«Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясы»
1. Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясына жалпы сипаттама;
2. Үйретілген ағзалардың өзгергіштігі;
3. Қолдан сұрыптау;
4. Табиғи сұрыптаудың маңызы;
5. Өмір ушін күрестің эволюциялық мәні және оның табиғи сұрыптаудағы маңызы;
6. Англиядағы 19 ғасырдың ортасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдай.
Ч.Р. Дарвин 1809 жылы 12 ақпанда Шрюсбери елді мекенінде дүниеге келді. Ч. Дарвин бала шағынан саяхатты жақсы көрді. Университетті бітіре салымен ол «Бигл» кемесіне натуралист ретінде қабылданып әлемдік саяхатқа жолдама алды. Саяхат алдында діни рухтағы Дарвин, саяхаттан кейін өз көз қарасын өзгертеді. Оның пікірі бойынша, «Органикалық әлемнің тұтастығы туралы діни догмаға ары қарай сену мүмкін емес» — деп жазады ол.
Ғылыми экспедициямен бірге Дарвин Галопогосс аралдарына барды. Ондағы флора мен фаунаның ерекшеліктері оны таң қалдырды және көптеген эволюциялық идеяларға душар етті. Ондағы вьюрок құсының тұмсықтарын зерттеу арқылы және көптеген әдемді өсідіктердің ерекшеліктеріне қарап Дарвин эволюциялық теорияны құруды ойластырды. Бұл кезде Англияда және Еуропа елдерінде ауылшаруашылығында көптеген жетістіктер болып жатқан еді. Дақылдық және көкөністік өсімдіктер түрлерінің селекциясында үлкен ашылымдар мен жаңа сорттары шығарылды.
Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы көбіне табиғи сұрыптаудың теориясы деген атпен белгілі. Бұл сол кездегі және болашақ жаратылыстану ғылымының дамуы үшін орасан зор маңызы зор еңбек болып табылатын. Дарвиннің табиғи сұрыптау теориясы тек биология ғылымы үшін емес, сонымен қатар, жалпы материалисттік көз қарастағы философияның дамуының негізі болды.
Ол алдыңғы эволюционисттердің жіберген қателіктеріне ғылыми негізделген түсініктеме берді және табиғаттың даму заңдылықтарына нақты жауап берді. Ол жауаптар ойдан емес, сол табиғатта болып жатқан даму үрдістеріндегі заңдылықтарды дұрыс сараптаудан және озі жүргізген ғылыми зерттеулерден алды. Оның толық және ғылыми негіздерген еңбегі 1859 жылы жарық көрді. Ол «Табиғи сұрыптаудың нәтижесінде түрлердің пайда болуы немесе омір үшін күрестегі оңтайлы нәсілдердің сақталуы» деп аталды. Дарвиннің алдында осы бағытта жарық көрген еңбек А.Уоллестікі еді.
Дарвин жаңа түр мен популяциялық ұғымдарды эволюциялық үрдістен бөлек алып қарауға болмайтынын көрсетті. Өйткені, барлық даму үрдістері осы аталған таксономикалық бірліктермен тығыз байланысты.
Дарвиннің анықтауы бойынша, табиғи сұрыптау деп табиғатта қоршаған орта мен дамудағы ағзалардың әсерлесуі арқылы жүретін үрдістегі өзіне пайдалы қасиеттері бар индивидиумдардың сақталуы мен көбеюін атайды. Табиғи сұрыптаудың материалы болып өзгергіштік саналады. Ағзаның сол белгілі ортада өмір сүруіне пайдалы белгілері бар особтар өмірін жалғастырады, ал пайдасыз белгілі особтар жойылып отырады (элиминацияға ұшырайды). Элиминацияны әртүрлі абиотикалық және биотикалық факторлар іске асырады.
Табиғи сұрыптау мен қолдан сұрыптаудың нәтижелеріндегі ұқсастық болып жаңа формалардың пайда болуы саналады. Қолдан сұрыптауда сорттар мен породалар пайда болса, табиғи сұрыптаудың нәтижесінде түрлер пайда болады.
Дарвин көптеген жануарлар мен өсімдіктердің эволюциялық үрдіс кезіндегі озгергіштіктерге ұшырайтыны туарлы деректер жинады. Ол ең бірінші өз заманындағы селекционерлердің тәжірибелеріндегі нәтижелерді сараптады. Ондағы өзгергіштіктердің тура және арнайы мақсатта бағытталғанына және өзгергіштіктердің аз уақыт ішінде байқалатынына қолдап сұрыптаудың әсері бар екеніне көңіл аударды. Сондықтан, ең алдымен үйретілген ағзалардағы өзгергіштіктерді зерттеуді жөн көрді. Осы аталған мақсатты іске асыру барысында Дарвин келесідей қорытындыға келді: барлық өзгергіштіктерді екі топқа бөлуге болады, 1) анықталған; 2) анықталмаған. Анықталған озгергіштіктер (қазіргі модификациялық) белгілі жағдайда барлық ососбтарда байқалатын өзгергіштіктер. Олар тез уақыт ішінде байқалады және қайтымды. Дарвин екінші өзгергіштікке аса көңіл аударды. Ол езгергіштіктер аса терең болмағандықпен қоршаған ортаның әсерінен туады деген және жаңа пішіндердің пайда болуына себеп болатын басты негіз деп санады. Дарвин заманында үй жануарлары мен өсімдіктері жабайы түрлерінен шыққан деген ұғым кеңінен таралған болатын. Оның себебі, үй жануарлары мен жабайы түрлерінің және мәдени өсірілетін өсімдіктердің жабайы түрлерімен ұқсастығы.
Дарвин үй жануарлары мен өсімдіктеріндегі сан алуан өзгергіштіктерді анықтағаннан кейін, табиғаттағы сол сияқты құбылыстың барлығына көңіл аударды. Мәдени формалардың шығу проблемасын шешу, түрлердің пайда болуын түсінуге жол ашты. Ол особтар арасындағы түрішілік, түраралық және туыс аралық өзгешіліктерді жіктеу кезінде сол таксондық бірліктердің арасындағы өте баяу көрінетін және бір-біріне бірте-бірте өту кезіндегі аралық пішіндердің болатынын анықтады. Түрлердің табиғаттағы эволюциясын тікелей аңғару қиын. Сондықтанда, Дарвин түрлер эволюциясын зерттеуде, олардың тарихи пайда болуын дәлелдейтін жанама фактыларға жүгінді. Дарвин заманында түр тұрақты, тек оны құрайтын түршелер ғана өзгереді деген пікір қалыптасқан болатын. Түр аралық формаларды жаңа түр қалыптасу процесінің әр түрлі сатысы деп қарастырды. Бұл Дарвиннің түр езгеруінің 1-ші дәлелі болып табылады. Дарвин осы түрлердің географиялық таралу ареалы мен санының арасындағы корреляцияны түрлер өзгеруінің екінші жанама дәлелі ретінде қарастырды.
Түрішілік түрленудің пайда болуы болашақ жаңа түрлердің пайда болуына негіз болатын факты деп қарастырды. Дарвиннің пікірі бойынша, түр мен түрішілік түрленудің принциптік айырмашылықтары жоқ, олар тек сандық көлемі жағынан озгешілікте болады. Түрішілік түрлену пішіндері әлі саны жағынан жеткіліксіз болғандықтан әлі түр ретінде қалыптасын қабылдана алмайды деді.
Табиғи сұрыптау табиғатта қолдан сұрыптауға қарағанда, өте ұзақ уақыт ішінде жүреді. Өйткені, түр ішіндегі барлық өзгергіштіктен пайда болған рекомбинанттар өмір үшін күреседі. Олар аз уақыт ішінде жойылып кетпейді. Ол үрдіс ондаған немесе жүздеген жылдарға созылуы мүмкін. Түрдің түзілуіне қоршаған ортаның әсері бірте-бірте ықпалын тигізеді. Популяциядан жылдан-жылға бейімсіз особтары жойылып өз ұрпақтарын қалдырмай отырады. Сондықтан, бейімді особтардың ұрпақтары немесе сандары арта түседі. Алғашқы бейімділікті қамтамасыз ететін белгілер айқындана түседі. Олар күшіне мінген сайын бейімсіз формаларға жағдай қиындай түседі. Бұл үрдістегі өзгергіштік эволюциялық қозғалтқыш күш болып саналады. Ол басым түрде анықталмаған немесе генетикалық өзгергіштікке сүйенеді. Анықталмаған өзгергіштік түр түзілу үрдісінің әмбебап материалы болып саналады. Табиғи сұрыптаудың ең маңызды және басты шарты — ол сұрыптауға түсетін ағзаның популяциялық қалде болуы. Жеке ағзалық жағдайда табиғи сұрыптаудың әсері де эволюциялық мәні де көрінбейді. Ондай үрдістерден жалпы даму теориясын құратын идея алу мүмкін емес. Сондықтан, Дарвин теориясының басты материалы түр мен популяция болып саналады.
Үйретілген ағзалардағы және табиғаттағы өзгергіштіктерді және сұрыптаудың эволюциялық мәнін ашқаннан кейін, Дарвин сол даму үрдісінің маңызды шарты болып табылатын «өмір үшін күрес» концепциясын тұжырымдады. Дарвинше, өмір үшін күрес — ағзалардың шексіз мөлшердегі ұрпақ қалдыруға ұмтылысы. Өмір үшін күрестің пайда болуы осы кобеюге деген ұмтылыстан пайда болады. Коптеген ұрпақтың барлығы тірі қалған болса, онда олар аз уақыт ішінде қаптап, жерге симай кеткен болар еді. Сондықтан, жергілікті жағдайға байланысты, өмір үшін күрес не түрішілік особтардың, не түр аралық особтардың арасында, не болмаса күрт өзгерген ортаның параметрлеріне қарсы жүреді. Күрес бұл кезде пассивті түрде, кешенді бәсекелесу арқылы жүреді. Бұл кезде бәсекелестіктің әсері түрішілік особтар арасында қатты жүреді. Өйткені, олардың мүдделі және оған жету үшін пайдаланатын материалдары мен жағдайлары бір болады.
Дарвин табиғи сұрыптаудың заңдылықтарын нақтылай келе оның қалыпты және нәтижелі жүруіне келесі шарттар болуы қажет деп тапты:
1) ұзақ уақыт мерзімі; 2) өзгергіштіктің жоғары деңгейде болуы; 3) особтардың санының көптігі; 4) олардың таралу ареалының қомақтылығы; 5) сол ареалдағы особтардың басқа ареалдардағылармен кездейсоқ будандаспауы немесе түр және популяция ішілік генетикалық тұрақтылықтың болуы.
Табиғи сұрыптаудың өте үлкен маңыздылығын Дарвин жеке боліп корсетті. Табиғи сұрыптауда ұрпақтан-ұрпаққа бейімді рекомбинанттардың үлесі артады.
Тағы бір маңызыды сәттің бірі болып дивергенттік эволюция саналады. Популяция ішіндегі бәсекелестікте әртүрлі деңгейде жүреді. Мұндай бәсекелестіктің нәтижесінде түрліліктің мөлшері артады. Ең жоғарғы деңгейлік бәсекелестік өзара ұқсас және күшті особтардың арасында болады.
Өйткені, олардың барлық өсу дамуына қажетті жағдайары бірдей болады. Олар өзара теңдік көрсеткен жағдайда ары қарайғы даму барысында популяцияның жалпы даму бағытынан біршама ауытқуына мүмкіндіктері бар. Олармен салыстырғанда аралық пішіндер мен ата-аналық пішіндер олардың бағытында бәсекелестікке ілесе алмайды. Сөйтіп, уақыт өте жойылуға немесе ареалды босатуға мәжбүр болады.
Сонымен қатар, дивергенттік эволюция түр ішілік түрліліктің көбеюін ғана емес табиғаттағы қатар эволюцияны немесе өзара өте ұқсас түрлер мен туыстардың бірдей кездесут түсіндіреді.