.Қоршаған ортаның ағзаға әсерін ламаркша түсіндіру.

.Қоршаған ортаның ағзаға әсерін ламаркша түсіндіру.

 

Тарихтағы органикалық әлемнің ең алғашқы эволюциялық теориясын француз ғалымы Ж.Б.Ламарк түзді. Ол өзінің еңбегін 1809 жылы «Зоология философиясы» деген атпен жариялады. Ламарк осы еңбегінде алғаш рет жүйелі түрде органикалық формалардың эволюциясын түсіндіруге тырысты. Ламарктың көзқарасы салыстырмалы түрде шығарылған терең ойлы біртұтас эволюция концепциясы болып табылды. Ол идея бойынша материя бірінші және пассивті, материяны қозғайтын сыртқы күш. Ламарктың концепциясы ойдан құрастырылған конструкцияда негізделді.

Оның постулаттары идеалситтік тұрғыда болды. Ол табиғаттағы тіршілікке алғашқы құдіреттік бастама қойды. Барлық материяның ішінде алғашқы қозғаушы күші болады деді.

Ж.Б. Ламарктың эволюциялық ілімінің алдындағы еңбегін атап өтпеуге болмайды. Ол өзінің алдындағы идеяларға қарағанда, материяға бірқалыпты қозғалыссыз күйде емес, олардың үнемі қозғалыста, дамуда және озгерісте болатынын айқындады. Бұл Ламарктың еңбегіндегі ең басты прогрессивтік идея болатын.

Ол ағзалардың бірте-бірте күрделенуін байқап, ең қарапайымдарынан ең күрделісіне қарай әртүрлі — 14 класстан тұратын, 6 деңгейлерге орналастырды. Онда, 1-деңгейге политер мен инфузорияларды, 2-деңгейге құрттар мен сәулелілерді,  3-деңгейге  өрмекші тәріздестер  мен  насекомдарды,  4-деңгейге моллюскілерді, мұртаяқтыларды, үшкірлерді және шаяндарды, 5-деңгейге бауырымен жорғалаушыларды және балықтарды, 6-деңгейге сүтқоректілер мен құстарды орналастырды.   Бұл шешімді негіздеу үшін ол алғашқы екі постулаттарын қабылдады: 1) ағза түрлері уақыт бойында бірқалыпты емес, олар өзгеріп отырады; 2) ол өзгерістер белгілі бір заңдылықтармен іске асады.  Ағзалар үнемі  дамуға бейімді,  даму жолында әрдайым қарапайым қалден  күрделі және жетік жағдайға жетілуге ұмтылады деді. Осы баяу ұмтылысты   Ламарк деңгей деп атады. Деңгейлік дамудағы табиғаттың қозғалтқыш күші   ретінде Ламарк «табиғаттың прогресске» ұмтылуын санады. Оның теориясы  бойынша,  бұл  ұмтылу  қабілеттері  ағзаға құдірет күшімен қондырылған.  

Ж.Б.Ламарк ағзалардың даму кезіндегі қоршаған ортаның әсеріне де түсініктеме беруге тырысты. Ол өзінің «прогрессивтік эволюция» теориясын дәрістеп болғаннан кейін, табиғаттағы бар түрліліктерді түсіндіру қажет болды. Табиғатта ең қарапайым және өте жоғары күрделіліктегі ағзалар қатар емір сүретіні белгілі жай. Сол үшін, ол қоршаған орта алдын ала белгіленген деңгейлік үйлесімді бұзып ауытқулар туыдырады деді. Ламарктың түсінігі бойынша, қазірігі кезде жойылып кеткен, көне заманда омір сүрген ағза түрлері қазіргі кездегі ағзалардың (ешқандай ұқсастығының жоқтығына қарамай) ата тегі болған.

Кейінгі еңбектерінде Ламарк қоршаған ортаның әсерін толығырақ түсіндіру үшін, өзінің үшінші постулатын қабылдады: «барлық ағзаларға қоршаған ортаның әсеріне бейімделу қабілеті оларға алдын ала берілген». Өсімдіктердің қоршаған ортаның әсеріне бейімділік реакциясыи мысал ретінде пайдалану кезінде, ол қазіргі заманда дәлелденген модификациялық өзгергіштікті тұқым қуалаушылық қасиетімен шатастырды. Өсімдік белгілі өзгеріс жағдайында болса, онда пайда болған белгі міндетті түрде келесі ұрпақта, қандай жағдайда өсседе, тұрақты көрінеді деді. Жануарлар ағзасындағы мұндай өзгергіштіктерді де Ламарк солай түсіндірді. Орталық нерв жүйесі бар жануарларда бейімделушілік өзінше жүреді. Оларға тіршілік ортасы әсерлерін тікелей емес, жанама жасайды. Тіршілік ортасы жануарлардың мінез-құлқына әсер жасайды. Әсер ұзақ уақыт болса, өзгеріске байланысты жануарларда жаңа әдеттер пайда болады. Әдетке байланысты жануарлар бір органдарын жиірек, бір органдарын сирегірек пайдалана бастайды. Жиі пайдаланған органдар қарқынды дамып өзгерсе, сирек, не пайдаланылмаған органдары бірте-бірте       нашарлап, ақырында  жойылып кетеді. Мысалы, Ламаркша көл, су жағалап тіршілік ететін құстар батпаққа батып кетпеу үшін аяқтарын ылғи созып жүрген. Нәтижесінде олардың аяқтары эволюцияланып, ұзарып кеткен. Ламарк мысалдарынан жирафтың мойынының, құмырсқа жегіштің тілінің ұзаруын, жузетін құстарда жүзу жарғақтарының пайда болуын атауға болады. Ламарктың ойынша, жануарлар жігерленгенде олардың нерв жүйесінен сол органдарға флюидтер құйылып, олардың қарқынды дамуын қамтамасыз етеді. Бұғылар аналықтарға таласып, қақтығысуына        байланысты флюидтер         олардың мүйізіне келіп құйылып, аталықтарының мүйіздері үлкен болған. Нерв флюидтерін алмаған органдар шынықпайды да, ақырында жойылып кетеді.Осылайша көртышқандардың көзі, жыландардың аяғы, көптеген насекомдардың қанаттары жойылып кеткен.

Қорытындылай келе, Ламарк қоршаган ортаның әсерін активті (эктогенез — қоршаған ортаның жеке дара озгергіштік тудыратын қасиеті) түрде сипаттады. Ал ағзаның оған берер жауабын пассивті түрде қарастырды. Осыған орай, Ламарктың автогенездік пікірі эктогендік пікірімен қарама-қайшылықта болды.

Ағза сыртқы әсерге қарай пассивті бейімделеді деді. Ламарктің концепциясы бойынша, эволюциллық үрдістің басты екі факторы өзара диалектикалық байланыста емес, қатар, бірақ тығыз байланыссыз болып қарастырылды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *