Шаянтәрізділердің
қоректенуі
Шаянтәрізділердің кейбіреулері – өсімдікпен, кейбіреуі етпен, ал енді біреулері
– мұхит түбінен не тапса, сонымен қоректенеді. Ұлулар
мен анемон шаяндары өсінділер арқылы тағамды сүзсе,
тазалаушы-асшаяны балық —
тардың терісі мен желбезектерін жабатын өңез және
паразиттермен қоректенеді.
Шаянтәрізділердің сыртқы
қаңқасы ақуыз хитинді кутикула және кальциймен қапталған. Сыртқы қабыршағы
жануарды сыртқы әсерден
сақтап қана қоймай, әртүрлі
бұлшық ет тіреулерінің негізгі нүктелері болып келеді.
Сыртқы қаңқалары жұқа
мембранамен байланысқан
бөлек тілімшелерден тұрады.