiр адамға достары осылай сүйеу, қуат болады, бiрiн-бiрi жақсы көредi. 2.Сабақтың тақырыбын хабарлап, мақсаты мен түсіндіру; бағалау критерийімен таныстыру 3.Өткенді пысықтау Бағандағы сөздерді тізбектей дауыстап оқыту; жұмбақ шешіп, шешуін кеспе әріптерден құрап, дыбыстық, буындық талдау жүргізу (тырна, тары) ҚБ тапсырмаларын орындау Бөлімше 3.11 «Пунктуациялық нормаларды сақтау» Оқу мақсаты: 1.3.11.1 Сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою. Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану Бағалау критерийі: Білім алушы · Сөйлемнің сызбасын құрады. · Сөйлемді бас әріптен бастап жазады. · Сөйлем соңына тыныс белгілерін дұрыс қояды. Тапсырма Сурет бойынша сөйлем құрастырыңыз. Сөйлемді сызба түрінде жазыңыз.Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қойыңыз. Дескриптор: Білім алушы — сурет бойынша сөйлем құрастырып, сызбамен жазады; — сөйлемді бас әріптен бастап жазады; — сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қояды.
Сабақтың ортасы
Бағалау
критерийлері
М дыбысы мен
әрпін ажырату «Жасырын сөз» әдісі Жұмбақ шешіп, шешуіне дыбыстық, буындық талдау жасау 1-тапсырма. М дыбысын дыбыстату; әріппен сәйкестендіру; баспа және жазба түрлерімен таныстыру; үнді дауыссыз дыбыс екенін ажырату; Оқулық 59-бет
және әріпті дыбыспен сәйкестендіру; Сөзге дыбыстық талдау жасау Бағалау критерийлері Сөз/сөйлем сызбасын оқу арқылы өз отбасы туралы әңгімелеу Бағалау критерийлері Қарама- қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату және мысалдар келтіру Ширату жаттығуы мысық сөзіне дыбыстық, буындық талдау жүргізу Дескриптор: Дыбыс пен әріптің айырмашылығын салыстырады. М дыбысының жуан дауысты дыбыс екенін дәлелдейді. Мысық сөзіне дыбыстық, буындық талдау жасайды. Дескриптор: Суреттерден ы дыбысы бар сөздерді табады. Сөздерге буындық және дыбыстық талдау жасайды. ҚБ «Басбармақ» 2-тапсырма. «Бірге ойлаймыз» әдісі (бүкіл сыныппен орындалатын жұмыс) Оқулықтың кейіпкерлері Әли мен Мерейдің сұхбатын тыңдату; тірек сұрақтары бойынша диалог арқылы оқушыларға өз отбасы туралы әңгімелету Дескриптор: Сұрақтарға жауап береді. Сызба бойынша өз отбасы туралы әңгімелейді. ҚБ «Отшашу» 3-тапсырма. «Көршіңмен бірге талқыла» әдісі (жұптық жұмыс) Е.Елубайдың өлеңін оқып беру; сұрақтарға жауап алу Ата сөздеріне сұрақ қой. Өлең жолдарындағы ата сөздерінің мағынасы бірдей ме? Өлеңдегі үлкен сөзіне қарама-қарсы мағыналы сөз табу; қарама- қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату және мысалдар келтіру Дескриптор: Қарама- қарсы мағыналы сөздердің мағыналарын ажыратады және мысалдар келтіреді. Көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажыратады және мысалдар келтіреді. Мәндес сөздердің мағыналарын ажыратады және мысалдар келтіреді. ҚБ «Бағдаршам» «Сөздер тізбегі» ойыны Сөздер құрап, құрамында м дыбысы бар сөздерге буындық, дыбыстық талдау жасау Дәптермен жұмыс Оқулық 59- бет Оқулық 59-бет № 2 жазу дәптері 31-бет
Сабақтың соңы 1.ҚБ тапсырмасын орындау Тапсырма Жазу жолына суреттің атауын жазыңыз. Дескриптор: Білім алушы — әріптерді бір-бірімен байланыстырып жазады; — жазу жолын сақтайды; -сөзді сауатты, көркем жазады. 2.Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау. Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім
Саралау-
оқушыларға қалай
көбірек қолдау
көрсетуді
жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары
оқушыларға
қандай
тапсырмалар
қоюды жоспарлап
отырсыз?
Қолдау көрсету;
белгілі бір уақыт
шеңберінде 2,3-
тапсырмаларды
орындату; Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? ҚБ «Бас бармақ», «Бағдаршам», «От шашу» Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие) Оқушылардың бір-бірімен ынтымақастығы, достық көмек беруі
Қорытынды бағамдау