Сабақтың тақырыбы:Театр өнері

Театр өнері

Күні:

 

Сынып: 

Күні

Оқушы саны:

Келмегендер

Сабақ қамтитын оқу мақсаттары

10.​2.​2.​1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрау, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер ету;

Сабақ мақсаты

мәтіндерге сүйеніп, диалогты толықтыру,   сын есімдерді дұрыс қолдану

Бағалау критерийі

мәтіндерге сүйеніп, диалогты толықтырады;

сөз әдебі  мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданады;

тыңдаушыға әсер ету үшін сын есімдерді, интонацияны қолданады; 

Тілдік

мақсаттар

 

 

 

 

 

Глоссарий

Оқушылар түсінеді және сипаттайды…

Тақырыпқа байланысты сөздер мен терминдер: кино шебері,  атой салу, қазақтың жаны, көрермен ықыласы, кез келген буынның өкілі, құндылығын жоғалтпайтын

Диалогке пайдалы тіркестер:

Менің  ойымызша…..

Мен ойлаймын …

Сабаққа қатысты глоссарийді оқушылар өздері құрайды.

 

Сабақтың түрі:

Сабақтың көрнекілігі: Сабақтың әдіс-тәсілі:

жаңа сабақты меңгерту

 

оқулық, интерактивті тақта

 

оқу, сұрақ-жауап,  жаттығулар орындау

 

 Жоспар:

Жоспарланған уақыт

Іс-шаралар

Ресурстар

 

2 минут

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7  мин

 

 

 

 

10 мин

 

 

 

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі. 

Сабақ мақсаты хабарланады.

1-тапсырма Сыныптық жұмыс

Суреттерді сөйлесу әрекетіне қарай  екіге бөледі. Бөлу себебін түсіндіреді

 

 

 

 

Сурет бойынша сабаққа қажетті түсінікті алу үшін мұғалім мына сұрақтарды қоя алады:

1.      Суретте кімдер не істеп тұр? Олар адамдармен қандай сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасап тұр?

2.      Оны қай қимылына немесе неден байқадың?

3.      Диалог пен монологтың ерекшелігі неде?

 

Дескриптор

Диалог пен монолог ерекшелігін табады.

 

 

2-тапсырма

Жұптық  жұмыс

Берілген  түсініктерді монолог пен диалог деп топтастырады.

 

екі немесе бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі

сұрақ қою арқылы сұхбаттасушы өзі күткен мәліметті ала алады

қарсы сұрақ қою арқылы күткен жауабын толықтырады.

қысқа түрде екі немесе үш сөйлемнен мазмұны жағынан көлемді келеді

сөзге  жауап күту

сөйлесуші сөз орнына  ым-ишара  пайдаланады.

көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі

толғанысы, өсиет-уағызы

ішкі жай-күйін

сырт ортаның өзіне әсер еткен жағдайына байланысты туған толғаныс-тебіренісі

бір адамның ойы

өзімен-өзі сырласқандай

тыңдаушы немесе көрерменнен ешқандай жауап күтпейді

театрдан тамашалайтын сахналық көріністе

 

 

 

Диалог — екі немесе бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы пікір алмасатын ауызекі сөйлеу формасы. Диалогта сұрақ қою арқылы сұхбаттасушы өзі күткен мәліметті ала алады. Мысалы, егер өзіне берілген мағұлмат толық болмаса, қарсы сұрақ қою арқылы күткен жауабын толықтырады. Диалог қысқа түрде екі немесе үш сөйлемнен мазмұны жағынан көлемді келеді. Диалогта келесі айтылымдардың қолданылатынын байқаймыз: сөйлемде фразаларды кірістіріп қолдану, сөзге  жауап күту т.б. Диалог барысында сөйлесуші сөз орнына  ым-ишара мен ауыз екі сөйлеу түрлерін пайдаланады.

 Монолог —  кейіпкердің көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы, өсиет-уағызы. Сөз өнерінде жиі қолданылатын монологтар кейіпкердің ішкі жай-күйін, сырт ортаның өзіне әсер еткен жағдайына байланысты туған толғаныс-тебіренісін бейнелеу мақсатында қолданылады. Монологтың өзге сөйленістерден ерекшелігі — бір адамның ойы бір ғана көрініс табады. Мысалы, өзіміз күнделікті театрдан тамашалайтын сахналық көріністе кейіпкер өзімен-өзі сырласқандай болып, тыңдаушы немесе көрерменнен ешқандай жауап күтпейді.

 

Дескриптор

Берілген сөз тіркестері негізінде диалог пен монологқа анықтама құрастырады

 

3-тапсырма

Сынып екі топқа бөлінеді. Әр топ өз мәтінін оқиды.  Мәтіннен сын есімдерді анықтайды.  Диалог не  монолог екенін дәледейді.

 

1-мәтін

Кино көргенді жақсы көрем. Қорқынышты киноны ұнатам. Аптасына бір рет кинотеатрға барған дұрыс деп ойлаймын. Әсіресе Imax пен Достық Плаза ұнайды. Себебі кинотеатр сапалы. Күлдіргі және тарихи  тақырыптағы киноларға махаббатым өзгеше. 

2-мәтін
Сериалдар. Көбіне фантастикалық және корей сериалдарын қараймын. «Сплетница» сериалын 20 рет көрген шығармын. Қазір 3-4 сериал қатарынан көріп жатырмын. Сериалдардың да пайдасы бар. Мысалы «Сверхъестественное» сериалы арқылы әр халықтың мифтық тұлғаларын біліп шықтым.

Дескриптор

Мәтіннің диалог екені анықтайды.

 

4-тапсырма Топтық жұмыс

Берілген мәтіндерді толықтырады. Қандай сұрақ қойылу керектігін анықтап, топта диалогты сұрақтарымен жазып шығады. 

 

Ықтимал жауап

Сен нені  ұнатасың?

-Кино көргенді жақсы көрем.

-Қандай жанрдағы кино ұнайды?

-Қорқынышты киноны ұнатам.

-Кинотеатрға аптасына неше рет бару деген ойдасың?

— Аптасына бір рет кинотеатрға барған дұрыс деп ойлаймын.

-Саған қандай кинотетрлар ұнайды? Неге?

-Әсіресе Imax пен Достық Плаза ұнайды. Себебі кинотеатр сапалы.

-Тағы қандай кинолар ұнайды.

— Күлдіргі және тарихи  тақырыптағы киноларға махаббатым өзгеше. 

 

5-тапсырма Жеке жұмыс

 « Маған  қандай кино ұнайды?» тақырыбында монолог құрастырады.

 

Дескриптор

көпшілікке қарата айтады;

киноның  өзіне әсер етуін сипаттайды;

кейіпкер іс-әрекетін бағалайды;

оған баға береді;

сөйлеуінде сын есімдерді қолданады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексия

2 мин

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *