Биологиялық информациялардың дискреттілік заңы немесе Морган -Эфрусси заңы.

Биологиялық информациялардың дискреттілік заңы немесе Морган -Эфрусси заңы.

Жүйелік және регуляторлық факторлар ағзаның тіршілік әрекетін және дамуын анықтайды. Осыған байланысты генетикалық (ішкі) және экологиялық (сыртқы) информация түрінде айқындауға болады. Олар ағзаның биологиялық информациясының жиынтығын құрайды.

Генетикалық және биохимиялық зерттеулердің негізінде биологиялық информациялардын негізгі заттары анықталады. Оларды  информатид  және  семонтид деп  айтамыз.  Оларға жоғары спецификалық полимерлер, заттар жатады. Олардың алғашқы құрылымында информация сақталған, олар ағзаның қасиетін және белгісін анықтайды. Информадтидтар нуклеин қышқылдары мен белоққа жатады. 

Информадияның  тасымалдануы ДНК-дан ДНК-ға (репликация), ДНК-дан РНК-ға (транскрипция), РНК-дан ДНК-ға (кері  транскрипция),   РНК-дан   ақуыздарға (трансляция) жолдарымен берілуі мүмкін.

Ақуыздарды синтездеу барысында гендік информация информациялық РНҚ-ның төрт әріпті тілінен ақуыздардың 20 әріптік тіліне аударылады. Рибосомаларда қамтамасыз етілетін бұл процесті трансляция деп атайды.

Ақуыз молекулаларын синтездеуге РНҚ-ның үш типі де информациялық немесе матрицалық, РНҚ (иРНҚ) тасымалдаушы, немесе ерігіш, РНК (тРНК) және рибосомалық РНҚ (рРНҚ) қатысады.

Экологиялық информация белок инфармотидтерге адекваттык әсер етеді. Мұндай жағдайда  адаптивтік ферменттердің және антиденелердің   қалыптасуы   жүреді. Жануарлардың көптеген түрлерінде информация жүйке жүйесі арқылы да қабылданады. Мұндай жағдайда информацияны алып жүрушілер нейрондар болып табылады.

ДНК құрылымында спонтанды өзгерістер мутациялардың пайда болуы сыртқы әсерлердің жағдайларына байланысты. Олар ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады немесе летальды зардаптарға әсер етеді.

Биологиялық популяцияларда әртүрлі мутациялардың резервтерінің қоры бар. Бірақ олар рецессивті түрде.

Теориялық биологияда ағылшын ғалымы Конрод Хэл Уоддингтоң информация туралы түсінікті өзгерту керек деп есептеді. Биологиялық информация — тұқымқуалаушылықтың қасиеті. Ағзаның дамуы генетикалық информацияны құрайды. Ол ДНК құрылымында кодталған.

Тұқымқуалаушылықтың дискреттік қасиетінің негізі – тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясының және табиғатының   ашылуына байланысты құрылды. Бұл бағытта ағылшындық биолог-ғалым Томос Хант Морган (1866-1945) және оның мектебі көптеген ізденістер   жүргізіп, белсенді жұмыс атқарды.

Биохимиялық процестерге генетикалық бақылау жасағаң Борис Эфрусси болды. Оның жұмыстарының мысалдарынаң геннің морфологиялық белгілерін анықтауға болады. Оның еңбектері генетика мен биологияның жеке дамуына үлес қосып, біраз жетістіктерге алып келді.

 

8. Адамның қалыптасуы және дамуындағы еңбектің маңызы немесе Энгельстің ІІ-ші заңы

 

1. Адамның пайда болуы;

2. Адамның жануарлар әлеміндегі орны;

3. Сананың биосфералық рөлі;

4. Адам мен маймыл ағзасының айырмашылығы;

5. Антропогенез.

 

Эволюция барысында маймыл тектес адамнан қазіргі адам (Homo sapiens — саналы) адам қалыптасты. Бұл процесте басты рөлді еңбекке беруге болады.

Антропогенез барысында табиғи сұрыпталу томендеді де, еңбектің маңызы өсе берді.

Еңбек — өмір сүрудің және адам қоғамының, әрбір адамның дамуының негізі болып табылды.

Адамның жануарлармен әсіресе адам тектес маймылдармен ұқсастығы-қаңкасында, ішкі мүшелерінде ғана. Адам және маймылдар эмоцияларының көрінуінде де ұқсастықтар бар. Маймылдарда да, адамда да қанның 4-ші тобы инфекциондық аурулар және хромосоманың аппаратының құрылысы тән.

Адам ағзасы маймыл ағзасынан көптеген айырмашылықтары бар. Қаңканың пропорциясында, тік жүруінде, қолдың құрылысында, мидың құрылысында айырмашылықтар бар. Адамның миы 3,5 есе үлкен. Антропогенездің әлеуметтік факторларын Энгельс «Маймылдың адамға айналуындағы еңбектің маңызы» атты кітабында терең зерттеді (1896). Бұл еңбегінде еңбек құралының жасалуы адамның қалыптасуының жетекші факторы екені анықталды. Еңбек әрекеті адам қоғамының қалыптасуына алып келді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *