Діни демография
АҚШ үкіметі жалпы халық саны 18,7 миллион деп бағалайды (2018 жылдың шілде айы). Ұлттық санақ бойынша, халықтың шамамен 70 пайызы мұсылмандар болып табылады, олардың көпшілігі сунниттік Ханафи мәзһабын ұстанады. Басқа исламдық топтарға Шафи сунни, Шиа, Сүфи және Ахмади мұсылмандары жатады.
Қоғамдық келісім комитетінің бағалауы бойынша, халықтың 26 пайызы христиандар, олардың көпшілігі православиелік орыстар, сонымен қатар рим-католиктер, грек-католиктер, лютерандықтар, пресвитериандар, жетінші күн адвентистері, методистер, менониттер, пятидесятниктер, баптистер, Иегова куәгерлері, Иса Мәсіхтің соңғы замандағы әулиелері шіркеуінің мүшелері және христиан ғалымдары. Этникалық қазақтар немесе өзбектер өздерін, негізінен, мұсылман, ал этникалық орыстар немесе украиндықтар өздерін христиан санайды.
Халықтың 5 пайыздан аз бөлігін құрайтын басқа діни топтарға: еврейлер, буддистер, «Кришна санасы» халықаралық қоғамының мүшелері, бахаилер, унификация (Бірігу) шіркеуі мүшелері және саентология шіркеуі мүшелері жатады.