Отандық биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы мен дамуының тарихы

2. Отандық биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы мен дамуының тарихы.
Революциядағы дейінгі кезең. Жаратылыстануды оқу пәні ретінде мектепке еңгізудің себептері. В.Ф.Зуев 1-ші жаратылыстану оқулығының авторы. 1804 жылғы мектеп реформасы. Мектеп жаратылыстанудағы суретті-жүйелілік бағыты, оның мазмұнында К.Линней системасының көрініс табуы. 19-ғасырдың 2-ші жартысындағы жаратылыстанудың жағдайы. Жаратылыстануда оқыту әдістемесіндегі Любендік және эволюция-биологиялық бағыт. Рулье К.Ф. жұмыстарының, Ч.Дарвин жаңалықтарының мектеп жаратылыстануындағы табиғатка деген метафизикалық көзқарастарға қарсы күрестегі ролі. Д.Н.Кайгородов, оның табиғатты зерттеудегі көзқарастары. В.В.Половцев, оның отандық жаратылыстану әдістемесін дамытудағы ролі.
Б.Е.Райков, оның революцияға дейінгі және советтік кезеңдердегі отандық жаратылыстану әдістемесін дамутыдағы ролі.
Советтік кезең. Советтік жаратылыстану әдістемесінің тууы. Мектеп жаратылыстануына қойылған жаңа талаптар. Оқушыларда коммунистік тәрбие мен материалістік көзқарасты қалыптастыру, атеистік тәрбие. Мектептегі биология курсының негізі. Оқытудағы өлкетану принципі. Биологияны оқутыдағы оқушыларды политехникалық принципте оқыту және еңбекке тәрбиелеу.
Биологияны оқыту әдістемесінің одан әрі дамуындағы М.М.Беляев, П.П.Боровицкий, В.В. Всесвятский; М:М. Мельников, В.Ф.Нотали, И.П.Полянский, Б.Е.Райков,М.Я.Цузмердің және т.б. еңбектері, маңызы.
50-ші жылдардағы биологияны оқыту әдістемесінің дамуы, Н.М.Верзилиннің, Н.А.Райковтың, В.М.Корсунская және т.б. еңбектері. Пәнаралық байланысты жетілдіру. 1960-1980-ші жылдар.
Биология ғылымының жаңа бағыттарындағы: (цитология, биохимия, генетика, экология және табиғат қорғау) жетістіктері пайдалана отырып, биологияны оқыту мазмұнын жетілдіру. Биологиялық білім бері құрылымындағы өзгерістер, Мектепте жаңа «Жалпы биология» пәнінің, оқушыларға арналған оқулықтардың және студенттермен мұғалімдер үшін әдістемелік көмекше құралдардың пайда болуы. Орта білім беру жүйесіндегі биологиялық білім берудің қазіргі заманға сай, қоғам сұрасына қарай өзгерістері. Қазақстандық биолог ғалымдар мен әдіскерлердің және озат пән мұғалімдерінің іс тәжірибесі.

3. Биологияның мектеп курсы мазмұнының құрылым принципі.

Оқушыларды биологиялық ғылымдардың негіздері мен ауылшаруашылық өндірісі және басқада ғылымдармен байланысты халық шаруашылығы салалары туралы біліммен қаруландыру. Өздігінен білім алуға қажетті біліммен біліктілікті қалыптастыру. Адамгершілік, патриоттық, интернационалистік, гумандық және табиғатқа деген көзқарасты қалыптастыруға бағытталған тәрбие беру. Оқушыларды әдептілікке және эстетикалық талғамға тәрбиелеу. Оқушыларың тұлғалық қасиеттерін дамыту: табиғатқа қызығушылық, оның ресурстарын сақтау мен көбейтуге талаптану, еңбек тәртібі, есте сақтау қабілеті мен зейін және т.б. «Оқу пәні» ұғымы. Биологиялық циклдегі оқу пәндерінің жүйесі. Орта мектеп оқулықтарымен программаларын таңдау. Биологиялық цикл пәндерінің мазмұны мен құрылымының ерекшеліктері, олардың сабақтастығы. Мектеп биология курсының пәнаралық және пән ішілік байланыстары. Қазақстандық төл оқулықтар мен бағдарламаларға талдау.

4. Педагогтың білім беру іс — әрекетінің әдістемелік негіздері. Биология әдістемесіндегі негізгі дидактикалық принциптер. Оқыту, тәрбиелеу және дамыту принциптерінің біртұтастығы. Ғылымилылық және жүйелілік принциптері. Теория және практиканың бірлігі принціпі. Түсініктілік және көрнекілік принциптері. Саналылық және белсінділік принциптері.

5. Биологияны оқытудың әдістер жүйесі. Қазіргі кездегі педагогикалық технологиялар, принциптері. «Оқыту тәсілі» ұғымы. Оқыту әдістеріне қойылатын талаптар. Оқыту әдістерінің классификациясы: сөз, көрнекі, практикалық. Сөздік тәсілдерідің түрлері, оларды биология сабақтарында түсіндіруді және суреттеуді қолданудың ерекшеліктері, оған қойылатын талаптар. Әңгемелесу, оны ұйымдастырудың талаптары. Лекция баяндаудың аса күрделі тәсілі, оны құру. Мұғалімнің сөзі мен сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар. Көрнекі әдістердің түрлері. Табиғи, сәулет және экрандық оқыту құралдарын көрсету ерекшеліктері. Оқытудың көрнекі құралдарын көрсетудің жалпы талаптары және оларды пайдаланудың негізгі тәсілдері.
1. Практикалық тәсілдерідің түрлері: бақылау, объектілерді тану және анықтау, эксперимент т.б. Әр түрлі тәсілдерді қолдану кезінде оқушылардың өздігінен жұмыс істеу қабілетінің күшеюі. Өздік жұмыстарды өткізу және ұйымдастару тәсілдері. Әдістер мен әдістемелік тәсілдер. Оқутыдыңң әдістері мен әдістемелік тәсілдерді дамыту, олардың нәтижелігін көтері жолдары. Проблемалық оқыту элементтері. Әдістер мен мазмұнның тығыз байланысы, Әдістердің оқу-тәрбие міндеттерін шешудегі рөлі.
6. Биология сабақтарында оқу әрекетін ұйымдастыру формалары Сабақ – биологиядан оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формалары. Биология сабақтарына қойылатын талаптар. Биология сабақтарының түрлері, олардың құрылымы.
Оқыту формасы дегеніміз – мұғалімнің әртүрлі жағдайда өткізілетін оқушылардың оқу – танымдық қызметтерін ұйымдастыру.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *