Дара, дала хәкімі
Жаққан шамы әлі де сөнбегесін,
Абайды оқып тереңге сенделесін.
Қара сөзбен өлеңі болған мұра,
Жас ұрпаққа азық боп демдегесін.
Айналған да тектілік тұлғасына,
Жеткізгенде Абайды шың басына.
Құнанбайды дәретсіз емізбеген,
Зеренің де үлесі бар ғой сірә.
Жыр мен тұрып, ұйықтап өлеңменен,
Абайд(ы) оқып, ойланып кемелденем.
Таңғаламын қанша күйе жақса оған
Хәкім Абай сонда да жеңілмеген..
Іліксеңде сол кезде сан күдікке,
Теңеп еді сені бір әңгүдікке.
Жасындайын жарқ етіп өткен ақын.
Қаларсың сен жүректе мәңгілікке.
Сөз патшасы сияқты бар ақынға,
Самғап ұшқан қара өлең қанатында.
Бір жылда емес немесе бір ғасырда,
Бес жүз жылда туатын дара тұлға!!!
Өмір сен бір
Өмір сен бір жауабы жоқ сұрақсың,
Бұл өмірден кейде шаттық мұң таптың.
Бір жандарды осы күні қуантып,
Ертесінде бақытсызғып жылаттың.
Өмір сен бір жауабы жоқ сұрақсың!!!
Кей адамды биік қылдың құлаттың.
Түсінбеймін неге өмір сені мен,
Көрінесің белгісіндей сұрақтың…
Мына өмір таусылмайтын шырғалаң,
Өмір жолы не дегенмен бұралаң.
Өмірдегі таусылмайтын сынаққа,
Төтеп беріп шыдамдылар жүр аман..
Түсірсеңде жүрегіме түкті мұң,
Жинай берем өткенімнің сынығын.
Әлем болып маған қайғы қылсаңда,
Мен бәрібір сағы сынбас мықтымын.
Өмір әркез әділетсіз қымбаттым,
Бәрі-бірде есені алмай тынбаспын.
Қиындықты үйіп-төгіп берсеңде,
Сен адамға сүйіктісің қымбатсың!
Пендешілік…
Айналсақта айтулы пендеге біз,
Кеуде керіп,
Менменсіп сенделеміз.
Жаратқанның алдын да сұрау болса,
Жауап беріп адамша жөнделеміз.
Не айтарын білмейді тұр атамыз,
Уақытты құрбосқа жаратамыз.
Кәсіп берген бастыққа сиынып көп,
Нәсіп берген Алланы ұмытамыз.
Мал-мүліктің соңынан көп ереміз,
Кейде тіпті оны ұғар жоқ өреміз.
Ойланайық, бауырлар сіз бенен біз,
Жас ұрпаққа тәлімнен не береміз.
Біреулерге өтірік алаңдаймыз,
Ақша үшін бауырды табалаймыз.
Букмекерлік кеңсеге ақша салып,
Садаға көк тиын сала алмаймыз!
Адамдарды кейде көп алалаймыз,
Сөзбен түйреп біресе табалаймыз.
Казиноға өте көп ақша жұмсап,
Алла үйіне баруға жарамаймыз….
Қоңырау шал
Сарғайып жапырақтар түсер мұнда,
Білдіреді адамға күз келгенін.
Қарап қойшы аз болсын телефонға,
Анаңның қоңырау мен іздегенін.
Жаныңа жақын ұста жақсылықты,
Телефоннан анаңмен дидарласшы.
Естісін естімеген дауысыңды,
Көрсінші ақ баланы, қиғаш қасты.
Білем сені түсінем жұмыстасың,
Қызмет өсіп, істерің ұзаруда.
Білесің бе анаңның ұмытпасын,
Түсседағы ажалдың тұзағына.
Жатсадағы жер асты құрсауында…
Сондықтан да анаңа қоңырау шал,
Алысты жақындатар құрал менен.
Тағдыр деген бағынбас құрғыр асау,
Алма кезек білерсің өмір деген…
Сенің күнің
Сенің күнің туады білем ертең,
Табылады бақытың төңіректен.
Әлі-ақ саған қызыға қарап тұрар,
Ту сыртыңнан ғайбаттап, күліп өткен..
Сенің күнің баршаны таңқалдырар,
Оған дейін сынаққа алданып ал.
Бір Құдайым бәрінде көріп тұр ғой,
Сенің күнің өзгені шаң қаптырар.
Сенің күнің туады сөз беремін,
Шөлін басар су іздеп шөлдегенің.
Қолға түспес байлықтан үміт үзіп,
Орындалсын қашан да көздегенің.
Сенің күнің мінекей тағаттады,
Сеніменен бір болсын шуақ таңы.
Саған ылғи қашанда жар болсыншы,
Он сегіз мың ғаламның Жаратқаны.
Наурзхан Шыңғыс Ербол
Наурзхан Шыңғыс Ерболұлы — Алматы қаласы, Абай атындағы РММИ-дің 9-сынып оқушысы, «Ділмар» шешендік өнер үйірмесінің мүшесі, жас ақын.