Менің мамандығым тәрбиеші

 

Каюмова Шохсанам Махмудовна

Әрбір адам баласы мамандықты әр түрлі жолмен таңдайды.
Адам баласы өмірде екі нәрседен қателеспеу керек:біреуі өмірлік жолдас таңдауда екіншісі мамандық таңдауда.Менің мамндық таңдауыма себеб кішкентайларға жақын болып өскенім.Жас балаларға қарап,солар мен уақытымды қызықты етіп өткізген ұнайды.Мен жастайымнан кішкентай балаларды тәрбиелеп, соларға білім беріп режиммен журуді үйрету.Сол үшінде мен бакалавыр мамандығына тапсырар кезде,ойланбастан осы мамандықты таңдадым.Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу көп жауапкершілікті талап етеді.Себебі, мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болып келеді,сол үшін балалармен жұмыс жасаған да педагог-тәрбиешілер өте мұқият болу керек. Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт.Себебі, тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып маған сенім артады. Пәк көңілді балалармен қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Өйткені, мен оларға, олар маған қажетігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы – әр тәрбиешінің бақыты. Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен айтып көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және жан -тәнімен сезіне білуі қажет.Тәрбиешінің жұмысы күрделі де қызықты.Шынымды айтсам, кейде жұмыстан үйге келгенде қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген күндерімді ой елегінен өткізе отырып, балаларымның ыстық ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарымен, сәбилік шын жүректерімен айтқан сөздері есіме түскенде шаршағанымды ұмытып кетемін. Осы бір «Балалар әлемінің теңізіне” бір бойласам, ешқашан өз мамандығымды өзгерткім келмейді. Өйткені, бала-пәк, бала тап-таза мөлдір бұлақтың бастауы сияқты. Балалар – өмір гүлі. Ал гүлдер ешқандай жасандылықсыз, шынайылықпен баптағанда ғана өседі.Көп адамдар педагог жұмысы оңай дейді,бірақ көп сынға ұшырайтын ол педагог,себебі баланы әріп үйретуден бастап үлкен өмірге қадам бастыратын ол педагог.
Мұғалім, тәрбиеші – болу оңай жұмыс емес. Басқа ешбір мамандық иесіне дәл мұғалімге қойылатындай талаптар қойылмайды.
Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мен мамандығымды мақтан тұтамын

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *