«Эволюциялық ілімнің Дарвиннен кейінгі даму кезеңдері»
1.Табиғи сұрыптаудың алғашқы зерттеулері мен түр туралы түсініктің орнығуы;
2.Дарвинизм ілімінің 1-ші даму кезеңі. Эволюциялық биологияның қалыптасуы;
3.Дарвинизм ілімінің 2-5 даму кезеңі;
4.Эволюцияның синтетикалық теориясы.
Дарвиннен кейінгі кезең биология ғылымының дамуын карқынды деп сипаттауға болады. Бұл кезеңдерде эволюциялық морфология, физиология, палеонтология, генетика, экология сияқты биология салалары қалыптасты. Эволюция ілімі қазіргі ғылыми көзқарастың қалыптасуына, жалпы мәдениеттің дамуына түбегейлі әсер етті. Эволюция процесін жан-жақты дәлелдеу үшін оның генетикалық және экологиялық негіздерін, оның жалпы заңдылықтарын тереңнен зерттеу жолымен эволюциялық биология толықтырылған ғылым болып қалыптасты.
Эволюциялық биологияның дамуын 4 кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең (1859-1900 жылдар) бұл кезде Дарвиннің басты еңбектері көптеген тілдерге аударылып жалпы баршалық қабылданған ілімге айналды. Англияда дарвинизмнің жақтаушы күрескері Гексли болды. Ол эволюцияның біртіндеп жузеге асатынының жақтаушысы болды. Гексли «Адамның табиғаттағы орыны» деген лекциясында адамдардың жоғарғы сатыдағы маймылдармен туыстығының эмбриологиялық, морфологиялық, палеонтологиялық дәлелдерін келтірді. Көрнекті ағылшын ботаниктері Гукер мен Уотсон өздерінің флористік зерттеулерінде дарвинизмнің негізгі қағидаларын қолданды.
Ресейде де Дарвин ілімі кеңінен тарала бастады. Оны 1861 жылы Н.Н.Соколов айтарлықтай түсіндіріп баяндап, баспасөзге шығарды. Орыс журналдарында «Түрлердің тегі» ондаған түрде жарық көрді. Оның ішінен К.А.Тимирязевтің студент кезінде жазған «Дарвиннің кітабы, оның сыншылары мен комментарий жасаушылары» — деген еңбегін атауға болады.
Дарвиннің эволюциялық ілімі, материалистік көзқарасы Д.И.Писаревтің «Жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің прогресс!» деген мақаласында нақтыланды.
Биология саласында жинақталған ғылыми деректер филогенетикалық ұғымдардың нақтыланып орнығуына негіз болды. Эволюция ілімінің басты мәселесі эволюция фактын дәлелдеу болды. Бұл жұмыстың біразын Дарвиннің өзі орындап қойған болатын. Кейіннен ол жұмыс одан әрі жалғастырыла берді.
Ғалымдар органикалық дүние тарихын қалпына келтіру бағытында жұмыс жасады. Түр мен одан да ірі таксондар эволюциясын жасауда аралық формаларды қазба жұмыстарың жүргізу арқылы анықтау эволюциялық палеонтологияның еншісіне тиді. Сөйтіп, палеонтологиялық жаңалықтар эволюция процесінің тура дәлелі болып табылады. Олар таксондардың филогенетикалық туыстығын көрсетті. Ондай дәлелдердің бірі алғашқы қазба жұмыстары арқылы табылған құс археоптерикс — сенсация болып табылды. Ол рептилийлер мен құстың арасындағы байланыстырушы буын болып табылды. Кейіннен бор қыртысының үстінен табылған бастапқы кұс пен казіргі құстардың арасын жалғастыратын ихтиорнис табылды. Жер жыныстары қыртысының қабаттарынан қазба жұмыстары арқылы табылған моллюскалардың филогенетикалық қатары формалар өзгерісінің сабақтастығын көрсетті. XIX гасырдың 70-80 жылдары палеонтологтар аммониттердің, теңіз кірпілерінің, жылқылардың, пілдің, киттің эволюңиялық-филогенетикалық катарларын табылды. Палеонтологиялық жаңалықтардың ең бастысы Ява аралында табылған маймыл тектес адам питекантроптың қаңқасының табылуы. Палеонтологияның аса көрнекті жетістіктерінің бірі орыс Владимир Ковалевскийдің жылқы тұқымдастардың эволюциялық даму қатарларын анықтауы болды. Эволюциялық зерттеудің филогенетикалық бағыттарының бір саласы Жер бетіндегі бар организм топтарының арасындағы туыстық қарым-қатынастарды орнату болды. Сонымен бірге, әртүрлі туыстардың құрыдымдарының ұқсастыгы олардан әуел бастан бір тектен шыққандыңының дәлелі болып табыдады. Салыстырмалы морфология мен эмбриология салаларында таксондар арасындағы геологиялық байланыстар кеңінен зерттеле бастады. Бұл саладағы ғалымдар ашқан жаңалықтар палеонтологтар ашқан жаналықтармен қосылып органикалық дүниенің табиғи жүйесін, систематикасын жасауға негіз болды. Геккель көпшілік мақұлдаған үшжақты параллелизм әдісін ойлап тапты. Ол салыстырмалы морфология, эмбриология және палеонтологиялық зерттеулердің мәліметтерін салыстыра отырып түрлерді систематикаға орналастырды. Мысалы, салыстырмалы морфология бойынша омыртқалы жануарлар топтары қаңқасының, ішкі органдарының, қан айналымының тыныс алуы мен басқа жүйелерінің құрылысының ұқсастығы-гомологтығы анықталды. Омыртқалылар эмбриогенезі кезінде органдар жұрнақтары пайда болуында, дамуындағы параллелизм құбылысын байқауға болады. Ең соңында, палеонтологиялық жаңалықтар омыртқалылар организмінде қаңқа элементтері гомологиялық белгілер ретінде қалыптасқанын көрсетті. Осы мәліметтердің бәрі омыртқалылар типінің бір тектен шыққандығының дәлелдеді.
Дарвиннің эволюция монофилетикалық жолмен, дивергенция арқылы жүрген деген қағидасын дәлелдеу үшін омыртқасыздар мен омыртқалылардың филогенетикалық туыстығын дәлелдеу керек болды. Бұл мәселені орыс ғалымы Александр Ковалевский ойдағыдай орындап шықты. Оны дәлелдеу үшін ланцетниктің эмбрионалды дамуын зерттеді. А.Ковалевский ланцетникте омыртқалыларға тән нерв түтігінің, хорданың, қан айналу жүйесінің, желбезектерінің қалыптасуын, сонымен бірге омыртқасыздарға тән жұмыртқа бөлінуін, денесінің сегментті құрылымын, зәр шығару жүйесінің де омыртқасыздарға тән екендігін көрсетті. Ковалевский омыртқасыздар мен омыртқалылардың филогенетикалық туыстығын асцидияны зерттеу арқылы да дәлелдеді. Асцидияны бұрын моллюскаларға жатқарып келген болатын. Ковалевский оның личинкасы ланцетник личинкасы сияқты омыртқалы жануарларға тән дамитындығын көрсетті. Эволюция нәтижесінде асцидиялар тектері тіршілікке көшкеніне байланысты хордасы мен нерв түтіктері жойылып кетеді.
Александр Ковалевскийдің зерттеулеріне және өз зерттеулеріне сүйеніп Геккель биогенетикалық заңын ашты. Ол заңның мәні — жануарлар онтогенезінде қысқа уақыт ішінде филогенезін қайталап отырады. Геккель үшжақты параллелизм әдісіне, монофилия және дивергенция принциптеріне сүйеніп, алғаш рет тіршіліктің филогенетикалық ағашын жасауға талпыныс жасады. Органикалық дүние дамуының толыққан шежіресін жасауға талпыныс жасады.
Геккель мен оның жолын қуушылардың еңбектері эволюциялық систематика жасауда аса маңызды рөл атқарды. Осылайша филогенетикалық зерттеулер эволюцияны түпкілікті дәлелдеп шықты. Оның монофилогенетикалық және дивергенциялық сипатын корсетті. Онтогенез бен филогенездің ара қатынасын анықтауға айтарлықтай үлестерін қосты. Органикалық дүниенің жаратылыстық классификациясын жасауға негіз қалады.
Эволюция ілімінің дарвиннен кейінгі ІІІ-інші даму кезеңі 1900-1920 жылдарды қамтыды. Бұл кезде эволюция қозғаушы күштерін эксперименталды зерттеулер басталды. XIX ғасырдың аяғына дейін эволюцияның қозғаушы күштері көбіне теориялық жолмен пайымдалып келген. Тек шектеулі түрде ғана Дарвин концепциясына тура дәлелдер табуға ұмтылыстар жабаланды. Күрт өзгеріс тек мутациялық өзгергіштіктерді ашып сипаттап жазғаннан және оның эволюциялық маңызын талдаудан басталдық. Дарвин сипаттап жазған секіріс түрінде, бірден болатын өзгерістерге қосымша Коржинский өз нәтижелерінде, әдебиеттерде бар материалдарды келтірді. Күрт ауытқулар өсімдіктердің көлемінде, пішінінде, жапырақ түстерінде болатынын байқады. Коржинскийдің аңғарғаны өзгерістер кез-келген белгілерде бола береді, болғанда кездейсоқ болады. Демек бағытталмаған.
Дарвиннің ілімінің дамуының 3 кезеңі 20-40 жылдар деп белгіленеді. Бұл кезең эволюция факторлары тұқым қуатын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және сұрыптау екенін, олар олар бір-бірімен әсерлесуі арқасында адаптациялар мен түр түзілуін жүзеге асыратындығын дәлелдейтін көптеген жаңалықтар ашылуымен сиаптталады. Бұл кезде эволюцияның синтетикалық теориясы қалыптасты. Табиғи сұрыптаудың эксперименттік және математикалық модельдері жасалды. Эволюцияның генетикалық негізделінуі Т.Морган тобының тұқым қуудың хромосомалық теориясын жасауы деп тұқым қуу заңдылықтарын ашуда жасаған үлкен эксперименттеріне негізделді. Осы зерттеулердің нәтижесінде классикалық генетиканың — ген туралы түсінік, генотип, фенотип сияқты фундаментальды түсініктері қалыптасты. Кроссинговер кезіндегі рекомбинация құбылысы ашылды. Өсімдіктерге көптеген жылдар бойы жасаған эксперименттері нәтижесінде Э.Бауэр популяцияларда көптеген ұсақ мутациялар болатынын дәлелдеді. Ондай белгілер көбіне физиологиялық белгілерді қамтыды. Бауэр мәліметтеріне орай кейбір өсімдік линияларында ұсақ мутациялар үлесі 5%-ке дейін жетті. Филиппов Надсондардың лабораториялық жағдайларда ашытқы микроорганизмдерін радий және рентген сәулелерін түсіріп те мутациялар алды. Делоне, Сапегиндер рентген сәулесін түсіріп бидай мутацияларын алды. Осы мәліметтер мутацияны тіршілік ортасы әсерлері тудыратынын, олар бейімделуге бағытталмайтынын, кездейсоқ жүретінін дәлелдеді.
Эволюциялық генетика пайда болды. Бұл ғылым саласы популяцияның құрылымын зерттеуге бағытталды. Эволюция генетикасын жасауға С.С.Четвериков көп үлесін қосты. Генетикалық талдауды жаңа әдістерін қолданып Четвериков бірқатар тұжырымдар жасады. Біріншіден, табиғи жүріп жатқан мутациалар үнемі жаңа материалдар беріп популяцияның генефондын молайтып отырады. Популяциядағы мутанттар біркелкі таралмаған. Екіншіден, көптеген мутациялар тек рецессивті түрінде ғана сақталады. Жасырын рецессивті мутациялар гомозигота кезінде ғана көрініп қалады. Үшіншіден, ұсақ, белгілі бейімделушілікке бағытталмаған мутациялар занды, адаптациялық бағытталған эволюциялық процесстерге әкеп соқтырады.
Эволюцияның генетикалық негізін түсінуде 20-ыншы жылдары пайда болған биологияның жаңа саласы цитогенетика толықтырды.
Эволюцияның синтетикалық теориясының дамуы соңғы ғасырдағы өте қарқынды жүргізілген зерттеулердің нәтижелерімен негізделді. Бір-Оның қалыптасу кезеңіндегі эволюцияның элементарлы бірлігі популяция екенінің анықталуы.
Онтогенез эволюциясы проблемасын шешу кейінгі кезде молекулалық генетика, феногенетика сияқты онтогенез кезінде генетикалық информация жүзеге асуын анықтайтын ғылым салаларының қауырт өсуіне байланысты жылдам ілгерілей бастады.
Бактерияға эксперимент жасай отырып О.Эйбери тобы генетикалық рекомбинация-генетикалық материалдың бір бактериядан екіншісіне ауысуын анықтады. Бірнеше жылдан кейін Уотсон мен Крик ДНҚ-ның молекулалық құрылымын ашты. Биогеоценоз құрылымы түрленуін зерттейтін эволюциялық биогеоценология ғылымының негізі 30-шы жылдары орыс ғалымы В.Н.Сукачевтің еңбектерінен басталады. Оның зерттеулерінен алынған мәліметтер биогеоценоз эволюция аренасы екенін немесе тіршіліктің эволюция процесі жүретін құрылымы екенін көрсетті.
Кейінгі жылдары Опаринніц, Руттепің, Фокстың еңбектері тіршіліктің ең бастапқы этаптарын химиялық, биохимиялық эволюцияны түсінуге мүмкіндік бере бастады. Қазіргі дарвинизм тұрғысынан қарау адамның пайда болуы проблемасын шешуге батыл қадамдар жасады. Бастапқыда көбіне антропогенездің морфофизиологиялық жағынан зерттеліп келсе, соңғы жылдары бұл проблеманың эволюция-генетикалық, экологиялық жақтарына көңіл аударылуда. Сондай-ақ адамның биологиялық түр ретінде қалыптасуы жеке организмдер мен қауымдық қасиеттерінің рөліне көңіл бөліне бастады. Антропогенез адамдардың тегі-гоминид популяцияларынан басталады. Демек, тұқым қуатын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес пен табиғи сұрыптаулар адамдар дамуында да ерекше орын алды. Бұл тұжырым адамдар пайда болуын зерттеушілерді гоминид популяцияларындағы макроэволюциялық түрленулерді зерттеуде оларды тура бағыттады.
Сонымен, қазіргі замандағы эволюциялық ілімнің негізі Ч. Дарвин ашқан ілімнің жалғасы. Оның идеялары кейінгі ашылулар мен тұжырымдар арқылы толықтырылды және дамытылды.