ШЫҰ: өткені, бүгіні жəне ертеңі

ШЫҰ: өткені, бүгіні жəне ертеңі
Шаңхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) – 2001 жылы 15 шілдеде Шаңхай қаласында алты мемлекеттің (Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тəжікстан жəне Өзбекстан) бастамасымен құрылған үкіметаралық халықаралық ұйым. ШЫҰ-ның ізашары «Шаңхай бестігі». Ал Шаңхай əріптестігі Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тəжікстан арасындағы шекарадағы əскери күшті қысқарту жəне сенім шараларының күшейтілуімен жүзеге асырылды. 1996 жəне 1997 жылдары бес мемлекеттің басшылары Мəскеуде кездесіп, шекара аумағында əскери сенім шараларын күшейту Келісімі жəне шекарадағы əскери күшті қысқарту жəне сенім шараларын күшейту Келісіміне қол қойды. Осыдан кейін бес мемлекеттің аумағында кезегімен ұйымдастырылып, толық қалыптасты. Кездесулер тақырыбы да кеңейе бастады. Енді бұл шаралар бес мемлекеттің арасындағы саяси, қауіпсіздік, сыртқы байланыс, экономика жəне сауда салаларындағы тиімді өзара əріптестік дəрежесіне көтерілді. 2000 жылы Өзбекстан Президенті Душанбеде өткен саммитке қатысты. Бұл бес мемлекет басшыларының алғашқы кездесуі Шаңхайда өткендіктен, əріптестіктің бұл тетігі «Шаңхай бестігі» деп аталды. 2001 жылы маусымда «Шаңхай бестігінің» бес жылдығына орай мүшемемлекеттер басшылары жəне Өзбекстан Президенті Шаңхайда кездесіп, осы кездесуде Өзбекстан құрылымға енді. Ізінше Шаңхай ынтымақтастық ұйымын құру жөніндегі Декларация жарияланды. Бұл құжатта мүмкіндіктерді тиімді пайдалану жəне жаңа айбаттар мен қатерлерге қарсы тұру, өзара əріптестік деңгейін жəне дəрежесін көтеру үшін «Шаңхай бестігінің» негізінде Шаңхай ынтымақтастық ұйымын құру жөнінде шешім қабылданғаны айтылған.
Ұйымның мақсаты мен қағидалары
ШЫҰ Хартиясына жəне Шаңхай ынтымақтастық ұйымын құру жөніндегі Декларацияға сəйкес, ұйымның негізгі мақсаттары мынадай:
• мүше-мемлекеттер арасында өзара сенім, достық, тату көршілік қарым-қатынастарды нығайту;
• саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, білім беру, қуат көзі, көлік, экологиялық жəне өзге де салаларда тиімді əріптестік шараларын дамыту;
• ортақ күш жұмсап, аймақтық бейбіт өмірді, қауіпсіздікті жəне тұрақтылықты қамтамасыз ету, демократиялық, əділ жəне ұтымды саяси, экономикалық халықаралық тəртіп орнатуға жағдай жасау.
ШЫҰ келесідей негізгі қағидаттарды ұстанады: БҰҰ-ның мақсаттары мен қағидаларын ұстану; тəуелсіздікті, егемендікті, аумақтық тұтастықты сақтау, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, өзара күш қолданбау жəне қоқан-лоқы көрсетпеу; барлық мүшелердің тең құқықтығы; барлық мəселелерді өзара кеңесу арқылы шешу; басқа мемлекеттерге немесе ұйымдарға қарсы бағытталған одақтарға бірікпеу; басқа мемлекеттермен жəне аймақтық ұйымдармен əртүрлі сұхбатқа, пікір алмасуға жүгіну, əріптестікке ашықтық жəне даярлық. ШЫҰ қарулы күштерді қысқартуға, қауіпсіздікке əріптестік жолымен қол жеткізуге, діңгегі одақтастық емес, əріптестік болып табылатын жаңа сипаттағы мемлекетаралық қатынастарға, аймақтық əріптестіктің жаңа үлгісіне негізделген қауіпсіздіктің жаңа тұжырымдамасын толық қолдайды. Бүгінгі таңда ШЫҰ шеңберіндегі əріптестік қоғамдық өмірдің əртүрлі салаларын (қауіпсіздік, көлік, мəдениет, төтенше жағдайлардың алдын алу, салдарын жою; құқық қорғау қызметі жəне т.б.) қамтиды. Қауіпсіздік пен экономика саласындағы əріптестік басым бағыт ретінде ШЫҰ – қызметі басқа мемлекеттерге немесе халықаралық ұйымдарға қарсы бағытталған əскери блок болып табылмайды. Сонымен қатар, ШЫҰ өз мүшелерінің арасында əртүрлі салаларда кең ынтымақтастықтың дамуын қарастырады.
Қазақстанның ШЫҰ бойынша əріптес елдермен тең дəрежедегі сұхбатқа сындарлы жəне мақсатты қатысуы Қазақстанның өңірдегі ұстанымын күшейтеді. Ұйымның қағидаттарына толық сəйкес келетін мемлекеттер арасындағы өзара сенім мен түсіністіктің арта түсуіне көмектеседі. ШЫҰ-ның 2 жетекші ойыншысы – Ресей мен Қытайдың арасында орналасқан Қазақстан өңірлік ынтымақтастықтың жасампаз бастамалары мен жобаларын белсенді қолдайтын Ұйымның маңызды буыны болып табылады.
1996 жылы Шаңхай үдерісі басталғалы бері Қазақстан ШЫҰ аясында жан-жақты өзара іс-қимылдың белсенді қатысушысы болып келеді. Қазақстан Ұйымның аясында өтетін лаңкестікке қарсы əскери жаттығуларға, ғылыми конференциялар мен форумдарға тұрақты қатысуда. ШЫҰ құқықтық базасының нығаюына үлкен үлес қосып келеді. 2006 жылы Қазақстан Бейжіңдегі Хатшылықтың жанындағы жəне Ташкенттегі Өңірлік лаңкестікке қарсы құрылымның Атқарушы комитетіндегі өзінің тұрақты өкілдігінің аппаратын алғашқы құрғандардың бірі болды.
2007 жылдан бастап 2009 жылдың соңына дейін ШЫҰ бас хатшысы болып Болат Нұрғалиев (Қазақстанның өкілі), Аймақтық лаңкестікке қарсы Ташкенттегі құрылымның Атқарушы комитетінің директоры болып Мырзақан Субанов (Қырғызстан өкілі) тағайындалды. ШЫҰ-ның əрбір жұмыс органында Қазақстанның атынан 6 адам қызмет атқаруда.
2006 жылғы маусымның 15-інде Шанхайда өткен саммитте Қазақстан ШЫҰ Азия энергетикалық стратегиясын жасауға бастама көтерді. Бұл ШЫҰ-да сауда-экономикалық саладағы тəжірибелік ынтымақтастықтың басталуына түрткі болды. Сондай-ақ ҚР Президенті ШЫҰ аясында заңсыз көші-қонмен күрес жөнінде келісім жасасуды ұсынды.
Бүгінде ШЫҰ – Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықтың барынша табысты үлгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың айтуынша, «Қазақстанның ұсыны сымен жүзеге асырылған Еуразия идеясының 3 киті – ЕуразЭҚ, АӨСШК жəне ШЫҰ».
Ұйымға мүше мемлекеттердің арасында қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету саласында өзара іс-қимылдың зор оң тəжірибесі жинақталған. Мүше мемлекеттердің арнайы қызметтері мен құқықтық органдары лаңкестік жəне экстремистік күштермен күресу үшін тиімді байланыстар орнатты. 2006 жылы Қазақстан Қытаймен бірлесіп, шекаралас аудандарда «Тянь-Шань – 2006» лаңкестікке қарсы жаттығуларын, сондай-ақ ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің қатысуымен «Шығыс-Лаңкестікке қарсы» жаттығуларын өткізді. 2007 жылы жазда Ресейде ШЫҰ-ның кең ауқымды «Бейбітшілік миссиясы – 2007» əскери жаттығулары өтті.
ШЫҰ жылдан жылға ынтымақтастықтың жаңа салаларын қамтып келеді. 2006 жылы ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің парламенттерінің, жоғарғы сот басшыларының, білім министрлерінің алғашқы кездесуі өтті. Сыртқы экономикалық жəне сыртқы сауда қызметіне, көлік пен мəдениетке жауап беретін бас прокурорлардың, министрлердің кездесулері тұрақты ұйымдастырылып отырады. Отын-энергетика кешені саласында өзара іс-қимыл нығаюда. 2007 жылы энергетика министрлерінің алғашқы кездесуі өтті. Жоғарыда аталған барлық фактілер Шаңхай ынтымақтастық ұйымы көп жақты өңірлік құрылымға бірте-бірте айналып келе жатқандығын айғақтайды.
2007 жылғы тамыздың 16-сында Бішкекте өткен саммитте мемлекеттер басшылары ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің ұзақ мерзімге тату көршілігі, достығы жəне ынтымақтастығы жөніндегі шартқа қол қойды. Алты елдің көшбасшылары сондай-ақ Бішкек декларациясына қол қойып, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің халықаралық ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі Іс-қимылдар жоспарын бекітті.
Ұйымның құрылымы жəне өкілеттігі
ШЫҰ-ның жоғары органы ШЫҰ-на мүше-мемлекеттердің мемлекет басшыларының кеңесі болып табылады. Кеңес басымдылықтарды белгілеп, Ұйым қызметінің негізгі бағыттарын айқындайды, оның ішкі құрылымы мен жұмыс істеуінің негізгі мəселелерін шешеді, басқа мемлекеттермен жəне халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасын реттейді, сонымен қатар халықаралық өзекті мəселелерді қарастырады.
Кеңес жылына бір рет жиналады. Мемлекет басшыларының кеңесін ұйымдастырған мемлекет басшысы мемлекет басшыларының кеңесінің отырысында төрағалық етеді. Мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысының өтетін жері, əдетте ШЫҰна мүше мемлекеттердің мемлекет атауларының орыс алфавитінің ретіне сəйкес белгіленеді.
ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің Үкімет басшыларының кеңесі Ұйым шеңберінде сауда-экономикалық ынтымақтастық саласындағы өзара ықпалдастықтың негізгі мəселелерін қарайды жəне шешеді, Ұйым бюджетін қабылдайды.
ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің кеңесі Ұйымның ағымдағы қызметін, мемлекет басшылары кеңесінің отырысына дайындық, халықаралық өзекті мəселелер бойынша Ұйым шеңберінде консультациялар өткізу мəселелерін қарайды. Қажет жағдайда Кеңес ШЫҰ атынан мəлімдеме жасай алады.
ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің министрліктері мен ведомстволары басшыларының кеңесі өзара ықпалдастықтың нақты салаларындағы ынтымақтастық мəселелерін қарайды. Сыртқы экономикалық жəне сауда қызметі, көлік, білім беру, мəдениет, қорғаныс жəне төтенше жағдайларға жауапты министрлер жүйелері бойынша үйлестіру тетіктері жұмыс істейді.
ШЫҰ шеңберінде Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының, бас прокурорлардың, жоғарғы соттардың кездесулері тұрақты түрде өткізіледі. 2006 жылы парламенттер спикерлерінің кездесуі өтті.
ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің ұлттық үйлестірушілерінің кеңесі – Ұйымның ағымдағы қызметін үйлестіруді жəне басқаруды жүзеге асыратын орган. Кеңес Мемлекет басшыларының кеңесіне, Үкімет басшыларының кеңесі мен Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне дайындық жұмыстарын жүргізеді. Кезекті мемлекет басшыларының кеңесі өтетін елдің ұлттық үйлестірушісі Кеңесте төрағалық етеді. ШЫҰ-ның тұрақты жұмыс істейтін органдары Пекиндегі Ұйым Хатшылығы мен Ташкенттегі Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының (АТҚҚ) атқарушы комитеті ұйым алдындағы негізгі міндеттерді шешуде маңызды рөл атқарады. Муратбек Иманалиев – (Қырғызстан өкілі) 2010 жылдың қаңтарынан бастап ШЫҰ Бас хатшысы, ал Женісбек Жұманбеков (Қазақстан өкілі) – АТҚҚ атқарушы комитетінің директоры.
ШЫҰ Бас хатшысы мен АТҚҚ атқарушы комитетінің директоры мүше мемлекеттердің азаматтары қатарынан ротация негізінде мемлекеттің атауы бойынша орыс алфавитінің тəртібі бойынша 3 жылға, əрі қарай ұзарту құқығынсыз сайланады.
Қалыптасқан тəжірибе бойынша Ұйымға төрағалық 1 жылдық кезең ішінде жүзеге асырылады. Кезекті саммит аяқталғаннан кейін басталып, төрағалық етуші мемлекеттің аумағында ШЫҰға мүше мемлекет басшыларының кезекті отырысын өткізумен аяқталады. 2010 жылы 10-11 маусымдағы Ташкентте өткен саммитке дейін Ұйымға Өзбекстан төрағалық етсе, 2010 жылдың маусымынан бастап 2011 жылдың маусымына дейін ШЫҰ-ға Қазақстан Республикасы төрағалық етті.
Қауіпсіздік саласындағы негізгі бағыттар жəне Қазақстанның қауіпсіздік саласындағы көпжақты келісімдер негізіндегі қабылданған құжаттары
Лаңкестікке, сепaратизм мен экстремизмге қарсы ұйымның тұрақты бас қосулары, конвенция, декларациялар, құрылтайлар жəне соның негізін құрайтын құжаттар, аймақтық лаңкестікке қарсы құрылым туралы ШЫҰ-на мүше мемлекеттердiң арасындағы келiсiм, мемлекет басшыларының декларациясы – ШЫҰ ұйымының басты шаралары болып табылады. Ұйымның осы саладағы маңызды əрекеттерінің бірі 2002 жылы 7 маусымдағы Конвенция бойынша аймақтық лаңкестікке қарсы құрылым дүниеге келді. ШЫҰ-ның мақсаттары мен аймақтық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң төңiрегiндегi жүзеге асыру жұмыстары арқасында лаңкестерге қарсы жаттығулар өткiзуде бірлескен тəжiрибе жұмыстарын жүргізу жəне тəжiрибе алмасуға үлкен мəн беріліп келеді. Алғашқысы 2003 жылдың тамыз айында өткізілді (Өзбекстан қатысқан жоқ). Жаттығудың бастапқы кезеңі Қазақстанда өткізілсе, екінші кезеңі Қытайда жүргізілді. Оқу-жаттығу тəжірибе жұмыстарының арқасында мыналар анықталды:
– ШЫҰ-на мүше елдердің қарулы күштерінің əскери дайындығының күшеюі;
– лаңкестерге қарсы бірлескен операцияларды өткiзу бой ынша жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы тəжiрибе алмасу.
2005 жылдың тамыз айында «Бейбіт миссия – 2005» атауымен ҚХР жəне РФ арасында қарулы куштерді дайындау мақсатында əскери дайындық жұмыстары жүргізілді. Келесі дайындық жұмыстары 2006–2007 жылдары өткізілді.
2008 жылдың қыркүйек айында «Волгоград-Антитеррор — 2008», 2009 жылы «Бейбіт миссия — 2009» командалық штабтық оқу-жаттығулары өткізілді.
ШЫҰ қатысушылары тəжірибе алмасу жəне дайындық жұмыстарын жүргізу нəтижесінде есiрткiге қарсы қызметтерді меңгергендіктерін көрсете білді. Ұйым 2006 жылы əлемдегi лаңкестік сияқты халықаралық наркомафияға қарсы күрестiң жоспарлары белгіленіп, 2008 жылы Ауғанстандағы жағдайды ретке келтіру үшін қаржы бөлу жұмыстары жоспарға енді.
Сондай-ақ қазіргі таңда жаһандану кезеңінде ақпараттық қауiпсiздiк жүйесiне маңызды рөл берiледi. 2007 жылдың 16 тамызында ШЫҰ мемлекеттерінің халықаралық ақпараттық қауіпсіздігінің сарапшылар тобы құрылды.
Ұйымның қызметi мен жұмыс жасауындағы Қазақстан Республикасының рөлі, ұстанымдары жəне табыстары
2011 жылдың маусым айындағы ШЫҰ-на мүше мемлекеттер басшыларының саммитінде Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан үшін ШЫҰ басшысы ретіндегі негізгі басымдықтар Орталық Азия аймағындағы бейбітшілікті сақтау, тұрақтылық жəне қауіпсіздік екенін атап өтті. Қазақстан – ШЫҰ-ның тек белсенді қатысушысы ғана емес, ұйым айналасындағы көптеген идеялар, жобалар мен бағдарламалардың бастамашысы. ШЫҰ-ның Екатеринбург саммитінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бiртұтас ұлтүстi есеп бiрлiктiң кiрiспесiн енгізу идеясын ұсынуы мұның жарқын мысалы.
Қазақстан ШЫҰ төрағалық ету мерзімінде (2010 жылдың маусымы – 2011 жылдың маусымы) 90-ға жуық түрлi деңгейде жəне 30 республика аумағында өткізілуге тиіс шаралар белгіледі.
Олардың қатарында: қауiпсiздiк саласы; сауда-экономикалық өзара əрекеттесудiң мəлелелері; мəдени-гуманитарлық iстестiк; ШЫҰ-ның халықаралық байланыстарын дамыту, сонымен бiрге Астанадағы ШЫҰ саммитінің мерейтойлық басқосуы.
Қазақстан сонымен «Шаңхай рухы» қағидасының жолын ұстаушынылардың бірі болып табылады. Ол дегеніміз: сенім, өзара пайдалар, теңдiк, өзара кеңестер, мəдениеттердiң алуан түрлiгiне құрмет жəне бiрлескен дамытуға талпыныс.
Аймақтық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жəне дағдарыстық ахуалдарды шешудегi ШЫҰ қызметiнiң рөлі мен келешегі
Шанхай ынытмақтастық ұйымының 2011 жылдың 15 маусымында Астанада өткен мерейтойлық саммитінде ұйым басшылыры ШЫҰ-ның бірден-бір халықаралық институтқа айналғандығын атап өтті. Ұйым көптеген əлемдік экономика мен түрлі мəдениет жəне өркениет иесі болып отырған мемлекеттерді біріктірді. Сoңғы жылдардағы көрсеткіш бойынша ШЫҰ ішіндегі тауар айналымы 7 есеге өскен. Iскерлік кеңес жəне Банкаралық ұйым құрылып, соның аясында ШЫҰ экономикалық форумы үнемi жүргiзiлiп отырады. 2020 жылға дейiн белгіленген ұйымның барлық мүшелері үшін оң нəтиже беретін көпжақты сауда-экономикалық iстестiктiң бағдарламасы жүзеге асырылуда. Лаңкестік, сепаратизм жəне экстремизмге қарсы күрес жөніндегі Шанхай конвенциясы қабылданып, Аймақтық лаңкестікке қарсы құрылым қызметінің аясында 500-ден астам лаңкестік акт жасалды. Қазақстан төрағалығы «Қауіпсіздік жəне серіктестік жолындағы он жыл» ұранымен 110нан астам бірлескен шаралар өткізді. «Бейбіт миссия – 2010» атты лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді.
Біздің еліміз 2010 жылы ішкі саяси дағдарыстан жапа жеккен Қырғызстан халқына көмек көрсетті. Көрсетілген көмек көлемі 500 миллион долларды құрағандығы жайлы Елбасы өз сөзінде атап кетті.
Барлығына белгілі болғанындай, ШЫҰ – Қырғызстандағы сəуір жəне шілде айларында орын алған əлеуметтік, экономикалық жəне саяси өмірдегі дағдарысқа көңіл бөлген алғашқы ұйым. ШЫҰ-ның маңызды мiндеттерiнің бiрі – ұйымға мүше мемлекеттердің қауiпсiздiк байбаламдарын жоюдың ұтымды жəне тиiмдi тетiгiн жасау. Қырғызстан жəне Өзбекстандағы оқиғалар қауіптің тек лаңкестік бола алмайтындығын көрсетті. Атап өтетін жайт, ұйымға қатысушы елдер арасындағы жөнге салынбаған мəселелердің бірі шекаралық өзендер қорларын пайдалану мəселесі болып отыр. Бұл жоспарда ҚХР Кемелік емес халықаралық су жолдарын қорғауға жəне шекарааралық су ағындары (1992) жəне халықаралық Көлдердiң қолданылуы туралы (1997) халықаралық су ағындарының қолданылуының кеме жүрмейтiн түрлерiнiң құқығы жөніндегі Конвенциядан бас тартты. Аталған Қазақстан жəне Қытай арасындағы осындай мəселені шешудің бірінші құралы ШЫҰ-ның қызмет əрекеті болып табылады. Мұндай жағдайларда ШЫҰ əлеуетін қолдану маңызды болып табылады. Бейбітшілікті сақтау, қауіпсіздік жəне тұрақтылық, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау – ұйымның басты мақсаты.
Қорыта айтқанда, ШЫҰ аймақтағы көпқұрылымды негізгі ұйымға айналды. Ұйым қызметі экономикалық серіктестік, көлік тасымалы жəне гуманитарлық өзара қарым-қатынас салаларын қамтиды. Сонымен бірге ұйым өз қызметі төңірегіне Еуразия құрлығындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселелерін қамтуға тырысып келеді. Құрлық орталығындағы жағдайларды назарға ала отырып, Қазақстан ШЫҰ-ның белсенді қатысушысы ретінде аймақтық жəне əлемдік маңыздағы тұрақтылықты сақтау үшін белсенді əрекет етіп келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *