Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны делимитациялау

Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны делимитациялау
Қазақтардың этностық аумағының қалыптасуына ХV-ХVІ ғасырлардың тоғысындағы саяси құрылымдардың пайда болуы септігін тигізді. ХІХ ғасырдың аяғына қарай үш жүздің Ресей империясы құрамына енуі алдында қазақтардың кең байтақ жерлері – Жетісу, Батыс, Орталық, Солтүстік жəне Батыс Қазақстан өңірлері енген аумақтарды иемденді.
Ұлы жүз қазақтары оңтүстік-шығыс Қазақстан аумағын қоныстанған: Жетісу, Іле өзенінің аңғарында, Жоңғар Алатауы, Қырғыз жəне Қаратау жоталарында, Шу жəне Талас өзендері аралығында жəне Сырдария өзенінің орта жəне жоғарғы ағысында орналасқан. Орта жүз қазақтары Орталық, Солтүстік жəне Шығыс Қазақстанның ұлан ғайыр аймақтарында қоныстанған. Кіші жүз Батыс Қазақстан аумағын мекендеді.
Қазақ хандығының геосаяси, тарихи жағдайларына байланысты, сонымен қатар Жоңғар хандығының əскери агрессиясы жағдайында Қазақ хандығының аумақтарын сақтап қалу мақсатында Əбілхайыр хан Ресей протекторатын қабылдау туралы күрделі шешім қабылдайды. 1731 жылы Кіші жүз, ал 1734 жы лы Орта жүз Ресей бодандығына өтті. Бұл құбылыс Ресей им перия сының отарлау жоспарларына сай келді, яғни қазақ жерлері арқылы Азиядағы тиімді сауда қатынастарына жол салып, Қазақстан байлығын игерді.
Қазақ жерлерінің Ресей империясы құрамына ену үдерісі жүз жылдан артық уақытқа созылды. ХІХ ғасырдың 40-шы жылдарына дейін Қазақстанның оңтүстік жəне оңтүстік-шығыс аудандары Қоқан жəне Хиуа хандықтарының қол астында болды. 1845 жылы Ұлы жүз халқының бір бөлігі Ресей бодандығын қабылдады. 1860 жылдың қазанында Ресей əскерінің отряды Қоқан əскерін талқандап, Мерке, Түркістан, Əулие-Ата жəне Шымкент қалаларын алды. Осылайша, 1860-1864 жылдарындағы əскери қақтығыстар нəтижесінде Қазақстанның Ресей империясына қосылуы толығымен аяқталды.
ХІХ ғасырдың ортасындағы патша үкіметі хандық билікті мемлекеттік саяси институт ретінде жойып, түбегейлі əкімшілікаумақтық реформаларды жүзеге асыруға кіріседі. Бұл өз кезегінде мемлекеттіліктің жоғалуы мен қазақ хандықтарының өз жерлерінен айрылуына əкеледі. Қазақтың үш жүзінің жерлері Ресейдің жаңадан құрылған губернияларының құрамына енетін болды.
Қазақстан аумағы алғашында 3 генерал-губернаторлықтың құрамына енді: Орынбор, Батыс-Сібір жəне Түркістан жəне 6 облысқа бөлінді: Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу жəне Сырдария.
1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда өзінің аумақтық тұтастығын қайтадан құру мүмкіндігі пайда болады. 1917 жылғы 5-12 желтоқсан аралығында Орынборда өткен Екінші жалпықазақ съезінде «Алаш» саяси ұлттық партиясы аумақтықұлттық автономия құруды ұсынды. Бірақ большевиктік билік мұндай үдерістерге жол бермеді.
Одан кейін қазақтың либералды зиялы қауым өкілдері большевиктік билік алдына Федеративті Ресей Республикасы құрамында аумақтық-ұлттық автономия құру туралы мəселені қойды. Нəтижесінде Қазақстан кеңестік мемлекеттілікке ие болып, РКФСР құрамына ұлттық автономия құқығында енді. Ал 1936 жылы Қазақ АКСР-і кеңестік республикаға айналды. Негізінен бұл құбылыстар Қазақстан үшін жағымды сипатта болды деп есептеуге болады. Себебі Қазақстан ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы Ресейге қосылмай тұрғандағы жерлерін қайтарып алды. КСРО конституциясына сəйкес кеңестік республиканың аумағын оның келісімінсіз өзгертуге болмайтын. Бірақ Қазақстан мен Өзбекстанның КСРО құрамында болған кезіндегі əкімшілік-аумақтық шекаралары КСРО заңнамасына сəйкес рəсімделген. Ал Қазақ КСР мен РКФСР арасындағы шекара заңды негізде рəсімделмей, оның конфигурациясы Қазақстан мен Ресейдің шекаралас облыстарындағы жерді пайдалану нəтижесінде кезекші картада белгіленді.
Сол уақытта осы сияқты кезекші карталардың мəртебесі жоғары болып көрінетін. Өйткені, шекаралас облыстардың шекара сызығының келісімі дəл осындай карталарда белгіленген еді. Мұндай карталарға КСРО Министрлер Кеңесінің жанындағы Республикалық аумақтық инспекциялардың геодезия жəне картография Бас басқармасы бақылау жасады.
Əкімшілік- аумақтық шекараларды белгілеуге қатысты бір топ құжатты жерді пайдалану шекаралары белгіленген ведомстволық графикалық жоспарлардың жинағы, жерге жəне орманға орналастыру материалдары жəне сызбалары құраған.
Қазақстан-Ресей əкімшілік-аумақтық шекараларының кейбір аудандарындағы шекара сызығының өтуіне бірнеше рет түзетулер енгізіліп, мұндай түзетулер шекаралас облыстардың жерге орналастыру материалдарында бекітілмеген. Осылайша, шекаралас облыстардың жерге орналастыру құжаттарында, кезекші карта мен орманға жəне жерге орналастыру материалдарында қарамақайшылықтар туды.
Кезекші карталаларға келетін болсақ, бұл құжаттар жалпымемлекеттік емес, ведомстволық құжаттардың тобына жатады. Сол себеті олар «Кезекші анқытама картаны жүргізу нұсқауы» негізінде рəсімделген, яғни Қазақ КСР, КСРО мен РКФСР-ның жоғарғы органдарымен конституция мен заңнамаға сəйкес бекітілмеген.
1992 жылы 25 мамырда екі елбасшысы – Н. Назарбаев пен Б. Ельцин Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерация сы арасындағы мемлекеттік шекараны қорғау, бір-бірінің аумақтық тұтастығын сақтау, оған қол сұқпау жөнінде жəне өзара көмек көрсету, достық қарым-қатынас туралы шартқа қол қойды. 1998 жылдың 6 шілдесінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Президенттері қол қойылған біріккен мəлімдемеде ХХІ ғасырға бағытталған өзара ынтымақтастықтың бағыттары арасында біріккен шекара сызығы бойында қажетті шекаралық, кедендік, миграциялық жəне басқа қауіпсіздік түрлерін қамтамасыз ету мақсатында реттеу тəртібінің маңыздылығын атап өтті. 1998 жылдың қазан айында Қазақстан мен Ресей Президенттері қол қойған мемлекеттік шекараны делимитациялауға қатысты Хаттамаға сəйкес, шекараны делимитациялау жəне осыған сəйкес мемлекетаралық шартты дайындау мақсатында екі елдің үкіметтеріне делегациялар құру тапсырылды.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау жөніндегі келіссөздер 1999 жылдың қыркүйек айында басталды. Қазақстан Республи касы Үкіметінің Қаулысына сəйкес Қазақстан тарапынан келіссөздерді жүргізу құрылған делегацияға жүктелді. Делегацияның құра мына дипломаттармен қатар, түрлі министрліктер мен мекеме өкіл дері, Қазақстанның Ресеймен шекаралас облыстарының мамандары кірді. Осы қағида бойынша Ресей делегациясы да құрылды.
Қазақстан-Ресей шекарасының периметрі бойынша Қазақстанның жеті аймағы: Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар жəне Шығыс Қазақстан облыстары Ресей Федерациясының он екі субъектісімен: Астрахань, Волгоград, Саратов, Самара, Орынбор, Челябинск, Қорған, Түмен, Омбы, Новосибирск, Алтай өлкесі мен Алтай Республикасымен шектеседі.
Келіссөздердің бірінші кезеңіне келесідей мақсаттар қойылды: делимитацияға қатысты өзара тиімді əдіс-тəсілдерді құрастыру, құжаттардың тізімі мен иерархиясын анықтау. Келіссөз барысында келесі кезеңге арнайы құжат Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау жөніндегі келіссөздерді жүргізу тəртібі мен жұмысты ұйымдастыру жөнінде Ережені дайындау мен қабылдау туралы келісілді.
Келіссөздердің екінші кезеңінде Ереже дайындалып, ол 1999 жылдың желтоқсан айында Астана қаласында екі елдің делегацияларымен қабылданды. Ережеге сəйкес топографиялық карталар əзірленіп, ҚР мен РФ арасындағы мемлекеттік шекараның өту сызығының жобасы түсірілді. Сонымен қатар, делегацияларға қазақ-орыс мемлекеттік шекарасы туралы Шарттың жобасын дайындау міндет етілді.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасын дағы мемлекеттік шекараны делимитациялау Қазақ КСР-і мен РКФСР-і арасындағы əкімшілік-аумақтық шекара, шекараның өту сызығын реттейтін құжаттар, картографиялық материалдар мен əкімшілікаумақтық шекараласу жөніндегі заң актілері негізінде болу қажет деп келісілді. Қазақ КСР-і мен РКФСР арасындағы əкімшілікаумақтық шекараның тек екі шағын учаскесі ғана қажетті заң актілерімен белгіленген еді. Осыған байланысты екі елдің делегациясы мемлекеттік шекараны делимитациялау барысында Қазақстан мен Ресейдің шекаралас облыстарының кезекші карталары мен қажет болған жағдайда жерге жəне орманға орналастыру құжаттарын пайдаланатыны туралы келісті.
Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекараны делимитациялау бағыты батыстан шығысқа бағытталған. Каспий теңізінің жағалауынан басталып Алтай тауларында орналасқан Қазақстан, Қытай жəне Ресейдің мемлекеттік шекаралары тоғысқан жерге жетіп аяқталады. Бұл нүкте 1999 жылдың 5 мамырында үш мемлекеттің мемлекеттік шекарасының тоғысу нүктесін анықтау жөніндегі Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы жəне Ресей Федерациясы арасындағы Келісіммен бекітілді.
Келіссөздер үдерісі үкіметтік делегациялардың пленарлық мəжілістері мен осы делегациялардың жұмыс топтарының кездесулері түрінде өтті. Шекараның күрделі бөліктеріндегі мəселелерді шешудің тиімді түрі делегация басшыларының тар форматтағы кездесулері болып табылды.
Келіссөздердің əрбір кезеңі алдында қазақстандық мамандар мұқият дайындалды. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатындағы, министрліктер мен мекемелерде жəне өзге де арнайы мекемелеріндегі құқықтық базаны жəне басқа да материалдарды ұқыпты зерттеді.
Шекараның даулы бөліктері жайлы айтар болсақ, соның бірі
– Батыс-Қазақстан облысының Жəнібек ауданы мен Ресейдің Волгоград облысының Паласс ауданының шекарасында орналасқан КСРО Ғылым Академиясының бұрынғы Жəнібек стационарының аумағы. Бұл бөліктегі əкімшілік-аумақтық шекара сызығының өтуі Қазақ КСР-і мен РКФСР арасында танылған. Бірақ шекара сызығы КСРО Ғылым Академиясының Жəнібек стационарының аумағын екі аумаққа бөлгеннен соң, Ресей тарапынан Қазақстан аумағының аумағына тиесілі бұл бөліктің ағаш отырғызатын жері Ресей аумағына өтуін ұсынды. Сонымен қатар Ресей тарапы осы аудан үшін өтемақылық жер беруді ұсынды.
Жəнібек стационары 1950 жылы тəжірибелік бөлік ретінде құрылған. Зерттеудің негізгі нысандары орманды емес дала аймақтарындағы жасанды ормандар еді. Стационардың ресейлік бөлігі КСРО құлағаннан кейін де Ресей Ғылым Академиясы басқаруымен жұмыс істеген. Жер Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университетінің биология факультетінің оқу-өндірістік тəжірибесі мен ғылыми зерттеулердің базасы болды. Қазақстан территориясындағы стационардың бөлігі Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы Ақтөбе орман тəжірибесі станциясының орман шаруашылығы мен агро орман мелиорацияның Қазақ ғылыми-зерттеу институтының басқарылуында қалды. Ресей тарапы 2000 жылдың өзінде аумақтардың паритетті түрде айырбастау негізінде өз қарамағына өтуін сұрады. Бұл ұсыныс қазақстандық делегация тарапынан мұқият зерттеліп, Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі, Батыс-Қазақстан облысының əкімшілігі тарапынан арнайы кеңестерде қарастырылды. Сонымен қатар, 2003 жылы екі делегация өкілдері мен Батыс Қазақстан жəне Волгоград облыстарының өкілдері шекараның бұл бөлігіне келді. Нəтижесінде Қазақстан үшін бұл аумақта зерттеулердің маңыздылығы ескеріліп, ресейлік ұсыныс қабылданбады. Бұл бөліктегі шекара сызығы КСРО кезіндегі қалпында қалды.
Іс жүзінде делимитация үдерісі екі жақта бар кезекші карталар мен басқа да қосымша материалдарды салыстыру мен үйлестіру негізінде жүргізілді. Түрлі нұсқаларды талқылау мен шешімді қабылдаудан кейін, салыстырылған шекара сызығы қазіргі заманғы 1:100 000 масштабындағы топографиялық карталарға белгіленді. Карта бойынша бағыты, ұзындығы жəне шекараның əрбір бөлік ерекшеліктері ескерілген шекара сызығының өту сипаты мəтінінің жобасы жасалынды.
Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараның қалыптасқан əкімшілік-аумақтық конфигурациясының құқықтық базасының кемшіліктеріне қарамастан, шекаралас облыстардың кезекші карталары мен жерге жəне орманға орналастыру материалдары келісілген жағдайда үкіметтік делегациялар мемлекеттік шекараның өту сызығының сипаттауын жасап, оны топографиялық картаға түсірді.
2004 жылдың басына қарай делегациялар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының өту сызығы жөнінде келісіп, оны сипаттау жобасын дайындаған еді. Жобаға сəйкес мемлекеттік шекара бұрынғы республикааралық конфигурациясын 7591 шақырымнан 7440 шақырымды қайталады. Бұл шекараның жалпы ұзындығының 98 пайызын құрады.
Шекара сызығында екі мемлекеттің мүдделеріне жауап берерлік шешімді талап ететін əлі бірнеше анықталмаған бөліктер қалды. Шекараның ұзындығын ескергенде, мұндай бөліктердің саны он алты болды жəне екі мемлекеттің де мүдделері мен шекаралас аймақтардағы халыққа нұқсан келтірмейтін оң шешімді талап етті.
Алғашқы топтағы тоғыз бөлікке шекаралас облыстардың жетекшілерімен келісілді, жəне осы құжаттарға сəйкес еш күмəн тудырған жоқ. Бірақ екі жақ та осы арада өткен шекаралық сызықты өтемақылық негізде өзгертуді көздеді. Себебі елді мекендер, шаруашылық не басқа да нысандар екінші мемлекеттің аумағында қалушы еді. Мысалы, қазақстандық делегация шекараның өту сызығын келесідей аймақтарда өзгертуді ұсынды. Олар: Ақтөбе мен Орынбор облыстарының аумақтарына тиесілі Союзная станциясы мен Үшқатты ауылды мекені аймақтары, Қостанай мен Челябинск облыстарының аумағында орналасқан Курское-Иваногородское автокөлік жолындағы аймақ, Шығыс Қазақстан мен Алтай өлкесі шекарасындағы аймақ. Ресей тарапынан да осындай сияқты ұсыныстар жасалды.
Екінші топқа жататын жеті бөлік – бұл екі мемлекет ұсынған кезекші карталар мен жерге жəне орманға орналастыру материалдарына сəйкес емес аймақтар. Соның ішіндегі бір бөлікке келер болсақ, оның əкімшілік-аумақтық шекара сызығы кезекші картаға сəйкес екі облыс жетекшілерімен келісілмеген еді.
Қазақстан делегациясы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын делимитациялау жөніндегі келіссөздер жайында Қазақстан Республикасы Үкіметіне жүйелі түрде баяндамалар жасап, шекара сызығындағы күрделі бөліктер бойынша мəселелерді шешу жөнінде ықтимал жолдарды үйлестірді. Қазақстандық делегация өзінің жұмысында əрбір сұрақ бойынша Үкіметтік нұсқауларды пайдаланды.
2004 жылдың қазанында Астанада өткен Қазақстан мен Ресей үкімет басшыларының кездесуі барысында Мемлекеттік шекара жөніндегі Шартқа қол қоюды кейінге қалдырған ҚазақстанРесей мемлекеттік шекарасын делимитациялау үдерісі осы мəселе бойынша қалған сұрақтарды шешу жолдары жөнінде арнайы талқылаудан өтті. Қазақстан мен Ресей үкімет басшыларының келіссөздері нəтижесіндегі келісімдер екі мемлекеттің делегацияларына шекара сызығын карталарға түсіру мен жоғарыда көрсетілген бөліктегі шекараның өту сызығын Сипаттау жобасын дайындауға мүмкіндік берді. Бұл жұмыс 2005 жылдың қаңтарындағы Мəскеуде өткен үкіметтік делегациялардың жиырма алтыншы мəжілісінде аяқталды.
Делегациялар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекара туралы Шарттың жобасын дайындай отырып, мемлекеттік шекараның өту сызығын Сипаттаудың 200 беттей мəтінін қазақ жəне орыс тілдеріндегі мəтінмен салыстыру мен редакциялау жұмыстарын жүргізіп отырды.
Шарттың ажырамас бөлігі екі жақ делегациялары дайындаған топографиялық карталар боп табылады. Бұл құжаттар мемлекеттік шекара Картасының арнайы жасалынған жинағына енді.
Шекараның өту жөніндегі Сипаттау мəтіні шекара сызығының конфигурациясына сəйкес бір шекаралық нүктеден екінші нүктеге дейін, жалпы бағыты батыстан шығысқа етіп жасалынды. Мəтінде көрші шекаралас нүктелер арасындағы сызық ұзындығы мен географиялық нысандар бойымен өткен шекара сызықтары көрсетілді. Сипаттауда келтірілген шекара сызығының параметрлері мен шекаралық нүктелер, көрсетілген Карта бойынша өлшенеді. Сондықтан да сипаттау мəтіні Картаның мазмұнына толығымен сəйкес келеді. Қазақстан-Ресей шекарасының ұзындығында барлығы 1428 шекаралық нүкте белгіленген. Шекаралық нүктелер батыстан шығысқа созылған бағытта реттік сандарға ие, яғни алғашқы нүктесі Каспий теңізіндегі нүктеден басталып, Қазақстан, Ресей жəне Қытай мемлекеттік шекараларының тоғысуындағы нүктемен аяқталады.
Жалпы Шарт 8 баптан тұрады. Оның 3-бабына сəйкес шекараны Сипаттау мен Карта осы Шарттың ажырамас бөлігі боп табылады. Шарттың 5-бабына сəйкес мемлекеттік шекараны аумақта орналастыру мен белгілеу мақсатында екі жақ паритетті негізде Біріккен қазақстандық-ресейлік демаркациялық комиссияны құрады деп белгіленген. Осы құжаттың 6 жəне 7-баптарына сəйкес мемлекеттік шекара кесіп өткен немесе оның сызығы бойымен өткен кен орындары мен пайдалы қазбалар орындарын өндеу, инженерлік құрылыстарды, коммуникациялар мен инфрақұрылымның басқа да нысандарын пайдалану, биологиялық ресурстарды пайдалану мен қорғау, суды пайдалану мен табиғи ортаны қорғау жөніндегі мəселелер бөлек келісімдермен жəне мемлекеттік шекараның тəртібі де бөлек келісімдермен бекітіледі.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекара жөніндегі Шартқа қол қою 2005 жылдың 18 қаңтарында Мəскеуде өтті. Шарт əлемдегі ең ұзын үздіксіз құрлықтағы шекараның өту сызығын бекітеді. Шекараның жалпы ұзындығы – 7591 шақырымды құрайды.
2005 жылдың 2 желтоқсанында Қазақстан мен Ресейде Шартты ратификациялау жөнінде заңдар қабылданды. 2006 жылдың 12 қаңтарында Ресей Федерациясының Президенті В. Путиннің Қазақстан Республикасына сапары кезінде екі мемлекет арасында ратификациялық грамоталармен алмасу өтті. Бұл құжат өзінің заңды күшіне енді. Ал 2007 жылдың шілде айында Қазақстан-Ресей арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялау жөніндегі бірлескен комиссия өз жұмысын бастады. 2009 жылдың мамыр айында тараптар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы шекараға шекара белгілерін орнатуды бастады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *