«Филогенездің заңдылықтары»
1. Адаптивтік радиация заңдылықтары;
2. Ірі таксондардың маманданбаған тектерден шығуы;
3. Биологиялық мамандану;
4. Эволюцияның қайтымсыздығы
Макроэволюцияның жүру барысын сипаттайтын бірнеше заңдылықтар бар. В.О.Ковалевскийдің және Г.Осборнның тұжырымдауы бойынша, адаптациялық радияция заңдылығы ашылған. Эволюцияның филетикалық діңінің кез келгені өз алдына тарамдалынады (радиалды түрде). Оларды адаптациялық радиациялы тарамдар деп атайды. Бұл тарамдардағы белгілердің өзгеруі ата тегіне және популяцияның орташа қалпына қарай әртүрлі бағыттарда таралады. Бұған мысал ретінде кез келген тұқымдасты құрайтын туыстар мен түрлердің тарамдалуын алып қарауға болады.
Адаптивтік радиациаланудың негізінде дизруптивтік сұрыптау жатыр. Эволюциялық таксондардың дамуы жай дизотомиялық тарамдану емес, оның жан-жақты бағытта жүреді. Сақталып қалынған бағыттары сол эволюциялық даму кезіндегі ортаның мүмкіншілігін тиімді пайдалану жолындағы ең негізінде оптималды варианттары болған. Немесе, филетикалық діңнің эволюциялық эксперименттерінің ең тиімді варианттары болып табылады.
Америкалық ғалым-палеонтолог Э. Коп «маманданбаған ататектерден ірі таксондардың шығуы» деген заңды ұсынды. Бұл заң бойынша, барлық ірі таксондар алғашында маманданбаған немесе өте әлсіз маманданған ата тектердей таралады.
Биологияда мамандану деп белгілі топтың бір ортаның белгілі ғана жағдайына өте жоғары дәрежеде бейімделуін атайды. Мұндай жағдайда топтың мүмкіншілікті пайдалану дәрежесі өте жоғары болады, бірақ, олардың таралу, диапазоны өте тар болады. Ал, маманданбаған формалардың бейімделушілік қасиеті жоғары және таралу диапазоны кең болады. Бұл ортаның әртүрлі ресурстарын пайдалануға мүмкіншілік береді. Бірақ, маманданған топтарға қарағанда тиімділігі төмен дәрежеде іске асады. Мысалы, жануарлардың тек шөппен (қара мал) және әртүрлі қоректік заттармен қоректеңе алатын (шошқа) түрлері бар. Барлық заттармен қоректене алатын жануардың ферменттік жүйесі қара малға қарағанда күрделі болады. Ондағы ферменттердің құрамы және іш қуысының ерекшеліктері басқаша болады.
Маманданудың тиімді жері болып оның ортаның мүмкіншілігін барынша тиімді пайдалану болғандықтан, көптеген филетикалық сызықтар осы жолға өткен. Коптың заңы маманданған пішіндегі ағзалардың эволюциялық мүмкіншілттерінің төмендейтінін дәлелдейді. Дегенмен, ондай ағзаларда да эволюциялық үрдістер ешқашан тоқталмайды. Ол ағзалардың фетализацялық және педоморфоздық өзгерістерге ұшырауы арқылы іске асуы мүмкін. Мысалы, көптеген ағзалар өздерінің ересек кезеңдерінен бас тартып басқаша мамандануға немесе ортаның өзгерісіне бейімділік табуға тырысады. Мұндай жолмен де көптеген ірі таксондар пайда болуы мүмкін.
Бельгиялық палеонтолог Л. Долло эволюцияның қайтымсыздығы туралы заңды ұсынды. Ағза жартылай немесе тұтас түрінде өзінің ата тектері өткен жолдағы қалпына қайта орала алмайды. Ата тектерінде біржола жоғалған белгілер, оның ұрпақтарының сондай ұқсас ортаның әсеріне ұшыраған кезде, бәрі-бір қайта пайда болмайды. Мысалы, амниоттарды алып қаралық. Амниоттардың (құрғақтағы және судағы сүтқоректілер) алғашқы ата тектері судағы балықтар болған. Ал, құрғақтан суға қайта оралған кит, пингвин, крокодил, су тасбақасы және т.б. жануарлардың желбезектері, қанаттары, арнайы құйрықтары қайта ешқашан пайда болмаған және болмайды.
Дегенмен, табиғатта, қайта оралу жолдары бәрі бір, сирек болсада, кездеседі. 1. Гендердің реверстік — кері мутацияға ұшырауының салдарынан. 2. Гендердің латенттік қасиеттерінің оянуынан болады. Бұл кезде, бұрыннан, ататегінен келе жатқан гендердің жасырындық әсері бір жағдай туған кезде оянады.
Сонымен, келесідей қағидалады бөліп атаған жөн: 1) ата тектері бір ағзалардың гомологиялық мүшелері болады. Гомологиялық мүшелердің дәлелі ретінде анатомиялық, топографиялық және эмбриологиялық критерийлер есептеледі; 2) алшақ тусытағы ағзаларда генетикалық және анатомиялық критериялар жеке дербес болып саналады; 3) өзара қызметі бойынша ұқсас мүшелерді аналогиялық мүшелер деп атайды; 4) ағзаның әртүрлі мүшелері әртүрлі адаптацияның әсерінен өзара тәуелсіз түрде эволюцялық өзгерістерге ұшырауы мүмкін; 5) ағза біртұтас жүйе болып саналады, өйткені оның жеке элементтері өзара коррелятивтік (морфогенетикалық, генетикалық және функционалдық байланыстарда болады. Бір жүйедегі эволюциялық өзгеріс екінші жүйенің өзгеріске ұшырауының себебі болады; 6) прогрессивтік эволюция биологиялық жүйенің элементтерінің дифференциациясы мен интеграциясы негізінде іске асады; 7) кез келген филетикалық линияның эволюциясы адаптативтік радиация бойынша жүреді; 8) аса ірі жүйелік таксондар алғашқы маманданбаған ата тектерден шығады. Педоморфоз бен фетализация маманданған ағзалардың эволюциялық дағдарыстан шығу жолдары ретінде түсіндіріледі. 9) ағза біртұтас қасиеттері мен белгілері бойынша бұрынғы ата тегінің қалпына орала алмайды. Бірақ, кейбір белгілері бойынша қайталануы мүмкін.