Шаянтәрізділердің
анатомиясы
Шаянтәрізділердің денесінің ұзындығы 1–2 мм-ден
(ең майдасы – су бүргесі) 80
см-ге жетеді. Ең ірісі – жапон шаяны, оның құлашы 4
м. Ең ауыр шаян – Солтүстік
Атлант омары, оның салмағы
– 20 келі. Шаянтәрізділердің
денесін жауып тұратын жабындысы сыртқы қаңқаның
қызметін атқарады. Денесі
үш бөлімнен тұрады: бас, кеуде және құрсақ. Жүйке жүйесі мидан және құрсақ жүйке
тізбегінен тұрады. Ас қорыту
жүйесі жақсы жетілген. Ішегі ас үгітетін қарыннан және
«бауырдан» құралады. Бір
клеткалы организмдермен,
өлексемен, органикалық заттармен, өсімдік және жануарлармен қоректенеді.