Ұстаздық еткен жалықпас — үйретуден балаға

«Ұстаз-зор тұлға, ол күннің құдыретті сәулесі іспеттес»-деп К.Д.Ушинский айтып кеткендей, ұстаздар аяулы да ардақты тұлғалар. Олардың ерен еңбектерінің арқасында, бүлдіршіндер толықтай»адам»болып қалыптасады. Мектеп-білім кемесі болса,мұғалімдер сол кеменің-жүрегі. Осы»мұғалім»деген сөздің астарында қаншама мейірім мен білім жатыр десеңізші… Бұл мамандықты алып жүру кез-келгеннің қолынан келе бермесі анық. Шәкірттерді тәрбиелеу, білім беру, оны
«тұлға» етіп қатыптастырып, ұясынан ұшыру, қаншама еңбекті талап етеді. Сонау ата-бабамыздан бері келе жатқан «ұстаз» аты асқақтамаса, өлмейді. Кіп-кішкентай сары уыз балапандарды, әр үйдің бір-бір еркесін бәріне төзе отырып тәрбиелеу, саналы ұрпақ етіп шығару,үлкен бір ерлік. Күн сайын, сабақ сайын көрісіп тұратын ұстаздарына бауыр баспау мүмкін емес. Ол уақыт өте келе өз анаңдай жақын жаныңа айналады. Сіз үлкен жетістікке жетіп, қандай маман болсаңыз, сіз үшін ата-анаңыздан кем қуанбайды. Сізді: «Бұл менің оқушым!» -деп әрқашан мақтан тұтып, сөздеріне қосып жүреді. Жаңадан аяқ басқан жас жеткіншектерге «мысал» ретінде тіліне тиек етеді. «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан»-деп хәкім Абай айтқандай, сіздің осы әрбір жетістігіңіз ұстазыңыздың маңдай терінің арқасында. Менің де дәл сол сияқты мақтан тұтатын,»менің ұстазым»-деп жар салатындай мұғалімдерім жетерлік. Сол ұлы тұлғалардың ізін жалғап, менде осы ізгі жолды таңдадым. Бүгінде мен өзім ұшқан ұямда, өз ұстаздарымның жанында жұмыс жасаудамын. Білгеніммен бөлісіп, білмегенімді ұялмай сұрайтын осындай ұстаздарымның «әріптесі» болып жүргеніме қуанамын. Кейде мектепте терезеден далаға қарап отырып, өзімнің балалық шағым, оқушы кезім көз алдыма келеді. Күз келгенде бәріміз қуанып мектепке асығатынбыз. Ең алғашқы оқу күні алған жаңа киімімізді киіп, оқу-құралдарымызды көрсетіп сыныптастарымызға мақтану, біздерге бір қызық кездер еді. Содан соң оқу жылы барысында түрлі мерекелер, сайыстар, ойын-сауықтар болатын. Бәріне де өте қызу дайындалатынбыз.Соның ішіндегі ең қызықтысы «8-наурыз» бенен «ұстаздар мерекесі» еді.
Ұлдар бізді сыныптан әр қоңырау сайын шығарып жіберіп, өздері ақылдасып,бізге тосын сыйлар жасайтын. Ал біз болсақ сыртта ойнап жүріп: «Осы мейрамда бізге не сыйлайды екен ?»-деп қызыға күтіп жүруші едік. Тағы бір қызыққа толы, біз үшін ерекше мейрам»Ұстаздар күні»болатын. Оған да біз дәл солай, сынып жетекшімізден жасырынып дайындалатынбыз. Ең бірінші»старостаның»ақша жинауымен басталатын. Ал содан соң сыйлық таңдау.Ол үшін жан-жақты зерттеп «ұстазымыз нені жақсы көреді?» деген сұраққа жауап іздейтінбіз. Сол затты бәріміз ауылдың дүкенінен ізеп, жоқ болса ата-анамызға жинаған ақшаларымызды беріп қаладан алдыртушы едік. Ең қызығы екі мереке де мектепте концерт қойылып атап өтілетін. Сыйлықтан бөлек әр сынып оқушылары, бір-бір нөмірден дайындайтын(ән айту, би билеу, қойылым қою).Сондағы біздің ой, ұстазымыздың шын қуанып, өзгелерге көрсетуі еді. Егер біздің сыйлық пенен көрсеткен өнеріміз өзгелерден ерекше шықса, басқа да ұстаздарымыз бізді ұзақ мақтайтын. Онша-мұнша жерлерде ұйымшыл болмасақта, сыйлық беріп, өзгенің жүзіне күлкі сыйлар уақытта бізден асқан»ұйымшыл сынып»болмаушы еді.
Жаңа оқу жылында, тағы да бір «Ұстаздар мерекесі» жақындап қалыпты. Әр жыл сайын қазан айының бірінші жексенбісі күні атап өтілетін бұл мейрамның оқушылар үшін де ұстаздар үшін де ерекше екені бесенеден белгілі. Быйылғы жылы бұл мейрам елден ерекше тойланайын деп жатыр. Мектебіміз «Қашықтықтан оқыту» формасына көшкесін мерекеміз де құттықтауларда вертуалды түрде өтілетіні хақ.Бұл мен үшін екі есе қобалжу. Өйткені алғаш рет ресми түрде мейрам тойлаймын және де сол мейрамды қашықтықта, шәкірттерсіз атап өтеміз. ( «Сананы тұрмыс билейді»демекші болып жатқан жағдайға қарап өз ойым ғой)
Ал, олай болса құрметті ұжымдастарым, МЖОББ мектебінің ардақты ұстаздары, сіздерді(баршаңызды) келе жатқан төл мейрамдарыңызбенен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Жылына бір келетін осынау тамаша мерекелеріңізде дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін. Берген білімдеріңізбенен төккен терлеріңіз еш кетпей, шәкірттеріңіз келешекте биік белестерден аса берсін. Әрқашанда сол шәкірттеріңіз өздеріңізді таудай тұлға көріп, мақтан тұтсын. Осы еңбек жолында темірдей төзім, тозбайтын жүйке және де алғыр шәкірттер тілеймін. Жалақыларыңыз көп, жазатын қағаздарыңыз аз болсын. Ұжымымызбен шәкірттеріміздің жүлделері көп болып, мектебіміздің мәртебесі асқақтай берсін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болып, қайтадан мектептік режимімізге аман-есен, бауырымыз бүтін оралайық.

 


БҚО, Бәйтерек ауданы,Макаров ауылының Макаров ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Исмайлова Н.

Insta:@danildyn_kyzy

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *