Көңіл қымбат
Адамның адамға сыйлайтын ең құнды дүниесі — көңіл.
«Төсектің тарлығы — тарлық, Көңілдің тарлығы — қорлық» деген-ақ екен ғой кезінде.
Бұл өмірде жалғыз бақыт – тоқтаусыз алға қарай талпыну мен көңілге көңіл бөлу. Сіз әр басқан қадамыңыздың нұрлы әрі сырлы қыры бар екенін ұмытпасаңыз, алдыныздан ағарып ақ таң шығары айдан анық.
Махаббат пен шапағаттың шынайы шаттыққа толы шуағыңа шомыла алсаңыз, көңіліңіз күндей күлімдеп, көрнекі жағымды қасиеттерге ие боласыз. Жаныңызда жүрген жақсы жандарға жанашыр болып, қолдау көрсетсеңіз сізден семсердей сөз емес, сәттілік пен сезім нұры шашырайды. Басыныздағы бағыңызды бағалау үшін біреудің басындағы баққа деген байланысты бақылауыңыз керек.
Өмірдің мәні адамның адамға деген, байдың кедейге деген, баланың ата — ана мен отбасыға деген сыйластығыңда. Көлеңкеңізге де кербез емес, керемет көңіл сыйлап жүріңіз. Өмір қымбат, көңіл одан да қымбат екенін естен шығармайық, жақсылар.
Қазыбек Жалғас Серікболұлы — Алматы қаласындағы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы, қаламгер, жас айтыскер ақын, «Ділмар» шешендік өнер үйірмесінің мүшесі.