Отау тігу
«Отан – отбасынан басталады». Ата-бабамыз осылайша атан түйенің белін қайыстырар алапат ойды жалғыз ауыз сөзге сыйдырыпты. «Малым – жанымның, жаным – арымның садағасы» деген қағиданы ана сүтімен бойға дарытқан қазақ үшін ары жанынан жоғары тұрған. Сол себепті де, жарық дүниеге шыр етіп келген сәбидің күні ертең-ақ ержетіп отбасын құрайтынын ескеріп, ерте қам жасапты. Қазақтың бел құда, бесік құда болатын ежелгі дәстүрі осыдан бастау алған. Бұдан «он үште отау иесі» деген аталы сөздің де бекер айтылмағанын байқаймыз.
Қазақтың баласы мен қызының отау тігуіне қатысты айтылған даналық сөздерін, сан ғасыр сұрыпталып бізге жеткен әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін, салтжоралғыларынжиып-теріпқарастырсақ, кешегікөшпелі жұрттың өмір салтынан тұтастай ислам пәлсапасы айқындала түсер еді. Ол пәлсапаның өзегінен ұрпақтанұрпаққа жалғасын тапқан үлкен өнегені аңғарамыз. Осы өнеге негізі Ислам дінімен сабақтасып, бір-бірін қуаттайды. Бұл қазақ халқының Ислам дінін берік ұстанғанын аңғартады. Халық даналығын Құранның Исламдағы бала тәрбиесі аят-сүрелерімен шегелеп, бекіте түседі. Мысалы, Құран Кәрімде: «Араларыңдағы бойдақтарды, сондайақ қолдарыңдағы құл мен күңдеріңнің дұрыстарын үйлендіріңдер. Егер олар кедей болса, Аллаһ өз игілігімен байытады. Аллаһ (игілігі) өте кең әрі бәрін білуші»4 – деген аят бар. Қасиетті Құран Кәрімнен отбасына қатысты, үйленген ер мен әйелдің құқықтары мен міндеттері хақында мұнан да басқа көптеген аяттарды кезіктіруге болады.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір хадисінде:
«Үйленіңдер, көбейіңдер, мен қиямет күні үмбетімнің көптігімен мақтанамын»5 деп, үмбетіне отбасы құруды және ұрпақ өрбітіп, өріс кеңейтуді насихаттайды.
Мұсылмандықты діңгек еткен қандай да бір ұлттың немесе қоғамның өз кемеліне келуі әрбір керілген керегенің мығым боп, әрбір көтерілген шаңырақтың шайқалмауына тәуелді. Сондықтан отбасы − ұлт дәнегі, қоғам тірегі.
Бұрынғы ойшылдар бұл тірек берік болса, ұлт та, сол ұлт ұйыстырып отырған мемлекеттің іргетасы да бекем болатынын айтып кеткен. Отбасы қалай бой түзесе, қоғам да соның ырқында болады.
Адам ата ұрпақтары осы қағидалардың барлығын білсе де, мұның бастау бұлағы мен шешімі Ислам дінінде тұнып тұрғанына көз жеткізе алмай-ақ келеді. Ислам діні мұсылман пенденің үйін «жаннаттың бір пұшпағына» теңейді. Сол себепті де «Жұмақтың бір пұшпағына» баланған шаңырақтың астында бүлдіршіндер имани тәрбие алуы тиіс. Осындай құтты шаңырақтағы бүлдіршіндердің үйді бастарына көтеріп, шулағанының өзі періштелердің құлшылықтағы тәсбихын еске салатындай тым тәтті болмақ.
Үйленуді әрі ғибадат, әрі сүннет деп ұғу керек. Сондықтан да ата-ананың мұсылмандық міндеттерінің бірі − мұсылм
ан үмбеті деген атқа лайық иманды перзент тәрбиелеу. Осы арқылы екі дүниеде де Аллаһтың разылығына бөлену. Шаңырақ көтеретін екі жас алдарына осындай асыл мақсат қойса, болашақта отбасымен басталатын отаны берік болады.
Ислам діні бозбала мен бойжеткеннің осы бағытты көздей отырып, шаңырақ көтеруін сауапты әрі құптарлық іс деп таниды. Бас-аяғын терең ойластырып, ыстық сезім мен нұрлы ақылды басшы етіп тігілген отау баянды, сол отауда жарық дүние есігін ашқан ұрпақ та қайырлы болмақ.
Құдайбердіұлы Бағашар