Эссе «Мамандығым-шаттығым»
Аты-жөні: Жанұзақ Ұлдана Ниязбекқызы
Туған жылы: 1998 жылдың 24 қарашасы
Туған жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Алғабас ауылы
Білімі: Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие»
Педагогикалық қызметі: «Балауса» бөбекжай – балабақшасы» МКҚК
Педагогикалық өтілі: 1 ай
Петропавл, қыркүйек 2020жыл.
Эссе «Мамандығым-шаттығым»
«Өмір-уақыт, аққан өзен, сағат, күндер, жылдар өтер.
Бұл ешкімге бағынбайды, «тоқта» десең, тыңдамайды.
Кетіп барады өмір алға, үлгере алмай жылдамдыққа.
Кейде сол бір асығыста әсері тиер адамзатқа.
Бір-бірін көре алмай, бір-бірін жақтай алмай.
Құрмет, мейірім жоғалады, әдептілік жойылады.
Эй, адамзат, көзіңді аш! Жамандықтан дереу сен қаш.
Бұл өмірде қонақпыз біз, бүгін бармыз, ертен жоқпыз.
Бір күннің біз астында, бір Алланың алдында
Қол ұстасып жүрейік, тату өмір сүрейік.
Ұстаздыққа келдік біз, оқу-тәрбие береміз.
«Ұстаз» деген мәртебесін ешқашан түсірмейміз!»
Ұлдана Ниязбекқызы Жанұзақ
Өз эссемді өз ойымнан шығарған жолдарымен бастағым келеді. Осы жолдар әр заманда, әр уақытта, әр жағдайда біз «Ұстаз» екенімізді ұмытпай жүру керек екенімізді білдіреді. Өйткені, ұстазға қарап ұрпақ өседі.
Балалық шағымда мен қай маман болғым келмеді? Мұғалім де, тігінші де, ақын да, актер да, әнші де, суретші де. Бүгінгі күнде балалық армандарым бір мамандыққа сыйып отырғандай. Мен-тәрбиешімін. Тәрбиеші – бұл ұстаз, кәсіпқой, қолдауы ұжымда маңызды педагог. Менің ойымша, тек педагог қызметі сезім және эмоция толқынына, шығармашылық пен ойлануға мүмкіндік пен еркіндік бере алады. Мен шығармашыл және эмоционалды тұлғамын.
Тәрбиеші қызметін бастай отырып, мен «тәрбиеші» деген сөзді өзімше түсінетіндей талқыладым:
— Т — тұлға
— Ә — әсем
— Р — риясыз
— Б — бағдарлаушы
— И — икемді
— Е — епті
— Ш- шапшаң
— І-ілтипатты
Менің ойымша, тәрбиеші мамандығы – біліктілікті, икемділікті, шеберлікті, мейірімділікті қажет ететін мамандық. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» — деген екен ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби. Адам баласы шыр етіп дүниеге келген сәби кезінен бастап берілетін тәлім – тәрбиенің маңызы өте зор. Баланың тұлға болып қалыптасуына отбасының тәрбиесі аздық етеді. Бұл орайда бала тәрбиесінде балабақшаның орны ерекше. Өйтекені, әр бала әр үйдің ерке – тотай тентегі. Әжесі мен атасының төбесіне шығарып отырған елдегі жоқ тәттісі. Ата – ананың әлпештеген ардақтысы. Бағындырып көріңіз осындай әр үйдің еркесін. Олар оңайлықпен бағынбайды. Айтқанды қылмайды. Олар жүген – құрық тиген тайдан бетер асау. Бұған енді үлкен шыдам, шексіз сабыр, терең ақыл, парасат – пайым, кез келген адамда бола бермейтін әдіс, айла керек. Өйткені, адам баласын ұрып жөндей алмайсың. Қатты сөйлеп, қорқыта алмайсың. Сондықтан жауқазындай жаңа ғана бүр жарып, көктеп келе жатқан, әлі оң-солын танып білмеген жас бүлдіршіндердің өмір атты үлкен мектепке алғашқы қадамы балабақшадан басталады. Әр үйдің еркелерін тәрбиелеген балабақша тәрбиешісінің еңбегі жеңілге жатпайды. Баланың тілін табу үшін де терең білім, сабырлылық, шыдамдылық керек – ақ. Осындай қиын да, қызықты, ең құрметті мамандықты жанына серік еткендердің бірі – мен. Кейде: «мен шаршадым, мына дәптер, мына қағаз» — деп бәріне қолыңды бір сілтегің келеді. Алайда, мен осылай салғырттық танытсам, менен қандай тәрбиеші шығады? Ал мен үшін осының бәрін жеңуде, өз мақсаттарыма жетудің ең біріншісі төзімділігімнің арқасында. Шынында да, төзімділік бар болса, көптеген биік жетістіктерге жетіп, өз жұмысыңды нақты және бапты да ойластырып, атқарасың.
— Тәрбиешінің қызметінде «ынтымақтастық» деген ұғымды атау керек. Қазіргі заманауи тәрбиешінің қызметін дәл ынтымақтастық ажыратады, өйткені педагог ұжымы бірыңғай емес: біреулері «әдеттей үренгендей» жұмыс жасамай шығармащылыққа талпынады, екіншілері аса бастамастарын көрсетпей жұмыстарын атқарып жүреді, үшіншілері не жұмысына, не ұжымына қызығушылық арттырмайтын. Бұл орайда әдіскер-педагогтың қызметі орасан зор деп білемін. Осыны ескере отыра, әдіскер өз жұмысын дұрыс жобалау керек: әр педагогтың «ең қызықты қасиетін» табу, көрсету, ашу, дамыту және өрістету. Педагогикалық ұжымының мықты және нашар жақтарын білуі өте маңызды.
«Тәрбиеші деген кім?» өз сұрағыма жауап таптым. Тәрбиеші – бұл тәрбиелеуші, бастаушы. Тәрбиешінің кәсіптілігі – «барлығын білуші, барлығын жасаушы» емес, «нәтижелі жүйелі көмек көрсету». Тәрбиешілік жұмыстың дұрыс бағытын анықтап, жоспарлап, педагогикалық үдерісінің нәтижелілігін қамтамасыз етуге тырысу. Жалпы балабақшаның және педагогикалық жұмысының бағыты бойынша педагогикалық-психологиялық көмек көрсету.
Педагогтың үйлесімді дамығаны өте маңызды. Сол үшін тек ақыл-ой қабілеттерін дамыту ғана емес, сонымен бірге шығырмашылық және психикалық қабілеттерін де ескеру отыру керек.
Балаларға тәрбие беру және дамыту – өте жауапты іс. Тәрбиешілік қызмет мектепке дейінгі мекеменің жұмысының бір бағыты болып есептеледі. Осы орайда әдістемелік жұмысының қойылуы жалпы балабақшаның қызметінің бағалауының өлшемі болып табылады. Сондықтан мектепке дейінгі мекеменің әдістемелік қызметін аса маңызды іс деп санауға болады.
Әдістемелік жұмысының мағынасы балабақшаның жағдайының өзгеруіне тез арада назар аудара әрекеттесіп және қызметтес-педагогтарға жаңа жағдайға бейімделуге оперативті кәсіптік көмек көрсетуде тұратын шығар? Менің ойымша, педагогикалық шығармашылығының өрлеуі әдіскердің жұмысына, оның жеке қасиеттеріне, әр педагогпен қарым-қатынасына байланысты. Бұл бізге тәрбиеші-педагогтарға зор ықпалын тигізері сөзсіз. Осы орайда өзімнің ұйымымдағы әдіскер-тәрбиеші қызметіндегі тәжірибиелі педагог Айнұр Шаяхметқызын ерекше атағым келіп отыр. Ол кісінің бастамасымен жетекшілігімен, қолдауымен көптеген белестерді бағындырып келемін.
Мен тәрбиеші-педагог болғандықтан, Мария Монтессоридің ұранына ұстанамын: «Маған мұны өзім жасауға көмектес». Сондықтан мен тәрбиешнің қызметінің маңыздылығы педагогтарға өздерін өздері, өз шеберліктерін, шығармашылықтарын, дарындылықтарын ашуға көмектесуде тұратынына сенімдімін. Тәрбиеші қызметінде Монтессори-педагогтың ұстанымы қалай болғанда да өте жақсы келеді. Педагогтар өз ойларымен, өз шығармашылықтарымен, бойларындағы қасиеттерімен балаларға ұқсайды. Ал мен, тәрбиеші-педагог ретінде әркез қажырлы еңбек етіп, мамандығым үшін қызмет етемін.
Сондықтан бүгінгі күні мен сенімді айта аламын: «Мен өз ісімнің шебері бола аламын және шеберімін!»