МЕКТЕПКЕ ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ЖАЛПЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІ ДАМЫМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА ТҮСУ ҚАБІЛЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

МЕКТЕПКЕ ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ЖАЛПЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІ ДАМЫМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА ТҮСУ ҚАБІЛЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ.

 

Ә.Қ. Қыстаубаева –

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті Магистратура және РhD докторантура институтының Дефектология

мамандығының 2-курс магистранты

 

Мақалада жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың қарым-қатынасқа түсу қабілетінің ерекшелігі қарастырылған.

Түйін сөздер: Жалпы сөйлеу тілшінің дамымауы (ЖСТД); дұрыс сөйлеу, мотивация; фонетикалық-фонематикалық, лексикалық, синтаксистік құрылым; когнитивті-кешенділік.

 

Қарым-қатынасқа түсу – тұлғаның қалыптасуы, адамның жеке және әлеуметтік психикалық дамуының негізі болып табылады. Қарым-қатынасқа түсу кезінде тұлғааралық қатынаспен қоса қоғамдық ортамен байланысқа түсуі жүзеге асады.

Сонымен, қазіргі арнайы педагогикада, логопедияда, сөйлеу тілінің бұзылысы (соның ішінде ЖСТД) бар балалар интеграция мәселесіне аса көңіл бөледі. Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың әлеуметтену процессін жеңілдету жолдарының бірі ересек тобындағы мектепке дейінгі жастағы балалардың қарым-қатынастағы сөйлеу мәнерін түзету болып табылады.

 

Дұрыс сөйлеу әдебін меңгеру үшін ересек тобындағы мектепке дейінгі жастағы балаларда алғышарттары қалыптасқан. Зерттеудің субъектісі – жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалар. Сондықтан, сөйлеу әдебін оқыту әдістемесінің құрылуы барысында жалпы сөйлеу тілі дамымауын, сонымен қоса балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет.

Логопедияда есту қабілеті қалыптасқан және интеллектісіне байланысты сөйлеу тілінің кеш дамуы, жалпы сөйлеу тілінің дамымауы — күрделі тіл кемістігі болып табылады. Бұл сөйлеу тілінің барлық компоненттер жүйесінің бұзылысын көрсетеді (Р.Е.Левина).

Сөйлеу тілі қарым-қатынас құралы ретінде қарым-қатынасқа түсу кезінде пайда болады және дамиды. Балаларда сөйлеу тілі функциясының бұзылысы қарым- қатынасқа түсу процессінің дамуында үлкен рөл атқарады. Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы қарым-қатынас деңгейін төмендетеді, психологиялық ерекшеліктердің (тұйықтық, ұялшақтық) пайда болуына, қарым-қатынасқа түсу белсенділігінің төмендеуіне әкеп соғады.

Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы әр түрлі деңгейлермен белгіленуі мүмкін: қарым-қатынас әректінің толық қалыптаспауынан бастап сөйлеу тілінің фонетикалық және лексика-грамматикалық элементтерінің бұзылуына дейін. Жалпы сөйлеу тілі дамымауы алалия, афазия, ринолалия, дизартрия сияқты күрделі сөйлеу патологияларының түрлерінде байқалуы мүмкін. Р.Е.Левина жалпы сөйлеу тілі дамымауының үш деңгейін қарастырған. Одан кейін Т.Б.Филичева зерттеу жұмыстарында ЖСТД төртінші деңгейін сипаттаған. Әр деңгей өзінің біріншілік және екіншілік кемістігінің белгілі сипаттамасы болады. Бір деңгейден екінші деңгейге өтуі жаңа сөйлеу тілі кемістіктерінің қосылуымен сипатталады.

Ересек тобындағы мектеп жасына дейінгі ЖСТД балалардың қарым-қатынасын зерттеуде О.С.Павлованың зерттеу жұмысы маңызы болып табылады. Логопедияның теория мен тәжірибелерді талдау жұмыстарында баланың қарым-қатынасқа түсу қабілетінің қалыптасуы тілдің лексикалық және грамматикалық аспектісінің бірлігі ретінде қарастырылған (Р.И.Лалаева, О.Е.Грибова, Л.Б.Халилова, С.Н.Шаховская) [1]. Сөйлеу тілі тәжірибелерінде бұл аспектілер бір-бірімен тығыз байланысты.

Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөйлеу тілі бұзылыстың барлық деңгейінде – фонетика-фонематикалық (дыбыс айту және фонематикалық қабылдауының жетіспеушілігі), лексикалық (сөз қорының кедейлігі), синтаксистік (сөздің грамматикалық құрылымының, жай және күрделі сөйлемдердің құрылуының бұзылыстары), байланыстырып сөйлеу тілінде байқалады. Бұл мектепке дейінгі жастағы жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың байланыстырып сөйлеу тілінде қиыншылықтар көреді (Р.Е.Левина, Т.Б.Филичева, Г.В.Чиркина) [2].

Ересек тобындағы мектепке жасына дейінгі ЖСТД балалар жеткілікті түрде әдептілік қарым-қатынасқа түсе алады. Бірақта қарым-қатынасы бұзылған ЖСТД балаланың өзіндік ерекшеліктері болады, түзету-педагогикалық процесті құрудағы есеп қажет болады.

Сонымен қатар, мектепке жасына дейінгі балаларды сөйлеу әдебіне оқыту ЖСТД алдын алу жұмысы бойынша түзету-педагогикалық жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.

Тәрбиелеу мен оқыту бағдарламаларында балалардың бір-бірімен қарым- қатынасын, өзін-өзі ұстау тәрбиесіне аса назар аударады. Әр ересек топтарында сыпайылыққа тәрбиелеу мәселесі қарастырылады. Л.С.Выготский эмоцияның қалыптасуын талдау барысында эмоция «критикалық сәттерде» пайда болады деген

 

нәтижеге келген. Осыған орай, эмоция қарым-қатынасқа түсу барысында айқындалады.

Сөйлеу тілінің нақтылығы үш жағдайларға тәуелді болып келеді:

A. адамның таным әрекеттерімен байланысты сөйлеу тілі пәнінің білім мен біліктілігі.

B. тілдік жүйенің біліктілігі, тілдік жүйенің мағынасы

C. басқа сөйлеу тілі дағдыларының тілдік жүйемен байланысы.

Бірнеше себептерге байланысты көрсетілген жағдайлар жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларда қолданыла бермейді. Біріншіден, сөйлеу тілі мен басқа психикалық қабілеттердің дамуының бұзылыстарының арасындағы тығыз байланыс таным әрекеттерінің ерекшелігімен анықталады.

Екіншіден, мектепке жасына дейінгі ЖСТД балалардың сөздік қоры шектеулі болып келеді. Т.Б.Филичева, Г.В.Чиркина ЖСТД балаларда түсініксіз сөздерді қолдануы, табиғи жағдайларды дұрыс айтпайтындарын атап көрсеткен.

Үшіншіден, жоғарғы психикалық функциялардың ерекшеліктері, сонымен қоса тірек-қимыл аппаратының дамымауы, ерік-жігер сферасының бұзылысы, ұсақ моторикасының бұзылыстарына байланысты болып келеді.

ЖСТД балалардың қарым-қатынасқа түсу дағдыларын қалыптастыру мәселесі бойынша арнайы зерттеулерінен қорытындылар шығаруға болады.

Ересек топтағы мектеп жасына дейінгі ЖСТД балалардың қарым-қатынасқа түсу қабілеттерін қалыптастыруды үш құрылым бойынша анықталады:

1. мотивациялық – тиімді қарым-қатынасқа түсе алуы, қарым-қатынасқа түсу жолдары құрылымы жатады.

2. Когнитивті және кешенділік – құрдастары мен ересек адамдармен қарым- қатынасының қиыншылық категориялары кіреді.

3. Тәртіп ерекшелігі: қарым-қатынасқа түсу қызығушылығының жоқтығы, кез келген жағдайда өз-өзін ұстай алмауы, негативизм.

Мектеп жасына дейінгі оқушыларда сөйлеу әдебін меңгеру кезінде лексикалық сөздік қоры, өз ойын жеткізіуі қалыптасады.

А) «Әңгімеге қатысушылар» буыны бойынша:

— әр түрлі формадағы қарым-қатынас қолдану орындылығы (әсіресе бейтаныс адамдармен)

— сен/сіз формадағы сөзді жағдайдың ресмилік дәрежесінде қолдану орындылығы Б) «Қарым-қатынас жағдайы» буыны бойынша:

— уақытша – орындылығы: нақты қарым-қатынас уақыты үшін сәйкес нұсқасын таңдау (мысалы, амандасу, қоштасу)

— мақсаты қарым-қатынас орындылығы: өз ойын білдіру үшін орын алған сөздік қоры (өтініш, шақыру, қабыл алмау)

— мақсаты – практикалық орындылық: өз ойын практикалық түрде жеткізу, мысалы, бір-біріне «маған қызыл түсті қағазды алып берші» деген өтініштер.

Қарым-қатынасты өзбетімен қызмет түрі деп қарағанда О.Е.Грибованың белгілеуі бойынша, вербальді қарым-қатынас жеке тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыруына жоғарғы өарым-қатынас қамтамасыз етеді, қарым-қатынас бірнеше тұлғалардың үйлескен белсенділік ерекше формасы болып табылады. Шектелген грамматикалық құрылымы мен сөздік қорын иемдену, сөйлеу тілі паторлогиясы балалар өз ойын жеткізуде қуанады [3].

Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың әр деңгейінде бұзылыстар кездеседі: фонетика-фонематикалық (фонематикалық қабылдау, дыбыс айтуының

 

жетіспеушілігі), лексикалық (сөздік қорының кедейлігі, сөздердің мағынасын білмей қолданады), синтаксистік (сөздің грамматикалық құрылымының түрлі бұзылыстары, жай және күрделі сөйлем құрау), байланыстырып сөйлеу тілі (себеп-кезектілік байланысын қабылдауы төмен, жоспарлауының бұзылысы). Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың байланыстырып түсінігін айтуы қиындық туғызады (В.К.Воробьева, Р.Е.Левина, Т.Б.Филичева, Г.В.Чиркина).

Қарым-қатынас қабілетінің дамымағандығын сөйлеу тілінің мынадай қасиеттерді игеруден басталады, яғни нақтылық пен логикалық дамуын болжайды.

Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалар берілген шарттарды сөйлеу тілінде қолданылмайды. Біріншіден, баланың сөйлеу тілі бұзылысы және де психологиялық дамуы танымдық іс-әрекетінің ерекшелігі тығыз байланысып шартталған. Олардың жастарына сай қолжетімді барлық ойлау операцияларын меңгеру алғышарттары бола тұрып, баланың сөздік-логикалық ойлауы артта қалады, арнайы оқытусыз талдау, жинақтау, салыстыруды жалпылауды қиындықпен меңгереді. Барлық жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларға ойлау ригидтілігі тән (Ю.Ф.Гаркуша, О.Н.Усанова, Э.Л.Фигередо).

Екіншіден, жалпы сөйлеу тілі дамымаған мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қоры шектеулі және сөздерді қолдану мағынасыздығымен ерекшеленеді. Т.Б.Филичева, Г.В.Чиркина, жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларда бір түрлі сөздерді анықсыз қолдануы, жалпылауы, белгілердің сипатын, табиғат құбылыс атауларын сонымен қатар абстрактті түсініктердің бүртүрлігі ғана байқалады. Сөздік қорының аздығымен сипатталады, көп сөздердің орнына бір сөзді қолданады. Түбірлес сөздерді, синонимдерді іріктегенде балалар көп қиындыққа кездеседі. Ауыспалы мағынадағы сөздерді түсінуі қиын.

Үшіншіден, барлық жоғарғы психикалық функциялары ерекшеліктері (жеткіліксіз тұрақсыздығы және назар салу мүмкіндіктерінің таралу шектеулігі вербальді есте сақтау мен есте сақтаудың нәтижелігінің төмендігі көріп қабылдауының дамуының артта қалуы), сонымен қатар қозғалыс сфераларының ұсақ моторикасының дамымауы, эмоционалды-ерік сферасының бұзылуының жеке тұлғаның сферасының және басқа да сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға кері әсерін тигізеді, осымен сөйлеу тілін анық айтуға қиналады.

Бұл сапалар сөйлеу тілінің ерекше қасиетімен басқарылады-сөйлеу тілінің қарым-қатынас мақсатымен міндеттерін жауап беретін тілдік құралдарының астарында жататын сыйымдылықсыз түсіндіріледі. Стильдік және ситуативті тұлға- психологиялық сыйымдылығымен ажыратылады.

Сөйлеу тілінің қарым-қатынастың сапасын білу және оны меңгеру (сөйлеуші функциясы)-қарым-қатынас қабілетінің негізгі құраушыларының бірі. Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөйлеу тілі сапасының қалыптаспағандығы арнайы әдебиеттерде көрсетілген.

Мектеп жасына дейінгі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың қарым- қатынасқа түсуінде, зейін ерекшеліктерінің қиындықтары кездеседі. (тұрақсыздығы, еріктің төменгі дәрежесі, ойын жинақтаудағы қиындықтар).

Еркін іс-әрекеттің бір түрі болып қарым-қатынас қарастырылады. О.Е.Грибова көрсеткендей сөйлеу тілі вербальді қарым-қатынас сәттілігі тұлғаның жеке ұйымдастырушылығы белгілі жоғарғы деңгейде, қарым-қатынас бірнеше тұлғаның белсенді бағдарлаудың ерекше түрі болып табылады. Сөйлеу тілінде ауытқуы бар балалардың грамматикалық құрылым мен сөздер жиынының шектеулігі, өз ойын

 

білдіруде, бүтін жүйені бөлшектеп немесе керісінше сөздік құралды таңдауда қиындық туады.

Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың қарым-қатынас қабілеттерін арнайы оқыту арқылы зерттеуге қатысты мағыналы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

1. Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың қарым-қатынас қабілеттері қалыптаспағандығы көрсетілген. Қарым-қатынас ережелерін білуі, тиімді қарым-қатынасқа түсуі төмен.

2. Ересектермен және қатарластарымен қарым-қатынасқа түсу қиынға соғады, бұл сөйлеу тілінің когнитивті бұзылысымен байланысты.

3. Сөйлеу тілі мен қарым-қатынас дағдыларының өзара шартталуы, сөйлеу тілі дамуына мынадай өзгерістер әкеледі; сөз қорының аздығы, сөз қорында етістіктің жеткіліксіздігіне, сөздерді байланыстырып айта алмауға, толыққанды қарым-қатынасқа түсуге кедергі болады. Бұл аталған қиыншылықтар сандары келесідей болмақ қарым-қатынасқа түсуге деген қажеттіліктің төмендеуі, қарым-қатынас түрінің қалыптаспауы (диалогтық және монологтық сөйлеу тілі), мінез-құлқының өзгешеленуі, қарым-қатынасқа түсуге деген қызығушылық болмайды, қарым-қатынас барысында бағдарлай алмау, негативизм пайда болады.

Әдебиеттерді талдай отырсақ, жалпы сөйлеу тілі дамымауы тұрақты қарым- қатынасқа орнатуға орасан зор нұқсан келтіреді. Сонымен қатар балалар арасында өзара тұлға аралық қарым-қатынас үрдісінде біршама қиыншылықтар туындайды, оларды оқыту және тәрбиелеу жолында күрделі мәселелер пайда болуы мүмкін.

1. С.Н.Шаховская, Т.В.Влосовец «Логопедия: методические традиции» Моква – Воронеж, 2003

2. А.С. Волкова, Т.В. Туманова, Т.Б. Филичева, Г.В. Чиркина.

3. Логопедия « Методическое наследие » Москва. 2003.

4. О.Е.Грибова, К проблеме анализа речевой коммуникации у детей с речевой патологией // Дефектология, 1995

5. Бычкова С.С. Формирование умения общения со сверстниками у старших дошкольников. –М., 2002 .

 

Резюме

В статье рассматриваются коммуникативные особенности детей с общим недоразвитием речи.

 

Summary

In article communicative features of children with the general underdevelopment of the speech are considered.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *