Қазақстан мен НАТО – бейбітшілік үшін əріптес
Қазіргі таңда халықаралық ланкестік, экстремизм, есірткі саудасы, қару-жарақ пен ядролық материалдардың заңсыз айналымы тəрізді қауіп-қатерлердің алдын алу үшін Қазақстан барлық мемлекеттермен, соның ішінде НАТО шеңберіндегі əріптестерімен байланыстарын белсенді жүргізуде.
Қазақстан Республикасы мен НАТО арасындағы ынтымақтастық 1992 жылы біздің елімізге 1997 жылы Еуроатлантикалық əріптестік кеңесіне (ЕАƏК) болып қайта құрған, Солтүстік Атлантикалық ынтымақтастық кеңесіне кіруімізден басталады. ЕАƏК Қазақстанға НАТО-ға қатысушы мемлекеттерімен жəне еуроатлантикалық əріптестік мемлекеттерімен халықаралық қауіпсіздіктің ең өзекті мəселелері жөніндегі нəтижелі сұхбатты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының ЕАƏКның жыл сайынғы Сыртқы істер жəне қорғаныс министрлерінің кеңесіне қатысуы ынтымақтастықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Қазақстан саяси жəне əскери ынтымақтастықты терендету мақсатында 1994 жылы 27 маусымда «Бейбітшілік үшін əріптес тік» (БүƏ) атты бағдарламаға қосылған болатын. 1994 жылдың қаңтар айында қауіпсіздікті жəне тұрақтылықты нығайту, НАТО мен əрбір қатысушы мемлекеттердің арасындағы нақты əріптестікке қол жеткізуді мақсат ететін НАТО ұсынған «Бейбітшілік үшін əріптестік» бағдарламасы кең ауқымды бастамашылық болып табылады. Бұл бағдарлама өте маңызды жəне қазіргі қауіпсіздікті құрудың ажырамас бөлігі болды.
Қазақстан мен НАТО-ның ынтымақтастығы БүƏ бағдарламасының шеңберінде азаматтық төтенше жоспарлауды, дағдарысқа қарсы үйлестіруді, қарулы күштер мен қорғаныс құрылымдарын демократиялық бақылауды, қорғаныс саясаты мен стратегияны, əскери жаттығулар мен білім беруді, т.б. салаларды қамтитын өзара іс-қимылдардан тұрады. Бұл ынтымақтастықтың тереңдеуіне екі жақты байланыстардың жоғары даму үдерісі куə. 2003-2004 жылдары НАТО Бас хатшысының көмекшілері Г. Альтенбург жəне Ж. Фурне, Директораттардың басшылары Я. Сконежка жəне Ф. Боланд, НАТО-ның Халықаралық əскери штабы басшысының көмекшісі, генерал-майор Ф. Яниз, сондай-ақ бейтарап сарапшы топтары Қазақстанға сапар жасаған болатын. 2005 жылдың наурыз жəне қазан айларында, 2006 жылдың шілде жəне қыркүйек айларында, 2007 жылдың ақпан, мамыр жəне қазан айларында, 2008 жылдың сəуір айында НАТО Бас хатшысының Орта Азиядағы жəне Кавказдағы Арнайы өкілі Р. Симмонстың ресми сапарлары болды. Роберт Ф. Симмонс Қазақстанға жүйелі сапарлар барысында мемлекет басшылығымен жоғары деңгейде саяси сұхбат жүргізді. Сондай-ақ, НАТО-ның Орталық Азиядағы байланыс жəне өзара əрекеттестік бойынша қызметкері де Астанаға тұрақты түрде сапар шегіп, үкіметпен ынтымақтастық мəселелерін қарастырып тұрады.
2008 жылдың 9-12 маусымында НАТО-ның Парламенттік ассамблеясының (НАТО ПА) Президенті Ж. Леллоның Қазақстанға алғашқы ресми сапары болды. 2008 жылғы 11 қыркүйекте ҚР Қорғаныс министрі Д. Ахметовтың шақыруымен НАТО Бас хатшысының орынбасары Клаудио Бисоньеро Қазақстанға алғашқы сапармен келді. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Д. Ахметов басқарған Қазақстан делегациясы 2008 жылғы 3 сəуірдегі Бухарестте өткен НАТО/СЕАП саммитіне қатысты. 2008 жыл ғы шілде айында Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен Солтүстік Атлантикалық Кеңес келесі СЕАП Қауіпсіздік форумын (Сыртқы істер министрлер деңгейіндегі бейресми кездесу) Қазақстанда 2009 жылғы 24-25 маусымда өткізу туралы шешім қабылдады. Қауіпсіздік форумы Саммиттен кейінгі НАТО-ның ең үлкен ісшарасы болып саналады.
2004 жылдың қазан айында Алматы қаласында жəне 2006 жыл дың желтоқсан айында Брюссель қаласында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың НАТО-ның Бас хатшысы Яап де Хооп Схеффермен болған кездесулері барысында күш-жігерді біріктіру жəне лаңкестікпен, экстремизммен, есірткенің заңсыз айналымымен, сондай-ақ қару-жарақ контрабандасына қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты орнату жөнінде маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Осы бағыттағы бірлескен жұмыс 2006 жылғы 31 қаңтарда қабылданған Қазақстан жəне НАТО арасындағы Əріптестік ісқимылы жөніндегі жеке жоспардың (ƏІЖЖ) шеңберінде іске асырылады. НАТО-мен тереңдетілген саяси сұхбаттастықты қамтамасыз етуге жəне ынтымақтастықтың жоғарыда аталған нақты мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған Əріптестік ісқимылы жөніндегі жеке жоспары ынтымақтастықтың негізгі тетігі болып отыр. ƏІЖЖ-нің қабылдануы Қазақстанның НАТО-мен өзара қарым-қатынастарын сапалы жаңа деңгейге шығарады жəне Солтүстік Атлантикалық Альянсімен халықаралық жəне өңірлік қауіпсіздіктің ең өзекті мəселелері жөнінде жан-жақты сұхбатты тереңдетуді жəрдемдесуге бағытталған. НАТО мен Қазақстан ƏІЖЖ арқылы бірқатар салаларда практикалық ынтымақтастық дамытады. Екі жылдық мерзімге бекітілетін ƏІЖЖ құжатында Қазақстан реформаларының жоспарларын жəне мерзімдік кестелерін ұсынады. НАТО белгілі мəселелер бойынша кеңес беру жəне нақты ықпалдастық көрсету арқылы Қазақстанға аталмыш реформаларды іске асыруына қолдау жасауға келіседі. Демократия, адам құқықтары жəне құқықтық мемлекет дамуына, сондайақ, тұрақты əлеуметтік жəне экономикалық дамуға ықпалдасу мақсатында Қазақстан үшін бүгінгі таңдағы басымдықтар қатарына мемлекеттік жəне жекеменшік сектордың түрлендірілуі жатқызылады.
Альянспен арадағы бірлескен жұмыстың басты бағыты – Серіктіктестің жеке бағдарламасы негізінде, сондай-ақ «Жоспарлау жəне талдау үдерісі» жəне «Жедел əлеует тұжырымдамасы» бағдарламаларының аясында жүзеге асырылатын əскери саладағы өзара іс-қимылдар. Қазақстанның «Жоспарлау жəне талдау үдерісі» бағдарламасына атсалысуындағы негізгі мақсаты — ҚР Қарулы күштерінің жекелеген бөлімдерін, оның ішінде «Қазбатты», «Қазбригті», НАТО стандарттары бойынша дайындау мен жарақтау болып табылады. «Дəстүрге айналған жыл сайынғы «Дала қыраны» халықаралық жаттығуларында «Қазбаттың» Альянс əскери сарапшыларымен жедел үйлесімдігіне баға беріледі. Əскери қызметкерлердің арнайы білімдері мен дағдыларын жетілдіру үшін Алматыда «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» оқу орталығы құрылған.
Альянспен əріптестікті нығайту үдерісіндегі маңызды оқиға Қазақстан Республикасы Парламентінің НАТО-ның Парламенттік Ассамблеясындағы (НАТО ПА) бақылаушы мəртебесін алуы болып табылады. Тиісті шешімді ҚР Парламентінің қос палатасының төрағалары жасаған өтініштерінен кейін 2004 жылғы 15 қарашада Парламенттік Ассамблеясының Тұрақты комитеті мəжілісінде қабылдаған болатын.
2008 жылғы 12-13 қараша кезеңінде Қазақстан Республикасының делегациясы Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаевтың басшылығымен Валенсия қаласында (Испания) өткен НАТО Парламенттік Ассамблеясы сессиясының жалпы отырысына қатысты. Мемлекеттік хатшы Қазақстанның ғаламдық жəне өңірлік қауіпсіздік мəселелеріне жəне НАТО-мен қарым-қатынасына көзқарасы туралы мəлімдеме жасады.
2008 жылғы 7-11 сəуір кезеңінде Астана жəне Алматы қалаларында екінші «НАТО мен Қазақстан əріптестігі аптасы» өтті. Оның шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасының негізінде НАТО-ның депозитарлық кітапханасының ашылуы болды.
Қазақстан НАТО-ның Білім жөніндегі комитетінің барлық шағын бағдарламаларына қатысады. Бірлескен жобалар, ең əуелі, Семейдің, Арал теңізінің, ядролық қаруды таратпау режимін нығайту жəне биоқауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселелеріне бағытталған.
«Бейбітшілік үшін əріптестік» бағдарламасының шеңберінде төтенше азаматтық жоспарлаудың саласындағы ынтымақтастық дамуда. НАТО-ның əріптестері мен қатысушылары мамандандырылған құрылымдарының төтенше жағдайлардың алдын алу жəне жоюдың ұлттық жүйесін жетілдіру, өртпен күресу, техногендік жəне табиғи апаттардың салдарын жою, азаматтық қорғаныс, босқындармен жұмыс істеу саласындағы тəжірибелері ерекше қызығушылық тудырады.
НАТО-мен арада сондай-ақ, табиғи жəне техногендік апаттарды алдын ала ескерту, оған үн қату жəне оның салдарын жою саласында тəжірибе алмасу желісі жолға қойылған. Жəне НАТО-мен ғылыми ынтымақтастықтың аясында бірінші кезекте, Семей, Арал теңізі проблемаларын шешуге, ядролық қару-жарақты таратпау режимін нығайтуға, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен жобалар да жүзеге асырылуда.
Альянстың 2009 жылдың маусым айында ТМД аймағында алғаш рет Қазақстанда кезекті НАТО/СЕАП Қауіпсіздік форумының өткізілуі аймақтық жəне жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан біздің еліміздің үлесіне берілген үлкен баға болып табылады.
2010 жылдың қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың НАТО штаб-пəтеріне іс-сапары барысында ұйыммен екіжақты қатынастардың нақты жолдары айқындалып, екі жақ өзара əріптестіктің қарқынды даму сипатын атап өтті.
Қазіргі таңда тараптар Қазақстан мен НАТО-ның 2012-2013 жж. арналған кезекті Əріптестік қимылдарының жеке жоспарының (ƏҚЖЖ) үшінші топтамасын əзірлеуді бастады. НАТО-Қазақстан ынтымақтастығының негізгі салалары төменде көрсетілген.
Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық
Қазақстан əуе-десант күштерінен НАТО басшылығымен жəне БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мандатына сəйкес бейбітшілікті қамтамасыз ету бойынша операциялар жүргізу үшін жазыла алатын бітімгерлік батальонын бөлді. Бітімгерлік батальонының бөлімшелері НАТО мемлекеттерімен бірге бірқатар əскери оқуларға қатысты. ПАРП аясындағы маңызды жобалардың бірі – Қазақстанға батальон құрамын кезектілік арқылы қамтамасыз ету мүмкіндігін беру арқылы аталмыш күштердің құрамын бригадаға (ҚАЗБРИГ) дейін кеңейту. Қазақстан мен НАТО Ауғанстандағы ИСАФ күштері үшін тасымалдау туралы келісім төңірегінде жұмыс жасауда.
Қазақстан өз аумағында оқу дайындығы мен БүƏ жаттығу ларын ұйымдастыру, сондай-ақ, басқа мемлекеттерде өткізілетін осы сияқты шараларға қатысу арқылы белсенді рөл атқарады. НАТО-ға мүше мемлекеттермен келісім бойынша, Қазақстан БүƏ аймақтық оқу орталығын құру бойынша жұмыс жүргізуде, əскери дайындық əдістемесі жəне шетел тілдері саласында НАТО мемлекеттерімен жəне аймақтық серіктестермен өзара əрекеттестік жасауда.
Қазақстан Лаңкестікке қарсы күрес бойынша серіктестік əрекеттерінің жоспарына (PAP-T) қатыса отырып, осы күреске өз үлесін қосуда. Бұл – НАТО-мен барланған жəне сарапталған əзірлеулерді ортақ пайдалануды, лаңкестікке қарсы қызметке қажет ұлттық əлеуетті арттыруды жəне шекараны бекітуді білдіреді. 2006 жəне 2007 жылдары Қазақстан өз аумағында лаңкестікке қарсы ірі «Steppe Eagle» («Дала қыраны») жаттығуларын өткізді. Бұл жаттығулар ҚАЗБРИГ жəне Солтүстікатлантикалық одақ күштерінің жеделдік сəйкестігін арттыруға ықпалын тигізді. Жаттығулар нəтижесінде бөлімшелер ықтимал жазылу үшін НАТО сертификаттауынан өтті.
Қорғаныс жəне қауіпсіздік саласындағы реформа
НАТО Қазақстанда жүріп жатқан жəне ИПАП құжатында баяндалған демократиялық жəне институционалдық реформалар үрдісін іске асыруға көмектеседі. Нақты атағанда, қорғаныс жəне қауіпсіздік секторы реформасында НАТО мен жекелеген мүше мемлекеттердің Қазақстан пайдалана алатын айтарлықтай тəжірибесі бар.
Қазақстан НАТО-ға мүше мемлекеттермен кеңесе отырып, қорғаныс жəне қауіпсіздік саласының реформасы үшін тұжырымдық ая əзірлеуді жəне Қорғаныс министрлігінде реформалардың негізгі жобаларын жүргізуді жалғастыруда. Қазақстанның Қорғаныс институттарын құру бойынша серіктестік əрекеттерінің жоспарына (PAP-DIB) қол қоюы осы талпыныстарды нығайтты. Бағдарлама тиімді сот қадағалауы мен қорғаныс жəне қауіпсіздік саласындағы əртүрлі органдарға арналған сəйкес басқару тетіктерін құруға көмектеседі.
Қазақстанның 2002 жылдан бері БүƏ жоспарлау жəне сараптау үрдісіне (ПАРП) қатысуы оның қарулы күштерінің НАТО-мен əрекеттесу қабілетін дамытуға көмектесті. Қазақстан өзінің қарулы күштері мен НАТО қарулы күштерінің бөлімшелері жеделдік бойынша сай болуын көздейді. Қазіргі таңда аэромобильді күштер мен əскери-теңіз күштеріне баса назар аударылады. Солтүстікатлантикалық одаққа мүше мемлекеттермен бірге жұмыс істейтін бітімгерлік батальонын ары қарай дамыту бойынша бірлескен жұмыстар жүргізілуде.
Одақтастар мен Қазақстан Каспий теңізіндегі қазақстандық əскери-теңіз күштерін дамытуға бағытталған ірі жоба бойынша ынтымақтасуда. Əскери-теңіз күштерінің жалпы стратегиялық құжаттарын əзірлеу жалғасып жатыр, сонымен қатар, Қазақстан əскери-теңіз күштерінің əскери қызметкерлері НАТО стандарттары мен тактикасына сəйкес толық оқу жаттығуларын өту үшін қажетті шаралар іске асырылуда. Азаматтық төтенше жоспарлау НАТО-мен ынтымақтастық жəне Еуроатлантикалық зілзала мен апаттың алдын алу үйлестіру орталығы ұйымдастыратын шаралар арқылы Қазақстан азаматтық төтенше жағдайлардың алдын алу жəне апаттар зардаптарын жоюдың ұлттық əлеуетін дамытады.
Ғылым жəне қоршаған орта
«Бейбітшілік жəне қауіпсіздікке арналған білім» (СПС) бағдарламасы бойынша Қазақстан ғылым жəне экология саласындағы ынтымақтастыққа қатысты жиырма шақты жобаны іске асыруға арналған грантқа ие болды. Жобалар Орталық Азиядағы радиологиялық қауіпті зерттеудегі ынтымақтастықты, су қорларын кешенді басқару жəне сейсмикалық берік ғимараттар құрылысының жаңа технологияларын əзірлеуді қамтиды.
Сондай-ақ, Қазақстан «Виртуалды жібек жолы» жобасына қатысады, оның мақсаты – жерсеріктік желі арқылы Кавказ жəне Орталық Азия елдеріндегі жоғары оқу орындарының қызметкерлері мен ғылыми қызметкерлердің Интернетке қатынасын жақсарту. Қазіргі таңда Алматыдағы көптеген мекемелер осы желіні қолданады. Мемлекеттің басқа қалаларындағы байланыс мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.
Қоғамның ақпаратпен қамтамасыз етілуі
Қоғамның НАТО туралы жəне Қазақстанның онымен қатынастарының пайдасы туралы хабардар болуы ынтымақтастықтың аса маңызды бөлігі болып табылады. Алматы мен Астанада НАТО-ның бірнеше депозитарлық кітапханасы салынуда. 2007 жылы НАТО жəне Қазақстан қазақстандық БАҚ қызметкерлерін дайындауға жəне қоғамды ақпараттандыруға өз үлесін қосқан бірлескен семинар өткізді.