Тірі дүниенің зерттелуі мен оны белгілі жүйеге келтіру арқылы түсіну көне заманғы адамдардың ойшылдарының мазасын алғын мәселе. Оны ежелгі үнді, қытай философтарының тірі дүниенің табиғи жолмен пайда болған деген көзқарастарынан байқауға болады. Эволюциялық көзқарасты антикалық философтардан айқынырақ кездестіреміз. Ежелгі философтар дүниені мәңгі қозғалыста, тоқтаусыз қайта жаңаруда болады деп түсінген. Олар тіршілік, дүние қайшылықтардан тұрады деп түсіндірді. Гераклит табиғатқа стихиялық диалектикалық көзқараста болды (б.э.д. 530-470 жылдар). Оның түсінігінше, бәрі өзгереді, бәрі ағымда болады. Галактикада от, су, ауа, топырақ уздіксіз қозғалыста болады. Нәтижесінде үздіксіз өзгеріп отырады деп түсіндірді.
Эволюциялық ұғымның ары қарайғы қарқынды дамуын көне грек ғалымдарының еңбектерімен тікелей байланысты. Фалес, Анаксимендр және Анаксимен де дүниенің табиғи жолмен пайда болғандығын уағыздады. Фалес бар нәрсе алғаш судан пайда болады деп түсінді. Анаксимендр болса бар нәрсе су мен топырақтан жылудың әсерінен пайда болды деп түсінді. Анаксимен бойынша бар нәрсе ауадан пайда болған. Ауа аздап сығылса су, күшті сығылса қатты заттар пайда болған. Сондықтанда, бар материя үш — сұйық, газ және қатты қалыпта кездеседі деп түсіндірді. Анаксименнің ойынша, жануарлар мен адамдар топырақ сілекейінен пайда болған. Демокрит (б.э.д. 460-370 жылдар) дүние есепсіз атомдардан тұрады, шексіз кеңістікте орналасқан деп түсінді. Атомдар үздіксіз қосылыстар түзіп, үздіксіз ажырасып отырады. Ол қосылыстардың көлемі, массасы, формасы бойынша әртүрлі болады. Бұл идеяны грек ғалымы Демокрит жалғастырды. Ол тіршіліктің пайда болуын осы тұрғыдан түсіндіруге тырысты. Атомдардың ұсақтары, жеңілдері бетіне көтеріліп одан ауа, ауырлары астына түсіп, одан топырақ пен су пайда болған. Кейіннен су ішіне балықтар, басқа да жануарлар мен құстар құрылықта пайда болган деп түсіндірді.
Біздің эрамызға дейінгі 490-430 жылдары омір сүрген Эмпедокл Демокриттің ойын одан әрі қарай дамытты. Атомдар араласып әртүрлі комбинациялар, үйлестіктер түзеді, ол уйлестіктердің әлсіздері бұзылып, күштілері қалып отырады. Комбинациялардың бірқатарынан жануарлардың органдары, ал органдар бір-бірімен қосылып жануарлар түзіледі. Эмпедоклдің идеясы бойынша барлық ағзалардың алғашында белгілі мүшелері пайда болады, содан кейін олар өзара бірігіп біртұтас ағза құрады. Бұл кезде эмбриология ғылымы жетілмеген еді.
Ұлы грек ғалымы Аристотельдің еңбектері ерекше бағаланады (б.э.д. 384-322 ж.ж.). Ол жануарларды салыстыра отырып, зерттеп салыстырмалы анатомияның, морфологияның, эмбриологияның негізін қалады. Алғаш жануарлар классификациясын жасады. Жануарларды қанды, қансыз деп екіге бөлді. Ол қазіргі омыртқалылар мен омыртқасыздар еді. Ол өзі жасаған «сипаттап жазу» әдісімен 500-ден астам жануарларды сипаттап жазды. «Жануарлар бөлімдері» деген еңбегінде алғаш бір органдардың өзгеруі екінші бір органдардың өзгеруіне әкеп соқтыратынын көрсетті. Немесе корреляцияны атап көрсетті. Аристотель табиғи зандылық бойынша тіршіліктің даму дәрежесіне байланысты сатылы орналасатынын көрсетті.
Аристотель өзінің алдындағы ойшылдарға қарағанда, жер бетіндегі барлық тіршілік пішіндерінің шығу тегі бір деген көзқарасты ұстады. Оларды күрделіктеріне қарай деңгейлік сатыға орналастырды. Арситотельдің жіктеуі бойынша, ең астыңғы баспалдаққа минералдар орналасса, одан жоғары өсімдіктерді, одан жоғары өсімдік-жануарларды «зоофиттерді», одан жоғары төменгі сатыдағы жануарларды, одан кейін жоғарғы сатыдағы жануарларды, ең үстіне адамдарды орналастырды. Бірақ, Аристотелше, бұл орналасқан организмдер арасында пәлендей бір байланыс жоқ. Аристотель «Жануарлардың пайда болуы» деген еңбегінде салыстырмалы әдісті эмбрионалдық зерттеулерде пайдаланды. Ол дамудың әрбір жаңа сатысында жаңа белгілердің пайда болатындығын көрсетті.
Өткен орта ғасырларға дейінгі діни басқарманың күшінде болуы мен мәдени дамушылықтың дағдарысқа ұшырауы 1,5 мың көлеміндегі жаратылыстану ғылымының дағдарысы деп түсінуге болады. Өйткені, бұл уақыт ішінде эволюцяилық ілімнің дамуына үлес ретінде қарастыруға жарайтын бірде-бір еңбек немесе идея нақтыланбады. Анықталған жануарлар мен өсімдіктерді бір тәртіпке келтіріп отыру керек болды. Организмдерді сипаттау бірлігі түр болып табылады. Бұл атауды алғаш ендірген ағылшын ботанигі Дж.Рей болды (1628-1705). Рейдің айтуынша, тур дегеніміз морфологиялық құрылысы бірдей, бірге тіршілік жасайтын, өздеріне ұқсас ұрпақ бере алатын, онша көп емес организмдер жиынтығы. Рей түрдің ең басты қасиеті — организмдердің өз қасиеттерін ұрпақтарына тұрақты бере алуы деп білді.
Систематикада, әсіресе өсімдік систематикасында швед ғалымы Карл Линнейді атауға болады (1717-1718 жж). Ол сол дәуірдегі барлық белгілі түрлердін классификациясын жасады. Ол іс жүзінде бірінші болып бинарлы номенклатура пайдаланды. Түрді туыс және түр атауларымен қосып атауды ұсынды. Ол эволюциялық көзқарастың жақтаушысы болған жоқ. «Түрлер ол баста қанша болса, кейіннен де сонша болады» деп жазды.
К. Линнейден бұрын, алғаш табиғи класссификацияны француз ботанигі А.Жюсье жасады. Оның еңбегі эволюция идеясының негізгі тірегі болды.
Ағзалардың озгергішітігін қоршаған ортаның әсерімен байланыстыру арқылы биологияда жаңа трансформизм ағымы пайда болды. Олар бір ағзалар екінші ағзалардың өзгеруінен шығады деген ұғымды қалыптастыра бастады. Бұл тұрғыда орыс ғалымы М.В.Ломоносов пен неміс ғалымы К.Ф.Вольфтың еңбектері бұрынғы креационисттік көзқарасқа соққы болып тиді. А.Левенгуктың сперматозоидты, У.Гарвейдің аналық клетканы табуы организмдердің жеке дамуы белгілі бір жоспар бойынша жүретіндігін көрсетті. Осы онтогенездің жоспарлы жүруі преформизм концепциясының пайда болуына әкеп соқтырды. Коптеген көрнекті ғалымдар жыныс клеткасында миниатюрлі дайын организм болады деп түсінді. Олар жеке даму кезінде организм тек көлемін ғана ұлгайтады деген пікірде болды. Неміс биологы Галлердің ойынша, жұмыртқада кішкентай кезге корінбейтін балапан болады. Преформистік көзқарастың мәні — жеке даму кезінде ешқандай да жаңа құ-рылымдар пайда болмайды. Бұрын бар органдар тек ұлғаяды деген қағида. Преформистік көзқарасқа ағылшын эмбриологы Гарвей эпигенез концепциясын қарсы қойды. Гарвейдің ұғымынша, организм жеке дамығанда әрі өседі, әрі дамиды, немесе жаңа құрылымдар пайда болады. Эпигенез концепциясы бойынша даму кезінде алғашқы біркелкі материалдан даму нәтижесінде дененің жаңа бөліктері пайда болады. Соңында жаңа организм пайда болады. Эпигенез концепциясының түпкілікті қалыптасуына К.Вольфтың тауық эмбрионын зерттеген еңбегі себеп болды. Ол еңбегінде жұмыртқада ешқандай да дайын органдардың, организмнің болмайтынын, оның бәрі дами келе пайда болатынын көрсетті. Бұл аталған тұжырымдар мен ашылымдар бұрыңғы көзқарасты күмәнмен сараптаудың қажет екенін көрсетті, бірақ, дәл қазіргі кездегідей, эволюциялық дамудың үнемілік озгерісте болатыны туралы толық түсінік болмады.
Биология мұғалімнің тұлғасы. Мұғалімнің жұмысын ғылыми негізде ұйымдастыру. Сабақ талдау үлгілері.
- Биология мұғалімінің тұлғасы.
- Ұстаздық құпия.
- Алғашқы биология сабағын өткізу.
- Өзінің сабағын талдау.
Қазіргі балалардың көп нәрсені өте ерте біліп, кейде әдейі (мұғалімнің мәселеге байланысты не білетінін байқағысы келіп) сабақтан тыс мәселелер сұрайды. Бұл кездесіп жүрген шындық. Акпарат ағынының молдығы, стрестен ерте есею, күдіктіліктің дамуы — бұлардын барлығы уакыт талабы. Балалар өздерінше өмір сүргілері келеді, көпшілік біздіңше коғамның эталонын ойлап қабылдамайды. Ал ұстаз, тәрбиеші міндетті түрде өзін-өзі ұстай білуі керек, өйткені ол — педагог. Кәсіби шыдамдылык, басқаша ойлайтындарды түсіне алу кәсіби борышына адалдық болып есептеледі. Ең тамаша мектеп, тамаша безендірілген биология кабинеті, жетілдірілген окулыктар мен оқу құралдары-ешкайсысы және еш уақытта ұстаз түлғасына шақ келмейді, оны еш айырбастай алмайсын. Биолог-ұстаздың түлғасы, онын эрудициясы, өз ісіне берілгендігі және талантты оқушылар санасына өшпес белгі калдырады, көбінесе олардын кабілеттері мен ықыластарына тәуелсіз, жеткіншектердің өмірлік жолы аныктайды.
Казіргі, жаңа окушыға жаңа, білгір, эрудицийсы жоғары, жаңашыл ұстаз керек. Ұстаздың ең етене кәсіптік белгісі — педагогтық әдеп. Мұғалімнің кәсібінің ерекшелігі ең алдымен оның педагогтык әдебінде жатады. Педагогтардың кейбіреулері педагогтық әдеп — мұғалімнін оқушыны баурап алатын табиғи қабілеті десе, енді біреулері -мұғалімнің жалпы мәдениетінің кұрамдас бөлігі; үшінші біреулері — пәнді жетік білу және оның әдістемесін жақсы меңгеру деп есептейді. Осы айтылғандардын бәрінде де педагогтық әдептің азды — көпті белгілері бар.
Ұстаз алдында оку материалын жоспарлау, сағат көлемін, қажет болса оқылатын такырыптар, тараулар ретін өзгерту, оқытудың формалары мен сабакты өткізудің әртүрлі әдістерін колдану сиякты үлкен шығармашылык әлемі жатыр.
Оқушылардыц тірі табиғатқа деген танымдык кызығушылығын арттыру көпшілік жағдайда алғашкы, биологияға кіріспе сабағының (5-6 сыныптарда) сәтті өтуімен байланысты болады. Осы сабаққа дайындалу алдындағы сынып ерекшеліктері мен оқу кабинетінің материалдық базасына байланысты сабақ мазмұнын, оны беру әдістерін тандап алуда ұстаздан шығармашылык талғамды талап етеді.
Алтыншы сынып оқушыларын тірі ағзалар әлемімен таныстыруда педагогикалык тұрғыдан екі немесе үш кіріспе сабақтарын өткізу тиімді (алғашкы сабақтар міндетгі түрде биология кабинетінде өтуге тиіс).
Алғашқы сабақта «Биология нені оқытады» деген такырыпта окушыларды тірі табиғат жөніндегі биология ғылымымен, оның зерттеу нысаны, тірі ағзалардың көп түрлілігі, маңызы мен оларды қорғау мәселелерімен таныстыру кажет.
Сабакты «Дүниетану», «Жаратылыстану» пәндерінде оқылған табиғат жөніндегі білімдерін калпына келтіру, естеріне түсіруден, дүниетану, жараталыстану мен биология арасында логикалык көпір жасау аркылы бастаған орынды. Ол үшін оқушыларға талқылауға мынадай сұрактар ұсынылады; дүниетану нені оқытады? Екінші сабақты өткізуде биология кабинетінде «табиғатты бакылау, танымжорык» атты бұрыш ұйымдастырылуы тиіс, онда күздегі табиғат, жан-жануар, өсімдіктер жөнінде деректер (суреттер, нақпішіндер, гербарийлер т.б. ) болуы тиіс. Үшінші сабақ «Окулықпен танысу, онымен жұмыс жасау» такырыбында өте тамаша болары сөзсіз, сабакты табиғатта өзін-өзі ұстау ережелеріне үздік мазмұндамаға бәйге жариялап, соны жазғызып бастауға болады.
Дұрыс ұйымдастырылған сабақтың жемісін теориялық білімнің нәтижесінен көруге болады.
Биология сабактарына койылатын жалпы дидактикалык, талаптарға тоқталайық: ұстаздын өзінің биологиялык білімін жоспарлы түрде үздіксіз көтеруі, сабақты талдай отырып оқушыларыңыз қалай жауап бергенін есіңізге түсіріңіз?
Окушылардың жауаптарының мазмұны койылған сұрактарға сәйкес болды ма?. Жауаптар қаншалыкты биологиялык сауатты болды?. Бір сөзді жауаптар болды ма?. Оқушылардың монологтык сөздері дағдысын калыптастыруда кандай жұмыстар жүргіздіңіз?.Алғашқы сабакта нақ балаларды ауызша жауапка койылатын талаптармен таныстырыңыз; сөздің сауаттылығын қадағалаңыз, қателерін ашуланбай түзетіп, сөздерінің аз болса да дамуын қадағалап отырыңыз.
Әрбір өткізілген сабактан кейін ұстаз өзіне сұрак коюы тиіс; бүгін менін жұмысымда қандай кезеңдер дұрыс болды? Қайсысы дұрыс шықпады?. Себебі неде?. Келесі жолы нені өзгерту, калай істеу керек? Сабақты өзіндік талдауды мына тұрғыда жүргізуге болады:
1- Биологиядан жетілдірілген бағдарламаның талаптарын орындау.
Белгіленген сабақ жоспары жүзеге асырылды ма?. Сабак мазмұны қаншалыкты дәрежеде бағдарлама талаптарына сәйкес болды, ауытқулар болды ма?. Егер болса, ол қажеттіліктен бе, әлде кездейсок па?.
Сабақты талдауды, салыстырудың, негіздеудің, корытынды жасаудың логикалық біліктілігін калыптастыруға; тәжірибелер кою, бақылау жүргізу микроскоппен жұмыс, гербарийлермен жұмыс жүргізудің арнайы біліктілік пен дағдысын қалыптастыруға; мәтінмен жұмыс істеудің және оқулықтың мәтіннен тыс кұрам бөліктерімен жұмыс істеудің жалпы біліктілігін калыптастыруға кажетгі көңіл аударылды ма?.
2. Негізгі білім беру, тәрбиелеу және дамытушы міндеттердің шешілуі.
Сабақтың міндеттері дұрыс анықталған ба?. Соны ойланыңыз. Оларды алдынғы өткен және соңғы сабақтардың міндеттерімен байланыстыру болды ма?. Сабақ негізгі максаттарына жетті ме?.
3. Таңдап алынған сабақ құрылымын және әдістерін негіздеу.
Егер бұл үйреншікті кұрастырылған сабақ болса, онда сұраудың, жаңа материалды түсіндірудің, бекітудің, корытындылаудың, үйге тапсырма берудің ретін негіздеңіз. Сабактың максаты, типі және кезеңдері арасындағы өзара байланысты анықтаңыз.
Сізге жоспарланған сабақ құрылымын сактау мүмкін болды ма? Егер болмаса, ол не себепті?. Өткен сабақты қайталау кезінде курстың жетекші идеяларын калыптастыруды жалғастыру жүрді ме, немесе кайталауды ұйымдастыру тек еске түсіру деңгейінде болды ма?.
Жаңа материалды игеру барысында ұғымдарды қалыптастырудың кезеңдерінің негізгі ережелерін қалай қолдандыңыз?. Сабақта пән аралык байланысты жүзеге асыру мүмкіндігі болды ма?. Сіз оны калай жүргіздіңіз?.
Оқылған материалды бекіту мен негіздеу кандай деңгейде ұйымдастырылды?.
Үй тапсырмасының көлемі мен сипаты оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болды ма?. Үй тапсырмасы окылған такырыптың негізгі мәселелерін бекітуге бағытталды ма?. Сабақтың әрбір кезеңінде кандай әдістер мен тәсілдер қолданылды?. Тандап алынған әдістердің сабактың әрбір кезеңінің міндеттерін шешуге және сабақтың максатына жетуіне себі тиді ме?. Оқушылардың оқу жұмысын күшейтуге, проблемалык жағдайлар туғызуға, шығармашылыққа және оқылған тақырыпка қызығушылығын арттыруға қандай әдістер мен тәсілдер колдандыңыз?.
Қандай әдістерді қолдану сізге сабақтың міндеттерін неғүрлым толык шешуге мүмкіндік берді.
4. Оқушылардың сабақтағы әрекетін талдау.
Сабақта оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерінің қандай түрлері (жекелеген, топтық, ұжымдық) қолданылды және неге?. Неше оқушы сабақта баға алды?. Сабак міндеттерін жоспарлауда және шешуде сыныптың ерекшеленуі, оқушылардың даму денгейлері қалай ескерілді?. Төмен үлгерімдегі балаларға жекелеген қатынас қалай жүргізілді?. Оқушылар тек енжарлы түрде қатысқан сабақтың кезеңдері болды ма?. Сабақта жұмыс уақытының бос өтуі (уакыт жоғалту) болды ма?. Ол неге?. Келесі сабакта осы кемшілікті жою үшін не істеу керек?. Оның себептерін анықтаңыз.
Өткізілген әрбір сабақ қаншалықты дәрежеде оқу-тәрбие үрдістеріне койылатын талаптарға сай өткен-өтпегенін білу өте маңызды. Осы және баска да сұрактарға бір мезгілде әрі бастапқы кезен, әрі ұстаздық шығармашылыктың шыңы болып есептелетін өзіндік сабак талдау осылай жүргізіледі.
8. Оқушылардың танымдық белсенділігін ұйымдастыру. Оқушылар жауаптарына қойылатын талаптар. Білімді бақылау түрлері мен тексеру әдістері.
1. Танымдылық іс-әрекетіне сәйкес топтастыру.
2.Білімді бақылау түрлері мен әдістері.
3.Оқулықпен жұмыс істеу – оқушының өз білімін бакылауын қалыптастырады.
4.Ауызша жауап түрінде тексеру және жауапты жазбаша түрде тексеру.
Танымдылық іс-әрекетіне сәйкес топтастыру (И.Лернер, М.Н.Скаткин). Әдістердің көмегімен оқытушының көрсеткен тапсырмасы бойынша оқушы өзінін білім деңгейін өз бетінше игереді, әрине әрбір оқушының ойлау кабілеттілігі артады. Бұл топка бірнеше әдістер кіретіндігін айту керек:
— бейнелеу арқылы түсіндіру (ақпаратты-рецептивті);
— репродуктивтік;
— проблемалы мазмұндау;
— жартылай ізденіс (эвристикалық);
— зерттеу.
Егер,танымдылык іс-әрекет, тек қана мұғалімнің көмегімен іске асырылса, оқушылар дайын материалдарды ұғып, есте сактап, оны қатесіз айтып берумен ғана шектелген жағдайда, олардың ойлау белсенділік деңгейінің төмендігін көрсетеді.
Егер оқушының ойлау қабілет деңгейі өте карқынды болса, ол танымдылык іс-әрекетінде шығармашылық енбектің нәтижесінде, өз бетінше ізденіс жасау және зерттеу әдістерін қолдану нәтижесінде ғана табыска жететіндігін байқауға болады.
Сондыктанда, әдістер осындай топтастыру арқылы өз қолдауын тауып, кең таралып жүр. Енді осы әдістерге жеке-жеке тоқталып сипаттама берген жөн.
— Акпаратты-рецептивті (қабылдау) әдістін. басты мәні, олар мынандай белгілерімен сипатталады:
· Окушыға білімді «дайын» күйінде ұсынады.
· Оқушы дұрыс түсіну үшін, оқытушы әртүрлі тәсілдерді пайдалана отырып, оқу процессін ұйымдастырады.
· Окушы білімді қабылдап және оны есте сактайды.
Білімді кабылдауда барлық ақпарат көздерін (сөз, көрнектілігі т.б.), мазмұндау логикасының индукциялық және дедукциялык жақтарын дамытып пайдалану жолдарын іске асырады.
— Репродуктивті әдіспен оқытудың басты белгілері:
· Білімді окушыға «дайын» күйінде беру.
· Мүғалім оны түсіндірумен қатар, оны әңгімелей береді.
· Оқушы оны саналы түрде ұға отырып, есінде
ұстайды.
· Басты критериясы оқушының берген дұрыс жауабы болып танылады немесе дұрыс есіне түсіру білімінің тұрақтылығының ең басты куәсі, оны бірнеше рет кайталаудың нәтижесінде болады.
Репродуктивті әдісті мынандай жағдайларда қолдану өте тиімді:
-оқу материалының мазмұны бірыңғай ақпаратта болса;
практикалық және еңбек тану іс-әрекетін қолдануын сипаттауда;
— егер оқушының өз бетімен іздену, ойлану процессіне қиындық жағдайлар туатын болса;
— жаңа проблемалы материалдарды игеруге оқушының тіректік білімі әлі аздау болған жағдайларда.
Бұл әдістің тағы да бір колданылатын кездерінің бірі -проблемалык маңызды мәселелерді өз бетімен шешу барысында оқушылар әлі дағдыланбаған жағдайларда.
Репродуктивті әдістің тағы да бір ерекше пайдалы әсерлерінін бірі оқу материалын жедел игеруді, практикалык, еңбекке деген шеберлігі мен іскерлігін қалыптастыруды камтамасыз етумен бірге, оқу процесіндегі білімділігін, шеберлігін, іскерлігін басқаруды, кейбір кателік жақтарын айкындауына мүмкіндік береді. Сондықтанда, жоғарыдағы айтылған көптеген пайдалы жактарын баска әдістермен байланыстыра отырып, күнделікті оқу процессіне қолдана білген жөн.
Оқушыларға тарау бойынша кезеңдік бақылау жүргізу, олардың білімін бақылаумен бағаланады. Бақылау бойынша мұғалім әр түрлі тәсілдерді пайдаланады. Біріншіден оқушының білімін арттыру жолдарын қарастырайық, ол үшін талқылау сабағы соңғы кезде көптеген әдістердің ішінде сабак беру практикасында біртіндеп еніп келе жатқан әдістердің бірі болып есептеледі. Бұл әдістің нәтижесі проблемаларды шешуде басқа әдістер айтарлықтай нәтиже бермеген кездерде, пайдаланылады.
Талқылау әдісінін көмегімен оқушылардың біліміне көптеген жаңалықтарды енгізуге болады, оқушы өз пікірін дәлелдей отырып, оны тиянақтауға үйренеді. Бұның ең басты қызметінің бірі оқушының кызығушылығын арттыруға үлкен көмегін тигізеді. Сондыктан да, осындай талқылау сабақтарын өткізу үшін оқушылар алдын-ала тиянақты дайындала отырып, бұрынғы алған білімдеріне сүйене отырып, талкылауға арналған тақырыптар жайлы жан-жақты ақпараттарды жинақтайды. Әрине бұндай сабақтар, окытушының тікелей басқаруымен іске. асырылады.
Талкылау сабақтары көбінесе жоғары кластарда өткізілгені жөн. Жеке тұлға таластан, талкылаудан шындыкка жүруге үйренеді.
Оқулықпен жұмыс істеу, арнаулы әдебиет, оқулықтармен жұмыс істей білудің де өз әдістемелік сырлары мен құпиялары бар. Осы әдістің ең басты артықшылығы — оқушы өзінің еркімен оқу акпараттарын бірнеше рет оқып, өңдеп отыруға мүмкіндігі бар.
Оқулыкпен өз бетімен жұмыс істеу үшін ең алдымен оның құрылымымен танысу керек, жүгірте оқып отырып, жеке тауарларға, белгілі сұрактардың жауабын іздестіре отырып, материалдарды байкап карап шыкқан дұрыс. Содан кейін кейбір жеке бөліктерінен рефератты түрде жазып алып, есептерін, мысалдарын, жаттығуларын, тестік бақылауларына жауап іздестіре отырып, материалдарды еске сақтауға тырысу керек.
Осы әдістің ең тиімді жақтарының бірі еркін оқып отырып, сол оқығанын түсіну. Материалдардың ішінен ең басты бөлігін бөліп көрсете білу, окығанын кысқаша жазып алу, өз бетінше логикалық, кұрылымдық схемаларды сызып көрсете білу немесе тіректік схема, осы сұрақтар бойынша косымша әдебиеттерді пайдалана білу.
Кітаппен жұмыс істеудің қазіргі кезде пайдаланып жүрген екі түрі бар: ұстаздардың басқаруымен сабақ кезіндегі жұмыс және үйде өз бетімен істелетін жұмыс. Кітаппен, әдебиеттермен жұмыс істеу әдістері окушылардың өзін-өзі білімін бакылауын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әрине, бұл жерде айта кету керек окушының оку материалын бірнеше окып отырып түсінбесе оны оқулықпен жұмыс істеді деп айтуға болмайды.
Практикалық әдіс. Оқушылардың қабілеттілігін дамытуда маңызы зор әдістердің бірі. Бұл әдіспен сабақ өткізген кезде ол күрделі, өзара байланысып жатқан сөйлеу, көрнектілік және практикалық әдістердің қолданылуы арқылы іске асырылады. Әдісті жүргізілуге берілген тапсырмалардың өзінің-де оқу-тәрбиелік маңызы зор. Бұл әдіспен сабак өткізу ұстаз жағынан өте тиянакты дайындықты, оның ұйымдастырушылық қабілеттілігін талап етеді.
Өткізілген сабактың нәтижесі де басқа әдіспен өткізілген сабақтарға қарағанда ерекше болады.
Практикалық сабақ кезінде оқушылардың танымдылық іс-әрекетін қалыптастыру үшін бес кезеңнен өткізу арқылы қөруге болады:
1.Оқытушы түсінік береді. Бұл кезең жұмыстың мазмұнын теориялық тұрғыдан ойлануы.
2. Көрсету. Бұл кезең нұсқау беру.
3. Сынақ кезеңі. Бұл кезеңде екі-үш оқушы берілген жұмысты орындайды, ал қалғандары іс барысын бақылап, оқытушының нұсқауымен жіберілген кателіктеріне ескертулер жасайды.
4. Жұмысты орындау. Бұл кезеңде әрбір оқушы берілген тапсырманы өз бетінше орындайды. Оқытушының назары жұмысты нашар орындаушыға көп бағытталады.
5. Тексеру. Бұл кезенде орындалынған тапсырманы қабылдап, оған баға беріледі. Сапасына, уақытты дұрыс пайдалана білуіне, онын дұрыс орындалып, нәтижесі бойынша жасалынған корытындысына тиісті бағасын береді. Танымдылық ойындар әдісі – нақты жағдайдың көрінісін жасай отырып, арнайы ситуациялар жасау арқылы оның сол жағдайдан шығу жолдарын табуға арналады. Іскерлік ойындар оқушының танымдылық қызығушылығын арттырады. Осындай әдістерді оқушы ойындар аркылы іске асырады, осы ойын кезінде ол өзінің белсенділік қызметін көрсетуге тырысады. Соңғы кездері мектеп қабырғасында да, жоғары оқу орындарында да осы әдіс жиі қолданып, өзінің ретті орнын, бағасын алып отыр.
Биология пәнін оқыту және оку процессін жетілдірудің ең басты шарты оқушылардың білімін тексеру болып табылады. Сондыктан, жүйелі түрде білімін тексерудің нәтижесінде оқушылардың жауапкершілігін арттыруда тәрбиелеумен, оқу материалын игерудің нақтылығын жоғарылату мен қатар оку процессін басқарудың мүмкіндігін кеңейтеді. Сондықтан да, егер әрбір ұстаз биологияны оқыту барысында шәкірттерінің білімін тексеруде әртүрлі формалары мен әдістерін қолдана отырып, жасау керек. Бұндай әдіс бір жағынан окушылардың білімінің жалпы деңгейін аныктау, екінші жағынан ұстаздарға кандай шеберлікпен оқу процессін жүретіндігін де аныктауға болады.
Енді оқушылардың білімін бағалау әдістерінде формаларына жеке-жеке тоқтап, баға берейік:
— Ауызша жауап түрінде тексеру арқылы оқушының ақпаратты байқаумен қатар, сөйлеу мәдениеттілігінің қалыптасуы, сөйлемді құрастыру сауаттылығы, материалды логикалық бір жүйеде түсіндіріп білуге болады.
— Жауапты жазбаша түрде тексергенде оқушы қатысқан
сұрақка еркін, кең түрде, жан-жақты қамтып, кейде өзінің
шығармашылық шеберлігін де келтіре отырып, жауап беруі мүмкін. Соңғы жылдары биологияны окытуда және жастардың білімін тексеруде дәстүрлі әдістен бөлек тестік жүйе аркылы бақылау жиі қолданып келеді.
Тестік жүйемен тексерудің көптеген артықшылықтары бар. Ол біріншіден уақытты үнемдеу, екіншіден сұрақтардың санының көп болуының аркасында биология пәнінің барлық бөлімдерінің толық қамтуға мүмкіндік береді; үшіншіден берілетін жауаптар нақтылы, кысқа.
Осы әдіспен білімді тексерудің күнделікті, тематикалық және қорытынды бақылау кезінде қолдануға болады. Әрине, шәкірттердің білімін тексеруде бір ғана әдіспен шектеліп қана қоймай, олардың әртүрлерін пайдаланғанда ғана, оларды жалықтырудан сақтайды.
Тестік жүйемен тексерудегі ең басты табыс – оның сипаты мен мазмұнына, әртүрлілігіне және тест құрушының шеберлігіне байланысты. Сондықтан да, тестік сұрақтар алуан түрлі болу керек: дұрыс жауабын таңдап аныктау; ұсынылған элементтерден жауабын кұрастыру; практикалық шеберлігін игеру денгейін анықтауға арналған тесттер; әртүрлі болжамдардың дұрыстығын таңдай білу; берілген схемалардағы байланыстарды дұрыс орналасуын аныктау; берілген таблицаларға, суреттерге дидактикалык карточкаларға бақылау жүргізе отырып, анық жауаптарын табу болып табылады.
9. Биология пәні бойынша сыныптан тыс өткізілетін жұмыстар. Биология пәні бойынша сабақтан тыс оқытуды ұйымдастыру.
1. Сабақтан тыс жұмыстардың түрлері.
2. Сыныптан тыс жұмыстар.
Оқушыларға білім және тәрбие беруде басты міндет атқаратын оқу процессінің формаларының бірі сабақтан тыс және сыныптан тыс жұмыстар болып саналады.
Сабактан тыс жұмыстар биология кабинетінде, тірі табиғат аясында, оқу-тәжірибе алаңында орындалады.
Жұмыс тәжірибе, өсімдіктердің коллекцияларын, гербарийлерді бақылау аркылы жүргізіледі.
Әрбір оқушы жылына бір, екі жұмысты сабақтан тыс жағдайда орындау керек. Осы орындалған жұмысты ұстаз бағалап, отырады.
Сыныптан тыс жұргізілетін жұмыстардың тапсырмалары өткен сабақтың такырыптарына жақын, тіпті сәйкес келеді. Үй жұмысы сияқты сыныптан тыс жұмыстарды оқушыларға алдын ала бірнеше мерзім ішінде орындауға беріледі (бір аптаға, айға немесе бірнеше тәулікке). Мысалы, ботаника пәнінен берілетін тапсырма суда өсірілетін өсімдіктермен тәжірибе жұмысына екі ай уакыт, оттегінің бөлінуіне арналған тәжірибеге 3 күн, тамырдың қысымын зерттеуге екі күн.
Сыныптан тыс жұмыстар да оқушылармен еркін түрде, өз калаулары бойынша жұргізілетін сабақтың формасынын. бір түрі болып есептеледі. Мұғалімнің баскаруымен оқушылардың биология пәніне деген қызығушылығын арттыруға, үлкен әсерін тигізеді. Сондықтанда сыныптан тыс жұмыстардың білімдік маңызымен катар окушыларға тәрбиелік те рөлі бар (еңбекке, мәдениетке, табиғатқа деген көзқарасының дамуына және қалыптасуына, ұйымшылдыкқа жеке шығармашылығының жоғарылауына т.б.).
Биология пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың формалары алуан түрлі: топтасып жүргізілетін жұмыс, жеке түрде жұргізілетін жұмыстар.
Топтасып өткізілетін жұмыстарға мыналар жатады: жас натуралистер үйірмесіндегі жүргізілетін жұмыс, биология кабинетінде «ассистенттік» жұмыс атқарып, оны жабдыктауға, безендіруге қатысу.
Оның ішіндегі жас натуралистер үйірмесінің алдына койылатын мақсаты — биологияны қызығып оқитын талапкерлердің білімін тереңдету, олардың шеберлігін және іскерлігін арттыра отырып, табиғаттың даму зандылығына деген материалистік көзқарастарын дамыту.
Үйірме жұмысы бір жүйелі түрде өзінің жоспарланған бағдарламасы бойынша өзеркімен қызығып қатысушы оқушылардың белгілі бір тобымен жүргізіледі. Әрбір сыныпта биология пәнінің салаларынан арнаулы мынандай үйірмелерді ұйымдастыруға болады. 6 сыныптарға жас ботаниктер үйірмесі, 7 сыныпта — жас зоологтер үйірмесі, 8-9 сыныптарда жас физиологтар, 10-11 сыныптарда жас биологтар үйірмесін ұйымдастыруға болады. Үйірмелердің былай бөлінуі біріншіден окушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты болса, екіншіден олардың білім деңгейіне де байланысты. Әрине, бұл үйірмелер бір-бірімен алшақ, қатынас жоқ деуге болмайды. Керісінше олардың арасында байланыстар өте тығыз бір-бірін толықтырып отырады. Әрбір оқушы өзінің қызығуына қарай қалаған үйірмелеріне қатысуына болады. Мысалы, жоғарғы класс оқушылары ботаника немесе зоология үйірмесіне қатысуына болады.
Жалпы биологиялық сыныптан тыс жұмысқа юнаттар үйірмесіне аз ғана оқушыларды ұйымға тарта отырып, окытушы окушылар мен жалпы жұмыс өткізеді. Мысалы, кинофильмдер көрсету аркылы лекция және демонстрациялық сабақтар өткізу, табиғатта немесе басқа өндіріс орындарына, көрмеге саяхаттар жасау, ғылыми кештер және конференциялар өткізу. Оқушылардың өнер-шеберлік көрмесін ұйымдастыру, әртүрлі тематикалык кештер ұйымдастыру «Алтын күз», «Бақ аптасы», «Кұстар күні», газеттер мен альбомдардың көрмесін ұйымдастыру, т.б.
Жекелеп жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарға жататындар: тірі табиғат бұрышында істелетін жұмыс, оқу-тәжірибе участогінде істелетін жұмыс, табиғатта істелетін жұмыс және сыныптан тыс әдебиеттерді оқу.
Барлық уақытта әрбір сыныпта биологияға деген ынтасы, қызығушылығы бар жеке тұлғалар болады. Осындай жастардың талабын, дарынын бағалап отырып, оның білімін тереңдете отырып, дамыту үшін жеке тапсырмалар беру аркылы сол тапсырма бойынша орындалуын мұғалім қадағалап, бақылап, бағалап отырады.
Осындай түрде жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар аркылы дарынды жастарға өзінің болашак кәсіптік маманды дұрыс тандауына үлкен көмегін тигізуге болады.