Көлдер    мен бөгендер. Көлдердің  ТМД елдері аймағында таралу заңдылықтары

 

 

 Көлдер    мен бөгендер. Көлдердің  ТМД елдері аймағында таралу заңдылықтары

 

  1. ТМД елдері территориясында кездесетін көлдер географиясы

2.  Көлдерді жіктеу

3.Бөгендер мен батпақтар және олардың қазіргі кездегі экологиялық жағдайы

4.ТМД елдеріндегі жерасты сулары

 

ТМД елдерінің территориясында 2500 ден астам ұсақ және ірі көлдер бар. Олардың жалпы су айдынының ауданы 1млн км2 . Бұл аймақта – дүние жүзі  бойынша ең ірі көл –Каспий теңізі,  дүние жүзінің ең терең көлі-Байкал көлі және дүние жүзінің ең ірі биік таулы көлі –Севан көлі орналасқан. Севан көлі теңіз деңгеиінен 1914 биіктікте жатыр.

ТМД елдері территориясында көлдер әркелкі таралған, олардың таралуы рельеф, климаттық және гидрогеологиялық  ерекшеліктерімен байқалады. Көл қазаншұңқырлары пайда болу ерекшеліктеріне қарай бірнеше топтарға бөлінеді:

  1. Тектоникалық көлдерге- Байкал, Ыстық көл, Севан көлі;
  2. Мұздықты-тектоникалық көлдерге-Таймыр түбегінің көлдері мен Путорана үстіртіндегі көлдер;
  3. Вулкандық көлдер-Камчатка мен Куриль аралдарындағы көлдер;
  4. Карысты мұздықты көлдер-Қырым,Кавказ,Урал тауларының көлдері;
  5. Суффозионды  көлдерге – Батыс Сібір жазықтарының оңтүстігіндегі көлдер

Жалпы ТМД елдері бойынша көл суларының көлемі 27,2мың км3, соның 82%-і   Байкал көлінде шоғырланған.  Қазіргі табиғатқа антропогендік әрекеттердің күшеюіне байланысты Байкал, Севан және Ладога көлдерінің тұщы суларын сақтап, қорғау-өзекті болып отыр.

Су ресурстарын кешенді пайдалануымен байланысты көптеген өзендерде суқоймалары салынған. Қазіргі кезде 4000 мыңнан аса суқоймалары болса, олардың жалпы көлемі 1 млн м3-қа жетеді.Су қоймалары негізінен,жерді суаруға, елдімекендер мен өндірістік кәсіпорындарды су мен қамтамасыз етуге, гидроэнергетиканың, кеме қатынасы үшін, сол сияқты демалыс аймақтарын ұйымдастыру үшін қолданылады, сонымен бірге су ағыстарын реттеп су тасқындарын азайтады.

Батпақты аймақтар көп жылдық тоңдармен ылғаны мол аймақтарда қалыптасқан, олардың жалпы ауданы 2млн2, яғни жалпы ТМД елдері териториясының 10%-ке алып жатыр. Батпақтану көпшілігінде тундра, орманды тундра және тайга зоналарында етек алған. Батпақты аймақтар елдің экономикасына кері жерлерін тигізуде, себебі мұндай аймақтар өндірістің кез келген санасы үшін, атап айтсақ, өсімдік мол шығармашылықтары үшін, мол қатнастарын салу үшін едәуір мөлшерде тиімсіз болып отыр.

Аймақтық жерасты сулары өзендермен көлдер және батпақтарды бірден-бір қоректену көзі болып саналады, оларды пайдалы қазбаларды қатарына қосып, қалық шаруашылығында әсіресе емдік мақсатта көптеп қолданылуда. Көптеген жазықтықты жерлерде солтүстіктен оңтүстікке қарай судың құрамындағы органикалық заттардың мөлшерінің азайуынан жерасты суларының құрамында тұздың мөлшері көбеюде. Ал ылғалы мол аймақтардағы жер асты сулары тұщы болып жер беті суларымен байланысып тұрады. Ал дала және шөл зоналарында жер асты  сулары өте тереңде жатып оларды химиялық құрамы әртүрлі болып, ал жер бетіне жақын жатқан сулар көп буланып, соның нәтижесінде сор және сортан аймақтар қалыптасады.

Орта Азияның жазықты жерлерінде бұрғылау скваниналары арқылы  жер астынан тұзды сулар  тартылған. Көп жылдық  тоң аймақтарында жерасты суларының орналасу ерекшеліктеріне байланысты 3 типі бар.

1)Тоң үстінде орналасқан жер асты сулары;

2)  Тоңдардың аралықтарында орналасқан жер асты сулары;

3) Тоң астында орналасқан жер асты сулары.

Тоң үстіндегі сулар қыстыкүні қатып жатқан, ал тоң астымен тоң аралығында жер асты сулары тоңдардың жыралармен ағып жер бетіне көтерілді.

Көп жылдық тоңдар мен қазіргі мұздықтар тұщы сулардың қатты түрдегі қоры болып есептеледі. ТМД елдерінде 10 млн км2 жуық жерді көп жылдық тоңдар басып. Олар жалпы территорияның 48%-ке жуығын алып жатыр. Көп жылдық тоңдар Шығыс Европа және Батыс Сібір жазықтарының солтүстігін, Уралдың солтүстігін, Сібір мен Қиыр шығыстың көпшілік бөлігін алып жатыр.Путорона үстіртінен шығысқа қарай климат күрт қаталданып, мұндағы қыстыгүнгі орташа температура -300 -480-қа дейін тербеледі. Осындай температураның төмендеп, қар жамылғысының қалыңдап, олардың жаздыгүні ерімеуінен, бірте-бірте көпжылдық тоңдар пайда бола бастады.

Көп жылдық тоңдардың қалыптасуы табиғи аймақтық кешендердің пайда болуына әсерлерін тигізді.Сонымен бірге, тоңдар халықтың шаруашылық әректтеріне кері әсерін тигізіп, пайдалы қазбалары өндіруге, жолдар, көпірлер, үйлер және т.б. ауылшаруашылық жұмыстарын жүргізуге көптеген қиындықтар туғызып отыр.Тондардың таралуы негізінен аймақтың геоморфологиялық ерекшеліктеріне де байланысты. Мысалы: көпжылдық тоңдардың ең қалың жері мен ең төменгі температурасы Солтүстік сібір ойпаттары мен  Яна, Индигирка және Колыма өзендерінің бассейнде кездеседі.

Көп жылдық тоң суларының құрамында ежелгі жануарлардың сүйектері кездесіп отырады, яғни бұл белгілі бір  топтың қай кезден бастап қалыптасқанын анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ қазіргі кезде көптеген ғалымдар көп жылдық тоңның қай кезеңде қалыптасқандығы туралы дәл мәлімет айта алмай келеді, яғни оның пайда болуы туралы екі тұжырым бар. Кейбір зеріттеушілер мәңгі тоң- жаппай мұз басу дәуірінде пайда болып, қазіргі кезде еріпе жатыр десе, келесі біреулері мәңгі тоңдар осы күнгі климаттық жағдайларға байланысты қалыптасқан деп пікір айтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *