Баламен жұмыс


Баламен жұмыс
«Тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы» деп әл – Фараби бабамыз айтқан екен. Осы бір тамаша оймен келісемін
әл — Фараби бабамыздың мұрасы 1150 жыл өтсе де мазмұны мен қадірін жойған жоқ. Бүгінгі ұрпақ тәрбиесінде әл-Фарабидің аңыздары оқушыларды Отансүйгіштікке тәрбиелей отыра ,туған жердің құдіретін айтып түсіндіруде «Сағыныш сазы» аңызын айтуға болады. Керемет мәуелі бақта отырса да жасы 80-ге таяп қалғанда балаша туған жерін аңсайтынын. Бабамыз өмір бойы ізденіп білім-ғылым қуып туған жерден жырақта күн кешкен екен.
1-2 сыныптарда қысқаша өмірі жайында айтылады да шағын аңыз әңгімелері беріледі. «Өнерлі жігіт» бабамыз домбырада ойнап өзін таныстырмай шығып кеткен екен артынан біледі бұл әл-Фараби екенін, Бұл аңызды оқыта отыра , жан-жақты екенін өнерлі болғаны жайында айтамыз. Фараби оқып –жазуды туған қаласында үйреніп, заманының ең атақты ғұламаларынан сабақ алды.Тәлімін кеңейту үшін әуелі Иранға,кейін Бағдатқа кетті.Фараби Бағдадта болған кезінде кілең атақты кісілерден дәріс алған және өзі де сабақ оқытқан.Әсіресе логика және грамматика пәндері мен араб тілін меңгеруді осы қалада жалғастырады. Бағдатта тұрақтап , өзінің 100 ден аса еңбектерін жазған екен. әл — Фараби мен оның замандасы Мұхамед Қайдар Дулати жайлы бір аңыз . Мұхамед Қайдар Дулати бірде Әл — Фарабиге:
— Алдыңда сан тарау жол жатыр. Бірі — бақытқа, бірі — атақ- даңққа, бірі — өнер- білімге, бірі- байлыққа апарады. Қайсысын таңдар едің?- депті.
— Әрине , өнер — білімге апарар жолды.
— Неге?
— Бақыт та, абырой — даңқ та, байлық та тек қана өнер- білімде – депті. Сонымен, балаларға адамның байлығы да, бақыты да, атақ- даңқы да, ол — білім. Білім – таусылмайтын байлық екенін түсіндіреміз. Бабамыз Аристотельден кейінгі екінші ұстаз дейміз. Себебі ол ғұламалардың шығармаларын қайта-қайта оқып әр сөзіне, мағанасын түсініп алғанша оқыған деседі. Бұл балаларға ерінбей кітапты сүйіп оқуға,еңбектенуге, түсініп оқуға үлкен үлгі- өнеге
Отырар Әл — Фараби туған қала.
Таң қалған ол туғанда барша дала.
Бір өзі ғалым, сазгер, тарихшы да,
Дәрігер өз халқына болған шипа.
Себебі, оның артында қалдырған білімі, үлкен ғылыми мұрасы бар. Осындай ғұлама бабамыздың аты берілген мектеп-лицейінде қызмет атқарып шәкірт, тәрбиелеу үлкен бақыт деп ойлаймын.
Басты құндылық жақсы мінез қалыптасқан, дені сау, Елін, туған жерін сүйетін , парасатты ұрпақ тәрбиелеу.


Темирбулатова Гүлнар Салаутқызы
Бастауыш сынып мұғалімі, еңбек өтілі 31 жыл
«әл-Фараби мектеп-лицейі»
Петропавл қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *