Қазақстан Республикасы мен ЕҚЫҰ арасындағы қарым-қатынастар

Қазақстан Республикасы мен ЕҚЫҰ арасындағы қарым-қатынастар
ЕҚЫҰ – құрамына 56 қатысушы мемлекет кіретін жалпыеуропалық ұйым. БҰҰ Жарғысының 8-тарауына сəйкес, ұйымның міндеті – Еуропада болуы мүмкін дағдарыстардың, жанжалдардың алдын алу, жəне оларды болдырмау, болып жатқан жанжалдарды реттеу, осы ұйымға мүше елдердің қарулануын бақылау, сенім мен қауіпсіздік шаралары, адам құқықтарын, экономикалық жəне экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сайлауға бақылау жасау, басқа да демократиялық үдерістерді дамыту болып табылады. Яғни, ұйым кең мəселелермен ауқымды айналысады. ЕҚЫҰ қауіпсіздікті кешенді ұғым деп санап, толық қауіп сіз дікті нығайтуға жəрдем ете отырып, оның үш «өлшемі»: əскери-саяси, эконо ми ка лық-экологиялық жəне адами өлшемі аясында қызмет етеді.
1970 жылдардың басында Шығыс пен Батыс арасындағы «үнқатысуды» жолға қою үшін көпжақты форум – Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық жөніндегі кеңес (ЕҚЫК) шақырылған болатын. Еуропаның қауіпсіздік жəне ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің негізі 1973 жылы Кеңестер Одағының ұйытқысымен қаланған. Шығыс пен Батыс елдері арасында орын алған шиеленісті жағдайды реттеу мақсатында 1973 жылдың шілде айында Хельсинки қаласында 33 мемлекеттің басшысы бас қосты. Осы кездесуде қауіпсіздік мəселелері арқау болған келісімшарт жасалды. Алайда бұл құжатқа екі жыл өткен соң, 1975 жылдың 1 тамызында ғана қол қойылды. Тарихта «Хельсинки келісімі» деген атпен қалған осы қорытынды акт – ЕҚЫҰның негізін қалыптастырушы басты құжат болып табылады. Бұл – бүкіл əлем үшін бетбұрыс кезеңі болды. ЕҚЫК аясында НАТО мен Варшава Шарты ұйымына мүше елдердің, сондай-ақ Еуропа құрлығындағы бейтарап мемлекеттердің күш-жігері бірікті. Хельсинки қорытынды актісі ЕҚЫК-ге қатысушы мемлекеттердің өз азаматтарына қатысты, сондай-ақ өз араларындағы қатынастардың негізгі қағидаттарын бекітті. 1990 жылға дейін ЕҚЫК нормалар мен міндеттемелер тұжырымдалатын кездесулер мен конференциялар түрінде жұмыс істеді. Мерзім-мерзімімен олардың орындалуы туралы ақпараттар тыңдалып отырды.
ХХ ғасырдың 80-90-шы жылдары Кеңес Одағы күйреп, сонымен бірге Варшава Шарты ұйымы да ыдырады. Қос Германия бірікті. Осынау қарама-қайшылыққа толы кезеңде ЕҚЫК белгілі бір тұрақтандырушы рөл атқарып қана қоймай, сенім шаралары мен қауіпсіздікті нығайту жөнінде маңызды қадамдар жасады. ЕҚЫК Орталық жəне Шығыс Еуропа елдеріндегі, Еуразия мемлекеттеріндегі демократиялық жəне нарықтық өзгерістерге қолдау білдірді. Форум қызметіндегі бетбұрыс жасалған сəт – 1990 жылғы жоғары деңгейде өткен Париж кездесуі болды. Жаңа Еуропа үшін Париж хартиясында Еуропадағы тарихи өзгерістер үдерісін басқаруға үлес қосу жəне «қырғи қабақ соғыс» біткен соң туындаған жаңа сын-талаптарға жауап беру міндеті қойылды. Осы міндеттерді шешу үшін бірнеше мекемелер мен институттар құрылып, кездесулерді тұрақты негізде өткізу жолға қойылды. Осылайша Кеңестің жұмысына жүйелі сипат берілді. 1990 жылы қарашада ЕҚЫК үдерісі шеңберіндегі келіссөздерде қарулануға бақылау қою саласындағы маңызды келісім – Еуропадағы əдеттегі қарулы күштер туралы шарт (ЕƏҚКШ) əзірленді.
1994 жылғы жоғары деңгейдегі Будапешт кездесуінде ЕҚЫКні Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ) деп қайта атау туралы шешім қабылданды. Бұл Ұйым жұмысына жаңа саяси серпін бере отырып, бір мезгілде оның институционалдық даму жолының көрінісіне айналды. 1996 жылғы жоғары деңгейдегі Лиссабон кездесуінде «XXI ғасырдың Еуропасы үшін жалпы жəне бəрін қамтитын қауіпсіздік үлгілері» туралы декларация қабылданды. «Қару-жараққа бақылаудың негіздері» жəне «Қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл бойынша форумның күн тəртібін дамыту» бекітілді. Дəл сол кезде ЕҚЫҰның қауіпсіздік пен тұрақтылықты барлық өлшемдерде нығайту ісіндегі шешуші рөлі туралы тезис одан əрі дамытыла бастады. Бұл кездесудің қорытындысы 1999 жылы Ыстамбұлда Ұйымның жедел мүмкіндіктерін жетілдіруді көздейтін Еуропалық қауіпсіздік хартиясын қабылдауға себепші болды. Осы кезде ЕҚЫҰ-ға қатысушы 30 мемлекет Ыстамбұл декларациясын қабылдап, Еуропадағы əдеттегі қарулы күштер туралы бейімделген шартқа қол қойды.
ЕҚЫҰ-ның басқарушы органы – Тұрақты кеңес. Аталған ұйымға мүше елдердің басшыларының жəне үкімет басшыларының кездесуі ЕҚЫҰ саммиті деп аталады. Өткен қырық жылдай уақытта 1975 жылғы ұйымның негізгі құжатын қабылдаған Хельсинки саммитінен бері жоғары дəрежедегі саммит тек жеті рет қана өтті. Олар: 1990 жылы «Жаңа Еуропа Хартиясына» қол қойылған Париж саммиті, 1994 жылғы ұйымның негізгі құрылымын өзгертуге шешім қабылдаған Будапешт саммиті, 1996 жылғы «ХХІ ғасырдың Еуропасы үшін жалпы жəне жан-жақты қамтитын қауіпсіздік үлгілері» туралы декларация, «Қарулануға бақылаудың негіздері» жəне «Қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл бойынша форумның күн тəртібін дамыту» туралы құжаттарды бекіткен Лиссабон кездесуі жəне 1999 жылғы Еуропа қауіпсіздік Хартиясына қол қойылған Ыстамбул саммиті. Соңғы саммит он бір жылдан кейін 2010 жылы Астанада өтті. 2010 жылдың желтоқсанында ЕҚЫҰ Саммитінің ұйым өмірінде жаңа кезеңге бастау болған қорытынды құжаты – Астана Декларациясы қабылданды.
Қазақстан Еуропаның қауіпсіздік жəне ынтымақтастық жөніндегі кеңесіне 1992 жылғы 30 қаңтарда мүше болып енді. Кеңестік оқшау саясат пен тоталитарлық үстем биліктің езгісінен босаған жас мемлекетке əлемдік державалар мен беделді халықаралық ұйымдардың, соның ішінде ЕҚЫҰ-ның қолдауы аса қажет еді. Қазақстанның Еуропаның қауіпсіздік жəне ынтымақтастық жөніндегі кеңесіне мүше болуы көпжақты əріптестік, экономика мен қоғамды ырықтандыру стратегиясының басы болды. Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ы тарихынан алатын орнын бірнеше кезеңге бөліп айтуымызға болады. Ықпалдасу іргетасының қалану кезеңі болған 1992-1997 жылдары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ-ның 1992 жылғы Хельсинки, 1994 жылғы Будапешт, 1996 жылғы Лиссабон саммиттерінің жұмысына қатысты. ЕҚЫҰ Министрлер Кеңесінің жыл сайынғы отырыстарына Қазақстан атынан сыртқы саясат ведомствосының басшысы өкілдік етіп, Ұйымның Парламенттік ассамблеясының жұмысына парламентарийлер белсенді қатысып отырады. 1992 жылдың 8 шілдесінде Қазақстан Республикасының ЕҚЫК-нің Хельсинки қорытынды актісіне, сол жылдың 23 қыркүйегінде Жаңа Еуропа үшін Париж хартиясына қол қоюы ықпалдасу іргетасының қалану кезеңіндегі елеулі оқиғалар болды.
Қазақстан үшін ЕҚЫҰ-ның 1994 жылғы Будапешт саммитінің де орны ерекше. Осы самитте Қазақстан Президенті Н. Ə. Назарбаев 55 (ол кезде Черногория əлі мемлекет болып жарияланбаған) мемлекеттің басшылары қатысқан жиында тұңғыш рет сөз сөйлеп, жаңа саяси жағдайдағы жаңа мемлекет – Қазақстанның Еуропа мен Азия кеңістігіндегі қауіпсіздік пен даму үдерістерін қамтамасыз етуге байланысты өз ұсыныстарын баяндады. Осы бас қосуда Қазақстан үшін маңызды құжат – жер бетіндегі ядролық қарулы мемлекеттердің Қазақстанға берген қауіпсіздік кепілдігі туралы тарихи келісімге қол қойылды.
Будапешт саммитінде Кеңес Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық жөніндегі ұйым болып қайта құрылды. Жалпыеуропалық кеңестің толыққанды қатысушысына айналған
Қазақстан оны одан əрі дамыту, сонымен бірге халықаралық ұйым болып қайта құрылуы үдерісіне қатысты. 1995 жылы Вена қаласында еліміздің ЕҚЫҰ-ға тікелей қатысуын қамтамасыз еткен Қазақстанның тұрақты өкілдігі ашылды. 1995 жылы ЕҚЫҰ-ның Орталық Азиядағы өңірлік Бюросы (Ташкенттегі офисі) ашылды.
1998-2008 жылдарды қамтитын екінші кезеңде Қазақстан ұйым институттарымен сындарлы байланыстар орнатты. Бұқаралық ақпарат құралдары бостандығы мəселелері жөніндегі Өкілінің кеңсесі, ұлттық азшылық істері жөніндегі Жоғарғы Комиссар кеңсесі жəне Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро тəрізді Ұйым институттарымен сындарлы байланыстар орнатылып, 1998 жылғы 2-3 желтоқсанда ЕҚЫҰ мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
1999 жылы ЕҚЫҰ-ның Алматыдағы Орталығы ашылды. Ол 2007 жылы ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығы болып қайта құрылды. Қазақстан Республикасының Президенті 1999 жылы Ыстамбұл саммитіне қатысты. Қазақстан 2003 жылы ЕҚЫҰна төрағалық ету туралы ниетін білдірді. Ал, 2005 жылы Қазан қаласында өткен ТМД басшыларының саммитінде Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуіне қолдау көрсетіліп, беделді халықаралық ұйымға төрағалық етуге əзірлік жұмыстары басталды. Қазақстан осы ауқымды жұмыс барысында өзінің əлеуметтік-экономикалық жəне саяси дамуында көптеген белестерден өтті. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ы өткізетін шараларға белсене араласуы 2006 жылдан бастап тіптен жандана түсті. «Адам саудасына қарсы күрес – өңірлік жауап» атты өңірлік Орталықазиялық конференция 2006 жылдың 18-19 мамыры аралығында Астана қаласында өтті. Осы жылдың 29 мамыры мен 2 маусымында Венада болған Еуропадағы əдеттегі қарулы күштер туралы шарт бойынша ІІІ шолу конференциясына Қазақстан төрағалық етті. ЕҚЫҰ-ның жоғары деңгейдегі «Мəдениетаралық, дінаралық жəне этникааралық түсінік» атты толеранттық жөніндегі кеңесі Алматы қаласында 2006 жылдың 12-13 маусымында өткізілді. Сондай-ақ, 2007 жылдың 26-27 наурызында «Минасыздандыру саласындағы сенім шаралары мен өңірлік ынтымақтастық» атты өңірлік семинар Алматы қаласында, ЕҚЫҰ-ның Парламенттік ассамблеясының 17-ші жыл сайынғы сессиясы 2008 жылы 29 маусым мен 3 шілде аралығында Астана қаласында өткізілді. 2009 жылғы қаңтарда қазақстандық дипломат, Елші Вячеслав Ғиззатов ЕҚЫҰ қазіргі төрағасының мұсылмандарға қатысты төзімсіздік пен кемсітушілікке қарсы күрес жөніндегі жеке өкілі болып тағайындалды. 2009-2012 жылдарға арналған Адам құқықтары саласындағы Ұлттық іс-қимыл жоспары жəне 2010–2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы қабылданды. Соның нəтижесінде қазақстандық заңнамалар халықаралық стандарттарға едəуір жақындай түсті.
Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық жөніндегі ықпалды халықаралық ұйымға төрағалықтың белсенді кезеңі 2010 жылдан басталды. Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі туралы шешім Мадридте Сыртқы істер министрлері кеңесінде 2007 жылғы қарашада қабылданған. 2010 жылы 1 қаңтарда Қазақстан ЕҚЫҰ төрағалығын қабылдап, ЕҚЫҰ құндылықтары мен қағидаттарын қалтқысыз ұстанатынын, барлық мүшемемлекеттер мүдделерін ескеретінін, сонымен қатар еуразиялық кеңістіктің қауіпсіздігіне нақты үлес қосатын маңызды үнқатысу алаңы ретіндегі ЕҚЫҰ рөлін дамытатындығын растады.
Қазақстан – Ұйымға төрағалық еткен алғашқы Орталықазиялық ел жəне бұрынғы Кеңес Одағы республикасы. Бұл – мүше мемлекеттердің тең құқыққа ие екендігі туралы қағидаттың күшінде екенінің дəлелі. Сонымен қатар стратегиялық маңызды өңірде жəне ЕҚЫҰ кеңістігінде Қазақстан рөлінің артуда екенін мойындау болып табылады. ЕҚЫҰ төрағасы ретінде Қазақстан бейтараптық жəне үйлесімділік қағидаттары негізінде Венадан Шығыс пен Батысқа созылған ұйымның мүше-мемлекеттері ұстанымын жақындатуға, Ванкувердан Владивостокқа дейінгі кеңістіктегі ынтымақтастықтың нығаюы мен қауіпсіздіктің бекуіндегі Ұйым рөлі өсуіне жағдай жасауға тырысты.
Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-на төрағалық етуінің басымдықтары қатарына мынадай мəселелер жатады: ЕҚЫҰ кеңістігінде демократиялық институттарды дамыту үшін жағдайлар жасау жөніндегі іс-қимылды жалғастыру; ЕҚЫҰның барлық мемлекеттерінің транзит-көлік əлеуетін, еуразиялық континентаралық көлік дəліздерін дамыту, экологиялық проблемаларды шешу; Қазақстанның бейбітшілікті, қауіпсіздікті жəне ядролық қарусыздануды қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отырып, сенім білдіру шаралары мен өңірлік қауіпсіздікті нығайту; ЕҚЫҰ қызметіндегі қауіпсіздіктің əскери емес аспектілерін, атап айтқанда, лаңкестікке, экстремизмге, есірткі құралдарының заңсыз айналымына, ұйымдасқан қылмысқа, қару-жарақ жəне адам саудасынна қарсы күрес салаларын дамыту, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның əріптес елі – Ауғанстанды қалпына келтіру. Қауіпсіз, тұрақты жəне гүлденген Орталық Азияны құру үдерісінде өңірдің тартымдылығын, оның ішінде экономикалық тартымдылығын арттыруда ЕҚЫҰ-ның əлеуеті мен құралдарын пайдалану маңызды міндет болып табылады.
Қазақстан Рес пуб ликасы Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымына жемісті төрағалық етті. Қазір гі кезде еліміз ЕҚЫҰ төрағаларының үштігі аясында қызмет жасауда. Осыған қоса, 2011 жылдың қыркүйегі мен желтоқсаны аралы ғында Қазақстан ЕҚЫҰ шеңберінде тағы бір жауапты əрі маңызды миссияны жүзеге асыратын болады. Ол – ЕҚЫҰ-ның Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық форумына (ҚЫФ) төрағалық ету. Қауіпсіздік саласындағы ынтымақ тастық форумы ЕҚЫҰ-ның тұрақ ты түрде қызмет ететін негізгі нұс қаушы екі органдарының бірі болып табылады. 1992 жылы Хельсинкиде ЕҚЫҰ-ның ізашары болған Еуропа да ғы қауіпсіздік жəне ын ты мақтастық жөніндегі кеңестің жоға ры деңгейдегі кездесуінде мемлекет басшылары Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық форумын құрды. Фо рум ЕҚЫК аумағындағы əскери қауіпсіздік пен тұрақтылық мəселе лері бойынша ке ліс сөздер мен кеңестер арқы лы назарды қауіп сіздіктің əскери-сая си аспектілеріне аудару мақсатында өмірге келді. Форум қауіпсіздіктің əскери-сая си өлшемімен айналысады. Оған 1975 жылғы Хельсинки Қорытынды актісінде ең алғаш рет тұжырымдалған жəне кейін ЕҚЫК пен ЕҚЫҰ ая сында дамуын тапқан сенім мен қауіп сіздікті нығайту шаралары қоса кіреді.
Форумның көмегімен ЕҚЫҰ-на қатысушы 56 мемлекет тең құқылы негізде қауіпсіздік саласындағы мə се лелерді талқылау мүмкіндігіне ие. Форум мəжілістері апта сайын Венада өткізіледі. Мəжілістер күн тəр тібіне үнемі қауіпсіздік мəселелері бойынша үнқатысу кіреді. Онда қа тысушы мемлекеттер қауіпсіздік саласындағы алаңдаушылық туғыза тын сауалдар мен мəселелерді көте ріп, оларды тал қы лайды. Мұндай талқылаулардың нəтижесінде қауіпсіз діктің əскери-саяси аспектілерін нығайту бойынша бастамалар мен шаралар ұдайы тұжы рымдалып отырады.
Тұрақты кеңеспен қатар, ҚЫФ ЕҚЫҰ-ның ресми шешімдер қабыл дай тын, дербес нұсқаушы органы бо лып табылады. Форум қатысушы мемлекеттердің тұрақты өкілдерінен тұ ра ды жəне ЕҚЫҰ аймағында қау іп сіздік пен тұрақтылықты ны ғайтуда ғы əскери-саяси саладағы нақты шаралар жөнінде кеңестер мен келіссөздер өткізу мақсатында Ұйым ның Венадағы Штабпəтерінде апта лық жиналыстар ұйымдастырады. Қару-жа рақты бақы лау, қарусыздану мен сенім шаралары, қақтығыс тар дың пайда болу қаупін мейлінше азайту жөніндегі келіссөздерді, қауіпсіздік мəселелері бойынша тұрақ ты кеңестерді, сенім шаралары мен қауіп сіздік мəселелерінің жүзеге асуын бағалау жөніндегі жылдық жиналыстар, əскери доктриналар жө нін дегі семинарлар ұйымдастыру ҚЫҰ міндетіне жатады.
ЕҚЫҰ-ның Қауіпсіздік саласын да ғы ынтымақтастық форумына төр ағалық етудің ЕҚЫҰ Үштігіне мүше лік пен тікелей байланысы жоқ. Қауіпсіздік саласындағы ынты мақтастық форумына төрағалық ету қызметін ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер кезек-кезекпен орындап оты рады. Əр мемлекет ҚЫФ-қа төрт ай төрағалық жасайды. Бұрынғы, қазіргі жəне келесі төрағалар кіретін Үштік форум жұмысының сабақ тас тығын қам тамасыз етеді. Форум құ жаттары мен шешімдері консенсуспен қабыл данады. ЕҚЫҰ Хатшы лы ғындағы ҚЫФ қызметін қамтамасыз ету бөлімі қатысушы мемлекеттерге форум міндеттемелерін орын дауға жəрдем көр сетеді. ЕҚЫҰ-ның барлық міндеттемелері тəрізді, бұл міндеттемелер міндетті саяси күшке ие. Қалыптасқан тəжірибеге сəйкес, бұл ЕҚЫҰ-ға мү ше мемлекеттер арасы нан француз əліпбиіне сəйкес кезекпен анықта ла ды. Қауіп сіздік саласын дағы ынтымақтастық форумының 2011 жылғы төрағалары Исландия (қаңтар-сəуір), Италия (ма мыр-тамыз) жəне Қазақстан (қыр күйекжелтоқсан).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *