Тірі дүниенің зерттелуі мен оны белгілі жүйеге келтіру арқылы түсіну көне заманғы адамдардың ойшылдарының мазасын алғын мәселе. Оны ежелгі үнді, қытай философтарының тірі дүниенің табиғи жолмен пайда болған деген көзқарастарынан байқауға болады. Эволюциялық көзқарасты антикалық философтардан айқынырақ кездестіреміз. Ежелгі философтар дүниені мәңгі қозғалыста, тоқтаусыз қайта жаңаруда болады деп түсінген. Олар тіршілік, дүние қайшылықтардан тұрады деп түсіндірді. Гераклит табиғатқа стихиялық диалектикалық көзқараста болды (б.э.д. 530-470 жылдар). Оның түсінігінше, бәрі өзгереді, бәрі ағымда болады. Галактикада от, су, ауа, топырақ уздіксіз қозғалыста болады. Нәтижесінде үздіксіз өзгеріп отырады деп түсіндірді.
Эволюциялық ұғымның ары қарайғы қарқынды дамуын көне грек ғалымдарының еңбектерімен тікелей байланысты. Фалес, Анаксимендр және Анаксимен де дүниенің табиғи жолмен пайда болғандығын уағыздады. Фалес бар нәрсе алғаш судан пайда болады деп түсінді. Анаксимендр болса бар нәрсе су мен топырақтан жылудың әсерінен пайда болды деп түсінді. Анаксимен бойынша бар нәрсе ауадан пайда болған. Ауа аздап сығылса су, күшті сығылса қатты заттар пайда болған. Сондықтанда, бар материя үш — сұйық, газ және қатты қалыпта кездеседі деп түсіндірді. Анаксименнің ойынша, жануарлар мен адамдар топырақ сілекейінен пайда болған. Демокрит (б.э.д. 460-370 жылдар) дүние есепсіз атомдардан тұрады, шексіз кеңістікте орналасқан деп түсінді. Атомдар үздіксіз қосылыстар түзіп, үздіксіз ажырасып отырады. Ол қосылыстардың көлемі, массасы, формасы бойынша әртүрлі болады. Бұл идеяны грек ғалымы Демокрит жалғастырды. Ол тіршіліктің пайда болуын осы тұрғыдан түсіндіруге тырысты. Атомдардың ұсақтары, жеңілдері бетіне көтеріліп одан ауа, ауырлары астына түсіп, одан топырақ пен су пайда болған. Кейіннен су ішіне балықтар, басқа да жануарлар мен құстар құрылықта пайда болган деп түсіндірді.
Біздің эрамызға дейінгі 490-430 жылдары омір сүрген Эмпедокл Демокриттің ойын одан әрі қарай дамытты. Атомдар араласып әртүрлі комбинациялар, үйлестіктер түзеді, ол уйлестіктердің әлсіздері бұзылып, күштілері қалып отырады. Комбинациялардың бірқатарынан жануарлардың органдары, ал органдар бір-бірімен қосылып жануарлар түзіледі. Эмпедоклдің идеясы бойынша барлық ағзалардың алғашында белгілі мүшелері пайда болады, содан кейін олар өзара бірігіп біртұтас ағза құрады. Бұл кезде эмбриология ғылымы жетілмеген еді.
Ұлы грек ғалымы Аристотельдің еңбектері ерекше бағаланады (б.э.д. 384-322 ж.ж.). Ол жануарларды салыстыра отырып, зерттеп салыстырмалы анатомияның, морфологияның, эмбриологияның негізін қалады. Алғаш жануарлар классификациясын жасады. Жануарларды қанды, қансыз деп екіге бөлді. Ол қазіргі омыртқалылар мен омыртқасыздар еді. Ол өзі жасаған «сипаттап жазу» әдісімен 500-ден астам жануарларды сипаттап жазды. «Жануарлар бөлімдері» деген еңбегінде алғаш бір органдардың өзгеруі екінші бір органдардың өзгеруіне әкеп соқтыратынын көрсетті. Немесе корреляцияны атап көрсетті. Аристотель табиғи зандылық бойынша тіршіліктің даму дәрежесіне байланысты сатылы орналасатынын көрсетті.
Аристотель өзінің алдындағы ойшылдарға қарағанда, жер бетіндегі барлық тіршілік пішіндерінің шығу тегі бір деген көзқарасты ұстады. Оларды күрделіктеріне қарай деңгейлік сатыға орналастырды. Арситотельдің жіктеуі бойынша, ең астыңғы баспалдаққа минералдар орналасса, одан жоғары өсімдіктерді, одан жоғары өсімдік-жануарларды «зоофиттерді», одан жоғары төменгі сатыдағы жануарларды, одан кейін жоғарғы сатыдағы жануарларды, ең үстіне адамдарды орналастырды. Бірақ, Аристотелше, бұл орналасқан организмдер арасында пәлендей бір байланыс жоқ. Аристотель «Жануарлардың пайда болуы» деген еңбегінде салыстырмалы әдісті эмбрионалдық зерттеулерде пайдаланды. Ол дамудың әрбір жаңа сатысында жаңа белгілердің пайда болатындығын көрсетті.
Өткен орта ғасырларға дейінгі діни басқарманың күшінде болуы мен мәдени дамушылықтың дағдарысқа ұшырауы 1,5 мың көлеміндегі жаратылыстану ғылымының дағдарысы деп түсінуге болады. Өйткені, бұл уақыт ішінде эволюцяилық ілімнің дамуына үлес ретінде қарастыруға жарайтын бірде-бір еңбек немесе идея нақтыланбады. Анықталған жануарлар мен өсімдіктерді бір тәртіпке келтіріп отыру керек болды. Организмдерді сипаттау бірлігі түр болып табылады. Бұл атауды алғаш ендірген ағылшын ботанигі Дж.Рей болды (1628-1705). Рейдің айтуынша, тур дегеніміз морфологиялық құрылысы бірдей, бірге тіршілік жасайтын, өздеріне ұқсас ұрпақ бере алатын, онша көп емес организмдер жиынтығы. Рей түрдің ең басты қасиеті — организмдердің өз қасиеттерін ұрпақтарына тұрақты бере алуы деп білді.
Систематикада, әсіресе өсімдік систематикасында швед ғалымы Карл Линнейді атауға болады (1717-1718 жж). Ол сол дәуірдегі барлық белгілі түрлердін классификациясын жасады. Ол іс жүзінде бірінші болып бинарлы номенклатура пайдаланды. Түрді туыс және түр атауларымен қосып атауды ұсынды. Ол эволюциялық көзқарастың жақтаушысы болған жоқ. «Түрлер ол баста қанша болса, кейіннен де сонша болады» деп жазды.
К. Линнейден бұрын, алғаш табиғи класссификацияны француз ботанигі А.Жюсье жасады. Оның еңбегі эволюция идеясының негізгі тірегі болды.
Ағзалардың озгергішітігін қоршаған ортаның әсерімен байланыстыру арқылы биологияда жаңа трансформизм ағымы пайда болды. Олар бір ағзалар екінші ағзалардың өзгеруінен шығады деген ұғымды қалыптастыра бастады. Бұл тұрғыда орыс ғалымы М.В.Ломоносов пен неміс ғалымы К.Ф.Вольфтың еңбектері бұрынғы креационисттік көзқарасқа соққы болып тиді. А.Левенгуктың сперматозоидты, У.Гарвейдің аналық клетканы табуы организмдердің жеке дамуы белгілі бір жоспар бойынша жүретіндігін көрсетті. Осы онтогенездің жоспарлы жүруі преформизм концепциясының пайда болуына әкеп соқтырды. Коптеген көрнекті ғалымдар жыныс клеткасында миниатюрлі дайын организм болады деп түсінді. Олар жеке даму кезінде организм тек көлемін ғана ұлгайтады деген пікірде болды. Неміс биологы Галлердің ойынша, жұмыртқада кішкентай кезге корінбейтін балапан болады. Преформистік көзқарастың мәні — жеке даму кезінде ешқандай да жаңа құ-рылымдар пайда болмайды. Бұрын бар органдар тек ұлғаяды деген қағида. Преформистік көзқарасқа ағылшын эмбриологы Гарвей эпигенез концепциясын қарсы қойды. Гарвейдің ұғымынша, организм жеке дамығанда әрі өседі, әрі дамиды, немесе жаңа құрылымдар пайда болады. Эпигенез концепциясы бойынша даму кезінде алғашқы біркелкі материалдан даму нәтижесінде дененің жаңа бөліктері пайда болады. Соңында жаңа организм пайда болады. Эпигенез концепциясының түпкілікті қалыптасуына К.Вольфтың тауық эмбрионын зерттеген еңбегі себеп болды. Ол еңбегінде жұмыртқада ешқандай да дайын органдардың, организмнің болмайтынын, оның бәрі дами келе пайда болатынын көрсетті. Бұл аталған тұжырымдар мен ашылымдар бұрыңғы көзқарасты күмәнмен сараптаудың қажет екенін көрсетті, бірақ, дәл қазіргі кездегідей, эволюциялық дамудың үнемілік озгерісте болатыны туралы толық түсінік болмады.
Трансформизм, преформизм және эпигенез идеялары.