Отбасындағы қуаныш

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Отбасындағы қуаныш

Нәтиже сабақ

Осы сабақ  арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

 10.​2.​3.​1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану

Сабақтың мақсаттары

Мәтіндерге  салыстырмалы талдау жасау;

Бағалау критерийлері

Мәтіндердің ұқсастықтарын анықтайды;

Мәтіндердің айырмашылықтарын анықтайды.

Құндылықтар

сыйластық, құрмет;

Тілдік мақсаттар

Жанр, баяндама, эссе, құрылым, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бөлім, тезис, аудитория.

Осыған дейін меңгерілген білім

Қазақ киносы

Жоспар

Жоспарлана

тын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Оқылымалды тапсырмасы (5 минут)

Талқылайық…

Оқылым тапсырмасы:

мәтінді оқу(5 минут)

мәтінді талдау(15 минут)

Оқылымнан кейінгі тапсырма: мәтіндерді салыстыру (10 минут)

Бағалау (3 минут)

Кері байланыс (2 минут)

Дереккөздер

Сабақтың басы

Оқылымалды тапсырмасы.

Талқылайық…

Оқушылар сұрақтар бойынша өз ойларымен бөліседі.

Бүгінгі көрермен кино көруді ұнатады ма, әлде театрға баруды ма?

Театрды неге «тірі организмге» балайды?

Қазіргі театр қойылымдары көрерменге қалай әсері етеді?

 

Сабақтың ортасы

 

Ж.Оқушылар жұптасады. Жұптағы оқушының бірі А мәтініне, ал екіншісі Ә мәтініне талдау жасайды. Оқушылар мәтіндердің жанры, құрылымы, тілдік құралдары, мақсатты аудиториясын анықтап, дәлел келтіреді.

Тапсырма:

Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннің жанры, құрылымы, тілдік құралдары, мақсатты аудиториясын анықтап, дәлелдеңіз. Жауабыңызды кестеге толтырыңыз.

Жетістік критерийі:

1.      Мәтіннің жанрын анықтайды, дәлелдейді.

2.      Мәтіннің құрылымын анықтай алады, дәлелдейді.

3.      Мәтіннің мақсатты аудиториясын анықтайды, дәлелдейді.

4.      Мәтіннің сөз деңгейін анықтайды,  дәлелдейді.

5.      Мәтіннің  сөйлем түрлерін анықтайды, дәлелдейді.

 

мәтін ерекшеліктері

мәтінге талдау

дәлел

жанры

 

 

құрылымы

 

 

мақсатты аудиториясы

 

 

тілдік құралдары

 

 

 

А мәтіні.

Қазақ өнерінің қарашаңырағы М.Әуезов атындағы академиялық драма театры  90 жылдан астам уақыт  халыққа қалтқысыз қызмет етіп келеді. Бүкіл халықтың, Алаш ардақтыларының арманы жүзеге асып, қажырлы қимыл-қарекеттерінің арқасында құрылып, халық арасынан шыққан «самородок сары алтын» таланттар іргесін қалаған, өз тарихында елімен бірге дамып-өркендеген театр бүгінгі таңда да дәстүрді лайықты жалғастырып, тәуелсіз Қазақстан сахна өнерінің көшбасшысы болып келеді. Театрдың  қазіргі тыныс-тіршілігі еліміздің өмірімен бірегей. Әр кезеңнің өзіндік идеалдары, басымдықтары, идея, мақсаттары болады. Еліміз бүгінде мүлдем жаңа саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік кеңістікте күн кешіп жатыр. Рухани тұғырдың маңызды бөлігі өнерге, оның ішінде «тобырды ұлтқа айналдыра алатын» театр өнеріне, ерекше көңіл бөлінеді.

Алға қойылған мақсат-міндеттер де ауқымды. Бұл міндеттер ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген  ел мәдени саясатының ұзақ мерзімді тұжырымдамасында сараланып, айқын көрсетілген. Республика өнер ұжымдары Тұжырымдама  аясында жұмыстар атқарып жатыр. М.Әуезов атындағы академиялық драма театр ұжымы  өзінің қазыналы дәстүрлерін жалғастыра отырып, жаңа мәдени саясаттың стратегиялық доминантасы – Мемлекет басшысы ұсынған, Қазақстан халқын өзінің бай мәдени мұрасымен және шығармашылық әлеуетімен Қазақстан Республикасы әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсатына ойдағыдай қол жеткізуге жұмылдыруға үндейтін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын кезең-кезеңмен жүзеге асыру бағытын ұстанды. Бұл орайда Республика Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан үлкен қолдау көріп отыр. Театр репертуарында ұлттық және әлемдік классиканың жауһарлары, бүгінгі драматургияның озық туындылары азаматтардың рухани-адамгершілік бағдарларын, отансүйгіштік пен орнықты құндылықтар жүйесін қалыптастырудағы ролі зор. Бүгінгі идеологияның қазығына айналған «Мәңгілік ел» идеясына қызмет етеді. Бұл ретте тарихи қойылымдар орны бөлек десек, 2015 жылы қыркүйекте Қазақ хандығының 550 жылдығы салтанатында Тараздағы мереке күндері  ашық  аспан астында 500 адам  қа­тысуымен көрсеткен «Қилы жол» (Ж.Ерғалиев) қойылымын ерекше атауға болады. Тарихи-патриоттық тақырыптағы бұл  алаңдық қойылым еліміздің сахна өнері тарихындағы ғана емес, рухани тәжірибесі орайынан да  аса сәтті мегажоба деуге болады. Ұжымның жаңа жұмысы – «Алмас қылыш» қойылымы да (сахналық нұсқа Ә.Бағдат, режиссер А.Кәкішева) осы идеядан бастау алады. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап тарихи спектакльдер апталығын ұйымдастырып, көрермендерімізге «Томирис», «Қорқыттың көрі», «Қазақтар», «Бейбарыс сұлтан», «Алмас қылыш», «Абай», «Қилы заман» қойылымдарын ұсынамыз. Көркем әдебиеттің озық үлгілерін сахналау – театрдың қалыптасқан дәстүрі. Көрнекті жазушы Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша» романы бойынша Е.Жуасбек сахналық нұсқасын жасап, Т.Әл-Тарази режиссерлігімен қойылған спектакль сол игі дәстүрдің жалғасы.

Театр – уақыт айнасы. Мәдени саясаттың аса маңызды міндеті – ізгі адам тәрбиелеу. Театр репертуарында бұл бағыттағы қойылымдар бұрыннан баршылық. Ал, соңғы көркем қойылымымыз – қазақ режиссурасы жаңа буынының өкілі А.Маемиров сахналаған көрнекті орыс драматургы А.Володиннің «Қоштасқым келмейді…» драмасы. Қоғамдық санада адам өмірі мен қоғам амандығының кепілі ретінде отбасылық құндылықтарды қастерлеуге бастайтын қойылым, әсіресе, жастар арасында қызу талқыланып,  әлеуметтік әсері жоғары болды. Тұжырымдамада көрсетілген ұлттық саналуандықты сақтау және Қазақстан халқы мәдениетін үйлесімді дамыту негізінде бүкілқазақстандық мәдени кеңістікті дамыту бағытындағы жұмыс атқарылып жатыр.

 

Ә мәтіні.

Театр ежелгі дәуірден бастау алады, бұл – бүгінгі күнге дейін өзінің өзектілігін жоғалтпаған  өнер түрі. Біз бәріміз театрда болып, спектакльді өмірде  өзіміздің спектакльдегідей актерлер  екендігімізге шек келтірмей-ақ тамашаладық. Иә, сіз дұрыс естідіңіз, әр күн сайын драма, комедия, трагедия ойналатын өмір – бұл театр. Театр бұл суырып салып айту, жалпы айтқанда өмірдің өзі – тұтас суырып салып айту.

Көпшілік заманауи адамдар театрға  шүбә келтіре қарайды. Бәлкім, бұл олардың  театр қойылымдарына сирек баруынан, әлде олар өнердің басқа жанрларына басымдық беретіндігінен болар. Мысалға, қазір көптеген адамдар киноға баруды жөн көреді. Мен олардың таңдауын толықтай құрметтеймін, бірақ театр – бұл мүлде басқа әлем. Театр – бұл «тірі өнер»,  актерлердің қателесуге құқы жоқ, әлдебір  тікелей эфир, екінші, үшінші, төртінші дубльдер мұнда болмайды. Бұл – өмірдің мәнін ұғыну, өзіңді түсіну тәсілі.

Қазіргі қоғам театрдың адам өміріне әсерін жиі бағалай бермейді. Адамдар бүгінгі барлық технологиялармен  нағыз өнердің не екенін  ұмытты, ал шынайы өнері жоқ қоғамда үнемі мәселелер туындап отырады. Театр барлық жақсылық пен жамандықты жүзеге асырады. Театр адамдардың бойында қиялды дамытады, Әсемдікті сезіну – бұның бәрі адамның рухани дамуы. Бұл – адам өзіне басқа қырынан қарауға мүмкіндік беретін сала, бұндай шынайы өмірден ажырау  адамның психикасы мен көңіл-күйіне жағымды әсер етеді. Тағы бір   маңызды тұсы театр теледидар мен ғаламторға қарағанда еш уақытта өзінің және басқа қажетті көзқарасты зорлап міндеттемейді. Ол көрерменге үнемі  өзі үшін өзі шешуге мүмкіндік береді.

Кім не демесе де театр әрқашан тірі, өмір сүреді және өмір сүре бермек.Театр ескі сән үлгісі емес,өнер – біздің өміріміздің ажырамас бөлігі, ал өмір мәңгі.

ЖЖ.Оқылымнан кейінгі тапсырма.

Оқушылар жұпта бірігіп отырып, А және Ә мәтіндерін  салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады, дәлелдейді.

Тапсырма:

Мәтіндердің жанры, құрылымы, тілдік құралдары, мақсатты аудиториясын салыстырыңыздар.

Дескриптор:

1.      Мәтіндердің ұқсастығын (1-2) анықтайды.

2.      Мәтіндердің айырмашылықтарын (2-3) анықтайды.

3.      Өз ойын дәлелді түрде жеткізеді.

 

Сөз оралымдары:

Мәтіндер жанры  жағынан ұқсас, себебі… /Мәтіндердің жанры әртүрлі, себебі… Мәтіндердің тақырыбы ұқсас,мәтіндердің тақырыбы  әртүрлі.  А мәтінінде … туралы айтылады, Ә мәтінінде … туралы айтылған.

Мәтіндердің мақсатты аудиториясы бойынша ұқсастықтары бар. / Мәтіндердің мақсатты аудиториясы  бойынша айырмашылықтары бар. Мәтіндер тілі жағынан ұқсас, екі мәтін де … сөздер қолданылған/ Мәтіндер тілі жағынан ерекшеленеді. А мәтінінде … бар, ал Ә мәтінінде … сөздер пайдаланылған

Бағалау

Жұптар бір-бірінің жауабымен алмасып, бірін-бірі бағалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://sabaqtar.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

http://kayrosblog.ru/aktualnost-teatra-v-sovremennom-mire

 

Сабақтың соңы

 

 

Кері байланыс. 3 ең …

Оқушылар сабақтағы сәтті үш әрекетті атайды және келесі сабақта жақсартуды қажет ететін бір ұсыныс білдіреді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *