Алматы қаласы, Жетісу ауданы
№43 ЖББМ КМК «Қазақ би» пәнінің
мұғалімі Баданова Нургул Аманжоловна
Хореограф деген кім?
Хореограф деген кім?
Ол шебер, ісмерлермен қатар аталып, құрметтелетін, өнерде өзіндік орны бар адам. Ол- өз бойына дәстүрлі би өнерінің, бүкіл сырын толық меңгерген және оны одан әрі дамытушы тұлға. Жалпы, көркемөнердің қай тегі мен саласының да ең басты міндетің, би өнері әсем қимылдарды көркемдік бейнелеу құралдарын ала отырып, жасампаз адамдарының бақытты өмірін, қажырлы еңбегің би тілімен суреттеп беруді мақсат тұтатын – шебер.
Хореограф тұла бойы тұнған сұлулық поэзиялы адам. Ол би оралымдарын, тұңғиық терең сезімін жұртшылық жүрегіне сол қалпында мөлдіретіп жеткізіп бере білуде үлкен жауапкершілікті өзіне талап етеді. Нағыз балетмейстер өзін қоршаған ортаны үнемі бақылап, табиғат сырларын, жан-жануарлар әлемінің бейнелерін, би қимылдарымен суреттеп, халыққа әсемдеп жеткізетін тұлға. Би ырғақтарын сол халықтың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне сүйіне отырып ұлттық ерекшеліктеріне тән қимылдармен өрнектетіп жеткізетін шығарма ойшылы десек, артық кетпес.
Әр бір музыканың мазмұның терең түсініп тез арада би қимылдарымен бейнелеп, көрермендерге жеткізу үшін талмас еңбек пен көп іздену, тынымсыз шеберлікті қажет етеді. Әбден машықтанған хореограф төкпе ақын секілді бір мезетте мағынасы мен құрылымы сәтті үйлескен би қойылымын, ойдан дереу ойластырып балаларға би қойылымын қойып бере алады. Ол үшін тәжірибенің молдығы мен қоса, жоғары білім, ой-қиялдың ұшқырлығы қажет. Би –өнер. Егер шынайы ынтамен үйренуге, би тілін түсінуге құлшыныс болса бұл өнердің тереңде жатқан тамырың, биікте тұрған шынарың алақанға салады. Әрине мұның өзі, өздігінен келмейді. Еріңбей еңбекпен талмас күшпен ойы ұшқыр, қиялы қанаттылар ғана жан-жақты меңгере алғанда ғана жылдар бойы жиналатың тәжірибенің арқасында шыңдалады.
Дегенмен би өнеріне ән-күй және әсем қимылды үйретуші, жеткізуші хореографтың –қасиеті зор. Музыканың жүйелі әуені, күй ырғағы мен тұрмыс- салт жырының шарттылықтары-ұлттық хореография өнері үшін бұлақ көзі. Би өнерінің дамып өркендеуі хореографтың шығармашылық көз-қарасы мен ізденіс еңбегін талап етеді. Би өнері –жалпы халықтық өнер. Ол ұлттық көркем өнер шеңберінде кептеліп қала алмайды. Әр халықытң ұсынған жаңалық атаулыны би өнері тез қабылдап және оны ары қарай түрлене түсуіне, өркендеуі-өркендетуіне хореографтың шығармалығына байланысты.