Балаларға жылы сөз айтыңыз

Балаға арналған жылы сөздер

Психологтар күніне баланы кемінде 14 рет аймалап, оны мақтап, мадақтап, оған жылы сөз айту керек деп есептейді.

Осы идеяға сәйкес мектеп басшыларына «Мектеп пен үйде балаларға айтуға тұрарлық, оларды ынталандырып, шабыттандыратын жылы-жұмсақ, мақтау мен мадақтау сөздерін келтіріңіздер!» деген тапсырма ұсындым. Басында жұмыс баяулау жүрді. Директорлар шабан жұмыстарын былайша түсіндірді: «Жылы сөз айту оңай емес екен!» Алайда сәл уақыттан кейін олар бұл тапсырманы орындауға қызу кірісіп кетті.

Нәтижесінде мынандай тізім құрастырылды. Оны сіздерге ұсынып отырмыз: үйде және мектепте балаларды қолдау үшін бір қажеті болып қалар деген үмітіміз бар. Бұл тізімді жалғастырады деп ойлаймыз.

1. Сен менің жарық жұлдызымсың!

2. Сен менің болашағымсың!

3. Аспандағы жұлдызым, жердегі құндызым!

4. Менің шамшырағым!

5. Шаңырағымның иесі!

6. Елдің азаматы бол!

7. Талабыңа нұр жаусын!

8. Жұлдызың жансын, құлыным!

9. Менің қолқанатым!

10. Алтыным!

11. Құлыншағым, құлыным!

12. Жаным!

13. Күлімдеген күнім!

14. Ақылдым!

15. Көзімнің ағы мен қарасы!

16. Мен саған (сендерге) сенемін!

17. Сенің жүзіңнен әкеңді көремін!

18. Сенің көзіңнен әкеңді көремін!

19. Таудай биік балаларым!

20. Тапқырым!

21. Ойың биікте, басың төменде болсын, балам!

22. Данышпаным!

23. Үздігім!

24. Сенен қымбат ешкім жоқ мен үшін!

25. Жұлдызым!

26. Ақылың Аяз бидің ақылындай кемеңгерсің!

27. Ботақаным!

28. Балапаным!

29. Тәттім!

30. Тәп-тәтті кәмпитім менің!

31. Айбалталы батырым!

32. Күнім!

33. Айым!

34. Болашағым!

35. Аяулым!

36. Патшам!

37. Қара қызым, дара қызым!

38. Томпайым!

39. Ботам, ботақаным!

40. Ханшайымым!

41. Анасының сүйеніші!

42. Кішкентайым, шынашақтай томпайым!

43. Мейірбаным!

44. Естиярым!

45. Қоңыр қозым!

46. Ізбасарым!

47. Сен менің өмірімнің ең мәнді жалғасысың!

48. Ай мен Күнге ғана теңеймін сені!

49. Жүзіңнен күлкі кетпесін!

50. Сені ылғи да биіктен көремін!

51. Сен бәрінен де асқақсың!

52. Мұғалім бол!

53. Абыройлы бол!

54. Өркенің өссін!

55. Шынарым!

56. Мирасым!

57. Аппақ көгершінім!

58. Ақ пейілді періштем!

59. Жақұтым менің!

60. Асылым менің!

61. Моншақтым!

62. Үкілім!

63. Қырмызы түсті қызғалдағым!

64. Шаттығым менің!

65. Ата-анаңның сүйеніші бол!

66. Қуанышым!

67. Жүз жаса, қарағым!

68. Ғалым бол!

69. Ел-жұрттың алғысына бөлен!

70. Сәулем!

71. Гүлім менің!

72. Еркем менің!

73. Қамқоршым менің!

74. «Нұрын төккен маған қуанышым сен!» (Мұқағали)

75. Азамат!

76. Қорғанышым менің!

77. Айналайын, қарағым менің!

78. Сен біздің болашағымызсың!

79. Ертең сен үлкен жетістікке жетесің!

80. Мен жетпеген жетістікке сен жетесің, құлыным!

81. Әрқайсысың мен үшін қымбаттысыңдар!

82. Әрқайсысың бір төбесіңдер!

83. Кішкентай сары уыз балапандарым!

84. Жан шуағым менің!

85. Сендер менің ең ақылды оқушыларымсыңдар!

86. Анасының қамқоршысы!

87. Шаттығым менің!

88. Сендердің сынып мектептегі ең мықты сынып!

89. Сендердің сыныптарыңа кірсем, менің көңіл-күйім көтеріліп кетеді!

90. Жиырма жыл мектепте жұмыс жасап жүріп, сендердей ұйымшыл (алғыр, ақылды, жігерлі, т.б.) сыныпты кездестірмедім!

91. Сен дүниедегі ең ақылды баласың!

92. Тұлпарым!

93. Махаббатым!

94. Ақ қанатты аққуым!

95. Кербезім!

96. Еркетайым!

97. Үмітім!

98. Асқар тауым!

99. Тіл алғышым!

100. Менің болашақ президентім!

101. Менің профессорым!

102. Менің жарқын болашағым!

103. Асқар тауым!

104. Бота көзім!

105. Ақтотым!

106. Бұлбұлым!

107. Сүйкімдім!

108. Гаухарым, жақұтым!

109. Үмітім менің!

110. Мирасқорым менің!

111. Арайлым менің!

112. Көсегең көгерсін!

113. Жарайсың!

114. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарсың!

115. Сары алтындай салмақтым!

116. Сабазым!

117. Жүйрігім менің!

118. Алғырым менің!

119. Бота көзім!

120. Күнім, өзіңді мақтан тұтамын!

121. Сенің жетістіктеріңді елге айтып, мақтанамын!

122. Сен менің жарық жұлдызымсың!

123. Табыскерім менің!

124. Сен сондай мейірімдісің!

125. Сен нағыз доссың!

126. Сен басқаларға үлгісің!

127. Мейірбандысың!

128. Саған сенемін!

129. Бұл сенің қолыңнан келеді!

130. Сенің қолыңнан бәрі де келеді!

131. Сенің мүмкіндігің жоғары!

132. Жақсы идея таптың!

133. Міне, тамаша ұстаным!

134. Тамаша шешім тауып кеттің!

135. Балдырғаным, балғыным!

136. Күншуағым!

137. Тарланым!

138. Құрбыңның алды болатындығыңа сенімдімін!

139. Көк бөрім!

140. Мөлдір бұлағым!

141. Асау тайым!

142. Қандай тамаша жансың!

143. Тау шыңында қалықтаған ұларым!

144. Қанатын кере самғаған тау қыраным!

145. Қандай ұшқыр едің!

146. Жүрек жұтқан батырым!

147. Алтынбасым!

148. Мен сенімен мақтанамын!

149. Сенің жетістігің менің төбемді көкке жеткізеді!

150. Сен Қазақстанның тұңғыш әйел президенті боласың!

151. Сенің қолыңнан бәрі келеді!

152. Алатаудың асқар шыңындай мәртебелі бол!

153. Асқар таудай ақылыңнан айналдым!

154. Сен сияқты бала тәрбиелеген ата-анаңа рахмет!

155. Осындай озық ойлы оқушысы бар ұстаз бақытты!

156. Сен сабақ айтқанда мен рахаттанамын!

157. Жанымды жайландырған жауһарым сол!

158. Өмірімнің мәні!

159. Жарайсың, жанторсығым!

160. Бере салған баладан, ие салған данадан!

161. Ертең сендер ел басқаратын боласыңдар!

162. Жаным, жапырағым сол!

163. Көпшілім менің!

164. Атасының (әжесінің) аузынан түсіп қалған балақан!

165. Ой ойлаған миыңнан айналдым!

166. Сен дүниедегі ең ақылды баласың!

167. Ертең сен Асқар Жұмаділдаев секілді тамаша ғалым боласың!

168. Терең пікір айтқан тіліңнен сол!

169. Қырағы көзді қыраным!

170. Өмірімнің сәні, көңілімнің әні!

171. Ту ұстайтын батырым!

172. Көш бастайтын көшбасшым!

173. Нұрын шашқан күнім!

174. Ақша қардай аппағым!

175. Тау суындай мөлдірім менің!

176. Саф алтындай жарқыраған ақылдым менің!

177. О, не деген ақылды (алғыр, еңбекқор, асқақ, т.б.) едің!

178. Айбынды арыстаным!

179. Сен біздің бәрімізді де асырайсың!

180. Талабыңа нұр жаусын!

181. Елдің азаматы бол!

182. Ізімді басушым!

183. Шаңырағымның иесі!

184. Шөжем, шөпегім!

185. Жан жүрегімнің жылуы!

186. Дара тұлғалы данам!

187. Ел басқаратын көсемім!

188. Жасаған берген!

189. Әкесінің ізін жалғастырушы!

190. Жапырағы жайқалған бәйтерегім!

191. Сенің арқаңда күн көремін ертең!

192. Айтқаның тамаша ұсыныс екен!

193. Пәк ниетіңнен айналып кетейін!

194. Сенің болашағың жарқын екендігіне еш күмәнім жоқ, балам!

195. Сенің жетістіктеріңе мен ылғи да шаттанамын!

196. Мұндай тамаша жауапты академиктердің өздері де бере алмас еді!

197. Сендей қағілез бала тағы да кімде бар екен?!

198. Сенің тұла бойың ақыл мен парасаттан жаралған!

199. Сенің бойыңда ақыл мен зият тұнып тұр!

200. Бұл сыныптың жартысы академик болатын шығар!

Дереккөз: Facebook

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *