Қазақстан Республикасының заңсыз есірткі айналымымен күресі
Мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін маңызды факторлардың бірі – нашақорлық пен есірткі тарату. Қазақстан Республикасы есірткі мен психоторпты заттарды таратуда транзитті аумаққа айналды. Мұндай жағдайдың қалыптасуына мыналарды жатқызуға болады: елдің жағрафиялық орналасуы, көлік инфрақұрылымдарының қарқынды дамуы, көптеген іргелес жатқан мемлекеттермен шекараның «айқындығы» мен Қазақстан Республикасының əлеуметтік-экономикалық жағдайының тұрақты дамуы. Қазақстан аумағы арқылы қоғамның денсаулығы үшін зиянды заттар Оңтүстік Батыс Азия жəне Ауғанстаннан Ресейге, содан кейін Еуропаға жеткізіледі. Соңғы кездері Батыс жəне Шығыс Еуропа мен Ресейден күшті заттар, кокаин, ЛСД жəне амфетаминдер келуде.
Есірткінің заңсыз айналымдағы көлемі мен Қазақстанда оны пайдалану мөлшері халықтың денсаулығына қауіп-қатер туғызып, экономикалық, саяси жəне əлеуметтік жағдайды, сондай-ақ реформалар үдерісін тұрақсыздандырады. Халықаралық есірткі саудасының артуы Қазақстанның көлік инфрақұрылымдарының белсенді дамуымен байланысты. Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі айлақтарда бақылауды қамтамасыз етуге байланысты мəселелерді шешуге ерекше назар аударылуда.
Есірткіні өндіру мен оны саудаға салу лаңкестік ұйымдарды қаржыландырудың ең негізгі көздерінің бірі болып табылады. Еліміздің аумағы арқылы есірткімен бірге лаңкестікті тасымалдау қаупі де туындауы мүмкін. Сол себептен де Қазақстан Республикасы есірткінің заңсыз айналымымен күрестің халықаралық жүйесінің белсенді қатысушысы болып табылады. Елбасы осы салаға қатысты БҰҰ-ның барлық негізгі конвенцияларын ратификациялады. Атап айтар болсақ, 1961 жылғы Есірткі заттары туралы бірыңғай конвенция, 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенция. БҰҰ-ның 1988 жылғы есірткі заттарының заңсыз айналымына жəне психотроптық заттарға қарсы күрес туралы конвенциясының маңыздылығын ерекше атап өту керек. Бұл конвенцияға Қазақстан да қол қойған. Аталған Конвенция халықаралық-құқықтық құжат болып табылады. Онда келесі ұғымдар берілген. Атап айтар болсақ: «кірістер», «жекеменшік», «мұздату», «тəркілеу». Алайда қылмыстық жолмен табылған ақшаларды жылыстатумен күрес мəселелерін халықаралыққұқықтық деңгейде реттеуші айтарлықтай толыққанды құжат болып Қылмыстық əрекеттен түскен табыстарды жылыстату, анықтау, алып қою жəне тəркiлеу туралы Еуропалық конвенция (1990 жылғы 8 қараша) саналады.
Біздің еліміз БҰҰ мекемелерінің жүргізген шараларын іске асыруға белсенді қатысады. Нақтырақ айтсақ:
– есірткі заттары бойынша БҰҰ комиссиясы, есірткілерді бақылау саласы бойынша халықаралық қоғамдастықтың саясатын анықтайды. Бұл басқару органы БҰҰ басшылығына ұсыныстар жəне есірткіге қарсы қызметке қатысты жекелеген мемлекеттерге барлық мəселелер бойынша ұсыныстар беруге құқылы. Қазақстан аталған Комиссияның мүшесі болып екі рет сайланды (2000-2003 жəне 20062008 жылдары);
– Қазақстан БҰҰ Конвенциясына қол қойған мемлекет ретінде БҰҰ Есірткілерді бақылау жөніндегі халықаралық комитетімен жемісті қызмет атқаруда. Комитет 13 сарапшы-мүшелерден тұрады. Оларды халықаралық келісімшарттарды іске асыруды бақылау мақсатында сайлайды. Комитет жыл сайын БҰҰ есірткі заттары мен психотропты заттарды бақылау саласының жағдайы туралы есеп беріп отырады. 2002 жылы ҚР Орталық Азия республикаларының ішінен бірінші болып аталған Комитеттің ресми миссиясын қабылдады. Қонақтар Қазақстан Республикасының есірткіге қарсы жұмысына жоғары баға берді.
Есірткі заттарын халықаралық бақылау жөніндегі БҰҰ бағдарламасы аясында Бас Ассамблея жыл сайын Бас хатшылығының баяндамасын тыңдайды. Онда дүниежүзілік бағдарламаның заңсыз өндіріске, ұсыныстар мен сұраныстар, есірткі заттары мен психотроптық заттардың айналымы мен таратуының іске асырылуына қарсы күресінің іске асырылуы туралы айтылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев пен үкімет есірткіні тарату мен пайдалануға қарсы күресті тиімді жүргізу үшін бірқатар нақты шаралар қабылдады. 1997 жылы 5 наурызда республика Үкіметінің «Үкіметтік мақсатты бағдарламасы туралы «1997–1998 жылдардағы есірткінің заңсыз айналымына қарсы əрекет жөніндегі кешенді шаралары туралы»» қаулысы қабылданды. Бұл шаралардың заңды жалғасы болып 1998 жылы «Есірткі туралы жəне Қазақстан Республикасында тексеруге жататын есірткі заттарының тізімін бекіту, психотроптық заттар мен прекурсорлар туралы» заңы шықты. 2000 жылы 16 мамырда Елбасы 2001–2005 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі саудасымен күрес жөніндегі стратегияны бекітті. Бұл құжат концептуалды сипатқа ие. Ол нəтижелі бақылау орнату жəне заңсыз айналымға қарсы əрекет пен есірткімен зиян келтіру саласындағы мемлекеттік саясатты анықтап берді. Стратегияға сəйкес Қазақстанда есірткіге қарсы жүйенің тірек нысандары салынды. Атап айтар болса, Павлодар қаласындағы нашақорлықтың медициналық-əлеуметтік мəселелері жөніндегі республикалық орталық; Кедендік бақылау агенттігіндегі жəне ҚР Ішкі істер министрлігіндегі конологиялық орталықтар; ҚР ІІМ академиясы жанындағы құқық қорғау органдары бөлімшелерінің есірткіге қарсы мамандарды дайындау жөніндегі оқу орталығы; Бас прокуратура жанындағы Есірткі жөніндегі ұлттық ақпараттық-талдау орталығы. Осы салада ұлттық саясатты қалыптастыру міндеті Нашақорлық пен есірткінің заңсыз айналымымен күрес жөніндегі комитетке жүктелген.
2005 жылы 29 қарашада Елбасының жарлығымен 2006-2014 жылдарға арналған нашақорлықпен күрес жөніндегі Стратегия дүниеге келді. Стратегияның іске асырылуы мен «Қазақстан – 2030. Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі жəне əл-ауқатының артуы» атты Қазақстан Президентінің Жолдауына сəйкес елде ҚР Үкіметі 2009 жылы 27 мамырда 2009 — 2011 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі саудасымен күрес жөніндегі №784 қаулысымен бағдарлама қабылданды. Аталған бағдараманың мақсаты – қазақстандықтардың арасында психикалық белсенді заттарға тəуелділіктің таралуының əлеуметтік қауіпті өсу үрдісін құрсаулау жəне кері бағыттау. Бағдарламада басқа да маңызды міндеттермен қатар мыналарға ерекше назар аударылады:
– нашақорлық жəне есірткі саудасымен күреске бағытталған ұлттық заңнаманың одан əрі халықаралық құқықтық
актілер ережелерімен үндестігі;
– елдің оңтүстік шекарасын нығайту арқылы есірткі тасымалдау жолдарын жабудың тиімділігін арттыру;
– нашақорлық жəне есірткі саудасымен күресте халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;
– орталықзиялық аймақтағы ғылыми-ақпараттық қор орталығын белсенді қызметі;
– Қазақстан Республикасында халықаралық есірткіге қарсы жобаларды іске асыру, Қазақстан мен Орталық Азия аймағының мүдделерін есепке ала отырып, есірткімен күрес саласында шешім шығару мақсатында Қазақстандағы БҰҰ жұмысын белсенді жолға қою.
Н. Ə. Назарбаев БҰҰ-ның тұрақты даму жөніндегі дүниежүзілік конференциясында (2002 жыл, Йоханнесбург) сөйлеген сөзінде Ауғанстан бұрынғыша экстремизм мен есірткіні тасмалдаушы ретінде қалып отыр деп баса айтқан болатын. Есірткі Орталық Азия мемлекеттері арқылы Еуропаға тасымалданады. Осыған байланысты Елбасы БҰҰ-ның Орталық Азиядағы есірткі саудасына қарсы жүйелі бағдарламасын тездетуге шақырды.
Қазақстан есірткінің заңсыз айналымымен күрес саласы бойынша БҰҰ-ның мамандандырылған органдарының ең белсенді мүшесінің бірі болып табылатын Интерполмен – қылмыстық полицияның халықаралық ұйымымен өзара қарым-қатынас жасауда. Интерполдың Бас хатшылығы бұл халықаралық ұйымның бірыңғай жүйесіне енетін мемлекеттердегі Интерполдың ұлттық орталық бюроларына тасымалдаудың жаңа тəсілдері мен тасушылардың есірткілерді жасырып ұстау, жасырын қоймалары мен алып сату туралы ақпараттарды жүйелі түрде хабарлап тұрады. Интерполдың мемлекеттердегі мүшелерінің құқық қорғау органдарының күш салуына қарамастан, құрамында есірткі бар өсімдіктердің аумағын азайту мүмкін болмай тұр. Бұл жағдайдың негізгі себептеріне оларды ұстаудың, ең бастысы – есірткімен айналысатын топтарға қарсы тұрудың күрделілігі жатады. Есірткілерді заңсыз өндіру жақсы жолға қойылған өндіріске айналуда. Мəселен, халықаралық сарапшылардың деректері бойынша «Алтын үшбұрыш» ауданындары (Бирма, Лаос, Тайланд) жəне «Алтын жартыай» (Ауғанстан, Иран, Пəкістан) жылына 570 тонна героин өндіреді екен. Аталған героиннің шамамен 75% Еуропа елдеріне жеткізіледі.
1990 жылдың аяғынан бастап 120 ел өздерінің аумағында жабайы қарасораны заңсыз тарату белең алғанын айта бастады. Интерпол көлемі мен саны жағынан қарасораны өндіруші 67 елді бөліп көрсетті. Олардың ішінде: 22 ел Африка құрлығынан, 15-і Азиядан, 13-і Еуропадан жəне 13-і Оңтүстік Америка елдерінен. Бұл жабайы қарасораның ең үлкен алқаптарының ТМД елдерінде өсетініне қарамастан, көрсеткіш осындай болып отыр. Бұл жерде əсіресе Қазақстан мен Ресей көзге түседі. Қазақстан аумағында қарасора 400 000 гектар алқапты алып жатыр. Оның ішінде тек 2300 гектары есірткі үшін шикізат көзі болып табылады (Ресей аумағында қарасора 1 млн. гектар алқапты алады). Осыған қарамастан Қазақстан қарасора өндіретін елдердің қатарына кірмейді. Оның үстіне жабайы қарасора өсу деңгейінің есірткіні өндіру мен экспорттауға тікелей байланысы жоқ.
2006 жылы 7-8 ақпанда Ташкентте заңсыз өндіріспен, айналыммен, есірткі, психотроптық заттар жəне прекурсорлармен зиян келтіруді бақылау саласында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға мүше мемлекеттердің кезекті кездесуі болып өтті. Кездесуге қатысушылар Алматы қаласында есірткі заттарын, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымымен күрес жөнінде Орталықазиялық Аймақтық Ақпараттық Үйлестіру Орталығын құру туралы шешім қабылдады.
Қазақстанның қатысуымен 34 халықаралық келісімге, соның ішінде ТМД, Еуропа, Балтық жағалауы, АҚШ, Үндістан жəне басқа да елдермен 7 көпжақты келісімшарттар жасалды. Қазақстанда ведомствоаралық үйлестіруді жақсарту, нормативтік базаны жетілдіру, сондай-ақ аталған салада халықаралық ынтымақтастықты белсенді жолға қою мақсатында есірткі саудасына қарсы əрекетті үйлестіру мəселесі бойынша Үкіметтік комиссия құрылды.
Қазақстан есірткіге қарсы жұмыс жасап жатқан жəне жаңадан құрылып жатқан «қауіпсіздік белдігін» нығайтуға араласуда. Еліміз ТМД мен Орталық Азия аймағындағы есірткі мен қылмыс жөніндегі БҰҰ Басқармасының бағдарламасының іске асырылуын қолдайды. Бұл жерде нақтылап айтар болсақ, Ауғанстанмен шекаралас жатқан елдерде есірткіні заңсыз таратуды бақылау шаралары туралы айтылып отыр. Қазақстан Орталық Азиядан Еуропаға жеткізілетін есірткітасымалдау жолдарын кесу туралы Париж пактісі аясында көпжақты үдерісті дамытуды қолдайды.
Қазақстан Республикасы – аймақтық ұйымдар шеңберінде есірткі жəне психотроптық заттарды өндіру мен таратуға қарсы күрес шараларының белсенді қатысушысы. 2010 жылы 12 қазанда ҰҚШҰ, ШЫҰ, ТМД жəне ЕурАзЭҚ басшыларының Мəскеудегі кездесуінде халықаралық серіктестікті жүйелі түрде дамыту үшін БҰҰ мен аймақтық ұйымдардың əлемнің үшінші елдерімен əрекетін кеңейту туралы біріккен келісім қабылданды. Онда ең маңызды бағыттардың бірі болып есірткінің заңсыз айналымымен жəне ауғандық есірткі тасымалымен күресті бірігіп жүргізу айтылды.
2011 жылы маусымда Астанада ШЫҰ саммитінде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ə. Назарбаев есірткі тасымалы мен саудасын ұйымдастыруға қатысы бар тұлғаларды жауапқа тарту үшін халықаралық тергеу жүргізуге шақырды. Ол: «ШЫҰ қалыптасу кезеңі сəтті өтті. Енді жаңа заманауи қауіптерді шешуде жаңа міндеттер мен оларды шешу жолдарын табу қажет. Осы 10-жылдықта біздің қызметіміздің негізгі бағыты үш қауіппен күрес болып табылады. Олар: лаңкестік, экстремизм мен сепаратизм. Алайда бүгінгі күні ғаламдық наркосиндикат та аз қауіп төндіріп отырған жоқ». Елбасының пікірі бойынша БҰҰ басшылығының халықаралық Гаага трибуналына жүйелендірілген ұсыныспен шығуы қажет. ШЫҰ қатысушы елдер Орталық Азия аймағындағы барлық мəселелер бір-бірімен байланысты екенін жақсы біледі. Экстремизм мен сепаратизм лаңкестікті туғызады, осыдан кейін барып есірткі саудасы дамиды. Сондықтан да аймақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін əр мəселемен жеке-жеке күресу жеткіліксіз. Ол үшін айтарлықтай дамыған елдердің экономикалық қолдауы жəне лаңкестік пен есірткі тасымалын жоюға бағытталған бірік кен іс-қимылдарды біріктіретін кешенді шаралар қажет.
Басқа да маңызды мəселелермен қатар лаңкестік, экстремизм мен есірткінің заңсыз саудасына қарсы күрес шеңберінде басқа да аймақтық ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігі жөнінде 2011 жылы Ұйымның төрағасы Астанада өткен Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38 сессиясында талқыланған болатын.
ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің Есірткінің заңсыз айналымы жөніндегі құзыретті органдар жетекшілерінің үйлестіру кеңесі маңызды орын алады. 2007 жылдан бастап «Канал» атты халықаралық шұғыл-сауықтырушылық операция жүргізіледі. Оған есірткіге қарсы үнемі қызмет ететін қарсы жоба деген мəртебе берілген. ҰҚШҰ іс жүзінде бүкіл еуразиялық кеңістіктегі есірткімен күрес жөніндегі халықаралық штаб болып қалыптасты. ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің есірткі айналымына қарсы əрекет ету жөніндегі құзыретті органдардың біріккен мəліметтер банкі мамандандырылған халықаралық жүйе болып табылады. Онда есірткі айналымына қатысты деректар сақталған.
Заңсыз есірткі айналымымен күрес Қазақстан Республикасының 2010 жылғы ЕҚЫҰ төрғалығындағы қызметінің басты бағыттардың бірі болды. Қазақстан əлемдік қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған бірқатар іс-шаралардың бастамышысы ретінде танылды. Мысалы, оның ұсынысы бойынша 2010 жылы 8-9 шілдеде Венада заңсыз есірткі айналымы жəне лаңкестікпен күреске арналған арнайы конференция өтті. 2010 жылы желтоқсанда қабылданған ЕҚЫҰ-ның «Қауіпсіздік қоғамдастығы жолында» атты Астана декларациясында трансұлттық қауіптерге қарсы іс-əрекеттерде барынша бірігу қажеттілігі айтылды. Лаңкестік, ұйымдасқан қылмыс, заңсыз көші-қон, жаппай қырып-жою қаруларын тарату, отпен атылатын қарумен заңсыз сауда секілді қауіптердің қатарына есірткі саудасымен күрес те жатқызылды. Декларацияның 9-тармағында осы қауіптердің ЕҚЫҰ қатысушымемлекеттеріне кері əсер етуі мүмкіндігі аталып өтті. Бұл өз кезегінде халықаралық қауіпсіздіктің негізгі қағидаларына қайшы келеді. Заңсыз есірткі айналымы жəне психотроптық заттармен күрес ЕҚЫҰ кеңістігіндегі тұрақсыздықтың алдын алуға бағытталған.