Ж А Ң Ы Л Т П А Ш Т А Р
А
Ай, ай, Айдарбай,
Иiр мүйiз сиырыңды
Үйiңе айдай бар.
* * *
Атам: «Балама ат аламын», – дейдi.
Апам: «Балама ала мата аламын», – дейдi.
Атасы ат ала ма? Апасы ала мата ала ма?
* * *
Атам томағаламаған бүркiттi
Мен томағаламағанда,
Кiм томағалайды?
* * *
Алпыс алты ала баспақ бақтым,
Алпыс алты ала баспақтың iшiнде
Тарғыл тарбақ басы ақ баспақ бар.
* * *
Сол тарғыл тарбақ басы ақ баспақты
Мен тарғыл тарбақ басы ақ баспақ демей,
Кiм тарғыл тарбақ басы ақ баспақ дейдi.
* * *
Асқат Жамап-жасқап,
Жасапты ақ сапты аспап.
Ақ сапты аспабы –
Жап-жақсы аспап.
* * *
Ақ тайыншаның қатығын
Аппағыма беремiн,
Аппағымның атын тез
Айтқаныңа беремiн.
* * *
Арқада алты арқар бар,
Қырқада қырық арқар бар.
Қырық арқарда қарт арқар бар,
Алты арқарда марқа арқар бар.
* * *
Арғы арал, бергi арал,
Ол аралдарды жайлаған мал аралар,
Қырдың қызыл түлкiсiн қырағы алар.
* * *
Ара-тұра тал арала,
Тал iшiнде талар ара.
Содан кейiн қала арала,
Таппай сенi қалар ара.
* * *
Алты қотыр ақ атанға
Алты қолтық отын арттым.
* * *
Арықтың бәрi ғарып емес,
Ғарыптың бәрi арық емес.
Ал Әрiп арық та емес,
Ғарып та емес.
Барып көр, берiп кеңес.
* * *
Айта-айта жақ талды,
Қайта-қайта жатталды.
Жаттаған еңбек ақталды,
Жаттағаным мәңгі сақталды.
* * *
Айланбадан арба айланып барады,
Арбадағылар айбарланып барады.
* * *
Асан әсем билеймiн деп әлек,
Хасен шешен сөйлеймiн деп әлек.
* * *
Атпақ ек бiр-бiр құр,
Қу екен құр құрғыр.
Таптырмай қырдан құр,
Қайттық бiз құрдан-құр.
* * *
Асан бақша жақтан
Ақ сабақ асқабақ әкелді,
Басқа жақтан
Басқарақ асқабақ әкелді.
* * *
Ала-ала алашалар,
Тамаша олар,
Оған кім таласа алар.
Алашаларды
Таба алса, алар.
* * *
Араның тісі қыши ма?
Баланың қолы қыши ма?
Ара тісі қышымаса,
Балаларды шағар ма?
Бала қолы қышымаса,
Ойыншығын шағар ма?
* * *
Ағашты ол бұтарламағасын,
Мен бұтарламадым.
Ағашты мен бұтарламағанда,
Кім бұтарлайды?
* * *
Асқаржаным – Ашқарағым,
Асқа барың Бастан мәлім.
* * *
Ағама ат тағалаттырдым,
Жеңгеме жалын тазалаттырдым,
Апама тоқым жаңалаттырдым,
Өзім бәрін қадағалап тұрдым.
* * *
Ата мен әже, ана да,
Алма мен алмұрт тереді.
Ауылға Арман бала да,
Арбамен тасып береді.
* * *
Алатауда неше шың бар?
Қаратауда неше шың бар?
Алатауда бір мың шың бар,
Қаратауда бір мың шың бар.
* * *
– Анау арал қай арал? –
Қайыңды арал, талды арал.
Ішінде бұзаулы ала марал.
* * *
Ауылым жоннан көшсе,
Сай құлдилар.
* * *
Аршабек арша деп шыршаны,
Шыршабек шырша деп аршаны,
Шатасты күлдіріп баршаны,
Шырша деп, арша деп шаршады.
* * *
Арғы арал, бергі арал
Ол аралдарды жайлаған Бал аралар.
* * *
Айта-айта жақ талды,
Қайта-қайта жатталды.
Қайта-қайта жақ талды,
Айта-айта жатталды.
* * *
Ақ тайлағым
–
нар тайлағым!
Нар тайлағыма:
– Атан боларсың
!
– деп айқайладым.
* * *
Айдын көлде саңқылдап,
Аққу жүзді таранып.
Ауық-ауық жақындап,
Анадайдан қарадық.
* * *
Ақ лағым семіз,
Ақ ала лағым сегіз,
Ала лағым да семіз,
Ақ лағым да сегіз.
* * *
Арал, арал, арал бар,
Бара алар ма балалар?
Батыл бала бара алар,
Аралдарды аралар.
* * *
Ақ матадан ақ мақта ақ па?
Ақ мақтадан ақ мата ақ па?
* * *
Ақ тай ақ па?
Қара тай ақ па?
* * *
Ара-ара аралар,
Орманның бәрін аралар,
Гүлдерден сорып бал алар,
Алысқа ұшып бара алар,
Бал тәтті ғой, балалар
.
* * *
Ақ тайлағымды бұйдалайын десем,
Бұйдалай алмадым,
Шудалайын десем,
Шудалай алмадым.
* * *
Ақшамда жаққаның
Көк шам ба? Ақ шам ба?
Мейлің қайсысын жақсаң да!
* * *
Айыр атанды жүк қартайтар,
Семіз қойды май қартайтар.
Күйгелек менің атамды,
Жас қартайтпас, ой қартайтар.
* * *
Ала қарға қарға қонды,
Қара қарға жарға қонды.
* * *
Ақ доп,
Соқ, теп.
* * *
Алма алма, бал ал.
Жая алма, жал ал.
* * *
Ақ шар бар,
Көк шар бар.
Көп шар бар,
Төрт шар бар.
* * *
Алты алманы алды Алма,
Алды алманы Алдан да,
Алдан, Алма алды алма
Ал, есебін, алданба.
* * *
Ақ байпақтың ұлтаны
Жап-жайпақ па?
* * *
Алақай, сатып алып малақай,
Алақайлап алаңда жүр балақай.
* * *
Аңғал аңғармай ма,
Аңғарса да аңдамай ма?
* * *
Атырапқа сары күз кеп,
Ағаш жапырақтары саудырап
,
Аунады топыраққа қаудырап.
* * *
Ат жарыс – бақ жарыс,
Сыналар ар-намыс.
Ә
Әсем билегендерiн де көргемiз жоқ,
Шешен сөйлегендерiн де көргемiз жоқ.
* * *
Әсел әсем
бе,
Әсем әсем бе,
Әсел әсем бе?
* * *
Әмір әбігер,
неге әбігер?
Әділ әбігер,
неге әбігер?
* * *
Әмір мен Әділдің әбігеріндей
Әркімнің әбігерлігі
бар.
* * *
Әнуар – өнер түлегі.
Әдемі етіп тігеді.
* * *
Әпендіше Әкімнің,
Әкелді де әлгінде,
Әпкесінің әтірін
Әлек шашып әркімге.
* * *
Әсен әсем билеймін деп әлек,
Қасен шешен сөйлеймін деп әлек,
Қашан Қасен шешен сөйлеп еді?
Қашан Әсен әсем билеп еді?
Әсем билегендерін де көргеміз жоқ,
Шешен сөйлегендерін де көргеміз жоқ.
* * *
Әй, Тайқарбай, Тайқарбай,
Қойыңды май жусанға жай,
Тайқарбай! – Тайқарбай,
Байқарбайларың толып
жатыр,
«Әй, Тайқарбай» дегенің қай
Тайқарбай?
* * *
Әріпте бар,
Әдепте жоқ.
Жерде бар,
Селде жоқ.
* * *
Әдепкі әдемі әдепке әдеттенген,
Әдепті әділдікке әдеттенген.
Әдетте, әділдік те әдептіден.
* * *
Әз әженің әжімі де әжептәуір.
* * *
Әзілшіл жездеммен әзілдессең азырақ,
Әзірліксіз-ақ әдемі әзілге әзір-ақ.
* * *
Әтеш пен бөрте серкеш шекісті,
Әтешке көзін шұқытқан бөрте серкештің де,
Әкіреңдеген әтештің де беті істі.
Б
Басшы асшыға: «Есiк ашшы», – десе,
Асшы басшыға: «Тұздығы да ащы», – дептi.
* * *
Базардан алып келген ала боқжама,
Мен боқжамаламай кiм боқжамалайды,
Мен боқжамаламай кiм боқжамалайды.
* * *
Берiп тай, лақты,
Алдым тайлақты,
Берiп тайлақты,
Алдым тай, лақты.
* * *
Бүлдiргендi Бүлдiрген,
Күлдiргендi күлдiрген,
Күлдiргенде Бүлдiрген
Бүлдiрiп ап күлдiрген,
Дейдi екен ендi бүлдiрмен.
* * *
Батырға қай көлiк сай көлiк?
Батырға сәйгүлiк сай көлiк.
* * *
Бұлаң, бұлаң еткен бұл аң,
Жүнi қылаң екен бұлан.
* * *
Бiр iстi Жорабай жобалай қойды,
Ол iске Жоламан жоламай қойды.
* * *
Балалар көп тентек,
Күшiмiз теп-тең деп
Күреспе тектен-тек.
Құлайсың көптен-көп,
Аяғың көктен кеп.
* * *
Бозала ат бар, қараала ат бар,
Озар ат бар, қалар ат бар.
* * *
Боламыз атама таң
Бiр қызық адам атам.
Мiнедi атам атан,
Мiнбе деп атама атан
Айтуға бата ма адам?!
* * *
Бұл кiсi қой аралар ма,
Қой араламай қой алар ма?
* * *
Бұлар баларалары,
Жоқ, бұлар баларалардың балалары.
* * *
Бұл қай арал?
Қарғалы арал.
Қамыс басын қайырып,
Қарға ұялар.
* * *
Бізде «бес» ала алатындар да бар,
Ән сала алатындар да бар.
Мал баға алатындар да бар.
Нан соға алатындар да бар.
* * *
Баланың жаман баға алмағаны,
Мұғалім ағаның жаман бағаламағаны.
* * *
Берік, Серік, Өрік теріп Жеп еді.
Берік, Серік Жеген өрік Көк еді.
Ішті, Тісті Ауыртқан сол өрікке
Ренжулі Берік те, Ренжулі Серік те
.
* * *
Былдыр, былдыр, бүлдіршін,
Бұл бір білгір бүлдіршін,
Білгірлігін білдірсін.
* * *
Бұл сайда Кәрі ағаш та бар,
Жас ағаш та бар,
Кесіп алсаң Шоң ағаш та бар,
Ат ағаш та бар.
* * *
Бұтап, бұтап, бұтақты,
Бұтақты тұтатты.
Тұтатты бұтақты,
Бұтақты тұтатты.
* * *
Бұл қар – Сұр қар, Сұр қар Кір қар,
Үстінде ойнама, үстіңді былғар.
* * *
Бір кезде Бір кезбе,
Тау мен тасты көп кезді.
Бір кезбе, Бір кезде
Тау текеге кез келді.
* * *
– Былтыр Құлпырды бұл қыр,
– Деді сұр құр. – Биыл сол қырың – шиыр,
– Деді сиыр. – Шындық мұның,– Деді құлын.
* * *
Бөдене бедеде,
Көбелек көдеде.
Бедені – беде де,
Көдені – көде де.
Қазақ жаңылтпаштары
* * *
Біл, бұл – тіл,
Бұл – бір ірі піл.
* * *
Бөрте серке қой бастайды,
Қой бастаған серкелер ойқастайды.
* * *
Байғыз – қай құс?
Байғыз – байғұс.
Ұшады жалғыз.
* * *
Бақбақ бақта бар,
Бақа да бақта бар.
* * *
Бұл құр емес, бұл – шіл,
Бұл шіл – сұр шіл.
* * *
Балық көп пе екен,
Халық көп пе екен?!
Халықтың ішінен кім
Балықты сөкті екен?
* * *
Бақшашы бақша бақса,
Бақшасы сатса ақша.
* * *
Бос шатыр, Бос жатыр.
* * *
Біздің ел – күрішті,
Ырысты-күрішті.
Күрішті оруға
Ырысты кірісті.
Г
Гауһар жеңін түрінді,
Газға балық қуырды.
Гүлдерге су себелеп,
Газетке де үңілді.
* * *
Гүлжамила – бақташы,
Гүлге толы бақшасы.
* * *
Гүл-гүл жайнап жер-аспан,
Гүрілдейді сайда өзен,
Гүлжазира жарасқан,
Гүлдерімен қай кезең?
* * *
Гөк, Гөк, көги гөк
,
Көк көп
, көги көк,
Гөк, Гөк, көги көк.
Ғ
Ғажап бояу жағады,
Ғали сурет салады.
Д
– Дегенде, әй, Тайқарбай, әй, Тайқарбай,
Қойыңды май жусанға жай, Тайқарбай.
– Тайқарбай, Майқарбайлар толып жатыр,
Әй, Тайқарбай, дегенiң қай Тайқарбай?
* * *
Дұрыс деп Тұраш айтты,
Бұрыс деп Бораш айтты.
Жалған деп Жарас айтты,
Рас деп Рәш айтты.
Қайсысы жалған айтты,
Қайсысы рас айтты?
* * *
Демеудi Медеу демемеп пе?
Медеудi Демеу демеп пе?
* * *
Досқа босқа қарама,
Дос та босқа қала ма?
* * *
Далада Дана да ойнап жүр,
Далада сана да ойнап жүр.
* * *
Досым маған еліктеп Домбырамен ән салды.
Дән риза болып көп, Дуылдады, тамсанды.
* * *
Дәуреннің Дутары бар, Дағарадай.
* * *
Дән – дәулет, Дәулет – дән.
Сән – Сәулет, Сәулет – сән.
* * *
Далалықтарға даралық
Даласынан дариды.
* * *
Дәмді шөпті таңдаған,
Дәмді шөпті талғаған,
Дағдысынша дуадақ
Даланы еркін шарлаған.
* * *
Дегелек-ау, дегелек,
Дамылдасын деген ек.
Е
Етiгiмнiң басы Қайқаяр,
қайқаймас, Қайқаяр, қайқаймас.
* * *
Есiк алдындағы отынның
Шырпылылырағынан ала кел,
Томарлылырағынан ала кел,
Тамырлылырағынан ала кел,
Түбiрлiлiрегiнен ала кел.
* * *
Есет атам ет асатар,
Ет асатса бес асатар
* * *
Ескермес те,
Естемес те,
Есіл сөздерді ескермес пе?
* * *
Есім есі кетіп есінеп отыр екен.
Ол несіне, есі
кетіп есінеп отыр екен.
* * *
Елеусіздің елеуіші елегіш емес,
Елеместің елеуіші елегіш.
* * *
Есет, Кеше Неше Көше Атын Алдың Жаттап?
Кеше Неше Көше Атын Есет, Алдың Хаттап?
* * *
Ескекті ескекші еседі.
Ескекші ескекті еседі.
* * *
Еліктер керіктерге еліктесе де,
Керіктер еліктерге еліктемес.
* * *
Ж
Жаңбыр жауып келедi қар аралас,
Бiр топ кемпiр келедi шал аралас.
Тауға қайың бiтедi тал аралас,
Бiр топ сиыр келедi тана аралас.
* * *
Жорғаң жорға-ақ екен,
Ордан қорқады екен,
Желiске шорқақ екен.
* * *
Жақсы атты әп-сәтте Асхаттар ақсатты,
Ақсатса жақсы атты, кiм болар жақсы атты.
* * *
Жоғалды бес шыбыш,
Жоқ әлi еш сыбыс.
Жоқ әлi еш сыбыс,
Жоғалды бес шыбыш.
* * *
«Жер асты үңгірлері…»
Деп досым міңгірледі,
Ол міңгірлегенде
Үңгірлер де күңгірледі.
* * *
Жол азық алдық,
Мол азық алдық.
Қоржынымыз толы
азық алдық,
Сайлаудың қоразын алдық.
* * *
Жақсы қайшы
Қайсы қайшы?
* * *
– Жұмаш, көзіңді
жұм, аш,– деді Күлаш.
* * *
Жағажай, Жағажайда – Қамажай.
Жағажайды жағалай,
Жүгіреді Қамажай.
* * *
Жомартта бар әліппе,
Жомарт жетік әріпке.
* * *
Жамал Жаңылды,
Жалындырмақшы болды.
Жаңыл Жамалды,
Жаңылдырмақшы болды.
Жаңылдырғаны дұрыс па?
Жаңылдырмағаны дұрыс па?
* * *
Жамал амал іздесе де,
Самал амал іздемейді.
* * *
Жағада жатыр ек, Жақыпбек жақын кеп:
– Жаңылды шақырып жатыр,– деп,
Жомартты нұсқады. Кім барды, Кім қалды?
* * *
Жақсы атты әп-сәтте
Асқаттар ақсатты,
Жаза алмай бас қатты.
Ақсатса жақсы атты,
Кім болар жақсы атты.
* * *
«Жапа-тармағайламай
Айғайламай, сөйлеңдер»,– деді ағай.
* * *
Жол жағалай бағаналар – ағалар,
Ағалар бағаналар жағалар,
Бағаналарға шамдар жағар.
* * *
Жел сыбырлайды, Жел сыбырлайды.
Жел сыбырласа – Көл жыбырлайды.
* * *
Жел өтінде – Көл бетінде көбік бар.
Желмен кеткен көбікте, Қай бір ерік бар.
* * *
Жаңбырлы бұлт
Жайылды жалау боп.
* * *
Жамылған, Жамау тон.
Жауынды Жалайды от.
* * *
Жүйек – жүйекте, Жүйекті жиекте.
* * *
Жайлауға көш көшті, Көш кеш көшті.
* * *
Жол бар, Жолда өр бар.
Өр бар, Орға барма, Өрге бар.
* * *
Жапалақтап, қаптап ақ қар жауды,
Алқапты ақ қар жапты.
* * *
Жылқышы ұшып көл жақта,
Жүр азығы мол жақта.
Жалпылдап тек жапалақ,
Жете алмайды ол жаққа.
* * *
Жайлауда бір жылқышы,
Жылқышы – әнші жыл құсы.
* * *
Жоғалды бес шыбыш,
Жоқ әлі еш сыбыс.
Жоқ әлі еш сыбыс
,
Жоғалды бес шыбыш.
З
Зауза ұшады зыңылдап,
Зуылдайды зырылдап.
Зәулім дәу заңғарлар,
Зәру ме Зәмзамға.
Зарыққан аңғалдар,
Зақымсыз заулауға.
* * *
Зерек зергер зерделеп,
Зергерлеуші зер зерлеп.
Зерлілер затын зерлеткен
Зергерлік те зерделік.
И
Иса шиша жуса,
Мұса – шиша жуса.
* * *
Ибалы – инабатты.
Игісінді – ибадатты.
К
Кей кiсi ауырса бiр,
Үй-iшi абыр-сабыр.
Қылмайтын абыр-сабыр
Онан да тәуiр сабыр.
* * *
Көп тау қатпарлы тау,
Қапталды тау малды тау,
Қаппарлы тау талды тау.
* * *
Кетпенбай кетпендi алып кеткен бе?
Кетпендi алған Кетпенбайға кектенбе?
* * *
Көктемде көк көп көктей ме,
Күзде көк көп көктей ме?
* * *
Киген тоны – Оңды тон, Өңді тон.
* * *
Көлбай көлдей орамалмен сүртінді,
Көлбай көлдей орамалмен өткізді бір түнді.
* * *
Күйші інім, биші ініме:
«Бетімнен сүйші, інім!»– деді.
Биші інім: «Сүймеймін,
билеймін, бишімін!»– деді.
* * *
Кетпеннің басын басса,
Тиеді сабы басқа.
Ал егер сабын басса
Тие ме басы басқа?
Қазақ жаңылтпаштары
* * *
– Кім сызғышсыз?
– Біз сызғышсызбыз.
– Сызғышсыздарға Сызғышсыз сызғыз.
* * *
Көк көйлек, көк көйлек,
Тек өзіме дөп көйлек.
* * *
Көп көкбеттенгенің нең,
Көп көкбеттенбегенің жөн. * * *
Көрмеген үш қыс.
Көкеңді ұшқыш,
Құшақтап қыс, құш!
* * *
Келген малшы
Әрі әнші, Әрі аңшы.
* * *
Кеспе, өссін тал, Өссе – өсімтал.
Өссе, өссін тал, Кеспе, өссін тал.
* * *
Көктем жауын-шашынсыз болмас,
Жауын-шашынсыз болмас, Жасынсыз болмас.
* * *
Көктемде шөп өнер жер
– Мал келер, мал өрер жер.
* * *
Күз, кез, күз,
Күш, кеш, көш,
Кір, кер, көр,
Күл, кел, көл,
Кілең қысқа сөз,
Кім оқиды тез?
* * *
Көк базарда күзде бәрі бар,
Барып бәрін, бәрін ал.
* * *
Көк бұйра бір бұлақ,
Тіл қатар былдырап,
Тастарды ұрғылап.
* * *
Кекілік-ау, кекілік,
Кетіп қалма секіріп.
* * *
Көк тырна, Көптырна.
Тыраулап тек, Көп тұрма.
* * *
Көп көкек, Көкектеп,
Көктен келді. Көкек кеп
,
Көптеп кеп, Көктем келді.
* * *
Көк ешкі көп шөп жеді,
Көп шөп жегенде де көк шөп жеді.
Көк ешкі көп шөп жеді,
Көп шөп жегенде де көк шөп жеді.
* * *
Көп-көп көк жеп, Келді көжек.
* * *
Кендірден кенеп шығар,
Кенептен елек шығар.
Електен кебек шығар,
Кебек те керек шығар.
* * *
Көк аспанда жұлдыз бар,
Мөлдір суда құндыз бар.
Жұлдыз түнде жылтырар,
Құндыз күнде жылтырар.
Қ
Құнан қойды Май қартайтар болар ма?
Май қартайтар болар ма?
* * *
Құрықтан құлдырап түстiм,
Сырықтан сылдырап түстiм.
* * *
Қай тайлақ лақтай,
Қай лақ тайлақтай?
* * *
Қурайлының жерiнде,
Қоңыр айғырдың үйiрiнде,
Бурыл қулық құлындап жатыр,
Бурыл қулық құлындап жатыр.
* * *
Құдағиға сақтаған сүр балқаймақ,
Ол балқаймақты мен жаламай кiм жаламақ?
Ол балқаймақты мен жаламай кiм жаламақ?
* * *
Қырда қырау,
Қызыл ала бұзау.
Тауда тарғақ,
Тарғыл ала торпақ.
* * *
Қабат-қабат үй салдық,
Үйлер толы күй сандық.
Күй сандықпен үй сәндi,
Күй сандыққа күй салдық.
* * *
Қырда қырғилар құрға құлдилап ұшты,
Қырда құрлар құлдилап қырғидан ұшты.
* * *
Қамаштан көрiп қалашты,
Қалашқа Жарас таласты.
* * *
Қарағайсың қара майсың,
Қара майыңды жаламаймын
Қасыңа ендi жоламаймын.
* * *
Қыста құлағым ісіп кетті,
Үсіп, ісіп кетті.
* * *
Қырық құлып,
Қырық құрық.
Құлып та қырық,
Құрық та қырық.
* * *
Қырсық қисықты,
Қисық қырсықты.
Қырсық құр қырсықты.
* * *
Қаш, жүгір,
Шұғыл, тығыл.
Бүгіл, жығыл.
* * *
Қамшының бүлдіргесін айтасың ба,
Әлде тау бүлдіргенін айтасың ба,
Нұржанның күлдіргенін айтасың ба,
Сотқардың бүлдіргенін айтасың ба.
* * *
Қанатты Болаттың
Аттандыра алмағандығы
– Көңілін Қанаттың Қанағаттандыра алмағандығы.
* * *
Қамаштан көріп қалашты,
Қалашқа Жарас таласты.
Бөлінсін десең қалаш тең,
Таласпа, Жарас, Қамашпен.
* * *
Қаз маңғаз, Маңғаз қаз.
* * *
Қырбық қар құрғақ па,
Құрғақ қар құрғақ па?
Қырбық қар да құрғақ,
Құрғақ қар да құрғақ.
* * *
Құмда құйын ойнайды,
Құйын – қиын ойнайды.
Әр нәрсені іліп ойнайды.
* * *
Қаңбақ, жаңғақ, аң, шың, жең.
Жаңбыр, қайың, таң, тың,
сең – «ң»-нан сөз жоқ басталған,
«ң» үлестен құр қалған.
* * *
Қыста боран болар, қар
болар,
Қыздар шәлі, орамалмен оранар.
* * *
Қызыл ала бұрау Қырда қырау.
* * *
Қапыда ит қапты,
Қатты қапты,
Қапты қатты.
* * *
Қырық қызыл құйрық,
Қырық қыл құйрық.
Қырық қыл құйрық ішінде
Ылғи қызыл қыл құйрық.
* * *
Қара қарғаларға
Ала қарғалар үйір.
Ала қарғаларға
Қара қарғалар үйір.
* * *
Қара майлы қарағайды,
Кесейін бе, кеспейін бе?
Қазықтағы қара тайды
Шешейін бе, шешпейін бе?
* * *
Қара жерде қайық жүре ме,
Қара жердің қайығы түйе ме?
* * *
Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
* * *
Қыс қатты-ақ,
Қыспаққа-ап.
Құс тоңып жүр,
Қыстап қап.
* * *
Қыс түсті, қыс қысты, құс ұшты,
Қыс түсті, қысқы
істі, қыста істе.
* * *
Қырық құрықтық
Сырық қырықтық.
* * *
Қара бүркіт томағасын түсіреді,
Оны мен томағаламай,
Кім томағалайды?
Оны мен томағаламай,
Кім томағалайды?
* * *
Құнан қойды
Май қартайтар бола ма,
Мал қартайтар болар ма?
* * *
Қақпаға оқтай тақтай қақпақ,
Қақпаға оқтай тақтай таппақ.
* * *
Қалдың ба байқамай,
Озған қай тай,
Қалған қай тай?
* * *
Қаладан алғаным,
Алты арба асқабақ.
Алты арба асқабаққа жеккенім
Алты ала тарғыл баспақ.
Ақ бөксе баспақ.
* * *
Қырдың қызыл түлкісін
Қырағы алар.
* * *
Қанар қаптарды қаптап артар,
Шанақ арбаны аттар тартар.
* * *
Қазықты тоқпақпен тоқпақтағанда,
Тоқпақты тоқтатпай тоқпақта.
* * *
Қаңбақ – тоңғақ.
Тоңғақ қаңбақ
Ұшты иық қомдап.
* * *
Қарашы қиырға,
Көрінген сиыр ма?
Ұқсай ма сиырға,
Ұқсай ма суырға,
Айыру қиын ба?
* * *
Құлын – тай шығады,
Тай – құнан шығады.
Кейде тай
Құнанға сай шығады.
Л
Лама жайын білдің бе?
Лана гүлін тердің бе?
* * *
Лаула алау лаула,
Алауласын аула.
* * *
Лек-лек үлек келді,
Көп үлек түлеп келді.
* * *
Лекер лыпыл, лепілдек
Лайдан лезде лепілдеп,
Лайсаңдағы лездігін
Лебіздеді лепіре лекіп.
М
Мынау арал қай арал?
Қайың менен тал арал,
Талға қарға ұялар
* * *
Мына сайда отырған бай Бағланбай
Бұл қай бай Бағланбай?
Бұл қай бай Бағланбай?
* * *
Маған сенсең,
көк сеңсең көп сеңсең,
Өзгелер сенбесе сенбесiн,
маған сен сен.
* * *
Маған аға: «Шықшы,– деді,– бағанаға».
Маған аға: «Шықшы,– деді,– далаға да!»
* * *
Мергеннің еңбегі – ерлігі,
Ермегі – еңбегі.
* * *
Мынау тұрған неменелер?
Неменелер дегенің шөмелелер.
Төбедегілер де шөмелелер.
* * *
Мұзға мұз ұқсас,
Тұз – тұзға ұқсас,
Мұз да, тұз да ұқсас.
* * *
Малға, Шөп керек,
Шөп көп керек,
Көк шөп керек.
* * *
– Мынау балқаймақ қай балқаймақ?
– Бұл балқаймақ – май балқаймақ
.
* * *
Малтам бар қалтамда,
Бір қалта арқамда.
* * *
Моншақты тақты оншақты,
Оншақты болды моншақты.
Н
Нақаш ағасы – нағашысы,
Нағаш – Нақаш нағашысының нағашысы.
* * *
Нау ма, дау ма?
Нау да – дау,
Дау да – нау.
* * *
Намысшылды нашар нақыш налытты,
Намыссызды найсаптығы найқалтты.
О
Омартаға балалар барар,
Балаларды аралар талар.
* * *
Ол алқапты олар орар,
Бұл алқапты бұлар орар,
Орал ормаса, Омар орар.
* * *
Орта таудың басына
Отау тiкпек айнала,
Отауымды қотаныма тiгем,
Қотанымды отауыма тiгем.
* * *
Орманбай аңшы,
Марқабай малшы,
Тұра қап алшы,
Құрығыңды суға малшы.
* * *
Оқуға салақтар,
Тек кетіп парақтар.
Сабақта алақтар
Далада далақтар.
* * *
Омар ора алар,
Омар ора алмаса,
Орал ора алар.
* * *
Оқуда Ораз озар ма екен?
Ажар озар ма екен?
* * *
Озған сәл алды,
Бәйгені шал алды.
Шал әлі әлді.
* * *
Ол да Ділдә,
Бұл да Ділдә.
Ол да Әбділдә,
Бұл да Әбділдә.
* * *
Орын берсең кіргенде,
Үлкен кісі есіктен.
Үлгілі екен демей ме,
Үйренген ғой бесіктен.
* * *
Ол аралда да марал,
Бұл аралда да марал.
От екен маралға да арал,
Оттайтын аралда да марал.
* * *
Он қап, Он қапты қақ,
Он қапты қақ та, Қатта.
* * *
Ол да шылбыр есті,
Мен де шылбыр естім.
Ол шылбырды сылбыр есті,
Мен шылбырды ылдым-жылдым естім.
* * *
Оюға ою өрнектеп,
Үйрет өстіп қолды ептеп.
* * *
Он бір – онның ағасындай
,
Бес – алтының баласындай.
* * *
Омар көп шай ішіп жүр,
Құмар шөп шай ішіп жүр.
Ал Шынар
Бұл маңда жоқ шай ішіп жүр.
Ө
Өте мерген Орман атты,
Ор түбiнен ор қоян атты.
Оқ тиген соң өте қатты,
Ор түбiнде ор қоян жатты.
Қазақ жаңылтпаштары
* * *
Өкшелеп қуып,
Көшкен ауылды.
Өкпем өшіп,
Өкшем ауырды.
* * *
Өнері оның алуан,
Өміртай – боксер, палуан.
* * *
Өңеші кем емес,
Өңеші кең өңеш.
Өмеште өңеш кең.
* * *
Өсер өркен өштеспейді,
Өршеленген еш өспейді.
Өштестірер өсекшілер,
Өрекпіген өштестіреді.
Қазақ жаңылтпаштары
П
Паровоздың түтіні будақ-будақ,
Жолаушылар барады улап-шулап.
Паровоздың түтіні будақ-будақ,
Анда-санда қояды тулап-тулап.
* * *
Піскен пісте, Піс те,
Жерге түспе.
* * *
Пеш үстінде бес мысық
– Бес күзетші, бес пысық.
Тышқан ұстап жемесе,
Бола қоймас еш қызық.
* * *
Пай-пай тіпті күш қалмай,
Піл қорықты тышқаннан.
Пана таппай жортады,
Пәледен жаман қорқады.
* * *
Пайдалы деп, Пияз жеп,
Парлады жас көзімнен.
«Пыссыншы біраз» деп,
Пысылдадым төзіммен.
* * *
Пәк пейілді парықсызды,
Пайдакүнем пайдаланғыш.
Пысық, пасық, пайдагер,
Парақорды паналағыш.
Р
Райхан, раушан реңдес
Реңдестерім ренжімес.
Раушанның райханы
,
Райханның раушаны,
Рақатта реңсізденбе.
С
Сыпыра сөктiм, сыпыра тiктiм,
Сыпыра сөктiм, сыпыра тiктiм.
* * *
Сүт бетiнде май балқаймақ,
Ол қай май балқаймақ?
Балдан тәттi бал майқаймақ.
* * *
Сыздық судан сүлiк сүздi,
Сыздықтың сүлiк салмасын үздi.
Салмадан сүлiк шығып сытылып
Суға түсiп, сумаңдап жүздi.
* * *
Сүрiнген сұр iнген бе,
Сұр iнген сүрiнген бе?
* * *
Сыйлыгүл сырмақты сыри бердi.
Сырлыгүл Сыйлыгүлге сыйлыққа сиыр бердi.
* * *
Сенсең, Бейсенде бар сеңсең тон,
Сейсенде бар сеңсең тон,
Кигендері өңшең тон.
* * *
Сең сел емес,
Сел сең емес.
Мен сен емес,
Сен мен емес.
* * *
Сызық сызып қызық сызды,
Қызық сызып, бұзып сызды.
* * *
Солақайдың сол қолы – оң қолы,
Оңқайдың оң қолы – сол қолы.
* * *
Сәмбі тал – Иіліп тұрар Сәнді тал.
* * *
Сулы жерде жалбыз бар,
Жалбызға сен жалғыз бар.
Жалғыз бар да, жалбызды ал.
Суда сең келеді,
Сегіз серке тең келеді.
* * *
Сұр інгенді сүрінгенде
демейін,
Сүрінгенді сүрінген еді демейін.
* * *
Суда сең келеді,
Сегіз серке тең келеді,
Суға сақалын мала, сілке,
Суға сақалын мала, сілке.
* * *
Сағат сыртылдады,
Сырға сыңғырлады.
* * *
Сорпа іштік,
Сорпа ыстық.
Сондықтан қорқа іштік.
* * *
Сегіз семіз серке,
Семіз сегіз ерке.
Сегізі де егіз,
Семізі де сегіз.
* * *
Сен өлше, ол өлшер,
Сол өлшем, сол мөлшер.
* * *
Сабалақ абалап үрді,
Сабалақ қотанды Жағалап,
абалап үрді де жүрді,
Сақпаншы құлағын түрді де жүрді.
* * *
Сөздің соңын тақпақтады,
Талай тақпақ таппақ тағы.
* * *
Саматқа санақ қонатын емес,
Саусағын санап болатын емес.
Онысы кейде кем болып шығады,
Кейде кенет он болып шығады,
Кейде одан да мол болып шығады,
Сөйтіп, есебі өзгеріп тұрады.
* * *
Саптап, сақтап орақ, шалғы,
Жұмсай берді олар, олақ шалды.
* * *
Сексен сегіз сәбізді
Күнде өгізге жегізді.
Күнде сексен сегіз
Сәбіз жеген өгіз семіз.
* * *
Сиыр баласын «торпағым» дейді,
Қоян баласын «көжек, қорқағым» дейді.
Т
Тарғыл иттiң құйрығы
Талға оралар,
Талға оралар.
* * *
Тебiншек ат – шегiншек,
Шегiншек ат – тебiншек.
* * *
Толағайдың торы ала аты бар,
Толағай, торы ала атыңды
Тағалатып ал.
* * *
Тоғыз ақ баспақ тана,
Тоғыз ақ баспақ тана iшiнде
Жалғыз тарғыл тайпақбас баспақ қана.
* * *
Топ, топ бала, топ бала,
Ойнап жүрген көп бала.
Зымырап топты бала
Қуады допты ғана.
* * *
Таппай қойсаң Жақыпты,
Тап қайтсең де Сақыпты.
Таппай қойсаң Сақыпты,
Тап қалай да Жақыпты.
Жақып жүрмес Сақыпсыз,
Сақып жүрмес Жақыпсыз.
* * *
Тiреуiшке түйрегем түйреуiштi,
Күлдiреуiшке тiрегем тiреуiштi.
Түйреуiшiм тiреуiшке түйрелмептi.
Күлдiреуiшке тiреуiшiм тiрелмептi.
* * *
Тұрарбек Тұралбектер бiр ел ме екен?
Тұралбек Тұрарбектi бiлер ме екен?
* * *
Тарпаң тайлар қай қорада?
Тарпаң тайлар тар қорада.
* * *
Талғат, балға тап,
Он шақты жаңғақ шақ,
Шақсаң, сақ шақ.
* * *
Топ бала, топ бала,
Ойнап жүр топтала.
Көп бала топ бала,
Қуып жүр допты ала.
Қазақ жаңылтпаштары
* * *
Таудан түсіп келеді тау ұлдары,
Тау ұлдары сүйеді
қауымдарын.
Тау ұлдары сүйеді ауылдарын,
Тамашалап жүреді тауын, бағын.
* * *
Тойболды тойға барады.
Тоқтарбай тоқталмай ол да барады.
Қойгелді жолда қалады.
* * *
Төлеңгітті Төлен күтті.
Төлеңгіт Төленнен өлең күтті.
* * *
Тамшылар тамшы тамса,
Тығылар таса тапса.
* * *
Тұз – мұздай,
Мұз – тұздай.
* * *
Түйетабанды Түйе табанымен таптаса,
Табанына Тікен кіре ме? Табанымен
Түйе Түйетабанды таптаса
Табанына тікен кірмей
ме?
* * *
Тарғақты тақыр жерге Жұмыртқалатпақшымыз,
Жұмыртқаламаса да Жұмыртқалатпақшымыз.
* * *
Төбесі төбел төрт бөрік,
Төртеуі де көк бөрік.
* * *
Тас тостаған,
Тас тостаған ішінде
Тас тастаған.
* * *
Тарғыл итім, талға орал!
* * *
Торғай тоғайды ұнатады,
Тоғай торғайды ұнатады.
* * *
Тырмада бар,
Қойшыда жоқ,
Тырнада бар,
Аңшыда жоқ.
* * *
Тары ақта,
Тары ақтап,
Қапқа қапта.
* * *
Торта қойдым, орта қойдым,
Орта қойдым,
Орта қойдым, Жорта қойдым.
* * *
Тастай ауыр ақ сақам,
Ақ сақаммен жақсы атам.
Жақсы атқаным емес пе,
Ұлдарды зар қақсатам.
* * *
Томағаланған төрт бүркіт – қолда,
Томағаланбаған төрт бүркіт – торда.
Қанша бүркіт болады сонда?
* * *
Тұмсығы балғаға айналар,
Балғасы қайлаға айналар.
Қайласы қайыңға қайралар,
Тоқылдақ тоғайлы сайда бар.
У
Уфаға барып оқыған,
Уәли жібек тоқыған.
* * *
Уықтардың барлығын,
Уыққапқа сал, күнім,
Уыққапқа салған соң,
Уыздан жеп ал, күнім.
* * *
Уатушы Уәлиді Уәзирамыз уайымсыз.
Уілдейді Уәлиі, Уақыт уәжсіз Уәлисіз.
Ұ
Ұстап қара қарындашын,
Ұштап қарындашын қарындасым
Ұсынды қарындасым қарындашын.
* * *
Ұшпайды ұзақ ұзап,
Ұзаққа тұзақ тозақ
Болса да түсер өзi-ақ.
* * *
Ұлсынай – ұшқыш ер жүрек,
Ұнайды оған зәулім көк.
* * *
Ұйқышыл кісіні ұйқы қысты,
Ұйқышыл кісінің ұйқысы күшті.
* * *
Ұста еңбек тарланы,
Ұғып алғын бар мәні!
Ұстамасаң балғаны,
Ұстап көрші, ал кәні!
* * *
Ұн тартқан,
Аппақ ұнтақ шынтақтан.
* * *
Ұқыпты бала кітапты түптеп тастады,
Ұқыпсыз бала кітапты
бүктеп тастады,
Жұмысын басқаға жүктеп тастады.
* * *
Ұстара, ұстара!
Шаш алуға құштар, ә!
Құштар, ә!
Ұстарада күш бар, ә!
Ү
Үш кiшi iшiк пiштiм,
Бес кiшi iшiк пiштiм:
Неше кiшi iшiк пiштiм?
* * *
Үміт түбіт түтті,
Түбітті түтіп бітті.
* * *
Үйде ойыншық үлегім,
Үлегімді үремін.
Үремін де үнемі,
Үстіне өзім мінемін.
* * *
Үш егізбіз, үш егізбіз,
Асты бірге ішеміз біз.
* * *
Үш кісінің ұшы үшкір,
Үш кісінің ұшы ескі,
Үш ішік тыстадым,
Үш үскі ұштадым.
* * *
Үйір-үйір үйректі,
Үйірге кім үйретті?
Үйір-үйір үйректі,
Үйірге өзім үйреттім.
* * *
Үйрек дәйім тіледі,
Үлгілі үйрек болуды.
Үкімен бірге үнемі,
Үрікпей жүру көңілді.
* * *
Үшкір тұмсық,
Сұр шымшық,
Сордан ұшты
Құрт шымшып.
Үйге кіріп киім ілді,
Сыртта шешіп, үйде киді,
Бірін тастап, бірін киді.
* * *
Үйреншікті істі,
Үйреткішсіз-ақ Үйреністі.
* * *
Үлгілік – үйретуден,
Үлгерулік – үйретуден,
Үлгілілік – үздіктен,
Үздіксіз үйретуден.
Х
Хабиба сөмке көтерген,
Хат-хабар күнде әкелген.
* * *
«Хатима мен Хатипаға,
– Хамит аға,
– Хат жазғын»,– деді.
Ш
Шымдай шытырмыш,
Ол шытырмышты
Мен шым-шытырмыштамай
Кiм шым-шытырмыштайды?
* * *
Шiлiктi шаптым,
Жiлiктi астым.
Шiлiктi жақтым,
Жiлiктi шақтым.
* * *
Шөмеленбеген шөптi
Мен шөмелемей,
Кiм шөмелейдi.
* * *
Шүрегей сүңгiгiш пе,
Сүңгуiр сүңгiгiш пе?
* * *
Шуақтаған ботамды
Шуға апарып шудаладым.
Шудалаған шудасын
Суға салдым, судан алдым,
Cуға малдым.
* * *
Шеше, кеше неше есе кесе көп алдыңыз?
Шеше, кеше неше есе кесе кем алдыңыз?
* * *
Шемiшке шақсаң шақ,
Шапшаң шақ.
Шөбiңдi шапсаң шап,
Шапшаң шап.
* * *
Шаш ал, Қас алма.
Ас ал, Қасарма!
* * *
Шапанымда сан қалтам бар,
Қай қалтамда сары малтам бар?
Малтам жалғыз, қалтам сансыз,
Тапқан алсын, малтам даусыз.
* * *
Шахматшы болсаң келе ғой,
Шоқанды қане
, жеңе ғой.
* * *
Шалабай шыли шалағай,
Шалағай шыли Шалабай.
Шақша басы шарадай,
Шаладай шала Шалабай.
* * *
Шеше, шеше,
Неше кесе
Сынды кеше?
* * *
Шәугімдегі шай қайнады ма?
«Шай қайнады!»– деп,
Шешем айқайлады ма?
* * *
Шалғы саптап,
Шөп шап. Шөп шапсаң, көп шап.
Көп шапсаң, шапшаң шап,
Шапшаң шапсаң, Шаршап жат.
* * *
Шалабай саба пісті,
Шамалап шала пісті.
* * *
Шырмауық шөп,
Шырмалып кеп
Талға жабысады.
Ошаған, Тасадан
Малға жабысады.
* * *
Шалшық, балшық,
Балшық , шалшық,
Балшықтан ал шық.
* * *
Шұңғыл, шұңқыр.
Шұңқыр, шұңғыл.
* * *
Шапшаң Шапсаң,
Бұрқырайды Ақ шаң.
* * *
Шымдай шытырмыш,
Ол шытырмышты мен
Шытырмыштамай,
Кім шытырмыштайды?
* * *
Шүрегей сүңгігіш пе?
Сүңгуір сүңгігіш пе?
* * *
Шұнақ құлақ лақ
Бұлаққа барды.
Бұлақ жағасындағы
Құраққа барды.
* * *
Шөжем деп шешесі бәйек,
Шешем деп шөжесі бәйек.
Шешесі шөжем жесін дейді,
Шөжесі шешем жесін дейді.
* * *
Шарқ айналар, Қайралар,
Пышақ қайралар Көңіл жайланар.
* * *
Шаңқ-шаңқ етіп шағала,
Шабақ ілер жағада.
* * *
Шабдар атты Шет көрмейді,
Шалабай, Шауып бірақ,
Шөп бермейді, Шалағай.
* * *
Шошыттың үш құсты,
Шошынып үш құс ұшты.
* * *
Шабысты ат,
Шалыс шаппас,
Шалыс шапса,
Алыс шаппас.
* * *
Шын еңбекші – өрмекші,
Өрмекші – шын өрмекші.
* * *
Шәйімнің шәй шайнегі мосыдан түспес,
Мосыдан түссе, ащы деп ішпес,
Ащы деп ішсе, ыссы деп ішпес.
* * *
Ши тоқыдым шиеден,
Теңіз кештім түйемен,
Күйме жасап инеден,
Үй тұрғыздым түймеден.
* * *
Шағала көл шетіне қонды,
Қара қарға жол шетіне қонды.
* * *
Шақпақ тасты,
Аппақ тасты
Шақпақшы шал
Шығып, шашты.
* * *
Шалбарын тапса,
Байпағы жоқ.
Байпағын тапса,
Қалпағы жоқ.
Салаққа мұндай
Айтарым жоқ.
* * *
Шапалағы шарт етті,
Алақанда қызыл дақ!
Екінші рет шекесі
Қоя берді дызылдап,
Маса жүрді ызылдап.
* * *
Шешендер шебер,
Шынайы шенер.
Шенелген шіркін,
Шөмпиіп шөгер.
* * *
Шоқ-шоқ гүл шоғыры,
Ақ нұрға шағылып,
Шыққа тұр шомылып.
* * *
Шөпті ішке үйгізші,
Күрішті де түйгізші.
* * *
Шықса шыңға
Шыршалар шаншылып,
Шүпірлеп шығыпты
Сайға сан шыбық.
* * *
Шымшық шымшықты шымшылады,
Шымшықтар Тыныштықта тыншымады.
* * *
Шырша сыпырғыштың
Ұшы шырпылсыншы.
Барша сыпырғыштың
Ұшы қырқылсыншы.
Ы
«Ыбырай, Ыбырайдың шымыры-ай!
Денесі де тым ірі-ай!»
Мақтап жүрген Ыбырай,
Мысықтан қорқып зымырай,
Берер зымырай.
* * *
Ықылас пен Жасыбай,
Ыдыстарын тасымай,
Ырыскүлден үлгі алмай,
Ынтасыз жүр тілді алмай.
* * *
Ыңғайсызы, Ыңғайсыз-ақ,
Амал жоқ, Тыңдаудай,
Тыңдайсыз-ақ.
* * *
Ысқан ұстаз – ұстаз ұста,
Үш ұстаға ұстаз ұста,
Үш ұстаға жасы тұстас ұста.
* * *
Ықыласты – ынталы,
Ынталы – ықтиярлы,
Ықтиярлы – ықтиятты,
Ықтиятты – ықпалды.
І
Ісшіл іссізбен келіспейді,
Істі іссізден тез істейді.
Іске іскер, Істі іскер істер.
* * *
Ізге түсті Ізмұрат,
Ізмұратты біз бірақ,
Іздеп-іздеп таппадық,
Ізім-қайым қызық-ақ.
* * *
Ізшілер іздесті,
Түз келді, із кесті.
* * *
Іздеп ек бір-бір құр,
Қу екен құр құрғыр.
Таптырмай қырдан құр,
Қайттық біз құрдан-құр.
* * *
Ізденгіш – ізшең,
Ізшең – ісшең,
Ісшең – іскер,
Іскер – ісмер