Ұлы даланың ұлы тұлғасы

Карипбаева Меруерт

Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Узлағ ибн Тархан әл-Фараби ат-Түркі бабамыздың 1870 жылы Жібек жолының маңында орналасқан орталықтардың бірінде, яғни Отырар қаласында кіндік қаны тамған. Жастайынан үнемі ізденісте, зор талаппен, ынтамен, қажымай, талмай білім нәрімен сусындап өскен әл Фараби әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астраном, ботаник, лингвист, логика зерттеушісі ретінде бүгінгі ұрпақ санасында танылып отыр. Әл-Фарабидың мұрасы ғылымның әр түрлі саласына қатысты еңбектерден тұрады. Сондықтан да ол әлемдік деңгейдегі ойшыл. Әл-Фараби дүниетанымының қайнар көзі өте тереңде жатыр. Қазақ даласында әл-Фарабиге дейін де ойшылдар көп болған. Мысалы гректерді өнерімен тәнті еткен, аузымен құс тістеген шешен Анахарсистің өзі бір төбе болса, Тақсары, Тоныкөк, қобызымен кең дүниені күңіренте жырға қосқан Қорқыт ата т.с.с. ойшыл данышпан бабаларымыз көп болған. Осының бәрі – ғұлама ғалымның бастау алған қайнар көздері.
«Қандай ғылым болса да, ол адам санасына дербес, ерекше мәндерді ұғыну арқылы ұялайды» — деп, ұлы данышпан ойшылдың өзі айтпақшы қай ғылым саласын меңгеру үшін зор талап пен махаббат, ізденіс қажет. Жан-жақты біліммен қаруланып, болашаққа нық қадам басу, түзу көзқарас, адал еңбек пен төгілген таза маңдай тер төгуге болашақ ұрпаққа үндеу жасап отырғанын көреміз. Бабамыздың әр нақыл сөзі біздің өмірге шабытымызды оятып, түзу жол сілтеп отыратыны сөзсіз. Жастайынан үнемі ізденіс пен зор талғамда біліммен сусындап, асқақ арман құшағында өске ұлы ойшылымыз сол дәуірдегі өркениет пен мәдениеттің ірі ошағы болған Бұхара, Самарқан, Харран, Шам, Алеппо, Рей, Кайр, Мерв, Бағдат қалаларында болып білімін толықтырып отырған. Біздің дәуіріміздегі Х ғасырдағы Мұсылман Ренессансына әл-Фарабидың ғылыми қызметі орта ғасырлық араб-мұсылман мәдениетінің гүлдену дәуірімен тұспа тұс келеді. Бүгінде осындай ерекше орыннан, алтын әріппен тарих төрінде қалған ғұламаның 1150 жылдық мерейтойы үлкен көлемде ЮНЕСКО көлемінде аталып отыр, еңбектері насихатталып, ұрпағының жадында мәңгі жаңғырту мақсатымен көпшілік назарында ұсынылып отыр.
Ерте дәуірдегі ұлылық пен тектіліктің эталоны қандай болады дегенде біз көз алдымызға бірден әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың келуі заңдылық. Өз дәуіріндегі бар ілім мен білімді бойына жинап, парасат пен пайымы кең, әрі маңыздылығын күні бүгінге дейін жоғалтпаған шоқтығы биік туындыларымен күллі адамзат баласының өркениетке басуына негіз қалаған бабамыздың мұралары халқымыздың рухани игілігіне айнала беретініне сеніміміз мол. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында әлемдегі оқиғаларда ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау қоғамның да, қоғамдық саяси партиялар мен қозғалыстардың да, білім беру жүйесінің деауқымды, дүниетанымдық, жүйелі жұмысының бір бөлігі болу керектігін атап көрсеткеніндей, қазіргі дүниені неғұрлым дұрыс танып-білу және адамгершілік пен ізгілікті дамыту, біз әр уақытта, әр дәуірде өзімізге дейінгі өтең тың идеялар мен қағидаларды негізге алғанымыз жөн. Осы орайда Фарабидың дүниеге көзқарасы мен оның адамның танымына тікелей байланысы туралы идеяларды қазіргі біздің ұстанамымызбен сәйкес келеді деуімізге толықтай негіз бар.
Әл-Фараби «Философияны білу үшін не істеу керек?» деген еңбегінде нағыз тәрбиеші ұстаздың бойындағы он екі қасиеттің бірі ретінде дүниетанымы кең ұстаз нағыз тәрбиеші бола алтындығын нақтылай түскен. Сондай-ақ баланың ой-санасының дамуы дұрыс қалыптасуы үшін айналадағы шындықты танып-білуі маңызды екендігін дәйектеуі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Туған жер» бағдарламасымен үндесіп жатыр. Әл-Фараби адамның дүниетанымы тек білім мен тәрбие арқылы келетінін тұжырымдай отырып, дүниені мәңгілік деп тануды ұсынған. Ғалым қайда жүрсе де, өзінің туған жерге, өлкеге деген сүйіспеншілігін жоғары қоя отырып:
…Айналайын, атым қыпшақ,
Туған жерді сағындым.
Өз атыңа, құрметіңе
Қайда жүрсем табынам – деп жазған Фараби трактаттарының әрбірі – маңызы зор бір ғылыми қағида, салмақты дүние. Мысыр қаласында 948 жылы жазылған «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» атты еңбегінде Платон мен Аристотельдің мінсіз мемлекет және мемлекет түрлері туралы ілімдерін негізге ала отырып, қайырымды және қайырымсыз қалалар туралы ілімін жазған.
Ғалым трактатында адамның әрбір әрекетінің түпкі мақсаты бақытқа жету екендігін тұжырымдай келе, білім қажет екендігін жазған. Әл-Фараби – адам тәрбиесінің бастау көзі еңбек екендігін алғаш дәлелдеген ғалым. Ғалым еңбектің әр адам өмірінде алатын орнына терең талдау жасап, өнерлі болудың бірден-бір жолы осыдан бастау алатындығын дәйектеген. Фараби еңбек ету, саналы болу, адамгершілік, ізгілік, ақылдылық табиғаттан туындауы қажет деген ғылыми тұжырым жасаған. Ол адамды жер бетіндегі тірі организмдердің дамуының ең жоғарғы сатысына көтерілген, еңбек құралдарын жасап, оларды өз қажетіне жарата білген, түсінікті сөз сөйлей білетін саналы ортаның негізі деп санаған. Адам өміріндегі таза еңбек, адал еңбек түрлеріне сипаттама бере отырып, оны тәрбиемен тікелей байланыстырған. Қазіргі таңда да әлемнің әміршісі еңбек екендігін баршамыз жақсы білеміз. Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек. Тек еңбек қана барлық қиындықты жеңбек, асқақ арманымызға , мақсатымызға , мұратымызға жеткізбек. Осы мәселені Фараби сол заманның өзінде терең зерделеп, талдап, електен өткізген.
Ұлы ойшыл кемеңгер Әбу Насыр әл-Фараби «Адамдар бақытты болуы үшін біріне-бірі көмектесіп отыру мақсатымен бірлескен қала ізгі қалаболады. Халқы бақытқа жету үшін өзара көмектесіп отырған қоғам да ізгі қоғам болады. Қалалардың бәрі бақытқа жету жолында біріне-бірі көмектесіп тұратын халық ізгі халық болады. Сол сияқты халықтың барлығы бақытқа ұмтылып, біріне-бірі көмектесіп отырса бүкіл жер жүзі ізгі болар еді» дегендей осы асыл мұраларды, жалпы адамзаттық құндылықтарды ұрпақ бойына дарытып, рухани-адамгершілік тәрбиесін қоғамның барлық саласына енгізген сайын еліміздің ертеңі айқын, болашағы жарқын болары сөзсіз. Қазақ ойшылдық тарихындағы дара тұлғаның танымдық теориясы, музыка, логика, жан, саясат пен этика туралы пәлсапалық ойлары ұрпақтан ұрпаққа мұра болар ой қазынасы.
«Біз үшін бұл аталып отырған мерейтойдың орны ерекше. Тарихи дастаны ақыл-парасатпен, салиқалы деңгейде өткізуге баса мән беріліп отыр. Негізгі мақсат – ұлы тұлғалардың тағзымдарын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой- толғамдарын кеңінен дәріптеу» — деді, Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев. Шығыс пен батысты қатар мойындатқан ұлы ойшыл, өз заманының ең кемеңгерэнциклопедист- ғалымы Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен мұрасын таныстыру арқылы біз болашақ ұрпақтың бойында ғұлама ғалымымыздың өнегелі қасиеттері мен ғылымға деген қызығушылығын оятамыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *