Қазақстан жəне халықаралық қаржы ұйымдары

Қазақстан жəне халықаралық қаржы ұйымдары
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық əрекеттері əлемдік экономикаға сəтті интеграциялануға, ұлттық экономикаға тікелей шетел инвестицияларын тартуға жəне Қазақстанда нарықтық өзгерістерді өткізуде халықаралық қаржылық жəне техникалық көмектерді кеңінен пайдалануға бағытталған. Қазақстанның əлемдік экономикалық жүйеге енуіндегі мақсатында ең басты нарсе – қазіргі таңда қызмет етіп жатқан жəне құрылып жатқан экономикалық институттармен ынтамақтасу мəселелерінің мəні зор болып отырғандығы. Осындай жағдайларда мемлекеттің беделді əлемдік жəне аймақтық қаржы ұйымдарымен, атап айтсақ Əлемдік банк, Халықаралық валюта қоры, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, Еуропа қайта құру жəне даму банкімен өзара қатынастарының маңыздылығы артатындығы сөзсіз.
Қазақстан жəне Əлемдік банк. 1944 жылы Бреттон Вудс қаласында (АҚШ) екі халықаралық валюта қаржылық ұйымдарын – Халықаралық валюта қорын (ХВҚ) жəне Халықаралық қайта құру жəне даму банкін (ХҚДБ) құруды қарастыратын келісім қабылдаған Бірікен Ұлттар Ұйымының қаржы жəне валюталық конференциясы өтті. 1946 жылдың 1 қаңтарынан бастап келісім күшіне енді. Бреттон Вудс жүйесінің мақсаты соғыстан кейінгі халықаралық экономикалық тəртіпті ретке келтіру еді. Кейіннен ХВҚ жəне ХҚДБ жаһандық экономикалық ұйымдар ретінде күшейе түсті. Бəрі бірге Əлемдік банк тобын құрайтын ХҚДБ филиалдары ретінде Халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК, 1956), Халықаралық даму ассоциациясы (ХДА,1960), Инвестициялық кепілдер бойынша көпжақты агенттік (ИККА, 1988), Инвестициялық таластарды реттеу бойынша халықаралық орталық (ИТРХО, 1966) құрылды. Əлемдік банкке қарағанда, ХВҚ əрекеттері қысқа мерзімді макроэкономикалық дағдарыстарға қатысты жұмылдырылған. Əлемдік банк несиелерді тек кедей мемлекеттерге беретін болса, ХВҚ қысқа мерзімді қаржы міндеттемелерін өтеуде шетел валюталарына тапшылық көретін кез-келген мүше елдеріне несие бере алады.
Қазақстан Əлемдік банктың құрылымдарына мүше болу туралы өтінішті 1992 жылы 27 ақпанда берді. 1993 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Халықаралық қайта құру жəне даму банкінің, Халықаралық даму ассоцияциясының, Инвестициялық кепілдер бойынша көпжақты агенттіктің жəне Халықаралық қаржы корпорациясының мүшесі болды. Бұрынғы кеңес елдерінің ішінде еліміз бесінші болып Əлемдік Банктың құрамына енді. Қазақстан ХҚДБ-нің 163-і жəне ХДА-ның 143-і мүшесі болды. 2000 жылдың 21 қазанында Қазақстан Инвестициялық таластарды реттеу бойынша халықаралық орталықтың мүшесіне айналды.
ХҚДБ мүшесі ретінде өз міндеттерін орындау үшін Қазақстан мекемеге 15 041 677 АҚШ доллары көлемінде жарна құйды жəне жоғарғы айтылған ұйымға жыл сайынғы төлем төлеу бойынша міндеттемелер алды. Қазақстан ХҚДБ барлық акционерлік капиталының жалпы үлесінің 0,2% құрайтын 2985 акцияға жəне 3235 дауысқа (жалпы көлемнен 0,21%), ХКҚ-да 4887 дауысқа (немесе жалпы көлемнен 0,2%), ХДА-да 806 дауысқа (жалпы көлемнен 0,01%) ие.
Қазақстанның Əлемдік банк тобына қосылғанынан кейін, елімізге ХҚДБ тарапынан жиырмадан астам қарыз берілді. Ал Əлемдік Банктің Қазақстанға міндеттемелерінің жалпы сомасы 1.883 млрд. АҚШ долл. құрады. ХҚДБ-тің Қазақстандағы басты мақсаты нарықтық экономиканың қалыптасуы мен дамуында, қаржы секторы мен кəсіпорындарды қайта құруда, халықты əлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін, нарықтық инфрақұрылымдарды құруда жəне қоршаған ортаны қорғау бойынша радикалды шаралар қабылдаудан тұратын экономикалық реформалар бағдарламасын жүргізуде көмек көрсету болып табылады.
Осылайша Қазақстандағы əлемдік банк келесідей салаларды қаржыландырады: сумен қамту жəне санитария, ауыл шаруашылығы, жол саласы, əлеуметтік көмек, мемлекеттік секторды басқару жəне энергетика, денсаулық сақтау жəне білім. Сонымен, «Электр жүйелерін басқару бойынша Қазақстан компаниясы» Кегок» АҚ-на 2005 жылы Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік екін ші электр өткізу желісін салуға мемлекет кепілдігінде 100 млн. доллар несие берілді. 2005 жылдың сəуірінде «Ауыл шаруашылығын жекешелендіру кезеңінде қолдау» атты қарыз алудың ұзақ мерзімді бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде жасалынған ҚР мен ХҚДБ арасында қарыз туралы келісімге қол қойылды. Бірінші кезең 1998–2003 жылдар аралығында жүзеге асырылды. Екінші кезең бес жыл ішінде іске асырылуы тиіс болды. Бағдарламаның басты мақсаты ауыл шаруашылығы саласына ұзақ мерзімді несиелер беру арқылы ауыл шаруашылығы жүйесінің тұрақтылығын жоғарылату жəне ауылшарушылық кəсіпорындарының кірісін тұрақтандыру. 2006 жылы қарыз шеңберінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендіру үшін 60 млн. доллар жəне ауылда шағын бизнесті дамыту үшін 6 млн. доллар көлемінде несиелендіру жолын ашу жорамалданды. Бес жылдық жеңілдік кезеңін қосқанда, қарыз 17 жылға берілді.
2002 жылдың 6 желтоқсанындағы бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын дайындау жəне жүзеге асыру бойынша, Қазақстан мен ХҚДБ арасындағы техникалық ынтымақтастық туралы Келісімге сəйкес, 2008 жылдың 1 шілдесі мен 2009 жылдың 30 маусымы кезеңі аралығында мемлекетті басқаруды реформалау саласында зерттеулер мен шұғыл консультацияларды келесідей бағыттар: əкімшілік реформалау, мемлекеттік қаржыны аудиттеу жүйесін дамыту, мемлекеттік қаржыны басқаруды бақылау, қаржы мониторингі жүйесін құру, салықты басқару, жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу əдістерін зерттеу, «Электронды үкімет» бағдарламасының жүзеге асырылу жолын бағалау, Қазақстандағы қазып шығаратын салалар əрекеттерін қолдау, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы туралы халықтан сауалнама, сонымен қатар адам дамуы мен макроэкономикалық жəне қаржы қауіп-қатерлер тəуекелдері жəне басқа да салалар бойынша өткізу жоспарланды.
Банк басшылығы құрылымдық өзгерістер жүргізуге қаржылай көмекті күшейтетін ниеттерін бірнеше рет растады. Соның ішінде əлеуметтік саланы өзгертуге, сонымен қатар тəуекелдерді жартылай кепілдендіру тетігін жүзеге асыруға ниет білдірді. Шетел инвесторларының Республикада бизнес жүргізуде сенімін күшейтуге, Қазақстанның инвестициялық жағдайды ИККА өлшемдерінің негізінде жүйелі бағалау ықпал етеді. 2008 жылы Премьер-министр К. Масимов Қазақстан мен Əлемдік банк арасындағы ынтымақтастық мəселелері талқыланған, сонымен қатар мемлекеттік басқару жəне елдің экономикалық дамуы саласында реформалар жүргізу бойынша Əлемдік банк Президенті Роберт Зеллик бастаған делегациямен кездесу өткізді.
Халықаралық валюта қоры жəне Қазақстан. Жаһандану үдерісінің күшеюі капиталдар қозғалысы халықаралық ырықтандырумен байланысты. Бұл орайда жаһанданудың нығайту күші рөлінде валюта қаржылық қатынастарды реттеу жүйесінде орталық орынға ие Халықаралық валюталық қоры болды. Қазіргі таңда ХВҚ 185 мемлекетті біріктіреді. Қордың негізгі міндеті – ХВҚ мүше-мемлекеттер үкіметтері төлем тепе-теңдігінің уақытша бұзылуын реттеу жəне əлемдік экономикадағы диспропорцияның алдын алу үшін ақша қаражаттарын қарызға ала алатын валюта қорын құру.
Қазақстан ХВҚ құрамына 1992 жылы 15 шілдеде кірді. ҚРдағы ХВҚ өкілдігі 1992 жылы 15 тамызда ашылды. Қазақстанның ХВҚ-на мүшелігі 247,5 млн SDR көлеміндегі квотамен анықталады. ХВҚ жағынан республикаға макроэкономикалық жағдайды тұрақтандыру мен инфрақұрылымды дамыту, сонымен қатар төлем тепе-теңдігін қолдау мақсатында көптеген қаржылық түсімдер жұмсау арқылы көмек көрсетілді.
Қазақстан Республикасының 1992–1997 жылдарғы макроэкономи калық дамуы Халықаралық Валюта Қорының ұсыныстарына сайкес белгілі дəрежеде жүзеге асырылды. Қазақстан мен ХВҚ арасында салық жəне қаржы саясатын қатаңдату жəне экономикада бірнеше құрылымдық реформалар жүргізуге негізделген Стэнд-бай қосалқы несиесі туралы келісімге қол қойылды. Бағдарламалар кəсіпорындарды қайта құру мен жекешелендірудегі прогресске ықпал етті. Қатаң қаржы саясаты республикада халықаралық сенімнің қайта қалыптасуының негізін қалады.
ХВҚ жағынан техникалық жəне қаржылық көмек ұлттық валютаны ұстап тұруға, тəуекелділігі басым саладағы, соның ішінде, ауыл шаруашылығы, банктік жəне қаржы саласындағы бағдарламалардың орындалуы үшін көрсетілді. 2000 жылы Қазақстан Қордан алған несиелерімен уақытынан бұрын есеп айырысты. Қазіргі таңда республиканың бұл халықаралық қаржылық ұйым алдында қарызы жоқ. 2003 жылы Қор Қазақстанға өзінің жаңа тұрақты өкілін тағайындамады. Бұл – республика ХВҚ-нан қарыз алуға мұқтаж еместігіне байланысты болған құбылыс. Осыған байланысты ХВҚ-ның Қазақстанда тек жергілікті қызметкерлер тобы жұмыс істейтін өкілдігі бар. 2005 жылы ХВҚ Қазақстанға əлемнің кедей елдеріне қарыз беретін мемлекеттер тобына кіруге ұсыныс жасады. Осылайша, Қазақстан «қаржылық трансферттер жоспары» бағдарламасының ТМД-дағы Ресейден кейінгі екінші қатысушысы болды. Бұл ұсыныстың алдында ХВҚ Қазақстанның сыртқы саясатына, оның əлемдік қауымдастықтағы ұстанымдарына, сонымен қатар төлем жəне сауда балансының жағдайына талдау жасады. Халықаралық валюта қоры Қазақстан үкіметінің 2008 жылы банктік жəне Қазақстан экономикасының басқа да салаларындағы жағдайды нығайту мақсатында жүргізілген шараларын оңтайлы бағалады.
Еуропалық қайта құру жəне даму банкі (ЕҚДБ) жəне Қазақстан. Еуропалық қайта құру жəне даму банкі 1991 жылы құрылған. Қазіргі таңда ЕҚДБ-нің инвестициялық құралдары Орталық Еуропадан бастап Орталық Азияға дейінгі 29 елде демократия мен нарықтық экономиканы қалыптастыру мақсатында қолданылады. Бұл қаржылық-инвестициялық мекеменің мақсаты: ашық нарықтық экономика мен жеке кəсіпкерлікке көшуге көмектесу үшін демократиялық қағидалар ұстанатыны туралы мəлімдеген Орталық-Батыс Еуропа елдеріндегі экономикалық даму мен қайта құруды қолдау, елдердегі монополизмді жоюды, децентрализация мен жекешелендіруді қоса алғанда, оларды əлемдік экономикаға интеграциялауға бағытталған құрылымдықэкономикалық реформаларды жүргізуде көмектесу.
ЕҚДБ аймақтағы ең ірі инвестор болып табылады. Өз қаражаттарын бөлумен қатар, кең көлемді тікелей шетелдік инвестициялар тартады.
Қазақстан 1993 жылдан бастап ЕҚДБ-не мүше. 1994 жылы Алматы қаласында ЕҚДБ-нің тұрақты өкілдігі ашылды. ЕҚДБде Қазақстаннан басшы – қаржы министрі, басшы орынбасары – ҚР Ұлттық Банк Төрағасы. Қазақстан ЕҚДБ-нің жарғылық қорының акционері (23 млн экю немесе 26,8 млн долл.) болып табылады. ЕҚДБ Директорлар Кеңесінің 1996 жылы мамыр айында қабылданған №59 «Жарғылық капиталды арттыру жəне бағалы қағаздарға қол қою» қарарына сəйкес Қазақстан тағы 2300 қосымша акцияларға (6,6 млн долларға жуық) қол қойды.
ЕҚДБ-нің Қазақстанмен ынтымақтастық жобалары қазіргі уақытта келесі басым салалар бойынша жүзеге асырылуда:
– экономика: жеке жəне шағын бизнесті дамыту;
Еуропалық қайта құру жəне даму банкі, сонымен қатар, көлік жəне инфрақұрылым саласындағы жобаларды қаржыландыруға қатысты: біріккен бағдарламаларды жүзеге асыру («Ақтау теңіз айлағын қайта құру» — 54 млн. доллар; теміржолдарды модернизациялау – 67 млн. евро; Атырау-Ақтау автокөлік жолдары – 119 млн. доллар; «Атырау қаласының əуежайын дамыту» – 28,2 млн. евро жəне т.б.);
– өнеркəсіп: Балхаш тау-кен-металлургия комбинатындағы экологиялық жағдайды жақсарту – 20 млн. доллар;
– энергетика: 1998 жылы «Қарағанды Пауэр» компаниясынан 16,9 млн. евро көлемінде қаржы бөлінді, 1999 жылы желтоқсанда «КЕГОК» компаниясы ЖАҚ-на «ұлттық электр желісін модернизациялау» жобасын іске асыру үшін 50,8 млн. евро көлемінде қаржы бөлу туралы келісімге қол қойылды.
– Ауыл шаруашылығы: ЕҚДБ ҚР ауыл шаруашылығы Министрлігіне 2001 жылы 19 қаңтардан «Астық туралы» ҚР Заңы жобасын құрастыруға көмек көрсетті. Ауыл шаруашылығы реформаларында ЕҚДБ көмегімен Қазақстандық екінші деңгейлі банктерге үкімет кепілдігінсіз ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 30 млн. евро көлемінде астық қолхаты негізінде несие беру үшін несиелік желі ашылды.
– муниципалды қаржыландыру: «жинақ қаражаттарын бас қару жəне Алматы қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды пайдалану» жобасын жүзеге асыру үшін 22,5 млн. көлемінде жəне «Алматы қаласын ауыз сумен, канализациямен жабдықтау жəне ағынды суды тазарту бойынша өндірістік қуаттарды модернизациялау жəне реабилитациялауды қаржыландыруға» 7,5 млн евро көлемінде несиелер берілді.
ЕҚДБ мен Қазақстан арасында келесі жобалар бойынша үш несиелік келісімге қол қойылды: Қазақстанда шағын жəне орта кəсіпорындарды дамыту (оның ішінде, үшжұлдызды қонақүйлердің құрылысы, диірмен кешендерінің құрылысы, косметикалық тауарлар өндірісі, алтын құрамды кендерді шығару мен өңдеу, Тараздағы жүн өңдеу кəсіпорыны жəне т.б. жобалар), тұрмыстық техника өндірісі, Ақтау портын қайта құру жобасы.
Жаңа жеке кəсіпорындар санын арттыруды, бəсекелестікті жəне тиімді өндірісті арттыруды ынталандыру мақсатында ЕҚДБ қамқорлығымен Постжекешелендіру инвестициялық Қоры құрылды. Сонымен қатар, ЕҚДБ Қазақстан кəсіпорындарын қайта құру құрылымы Қорын құруға ниетті.
1998 жылдан жүзеге асырылып келе жатқан Қазақстанның шағын бизнес Бағдарламасы ЕҚДБ-нің сəтті жобаларының бірі болып табылады.
ЕҚДБ мен Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту Бағдарламасы бойынша 10 жыл мерзімге 77 500 000 АҚШ доллары сомасына қарыз алу туралы келісім жасалды. Осы бағдарлама бойынша несиелендіру алымшыларға несие беру шарттарын өз бетімен анықтайтын екінші деңгейлі уəкілетті банктер арқылы жүзеге асырылады, сонымен бірге экономика саласының барлық кəсіпорындары қаржыландырылады. Бағдарламаның басты мақсаты осыған дейін қаржыландырудың ресми қайнар көзіне рұқсаты болмаған кəсіпорындарды қаржыландыру болып табылады. 1998 жылдың мамыры мен 2007 жылдың мамыры аралығында қатысушы банктермен жалпы есеппен барлығы 2 216,10 млн. АҚШ долл. көлемінде 237 000 жобалар несиелендірілген, оның ішінде 25,63% – микронесиелер (568,09 млн. АҚШ доллар соммасында 180 253 жобалар) жəне 74,37% – кіші несиелер (1 648,01 млн. АҚШ доллар соммасында 56 747 жобалар).
ЕҚДБ мен Əлемдік банк Қазақстандық тау-кен ассоциациясымен бірлесе отырып, республиканың тау-кен өнеркəсібінің жұмысы жағдайына тереңдете зерттеулер жүргізді. Кезектегі өндірістер мен халықаралық тендерлерге сəйкес келетін жобаларды дайындау жəне басымдықтарын анықтау үшін Қазақстанның үкіметіне алтынның сатылуы жəне тау-кен заңдылығы сияқты мəселелерді зерттеуде көмек көрсетілді.
Қол қойылған келісімге сəйкес 2008 жылы ЕҚДБ Қазақстанның микро, кіші жəне орта кəсіпорындарының несиелендірілуін дамытуға 60 млн. АҚШ доллары көлемінде «Каспийскийге» 5-жылдық мақсаттық қарыз берді. Бұл қарыз ЕҚДБ-нің есебі бойынша аталмыш саладағы екінші тартуы болды. Ұқсас сома Каспий банкімен 2007 жылы алынды. ЕҚДБ-нің Банктік несиелендіру Директоры Жан Марк Питершмит ағымдағы жаһандық дағдарыс жағдайында Қазақстанның қаржы саласын қолдау мүмкіндіктеріне ие болғанына ЕҚДБ-нің өте қуанышты екендігін мəлімдеген болатын. Аталмыш жоба шеңберінде аймақтардағы қаржыландыруға ерекше мəн беріледі. 2008 жылы «ЦентрКредит» банкі (ЦКБ) Еуропалық қайта құру жəне даму банкінен Қазақстандағы микро, кіші жəне орта бизнесті қолдау мен дамыту үшін 50 млн. доллар көлеміндегі 5-жылдық қарыз алды. Қазақстан биржалық қорының (Kase) мəлімдемесінде «Қаражат аймақтарда несиелерге кең ауқымды рұқсатты қамтамасыз ету мақсатында Алматы мен Астана қалаларынан тыс жерлердегі ЦКБ тұтынушыларын қаржыландыруға бағытталады» деп көрсетілген.
Еуропалық қайта құру жəне даму банкі 2008 жылы қазақстан дық энергетика саласының даму бағдарламасын құрды. Қазақстандағы ЕҚДБ директоры Андре Куусвек: «Біз Қазақстан үкіметіне электр энергиясымен қамтамасыз ету саласын қоса алғанда бұл саланы ретке келтіруге қандай жобаларды банк секторлары немесе тікелей қаржыландыра алатынымыз туралы заңдарды жетілдіру жағынан өз көзқарастарымызды көрсететін энергия саласының даму бағдарламасын ұсынғымыз келеді» деп мəлімдеді. А. Куусвек қазіргі таңда Қазақстандағы ЕҚДБ қаржыландыруының жартысы банк саласындағы жобаларға, ал қалған жартысы шынайы секторға жұмылдырылылғандығын ескерді. Даму институттарын біріктіретін «Қазына» басшылығы ЕҚДБ-не өз капиталына қатысуға ұсыныс жасады. Атап айтсақ, ЕҚДБ-не Қазақстанның инвестициялық қорында, Қазақстан даму банкінде жəне Кіші кəсіпорындарды дамыту қорында миноритарлық акционер болу сияқты ұсыныстар жасалынды. Капиталындағы ЕҚДБ үлесі 15%25% құрай алатын инфрақұрылым, энергия, көлікпен байланысты жобаларды қаржыландыруға қатыса алады.
Жалпы, Еуропалық қайта құру жəне даму банкі ынтымақтастық жылдарында Қазақстан экономикасына, атап айтқанда экономикалық əртараптандыру ұстанатын жобаларға, кəсіпкерлік əрекеттерге жəне Қазақстанда жұмыс орындарын құруға шамамен 5 млрд. доллар инвестициялады.
Ислам даму банкі (ИДБ). 1973 жылы 18 желтоқсанда өткен Ислам Конференциясы Ұйымына мүше-елдер қаржы министрлерінің бірінші конференциясында Ислам даму банкін (ИДБ) құру туралы шешім қабылданды. Ислам даму банкі аймақтық қаржы ұйымы болып табылады. 1974 жылы 10 тамызда Джидда қаласында (Сауд Арабиясы) ИКҰ-на мүше елдер қаржы министрлерінің 2-конференциясында Ислам даму банкінің Жарғысы мақұлданды.
Шариғат заңдарына негізделген ИДБ қызметінің мақсаты – банкке мүше елдер мен əлемдегі түрлі мемлекеттердегі мұсылман қауымдастығының экономикалық дамуы мен əлеуметтік прогресіне ықпал жасау жəне мұсылман елдерінің экономикасы, банк қызметінің дамуын көтермелеу болып табылады. Соған байланысты банк келесі міндеттерді жүзеге асырады:
– мүше елдердің экономикалық жəне əлеуметтік сала жобаларын инвестициялау;
– кəсіпорындар мен бағдарламаларды қаржыландыру үшін жеке жəне мемлекеттік секторларға несие беруді жүзеге асыру, техникалық жəрдем беру;
– банк мүшесі болып табылмайтын елдердегі мұсылман қауымына көмек көрсету.
ИДБ-ның есеп айыру валютасы – ислам динары. 2008 жылы оның капиталы 30 млрд. ислам динарын құрады. ИДБ штаб-пəтері Джидда қаласында орналасқан. Рабат (Марокко), Куала-Лумпур (Малайзия), Алматы қалаларында үш аймақтық офисі бар. Бүгінгі таңда ИДБ-не 56 ел мүше. Мұсылман қаржы жүйесінде бағалы қағаздар мен облигациялар «суқуқ» деп аталады. Банктердің ең бірінші қадамы – мемлекетте жұмыс істеуге негіз боларлық құнды қағаздарды, яғни «суқуқтарды» нарыққа шығару болып табылады.
Ислам даму банкі Қазақстан экономикасына қаржылай жəрдем көрсетті. 2003 жылы Банк басқарма кеңесінің 28-отырысы Қазақстанда өтті. 2003–2005 жылдары Қазақстанда банк қолдауымен маңызды халық шаруашылық жобалары іске асырылды: Сызғанов атындағы институтқа (10 млн. долллар), Гүлшат – Қарағанды автомобиль жолына (10 млн. доллар), Осакаровка – Вишневка автомобиль жолы бөлігінің құрылыстарына (20 млн. доллар) қаржы бөлінді. ИДБ Қазақстандағы шағын жəне орта бизнесті дамыту мен қолдауға атсалысып, 15 млн. доллар көлемінде қаржы бөлді.
2009 жылы 9 ақпанда Ислам даму банкінің Директорлар кеңесі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дəлізінің «Оңтүстік Қазақстан облысы шекарасы – Тараз» жол бөлігін қайта салу жобасын 186 млн. долларға қаржыландыру мəселесін мақұлдады. Жоғарыда аталған жобаларды есепке алмағанда, Қазақстан экономикасына ИДБ арқылы келген қаражат көлемі жалпы 226 млн. доллардан астам қаржыны құрады. Одан əрі араб капиталын кең пайдалану үшін өткен жылы Қазақстан – Ислам қаржыландыру институттарының республикамызда жұмыс істеуі туралы екіжақты келіссөздер өткізді.
Азия даму банкі (АзДБ) дамуға ресми көмек беру шеңберінде Қазақстанның ынтымақтастықты дамытатын ірі халықаралық қаржы ұйымдарының құрамына енеді. АзДБ Азия жəне Тынық мұхиты алабы елдерінде даму жобаларын ұзақ мерзімді несиелендіретін аймақтық мемлекетаралық банк болып табылады. ЭСКАТО (БҰҰ Азия жəне Тынық мұхитына Экономикалық жəне Əлеуметтік Комиссиясы) қатысуымен құрылған АзБД құрамында қазіргі таңда 67 мемлекет бар. АзБД штаб-пəтері Манила қаласында (Филиппин) орналасқан.
Банк ұжымдық жəне жеке-дара, АзБД дамушы мүше елдерінің экономикалық дамуын жылдамдатуға қатысуды жəне экономикалық өсуін тұрақтандыруды мақсат етеді. Банк жұмысының басым бағыттары: АТА дамушы елдерінде даму бағдарламаларын қаржыландыру, олардың сыртқы саудасына ықпал ету, қаржылай, техникалық жəне экономикалық көмекпен қамтамасыз ету.
Қазақстан Азия даму банкі құрамына 1994 жылдың 19 ақпанында енді. Қазақстан АзДБ ең ірі акционерлері құрамынан он төртінші жəне барлық қатысушы мемлекеттердің жалпы тізімінде 20-шы орынды алады. 1998 жылы ақпанында Алматы қаласында Азия даму банкінің тұрақты өкілдігі ашылды.
Банк миссиясының қорытындысы бойынша 1994 жылы Қазақстан Республикасы мен АзДБ арасында 1994-1996 жылдарға жəне 1996-1999 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламалары қабылданды. Олардың негізінде келесідей бағыттар бойынша қарыздар туралы үш келісімге қол қойылып, ратификацияланды:
– Арнайы көмек Жобасының қарапайым операциялар қарызы. Қарыз макроэкономикалық тұрақтандыру бағдарламасына жəне құрылымдық реформаларға жəне төлем тепетеңдігін сақтап тұруға бағытталған.
– Арнайы көмек Жобасының арнайы операциялар қарызы. Қарыздың негізгі мақсаты медициналық дəрі-дəрмектерді, медициналық құралдарды жəне медицина құралдары паркіне қажет қосымша бөліктерді сатып алу болып табылады. Қазіргі таңда медициналық құрал жабдықтар мен дəрідəрмектермен қамсыздандыру бойынша көптеген шарттар жасалынып қойылған.
– Ауыл шаруашылығында бəсекелес нарықтық тетіктерді құру мен реформаларды қолдауға бағытталған ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасы.
– Басты мақсаты ауыспалы кезең экономикасының талаптарына сəйкес білім беру жүйесін күшейту жəне орта білім беру сапасының төмендеуі мəселесін шешу болып табылатын білім беру жүйесін жақсарту жəне ретке келтіру Жобасы.
Ынтымақтастықтың бастапқы кезеңінен бастап 2005 жылға дейін АзДБ Қазақстанға 500 млн. долл. көлемінде қаржылай көмекті қамтамасыз етті. АзДБ көлік саласына, ауыл шаруашылы ғына, білім беру жүйесі жəне əлеуметтік қамсыздандыруға, мемлекетке өзекті болып отырған ауыл-аймақтарды сумен қамсыздандыру жəне су қорларын басқаруға қаржылай қолдауды белсенді жүзеге асырады.
Осылайша, Азия даму банкі тарапынан Қазақстанға бірнеше бағыттар бойынша қаржылай көмектер бөлінген жəне əлі күнге дейін бөлінуде. Атап айтқанда, бұл: Алматы-Қарағанды-АстанаБурабай жəне басқа да мемлекеттік маңызы бар жолдарды қалпына келтіру жобасы, оның мақсаты ұлттық маңызы бар жолдарды кезекті жөндеуден өткізу, жолдарды құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету.
Жобалардың құрамындағы тағы біреуі – фермерлікті дамытуға бағытталған көмек. Аталмыш несиелер шаруалар мен фермерлердің агросервис қызметін құруға бағытталған. Қазақстанға 2004-2006 жылдары аралығында мемлекеттің шалғай аймақтарын дамытуға, қорықтардағы тірі табиғатты сақтап қалуға, ауылдық жерлерде сумен қамту жүйесін дамытуға, сонымен бірге жолдарды қалпына келтіруге 190 млн. доллар көлемінде несие берілді. Азия даму банкінің қаражаттары ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға жəне өңдеуге арналған жабдықтарды, көліктехнологиялық станцияларға арналған ауылшаруашылық техникаларын сатып алуды несиелендіруге, ауыл шаруашылығы азықтүліктерін іске асыруға арналған көтерме азық-түлік нарығын жəне басқа да нарықтарды құруға бағытталды.
Білім беруді дамыту басты жобалардың біріне айналды. Оның мақсаты: базалық білімді оңтайландыру, республикалық жəне облыстық деңгейлерде білім беруді басқаруды реформалау, базалық білімнің сапасы мен сəйкестігін күшейту, мұғалімдердің қайта даярлықтан өтуін күшейту жəне орта жəне бастауыш мектептерді құрал-жабдықтармен жəне оқу материалдарымен қамтамасыз ету, сонымен қатар толыққанды ерікті зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне біртіндеп өту үшін ерікті зейнетақымен қамсыздандыру қорын құруға бағытталған зейнетақыны реформалау жобасын, зейнеткерлерді компьютермен тіркеуді қамтамасыз етуді іске асыру.
АзДБ-нің тағы бір басым бағыттарының бірі – су қорын басқаруды жəне жерлерді қалпына келтіруді басқаруды жетілдіру. Қазақстан мен АзДБ-нің су қоры саласындағы өзара ынтымақтастығы 1997 жылы басталды. Қазіргі таңда АзДБ Қазақстанға техникалық көмек көрсету бойынша екі жобаны жүзеге асыруда: «Су қоры Комитеттің ұйымдастырғыштық мүмкіндіктерін дамыту» жəне «Ауыз сулар» салалық бағдарламасын анықтау». Əрбір жоба бойынша техникалық көмек көлемі 150 мың долларды құрайды. 2005 жылдан бастап АзДБ Су қоры бойынша Комитетімен жəне ИДБ-мен бірге Қазақстанның төрт облысында «Ауыз сулары» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты: Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола жəне Қарағанды. АзДБ 34,6 млн. доллар, ИДБ 9,5 млн. доллар көлемінде қарыз берді.
АзДБ құрылымында құрылған Жапония арнайы қорының қаражатынан Қазақстанда «Ауыз сулар» бағдарламасы қаржыландырылады. Сонымен қатар Азиялық даму банкі Орталық Азияда экономикалық даму мен аймақтың əлеуметтік жақсаруы үшін маңызды болып табылатын Орталық Азияның су қорлары саласындағы аймақтық ынтымақтастықты жақсартуда. Аймақ мемлекеттерінің: Ауғанстанның, Қазақстанның, Қырғызстанның, Тəжікстанның, Түркменстан мен Өзбекстанның ортақ су жүйесін басқаруда ынтымақтастықтың əлсіздігі немесе жоқтығы аймақтық даму жəне экономикалық интеграция үшін қауіп төндіретін маңызды қиындық болды. 2008 жылы АзДБ аймақтағы су қорлары бойынша білімдермен алмасуға қолдау көрсету жəне оларды басқаратын институттардың əлеуетін арттыру үшін 998 мың АҚШ доллар көлеміндегі аймақтық техникалық көмек грантын мақұлдады. Бұл грант АзДБ-ның судың Серіктестік қаржыландыру бағдарламасы басқаруымен мультидонорлық трасттық қормен бөлінген. Трасттық қорға Австралия, Австрия мен Норвегия үкіметтері өз үлестерін қосты. Бұл көмек Амудария мен Сырдария өзендері алабтарын, Талас пен Шу өзендері алабтарын қоса алғандағы аймақтық талаптарды өзіне қосады, сонымен қатар, идеялар алмасу мен болашақ жоспарлар құрастыру бойынша форумның құрылуына көмек көрсетіледі. Бұл жоба аймақтық су саясаты бойынша диалог құруға жəне су қорларын басқару əлеуетін дамытуға көмектескен 2004-2007 жылдарғы АзБД-нің алдыңғы техникалық көмегімен құрылды.
2006-2008 жылдарғы АзДБ қызметіндегі маңызды бағыт шағын жəне орта бизнесті қолдау жəне микроқаржыландыру болды. Банк Қазақстанда жеке саланы дамытуға көңіл бөлуге ниетті.
Қазақстан Республикасына мемлекет ретінде несие берудің орнына осы елдің жеке саласымен жұмыс істеген жақсы. АзДБ Прези денті Х.Хурода бұл жерде үш негізгі бағытты: су қорлары, электр жəне көлік салаларын атап өтті.
2006 жылы 15 маусымда «Альянс Банк» АҚ Азиялық Даму Банкімен 50 млн. АҚШ доллары сомасында өтеу мерзімі 5 жылдың алғашқы несие алу туралы келісімге қол қойды. Бұл Азиялық Даму Банкінің үкіметтік кепілдіксіз берілген алғашқы несиесі болды. Сонымен қатар бұл Қазақстандағы жеке саланы қаржыландыру бойынша алғашқы жоба еді. АзДБ талдаушылары мұнай саласын қоспайтын басқа салаларға, соның ішінде, шағын жəне орта бизнес саласына инвестициялар тарту жолымен диверсификациялау Қазақстан экономикасын дамытудың маңызды бағыты болып табылады деп –болжады.
Бүгінгі таңда АзДБ жобалардың іске асырылуына немесе экономиканың жеке саласын дамытуға емес, елдің толық дамуына көңіл бөледі. АзДБ-нің жаңа аймақтық бөлімшелері қатысушы елдің қажеттіліктеріне сəйкес құрылған бағдарламалардың орындалуы арқылы интеграциялық дамуға ықпал етеді.
Осындай аймақтық жобалардың бірі – Орталық-Азиялық Аймақтық Экономикалық Ынтымақтастық (ЦАРЭК). ЦАРЭК бағдарламасы аймақтық ынтымақтастықты нығайту арқылы экономикалық өсімді дамыту жəне аймақтағы өмір сүру деңгейін арттыру үшін құрылған. Ол инфрақұрылымды дамыту, қоршаған ортаға байланысты саясатты жетілдіру, энергетикалық, сауда жəне көлік саласындағы шекара бойындағы қарым-қатынастар бойынша жобаларды қаржыландыруды қарастырады. ЦАРЭКке қатысушы-елдер: ҚХР (Шыңжан-Ұйғыр Автономиялық ауданы), Қазақстан, Қырғызстан, Тəжікстан, Өзбекстан, Əзербайжан, Монғолия, Ауғанстан.
АзДБ-нен қарыз алуға қатысушы-елдер үкіметі де, заңды тұлғалар да үміткер бола алады.
Несие берумен қатар, банк Азиялық дамушы елдерге əртүрлі жобаларды дайындау мен іске асыруда сарапшылар қызметі түрінде техникалық көмек көрсетеді.
2008 жылдың 25 қарашасында АзДБ Ислам даму банкімен жəне Халықаралық ынтымақтастық бойынша Жапон Агенттігімен Қазақстанның оңтүстігіндегі 480 шақырымға созылып жатқан жер жүйесін қалпына келтіруге бірікті. Бұл жол жобасының шеңберіндегі жалпы инвестиция көлемі шамамен 6,7 млрд. АҚШ долларын құрайды, оның ішінде АзДБ жəне оның серіктестерінің жері 1,48 млрд. АҚШ долларын құрайды. АзДБ 700 млн. АҚШ доллары, ИДБ — 414 млн. АҚШ доллар, JICA – 150 АҚШ доллары көлемінде көптранштті қаржыландыру тетіктерін ұсынды. Жобаның жалпы даму жоспары шеңберінде ҚР үкіметі, жеке сектор, Əлемдік банк жəне Еуропа қайта құру жəне даму банкі қаржыландырудың басқа тараптары ретінде қатысты.
2009 жылдың наурызында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодəлізінің құрылысына қарыз бөлу туралы келісімге қол қойылды, ол бойынша АзДБ 700 млн. АҚШ долларын, ЕҚДБ 180 млн. АҚШ долларын құйды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *